Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыстануда ақпараттық технологияның тиімділігі



бет1/4
Дата06.01.2022
өлшемі23.45 Kb.
#15829
  1   2   3   4

Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыстануда ақпараттық технологияның тиімділігі



Әлемдік   білім   беру   жүйесі  жеке  тұлғаны   қалыптастыруға   негізделген. Бұл  негіздеме    Қазақстан  Республикасының   Білім туралы заңында да жан-жақты айқындалған:  “Білім  беру  жүйесінің   басты    міндеті – ұлттық   және  жалпы  адамзаттық   құндылықтар, ғылым  мен   практика   жетістіктері  негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби    шыңдауға    бағытталған  білім  алу   үшін    қажетті   жағдайлар  жасау,   оқытудың   жаңа    технологияларын  енгізу,  білім  беруді   ақпараттандыру, халықаралық  ғаламдық коммуникациялық  желілерге   шығу.”

Бұл мақсатта  білім саласындағы  жалпы мектептер үшін де, соның ішінде  мұғалімдер үшін де ең басты мәселе білім беруде оқушылардың заманауи тәсілдермен алған  білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне  басты назар аудару болып табылады. Мұғалімдерге көптеген оқыту технологиялары, әр түрлі педагогикалық тәсілдерді қолдану мүмкіндіктерін  қалай және қай жағдайда  қолдану қажеттілігі туралы білуі қажет.

Бүгінде мұғалімдер  ақпараттық –коммуникациялық технологиялар  саласында мықты  дағдыларды  игеріп, оқытудың тиімді  құралы  ретінде оларды қалай пайдалану әдістемелерін меңгеру, сонымен қатар  ақпараттық-басқару жүйелерін тиімді  қолдану үстінде. Алайда инклюзивті білім беруде осы технологияларды қалай пайдаланамыз? Жалпы инклюзивті білім берудің міндеттері қандай?

Инклюзивтік білім берудің спецификалық міндеттері:



  • білім беру үрдісіне барлық қатысушылармен ерекше сұранысқа ие мектеп оқушыларының жағымды, өзара қарым- қатынасын қалыптастыру;

  • олардың сұраныстары мен мүмкіндіктерін ескере отырып, жалпы білім беру бағдарламасын ұғыну үшін жағдай туғызу  және әлеуметтік тұрғыда дұрыс мінез - құлық қалыптастыру;

  • қимылы шектеулі балаларға мектеп қабырғасында физикалық құралдармен қамтамасыз ету;

  • оқушылардың денсаулықтарына, жүйке жүйесінің дамуына жүйелік бақылау ұйымдастыру;

  • баланың даму деңгейіне таңдап алынған оқу бағдарламасының жеткен жетістіктеріне үнемі бақылау жүргізіп отыру;

  • көңіл – күйі және тұлғалық дамуының кемшіліктеріне, бұзылған жүйелеріне жоғары деңгейдегі түзетулер жасау;

Мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру үшін көп еңбек, ұстаздық жылы сезім мен кішіпейілділік керек. Оларға қарапайым түсініктерді жеткізу оңай шаруа емес.

Олардың ішінде интеллект дамуында физиологиялық қалыс болмаса да өз құрдастарынан ойлауы 2-4 жылға артта қалған балалар болады.

«Қазақ педагогикалық энциклопедия сөздігінде» ойлауға мынадай анықтама береді. Ойлау – сырттан әсер ететін заттар мен құбылыстардың мида жалпы және жанама түрде ұғым арқылы бейнеленуі. Ал П. Г. Гальперин: «Ойлау -сезім, қабылдау елестің таным істерін жалғастырушы дамытушы» ретінде қарастырады. Басқа психикалық функцияларға қарағанда адамның ойы ерекше, белсенді процесс. Ой адамың айналысындағы дүниемен айналыспайынша өздігінен пайда болмайды, ойдағы негізгі мақсат — сұраққа жауап беру, мәселені шешу.

Оқушының ақыл-ой белсенділігін өрістету,  олардың тұлға ретінде жетілуінің маңызды саласы болып табылады. Сондықтан, оқушылардың тапсырмаларды орындау барысында ойлау операцияларын жүзеге асыру тәсілдерін үйрету қажет.

Маған  психикалық дамуында тежелісі бар балалармен жұмыс жасауға тура келді. Алғашында  бұл «ерекше» балалармен қалайша жұмыстанамын деген сауал мен үрей болды.  Балалардың ерекшеліктерін зерттей келе, оларды оқытудың  әдіс-тәсілдерін  іздей бастадым. Біртіндеп ақпараттық технологияларды пайдалана бастадым:
-мультимедия (видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, электрондық оқулықтарды); 
-компьютер (компьютерлік бағдарламалар, интерактивті тақта 
-интернет және т.б. көрнекі материалдарды пайдалану айтарлықтай нәтиже берді. 
Мұндай қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдауға және алған мәліметтерді нақтылауға мүмкіндік берді.

Келк – келе жеке, жұппен, топпен жұмыс істеуге дағдыландырдым. Мұндай тәсіл оқу үдерісіне оқушының өзінің де қатысуын талап етеді. Осылайша  оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты болады. Оқушы мұндай жауапкершілікті көбіне сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп, қабылдайды.

Оқушылар жұпта немесе топтарда жұмыс істегенде, олар «мұғалім-оқушы» сұхбаты түріндегі өзара іс — қимылға қарағанда, мейлінше «симметриялы» болып табылатын өзара іс-қимылға «оқушы — оқушы» қатынасына түсе отырып, негізделген дәлелдерді әзірлеуде және қадағаланатын оқиғаларды сипаттауда түрлі мүмкіндіктерге ие болады.

Оқушыларды топтарға бөлуде  түрлі әдістерді қолдануға болады: суреттер, сандар, түстер арқылы, бойларымен тұрғызып, туған күндері бойынша, есімдерінің әріптері арқылы, мозайка т.б. тәсілдер қолданамын.

Ақпараттық  технология – мұғалімнің мүмкіндігін қуаттандыратын құрал. Жаңа ақпараттық технологияны сабақ барысында қолдану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады және оның бірнеше артықшылықтары бар. Осы артықшылықтарды сабақ беру барысында да, сабақ нәтижелерінен де көруге болады:
1. Оқушыларға оқылатын құбылыстар мен объектілер туралы толық және дәл ақпарат бере отырып, оқу сапасын арттырады;
2. Оқытудың көркемділігі артады, яғни оқушыларға қиын да күрделі материалдарды көрнекі түрде түсіндіруге қол жеткізеді;
3. Оқытудың тиімділігі жоғарылайды және оқыту материалын түсіндіру мүмкіндігін арттырады;
4. Оқушылардың дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыра отырып, олардың білімге құштарлығын, табиғи сұранысын қанағаттандырады;
5. Мұғалім мен оқушының жұмысын жеңілдетеді.
Оқу процесінің тиімділігі ең алдымен оқушылардың белсенділігі мен танымдық ізденісіне қатысты. Сондықтан мен өзімнің педагогикалық жұмысымда сабақ жүргізудің негізгі тәсілі оқушылардың тікелей өзара қатынасынан туатын интерактивті әдістерді іс-тәжірибеме енгізіп жүрмін. Сондай әдістердің бірі – жұппен, топпен жұмыс.

Әр сабақтағы дұрыс ұйымдастырылған топтық және жұптық  жұмыста оқушылар:



  • Ø Топ мүшелерімен немесе жұбымен өз пікірін бөліседі, алмасады, тапсырманы орындайды;

  • Ø Жоспарланған тапсырмалар туралы айта алады;

  • Ø Өзінің оқуы үшін үлкен жауапкершілік алуға қабілетті болады;

  • Ø Назарын бақылай алады және алаңдамайды;

  • Ø Өз тәртібі мен өзгенің тәртібі туралы және оның салдары туралы айта алады;

  • Ø Нені қалай жасағаны туралы немесе нені үйренгені туралы айта алады;

  • Ø Өз сезімі мен өзгелердің сезімі туралы біледі, көмектеседі және тыныштандырады;

  • Ø Жаңа тапсырманы сеніммен қолға алады;

  • Ø Өзін оқушы ретінде жағымды жағынан көргісі келеді;

























Топтық және жұптық жұмыстың нәтижелері:

1.Топтық, жұптық жұмысты пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі.

2.Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады.

3.Олардың әрқайсысының деңгейін анықтай аласың.

4.Оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік аласың.

5.Оқушыларды ойлануға баулып, жұппен, топпен жұмыс істеуге үйретеді.

6.Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, белсенділігі артады.

7.Жеке тұлғалық сипатын дамытуда, өзіне деген сенімін қалыптастырады.

Жалпы топтық, жұптық жұмыс өзінің тиімділігін тәжірибеде дәлелдеу үстінде. Сондай сабақтардың бірін назарларыңызға ұсынамын.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет