Мүлікті тегін пайдалану және өтемелі қызмет көрсету



бет1/5
Дата13.04.2023
өлшемі197,26 Kb.
#82274
  1   2   3   4   5

Мүлікті тегін пайдалану
және
өтемелі қызмет көрсету
Дәріс жоспары:
1. Мүлікті тегін пайдалану шартының түсінігі мен ерекшеліктері.
2. Шарттың тараптары, құқықтары мен міндеттері, жауапкершілігі.
3. Шартты мерзімінен бұрын тоқтату. Шарттан бас тарту.
4. Шарттағы тараптардың өзгеруі. Шартты тоқтату.
5. Өтемелі қызмет көрсету міндеттемесінің түсінігі.
6. Өтемелі қызмет көрсету шарты: түсінігі мен түрлері.Шарттың пәні. Қызмет көрсетуге ақы төлеу.
7. Шартты орындаудан біржақты бас тарту.
Мүлікті тегін пайдалану шарты (несие шарты) бойынша бір тарап (несие беруші) мүлікті екінші тарапқа (несие алушыға) тегін уакытша пайдалануға береді, ал соңгысы сол мүлікті алған күйінде, қалыпты тозуын ескере отырып, немесе шартта көрсетілген күйінде қайтаруға міндеттенеді (ҚР АК 604-бабының 1-тармағы).
Несие шарты, оның реалды немесе консенсуалды болатынына қарамастан, екі жакты шарт болып табылады. Несие шартының бұл белгісі тараптардың құқықтар мен міндеттерді өзара алдын ала келісіп алуынан айқын көрінеді.
Несие шартының нысаны. Заңнама мәміле нысанына катысты арнайы талаптар туралы ескертпейді. Оның реалды сипаты мен мазмұнының ерекшеліктері ешқандай жазбаша шарт жасалмаған кездің өзінде де, даулы жағдайларда несие берушіге мүліктің өзіне заңды түрде тиесілі екендігін мүлікті несие алушыға беру фактісін дәлелдеу жеткілікті және тікелей Азаматтық кодекстегі нормаларды толық көлемде басшылыққа алуға болады.
Несие шартындағы мерзімдер. Мүлікті тегін пайдалану шарты мүлікті уакытша пайдалануға беру мәселесін шешетіндіктен, ол осы шарт бойынша мерзімдер категорияларын пайдалануды талап етеді. Бірақ оларды қолдану мүлікті жалға алу (аренда) шарты бойынша мерзімдерді колданумен салыстырғанда. кейбір ерекшеліктерге ие. Шарттың реалды сипаты мүлікті беру мерзімінің маңызын жояды. Сондай-ақ, жалға алу ақысын тану мерзімдері де болмайды. Несие шарты бойынша. мулікті кайтару мерзіміне бара-бар келетін шарт.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет