Мыс өндіру


плавка руды на медный штейн



бет5/6
Дата04.12.2023
өлшемі2,87 Mb.
#134321
түріЛекция
1   2   3   4   5   6

1.плавка руды на медный штейн

2. передел расплавленного штейна на черную медь продувкой воздухом


Сульфидті кендер жарылғыш материалдардың көмегімен бұрғылау-қопару жұмыстарын қолдана отырып, жерасты кеніштерінде немесе ашық карьерлерде өндіріледі.
Қуатты экскаваторлар кенді жинастырып, оны жүкті өздігінен түсіретін машиналарға тиейді. Олар кенді бастапқы үгіту үшін диірмендерге жеткізеді. 

Процесс плавки на штейн


Кен диірмендерде қайта өңделіп, сумен араластырылады. Нәтижесінде кен паста немесе пульпа іспеттес өте майдаланған массаға айналады. Пульпа белгілі бір минералдың бөлшектерін анықтап, қаптайтын түрлі химиялық реагенттермен араластырылады. Бөлу процесін қолдау үшін ерітіндіге сұйық «көпірткіш» қосылады

 Пульпа флотацияның бірнеше сатысынан өтеді. Сол процестің нәтижесінде кеннің құрамындағы мырыш, мыс, қымбат металдар сияқты барлық бағалы компоненттер бөлініп алынады.

  •  Пульпа флотацияның бірнеше сатысынан өтеді. Сол процестің нәтижесінде кеннің құрамындағы мырыш, мыс, қымбат металдар сияқты барлық бағалы компоненттер бөлініп алынады.
  • Флотацияның бірінші сатысында (ұжымдасқан флотация) пульпа (реагенттермен) сорғылар арқылы флотациялық ыдыстарға жіберіліп, көпіршіктер пайда болуы үшін ауамен бірге нығыздалады. Барлық сульфидтік бөлшектер көпіршіктердің бетіне жабысады да, олар науаларға түсіріледі.
  • Флотацияның екінші сатысында (іріктемелі флотация) құрамында түрлі металдары бар бағалы минералдар арнайы химиялық түзілімдерді қосу жолымен бірінен-бірі ажырайды. Ол химиялық түзілімдердің арқасында кейбір минералдар көпіршіктердің беттеріне жабысып, ал қалғандары қимылсыз қалады. Көпіршіктер қоюлана бастағанда, су ағызылады.
  • Осындай процестің нәтижесінде жекеленген мыс және мырыш концентраттары пайда болады. Мыс концентратында шамамен 20% мыс, сондай-ақ мыс пен темірдің түрлі сульфидтері, алтын мен күмістің қоса алғанда шағын көлемдегі басқа материалдар болады. Мырыш концентратында басқа да ілеспе элементтермен бірге шамамен 40-45% мырыш болады.

Мыс концентраты мен флюс деп аталатын кремний диоксиді Ванюков пешіне салынады. Концентрат пен флюс балқып, одан пештің түбіне түсетін мыстан, темір мен күкірттен тұратын штейн алынады. Қалған темір флюспен химиялық жағынан араласып, нәтижесінде ажыратуға болатын шлак қалыптасады
  • Концентраттағы күкірттің бір бөлігі оттегімен араласады да, күкірт диоксидінен, оттегіден, су мен азоттан тұратын шығарылатын газ түзеді.
  • Күкірт диоксидінің көпшілік бөлігі күкірт қышқылы түрінде ауланады, күкірт қышқылы бейтараптандырылады не болмаса, түрлі мақсаттарда қолдану үшін сатылады.
  • Штейн деп аталатын қалдық материалдың құрамында 40-60% мыс болады. Балқытылған штейн конвертер деп аталатын балқыту аппаратына жеткізіледі. Мұнда қосымша кремнийтопырақты флюс қосылып, темір мен күкіртті жою үшін ауа нығындылады. Алынған материал «тазартылмаған мыс» деп аталады және салмағына қарай онда мыстың шамамен 99% пайызы болады.

Тазартылмаған мысты тазалау үшін пешке салады. Мыстың бір бөлігін және қоспалардың көп бөлігін тотықтандыру үшін балқып тұрған мысқа ауа нығыздалып беріледі. Оператор қоспалардың құрамы қай кезде қажетті деңгейіне жететіндігін анықтау үшін, материалдан сынама алады. Тотыққан мыстың құрамы мазуттың көмегімен азайтылады да, құрамында 99,5% мыс бар өнім алынады.
  • Ол қалыптарға құйылады. Алынған мыс табақтар «анод» деп аталады. Анодтар полимерлі-бетон ыдыстарға салынады.
  • Әрбір анодтың жанына катод деп аталатын мыстың жіңішке табағы қойылады.
  • Сол мыс табақтар арқылы электр тоғы өткізіледі – анод оң электрод болып табылады, ал катод теріс электрод.
  • Ыдыстар анод пен катодтың арасында электр тоғының өткізгіші ретінде рөл атқаратын мыс сульфатының қышқылды ерітіндісімен толтырылады.
  • Мыс анодта еріп, катодқа ауыса береді.
  • Шамамен екі аптадан соң анодтардағы мыс катодтарға қонады
  • Мыс табақтарын жасау кезінде қалған қоспалар (шламдар) ыдыстың түбіне түседі. Олардың құрамында күміс пен алтын бар. Катодтар ыдыстан алынады, олар тазалығы 99,95-99,99 % болатын мыстан тұрады. Шламдар қымбат металдар зауытына тасымалданып, олардан тауарлық металдар алынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет