тапсырма: Төменде берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
• Сын тұрғысынан ойлау деген не?
• Біз білім алушыларды анағұрлым терең ойлануға ынталандыру үшін тапсырмалар мен сұрақтарды қалай пайдалана аламыз?
Жауап:
*Сын тұрғысынан ойлау сұрақ қоюдың, дәлелдеудің басты дағдыларын және төмендегі қабілеттерді дамытуды көздейді: • айтқандарын негіздеуге және өмірлік тәжірибемізден «сабақ алуға» әзірлік; • күн ілгері кесіп-пішіп қоюға ұмтылмай, сұрақ қою, тапсырма беру және басқалардың идеяларын сыни бағалау; • өзіңнің пікірінді басқалардың сыни бағалауына және пікіріңіздің қате болуына ашық болу; • идеяларды тексеріп, «шындықты» іздеуге ұмтылу
*Оларға сұрақ қою, негіздеу, болжам жасау мен модельдеу дағдыларын жаттықтыру қажет. Сын тұрғысынан ойлауға оқыту: • қалай, қашан және қандай сұрақтарды қою қажет екендігі; • қалай, қашан және қандай негіздеу әдістерін пайдалану керектігі туралы негізді шешім шығаруға үйрету дегенді білдіреді Бенджамин Блумның жіктеуінде сын тұрғысынан ойлау «бағалау» деген атпен ойлаудың алты дағдысының ең жоғарғысы болып табылады.
Ойла-Жаз Неліктен біліктілікті арттыру бағдарламасы аясында сын тұрғысынан ойлауға үйрету соншалықты маңызды?
Жауап
«Сана әдеттері» - бұл шешімдері бірден туындамайтын проблемаларға тап болғанда ақылды адам жасайтын іс-әрекеттердің сипаттамалары. Олар көптеген дағдылардан, қарым-қатынас пен бейімділіктерден тұрады, солардың ішінде: • Құндылық: өнімділігі шамалы үлгілерге қарағанда, зияткерлік мінез-құлық моделін қолдануды таңдау. • Бейімділік: зияткерлік мінез-құлықтың белгілі бір моделін пайдалану үрдісін сезіну. • Сезімталдық: зияткерлік мінез-құлық моделін орынды пайдалану мүмкіндіктерін сезіну. • Қабілеттілік: зияткерлік мінез-құлықтың түрлі модельдерін пайдаланудағы негізгі дағдылар мен мүмкіндіктерді меңгеру. • Адалдық: зияткерлік мінез-құлық модельдерін терең түсінуге және оны пайдалану дағдыларын жақсартуға ұдайы ұмтылу
2.3- тапсырма. «ҮМ 8.1 Тиімді сұрақтар»атты үлестірме материалды оқып танысыңыз, төмендегі сұраққа жауап беріңіз.
Сұрақ
Жауап
Біз сыныпта не үшін сұрақ қоямыз?
Білім алушының ой –өрісін, назарын өзіме қарату үшін және сабаққа деген қаншалықты дайындығын анықтау үшін сұрақ қоямын
Тиімді сұрақтар қандай болады?
Жақсы сұрақ дегеніміз не?
Жақсы қойылған сұрақ оқушыны мазмұн (Кім? Не? Қашан?) мен үрдіс (Қалай? Неге?) арасында теңгерім сақталған танымдық саяхатқа шақырады
Жақсы қойылған сұрақтар – мақсатты бағытталған және оқуға ықпал етеді. Оқытушылар қай жерден қиындық шығуы мүмкін екендігін көре білуі керек, сондай-ақ оқуға ықпал ететін жетектеуші сұрақтар немесе мысалдар дайын болу керек. Оқытушының қате жауаптарға қатысты әрекеті оқушының сенімін жоғалтпай, ынтасын дамытуда шешуші мәнге ие. Қате жауаптар оқытудың нақты мүмкіндігі ретінде қабылдануы керек.
Сіздің сыныбыңызда сұрақтардың көбін кім қояды? Неліктен?
Сабағымда сұрақты көбінесе білім алушы қояды. Тақырып бойынша толық информация бермеймін, себебі білім алушының өзі ізденгенін талап етемін, туындаған сұраққа жанамалап түсіндіріп қайта қарастыруына бағыт беремін.
Сұрақ қою және оларға жауап беру үдерісіне барлық оқушыларды қалай тартасыз?
ИКТ нің мобильді қосымшалары арқылы қызықтырамын
Сұрақ қоюға және оларға жауап беруге ынталандыру үшін Сіз сыныпта қандай әдіс-тәсілдерді пайдаланасыз?