Мүмкіндігі шектеулі балаларды жаппай білім беру мекемелеріне интеграцияланған оқытуды жүзеге асырудың негізгі кезеңдері искакова Дарина Аркабаевна



бет1/5
Дата25.11.2023
өлшемі31,92 Kb.
#127869
  1   2   3   4   5

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫ ЖАППАЙ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНЕ ИНТЕГРАЦИЯЛАНҒАН ОҚЫТУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕРІ
Искакова Дарина Аркабаевна
«Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» кафедрасының аға оқытушысы, педагогика және психология магистрі, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті.
Тараз, Қазақстан
Леспекова Саяжан Мұратқызы
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Педагогика жоғарғы мектебінің
«Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының СПиС 18-1 тобының 3 курс студенті

Аңдатпа: Мүмкіндігі шeктеулі балaның білім aлуын жүзеге aсырудың басты мақсаты ретінде оның дене және психологиялық eрекшеліктерін eскере отырa бaлалардың білім aлуы үшін қaжетті жaғдайларды жaсауды қарастыру және оларды жүзеге асыру.
Кілт сөздер: Мүмкіндігі шектеулі балалар, білім беру, интеграция, инкюзивті оқыту, әлеуметтендіру, мүмкіндігі шектеулі баланы түзете-дамыту, психологиялық -педагогикалық қолдау.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды сапалы біліммен қамту - қазіргі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Соңғы жылдары арнаулы білім жүйесінде кемтар балалардың білім алуға қолжетімділігін кеңейтуге оң өзгерістер жасалып жатыр. Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу құқықтары «Қазақстан Республикасының балалардың құқықтары туралы», «Білім беру туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетуге ықпал ету туралы», «Қазақстан Республикасында кемтарларды әлеуметтік қорғау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарында, Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген. Инклюзивті білім беру немесе «білім баршаға» бағдарламасы - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаны Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы мақұлдап, БҰҰ-ның Конвециясына 2006 жылдың 13 желтоқсанында енгізді, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортаға кіріктіру мақсатында 2009 жылғы ҚР инклюзивті білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасы әзірленген және 2010 жылдың 1 ақпанында бекітілген ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілген . Қазіргі таңда, еліміздегі мүмкіншілігі шектеулі балалар санының көбеюі деңсаулық сақтау, білім және әлеуметтік қорғау салаларының осы мәселеге көңіл бөлуін талап етіп отыр. Жылдан - жылға мүмкіншілігі шектеулі балаларға деген қоғамның көзқарасы өзгеріп, оларды қоғамның бір мүшесі ретінде қарауға бет бұрып келеді. Үкіметіміздің мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған көптеген көмектерінің ішінде үйде әлеуметтік көмек беру ерекше орын алады. Үйде әлеуметтік көмек беру барлық мүгедек балаларға емес, олардың ішінде өз-өзіне қызмет етуі төмен, қозғалысы нашар, үйде оқитын, үйде тәрбиеленетін және ешқандай бағдарламамен оқуға жарамсыз балалар мен жасөпірімдерге көрсетіледі. Осы орайда педагог-психологтың міндеті мүмкіндігі шектеулі балалардың жан айқайын қоғамға жеткізу, яғни бала ағзасындағы ауытқулар мен бөгеттердің себеп-салдарын анықтап, олардың отбасындағы қарым-қатынастарын дамытып, дені сау баламен араласауына жағдай туғызу болып табылады. Тәрбиелеу барысында, жас ерекшеліктерін ескере отырып, балаларды шешім қабылдай алуға, өзін-өзі қамтамасыз етуге, еңбекке, тәртіп мәдениетіне, ұжымда еңбек ете алатындай деңгейге бейімдеу қажет. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, қазіргі кезде арнайы білім беру ұйымдарында мүмкіндігі шектеулі 16664 бала, жалпы мектептердегі арнайы сыныптардың саны 762 болса, сол сыныптарда - 7582 бала оқып жатыр, ал жалпы мектептерде ешқандай әлеуметтік− психологиялық қолдаусыз оқып жатқан мүмкіндігі шектеулі балалардың саны 65 мыңнан асты. Бұл ҚР білім беру саласындағы ауыр мәселенің бірі болып отырғаны ақиқат. Арнайы білім беру жүйесінің қазіргі даму кезеңінде балалық мүгедектің алдын алу, өзекті мәселе ретінде қарастырылады. Бүкіл әлемдік деңсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау ұйымдардың қызметінде кемтар балалар мен отбасына ерте жастан қолдау көрсету жетекші бастама болып саналады. Отандық Ерсарина А.Қ, Жалмұхамедова А.Қ, Сүлейменова Р.А т.б.ғалымдардың ғылыми зерттеулері бойынша ерте жастан кемістікті анықтау және дәл сол кезден кешенді түзету жұмысын бастау, кейіннен бала дамуында басқа ауытқушылықтарды алдын алуға жол ашады. Қазіргі уақытта біріктірудің жетекші мезгілі ретінде жалпы сыныбында пән мұғаліммен қатар екінші арнайы педагогты қосу ерекше оқу орнын ұйымдастыру кең тараған дәстүр. «Шағын−мектеп» сынып құрамы ашылады. Мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмыс жеке білім беру және түзету−дамыту бағдарламамен жүргізіледі. Әр жалпы мектептерде білімді, тәжірбиелі арнайы педагог балаларға арнайы көмек көрсету мен мұғалімдерге кеңес беру қызметін атқарады. Осы атқарылып жатқан игі істердің барлығы мүмкіндігі шектеулі балалардың қоғамда өз орынын табуға, дені сау балалар тәрізді білім алуына мүмкіндік жасайды.
Мүмкіндігі шектеулі балалар – бұл белгілі тәртіпте бекітілген, туа біткен, тұқым қуалаушы аурулармен немесе жарақаттың салдарымен негізделген, өмір сүру әрекетінде шектеулері бар, дене және психикалық кемістіктері бар он сегіз жасқа дейінгі балалар тобы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет