Микробқа қарсы химиопрепараттар және антибиотиктер: түсінігі; алыну көзі, тәсілдері, химиялық құрылымы, спектрі, механизмі және әрекет түрі бойынша жіктелуі



бет1/35
Дата02.05.2023
өлшемі103,6 Kb.
#89157
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




  1. Микробқа қарсы химиопрепараттар және антибиотиктер: түсінігі; алыну көзі, тәсілдері, химиялық құрылымы, спектрі, механизмі және әрекет түрі бойынша жіктелуі.



Антибиотиктер— микроорганизмдердің өсуін, көбеюін тежейтін немесе тоқтататын микробтар, өсімдіктер мен жануарлар жасушасынан алынатын органикалық зат; Химиопрепараттар жұқпалы аурулар кезінде емдеу үшін және алдын алу үшін қолданылады. Алыну көзі: Табиғи-әр түрлі микроорганизмдер шығаратын: актиномицеттер-антибиотиктердің көпшілігін синтездейді 80%; зең саңырауқұлақтары-β-лактам антибиотиктерін, фузид қышқылын синтездейді;Мысалы: бензилпенициллин, феноксиметилпенициллин Жартылай синтетикалық-биосинтез арқылы табиғи антибиотик алынады, содан кейін ол химиялық түрде өзгертіледі; Мысалы: Макролид, Аминогликозид, Тетрациклин, Гликопептидтер. Синтетикалық-химиялық жолмен синтезделеді, бұл табиғи антибиотиктердің аналогы немесе жаңадан синтезделген химиялық заттар. Мысалы: Нитроимидазолдар. Тәсілдері:Диско-диффузиялық : Қоректік агардың бетіне микроб дақылын сеуіп, әр жеріне ара қатынасын сақтап әр түрлі антибиотиктер сіңірілген сорғыш қағаз дискаларын қояды. Нәтижесін бір тәуліктен кейін дискалар айналасындағы микроб өспеген зонаның диаметрін өлшеп анақтайды. Е-тест: E-тестінің көмегімен микроорганизмнің сезімталдығын анықтау дискілік диффузия әдісімен тестілеуге ұқсас жүзеге асырылады. Айырмашылық мынада: антибиотикі бар дискінің орнына антибиотик концентрациясының максимумнан минимумға дейінгі градиенті бар E-тест жолағы қолданылады Эллиптикалық өсудің тежелу аймағының Е-тест жолағымен қиылысында минималды тежегіш концентрациясы (МИК) алынады. Сериялық сұйылту әдісі. Сұйық ортада (ЕПС) қолданылатын а/б-тің екі еседен сұйытылған ертінділеріне зерттелетін микробтың бірдей дозаларын қосып шығып, бір тәулік инкубациялағаннан кейін микроб өсіндісі жоқ пробирка бойынша нәтижесін анықтайды. Бұл әдіс бойынша МТК (МПК) және МКБ көрсеткіштерін анықтауға болады. ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫНА БАЙЛАНЫСТЫ Β-лактамдар, құрамында β-лактамдық сақинасы бар, олардың микробқа қарсы белсенділігі үшін жауап береді. Β-лактам сақинасы бұзылған кезде олар тиімділігін жоғалтады. Барлық β-лактамдар бактерицидтік әсерге ие. СПЕКТРІ. ТАР СПЕКТРЛІ препараттар бактериялардың белгілі бір санына белсенді болған кезде; КЕҢ СПЕКТРЛІ бактериялардың көптеген түрлеріне әсер етеді Гр (+) және Гр(-) ӘСЕР ЕТУ МЕХАНИЗМІ. БАКТЕРИЦИДТІ-өлімге әкелетін бактериялар; Бастериостатикалық - бактериялардың өсуін және көбеюін тежейді, нәтижесінде олардың өліміне әкеледі. ӘРЕКЕТ ТҮРІ


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет