Микроскоптың механикалық бөлімі оптикалық және жарық бөлімдерін байланыстырып тұрады. Механикалық бөлімдеріне штатив, тубус, макровинт, препарат қоятын орындық, револьвер, конденсор винті жатады
Микроскоптың жарық қабылдайтын бөлімдеріне айна мен конденсор жатады. Айна микроскоп штативінің төменгі тұсындла орналасқан. Ол жарық сәулелерін зерттейтін объектіге бағыттайды. Айна бір жағы ойыс, екінші жағы тегіс болады. Конденсор айнадан түсетін жарықты шоғырландырып, зерттейтін затқа түсіреді.