Мұнайды газсыздандыру жəне сусыздандыру
Мұнайды газдан бір сатылы жəне көп сатылы сепарациялаумен бөліп алу. Мұнайлы-газды қоспа ұңғымадан тік қалбыр С-1-ге келеді. Бұл қалбыр трапа деп аталады. Трападан газ газ жинайтын коллекторға, ал мұнай өлшегіш қазанға кетеді. Газ жинайтын коллектордағы газ газ – бензинді зауытқа, одан əрі қарай өңделуге беріледі. Коллекторға бір немесе бірнеше жақын жатқан мұнай кен орындарының жүздеген, тіпті одан да көп ұңғымалары жалғанады. Трапада өтетін бөліну қысымы төмен (1-2 атм.), сондықтан газды газ-бензинді зауыттарға беру үшін ПК-1 компрессорымен қысады. Өлшегіш қазаннан мұнай өзі ағу арқылы немесе сорап арқылы мұнай жинайтын пунктке барады, сол жерде ол сусыздандырылады. 109 6-сурет. Мұнайды газсыздандыру қондырғысының технологиялық сызбанұсқасы Бұл сораптар бір сатылы, сондықтан газдың бəрі толық бөлінбейді, 40-50% мұнайда қалады. Кейін өлшегіш қазанға түсіп, одан мұнай жинайтын пунктке барып, көпшілігі ауаға ұшып кетеді. Сондықтан көпсатылы сепарациялау тиімді. Ұңғымада жоғары қысым ұсталады. Ұңғымаға жақын жерде қысымы 6-7 атм. тең болатын сепарацияның бірінші сатысы С-1 орналасқан. Бұл қысым басқа қысымсыз, газды газ-бензинді зауытқа беруге жеткілікті. Газ бөлгіштен мұнайдың қалғаны еріген газбен бірге өзі ағу арқылы орталық жинау пунктіне жиналады. Бұл пунктте əр ұңғымадан келген ағын жиналады. Қысым азаюы арқылы тағы да С-2-де газдың бөлінуі жүреді. Бұл газ компрессор арқылы газ-бензинді зауытқа беріледі. Көпсатылы сепарацияның маңызы – мұнайдан газ біршама жақсы бөлінеді, газ бен мұнай тамшылары ілесіп кетуі тоқтайды жəне газды қысу үшін энергия аз жұмсалады. Мұнайды сусыздандыру. Өңдеуге түсетін мұнай құрамында судың жəне тұздардың болуы мұнай өңдеу зауыттарының жұмысына көп зиян келтіреді. Судың мөлшері көп болса, мұнай айдау қондырғысының аппараттарында қысым көтеріледі, олардың қуаты кемиді, суды қыздыруға жəне буландыруға артық жылу шығарылады. Судың мұнаймен бірге болуы ондағы тұздарды ерітіп, гидролиз реакциясы күшейіп, аппараттарының коррозиясын үдетеді. Мұнай мен су эмульсия түрінде болады. Эмульсияны бұзу үшін құбыр ішінде ең жетік қолданылатын қысыммен жүргізілетін термохимиялық тұндыру əдістерін қолданады. 110 7-сурет. Мұнайды сусыздандыру қондырғысының технологиялық сұлбасы Газдан айырылған шикі мұнай (2) сораппен (1) ыдыстан алынып, (3) жылу алмастырғыш пен (4) бу қыздырғыш арқылы (5) термо тұндырғышқа итеріліп жіберіледі. Мұнай сорапқа түсер алдында деэмульгатор қосылады. Термотұндырғышта мұнай 1,5 МПа қысыммен 1-3 сағаттай болады. Судан айырылған мұнай (3) жылу алмастырғыш арқылы (6) резервуарға жіберіледі. Резервуарларда мұнай қосымша судан бөлінеді. Су (5) жəне (6) ыдыстарынан (10) мұнай ұстағышқа, одан кейін (7) канализацияға жіберіледі. Ағынды судың бір бөлігі (8) сораппен шикізат ілеспе судағы деэмульгаторды қайта пайдалануға береді. Мұнай (11) сораппен ұстағыштан қайтадан судан айыруға беріледі. 7.3. Мұнайды тұзсыздандыру Мұнайға ең күшті теріс əсер ететіндер – тұздар, оның ішінде хлоридтер. Олар жылу алмастырғыш пен пештің қабырғаларына отырады, нəтижесінде құбырларды жиі тазалап тұруға тура келеді, жылу алмастыру коэффиценттерін төмендетеді. Хлорлы натрий іс жүзінде гидролизденбейді, хлорлы кальций тиесілі жағдайда HCl түзіп, 10 %-на дейін гидролизге түсуі мүмкін. Хлорлы магний 90% гидролизденеді, яғни бұл процесс төмен температурада жүреді. Сондықтан тұздар мұнай өңдеу аппаратының коррозияға ұшырауының негізгі себебі болуы мүмкін. Хлорлы магний гидролизі: 111 MgCl2 + H2 O Mg (OH)Cl + HCl Мұнайдағы бар судың əсерімен жəне хлорлы магнийдің өзінің кристалды суының əсерімен жүреді. Аппараттардың гидролиз өнімдерімен бұзылуы жоғары температура аймақтарында (пеш құбырларында, буландырғаштарда, ректификациялық бағаналарда) жəне төмен температурада істейтін аппараттарда да (конденсаторлар жəне тоңазытқыштар) орын алады. Қалдық өнімдердегі (мазутта жəне гудронда) кейбір тұздар олардың сапасын төмендетеді. Мұнайды айдау кезінде күкіртті қосылыстары ыдырап, күкіртсутегі түзіледі, ол аппараттарды коррозияға түсіреді. Күкіртсутегі жоғары температурада металдармен əрекеттесіп, күкіртті темір түзеді. H2 S + Fe FeS + H2 FeS тұратын қорғау металл бетін аздап болса да, одан арғы коррозиядан қорғайды, бірақ хлоридтің гидролизінен түзілген хлорлы сутегі болған жағдайда, FeS тұратын қорғау қабаты онымен реакцияға түсіп, бұзылады: FeS + 2HCl FeCl2 + H2 S Хлорлы темір су ерітіндісіне өтеді де, бөлінген күкіртті сутегі темірмен қайтадан реакцияға түседі. Мұнай өңдеу зауытында жіберілетін мұнайдағы тұздар мөлшері 50 мг/л көп емес, ал айдауға берілетін мұнайда 5 мг/л көп емес болуы қажет. Сондықтан мұнайды өңдеуге жіберу алдында оны судан жəне тұздардан айыру қажет. Нəтижесінде су мөлшері 0,05-0,1% дейін, ал тұздар 3-5 мг/л-ге жəне одан да төмендейді. Термохимиялық судан айыруда мұнайдағы судың мөлшері 0,5- 1%-ға дейін төмендейді, сонымен бірге тұздардың едəуір бөлігі бөлінеді. Бірақ мұнайлардың кемшілігі – судан жəне тұздардан қосымша тазалауды қажет етеді. Мұнайды тазалауды қажет етеді. Мұнайды тазалауды электротермиялық əдіспен, термохимиялық 112 тұндыру мен эмульсияны электр өрісінде əрекеттеу арқылы жүргізеді. Мұнайдан су мен тұзды бөлудің электрохимиялық қондырғысын электртұзсыздандырушы (ЭТТҚ) деп атайды. Қазіргі кезде ЭТТҚ іс жүзінде барлық МӨЗ құрамында бар. 8-сурет. Мұнайды тұзсыздандыру қондырғысының технологиялық сызбанұсқасы Мұнай МӨЗ шикізатқа арналған резервуарлардан құбырмен (1) сорап тың қабылдау бөлігіне түседі. Сораптың қабылдау желісіне, сонымен бірге деэмульгатор жəне коррозияны болдырмау үшін əлсіз сода ерітіндісі беріледі. Мұнайдың деэмульгатормен қоспасы (2) жылу алмастырғыш арқылы судан айырылған мұнай ағынымен жылу үшін өткізіледі. Одан кейін шикі мұнай (6) бу қыздырғышта қосымша қыздырылады да, реттеуші араластырғышқа беріледі, мұнда мұнайға су қосылады. Араластыру нəтижесінде жасанды түрде түзілген су мұнай эмульсиясы (5) электродегидратордың бірінші баспалдағына түседі, онда электр тоғының əсерімен эмульсияның бұзылуы жүріп, мұнайдан судың жəне тұздардың (8-10 рет) негізі бөлінеді. (5) дегидратордан мұнай (6) электродегидратордың екінші сатысына қайтадан əрекеттесу үшін түседі. (6) дегидраторға беру алдында мұнайға тағы да су беріледі. (6) дегитраторда судан айырылған мұнай (2) жылу алмастырғыш арқылы (8) тоңазытқыштан өтеді де, судан айырылған мұнай резервуарларға беріледі. Электродегидраторларда бөлінген су (9) мұнай айырғышқа қосымша тұндыру үшін жіберіледі. Ұсталған мұнай (12) сыйымдылық 113 арқылы шикізат сорабының қабылдау бөлігіне қайта түседі, ол бөлінген су суытылғаннан кейін канализацияға түсіріліп, тазалауға жіберіледі. Тұздардан айыру процесінің температурасы мен қысымы тазаланатын мұнай қасиетіне байланысты. Тұтқырлығы төмен тұрақты эмульсия түзбейтін жеңіл мұнайларды тұздардан айыру 80-100°С температурада, Маңғыстау мұнайына 130-140°С температурада жүргізіледі. Тұзсыздандыру температурасын көтеру электр ток өткізгіштікті жəне ток күшін көтереді, изолятор жұмысын күрделендіреді. Деэмульгаторды мұнайға біркелкі берілу үшін үлкен рөл атқарады. Деэмульгаторлардың шығыны 10-30 г/т-ға дейін жəне ол су мен мұнайдың түзілген эмульсия тұтқырлығына байланысты. Өндірісте деэмульгаторларды органикалық еріткіштерде концентрациялық ерітінді күйінде шығарады, олардан қолдану алдында 1-5% судағы ерітіндісін даярлайды. Сілтіні мұнайға бос күкіртті сутегімен жүретін коррозиядан басу үшін береді. Жуу суы есебінде өзен суын, бу конденсатын жəне айналма су жүйесінің суын қолданады. ЭТТҚ тəжірибесі көрсеткендей, терең тұзсыздандыру үшін мұнайға 10-15%-ға дейін ағын суды қосу қажет. Əр тұзсыздандыру сатысында суды қайта пайдалану желісі нəтижесінде, таза суды пайдалану шығынын қондырғы бойынша 2,5%-ға дейін азайтады. Технологиялық режимнің көрсеткіштері шамамен төмендег ідей: Мұнайды қыздыру температурасы, °С – 130-140 Электродегидратордағы қысым, МПа 1-сатысында – 1,6 2-сатысында – 1,2 Электродаралық кеңістіктегі кернеу, кВт – 33 Жуатын су шығыны 1-сатысында 5-ке дейін 2-сатысында 3-ке дейін Судың мұнайдағы мөлшері ЭТТҚ дейін 1,0 ЭТТҚ кейін 0,1 – 0,15 Тұздар мөлшері, мг/л ЭТТҚ дейін 1800-ге дейін ЭТТҚ кейін 5-ке дейін Мұнайды газсыздандыру жəне сусыздандыру
Мұнайды газдан бір сатылы жəне көп сатылы сепарациялаумен бөліп алу. Мұнайлы-газды қоспа ұңғымадан тік қалбыр С-1-ге келеді. Бұл қалбыр трапа деп аталады. Трападан газ газ жинайтын коллекторға, ал мұнай өлшегіш қазанға кетеді. Газ жинайтын коллектордағы газ газ – бензинді зауытқа, одан əрі қарай өңделуге беріледі. Коллекторға бір немесе бірнеше жақын жатқан мұнай кен орындарының жүздеген, тіпті одан да көп ұңғымалары жалғанады. Трапада өтетін бөліну қысымы төмен (1-2 атм.), сондықтан газды газ-бензинді зауыттарға беру үшін ПК-1 компрессорымен қысады. Өлшегіш қазаннан мұнай өзі ағу арқылы немесе сорап арқылы мұнай жинайтын пунктке барады, сол жерде ол сусыздандырылады. 109 6-сурет. Мұнайды газсыздандыру қондырғысының технологиялық сызбанұсқасы Бұл сораптар бір сатылы, сондықтан газдың бəрі толық бөлінбейді, 40-50% мұнайда қалады. Кейін өлшегіш қазанға түсіп, одан мұнай жинайтын пунктке барып, көпшілігі ауаға ұшып кетеді. Сондықтан көпсатылы сепарациялау тиімді. Ұңғымада жоғары қысым ұсталады. Ұңғымаға жақын жерде қысымы 6-7 атм. тең болатын сепарацияның бірінші сатысы С-1 орналасқан. Бұл қысым басқа қысымсыз, газды газ-бензинді зауытқа беруге жеткілікті. Газ бөлгіштен мұнайдың қалғаны еріген газбен бірге өзі ағу арқылы орталық жинау пунктіне жиналады. Бұл пунктте əр ұңғымадан келген ағын жиналады. Қысым азаюы арқылы тағы да С-2-де газдың бөлінуі жүреді. Бұл газ компрессор арқылы газ-бензинді зауытқа беріледі. Көпсатылы сепарацияның маңызы – мұнайдан газ біршама жақсы бөлінеді, газ бен мұнай тамшылары ілесіп кетуі тоқтайды жəне газды қысу үшін энергия аз жұмсалады.
Мұнайды сусыздандыру
Мұнайды сусыздандыру. Өңдеуге түсетін мұнай құрамында судың жəне тұздардың болуы мұнай өңдеу зауыттарының жұмысына көп зиян келтіреді. Судың мөлшері көп болса, мұнай айдау қондырғысының аппараттарында қысым көтеріледі, олардың қуаты кемиді, суды қыздыруға жəне буландыруға артық жылу шығарылады. Судың мұнаймен бірге болуы ондағы тұздарды ерітіп, гидролиз реакциясы күшейіп, аппараттарының коррозиясын үдетеді. Мұнай мен су эмульсия түрінде болады. Эмульсияны бұзу үшін құбыр ішінде ең жетік қолданылатын қысыммен жүргізілетін термохимиялық тұндыру əдістерін қолданады. 110 7-сурет. Мұнайды сусыздандыру қондырғысының технологиялық сұлбасы Газдан айырылған шикі мұнай (2) сораппен (1) ыдыстан алынып, (3) жылу алмастырғыш пен (4) бу қыздырғыш арқылы (5) термо тұндырғышқа итеріліп жіберіледі. Мұнай сорапқа түсер алдында деэмульгатор қосылады. Термотұндырғышта мұнай 1,5 МПа қысыммен 1-3 сағаттай болады. Судан айырылған мұнай (3) жылу алмастырғыш арқылы (6) резервуарға жіберіледі. Резервуарларда мұнай қосымша судан бөлінеді. Су (5) жəне (6) ыдыстарынан (10) мұнай ұстағышқа, одан кейін (7) канализацияға жіберіледі. Ағынды судың бір бөлігі (8) сораппен шикізат ілеспе судағы деэмульгаторды қайта пайдалануға береді. Мұнай (11) сораппен ұстағыштан қайтадан судан айыруға беріледі.
Мұнайды тұзсыздандыру
Мұнайға ең күшті теріс əсер ететіндер – тұздар, оның ішінде хлоридтер. Олар жылу алмастырғыш пен пештің қабырғаларына отырады, нəтижесінде құбырларды жиі тазалап тұруға тура келеді, жылу алмастыру коэффиценттерін төмендетеді. Хлорлы натрий іс жүзінде гидролизденбейді, хлорлы кальций тиесілі жағдайда HCl түзіп, 10 %-на дейін гидролизге түсуі мүмкін. Хлорлы магний 90% гидролизденеді, яғни бұл процесс төмен температурада жүреді. Сондықтан тұздар мұнай өңдеу аппаратының коррозияға ұшырауының негізгі себебі болуы мүмкін. Хлорлы магний гидролизі: 111 MgCl2 + H2 O Mg (OH)Cl + HCl Мұнайдағы бар судың əсерімен жəне хлорлы магнийдің өзінің кристалды суының əсерімен жүреді. Аппараттардың гидролиз өнімдерімен бұзылуы жоғары температура аймақтарында (пеш құбырларында, буландырғаштарда, ректификациялық бағаналарда) жəне төмен температурада істейтін аппараттарда да (конденсаторлар жəне тоңазытқыштар) орын алады. Қалдық өнімдердегі (мазутта жəне гудронда) кейбір тұздар олардың сапасын төмендетеді. Мұнайды айдау кезінде күкіртті қосылыстары ыдырап, күкіртсутегі түзіледі, ол аппараттарды коррозияға түсіреді. Күкіртсутегі жоғары температурада металдармен əрекеттесіп, күкіртті темір түзеді. H2 S + Fe FeS + H2 FeS тұратын қорғау металл бетін аздап болса да, одан арғы коррозиядан қорғайды, бірақ хлоридтің гидролизінен түзілген хлорлы сутегі болған жағдайда, FeS тұратын қорғау қабаты онымен реакцияға түсіп, бұзылады: FeS + 2HCl FeCl2 + H2 S Хлорлы темір су ерітіндісіне өтеді де, бөлінген күкіртті сутегі темірмен қайтадан реакцияға түседі. Мұнай өңдеу зауытында жіберілетін мұнайдағы тұздар мөлшері 50 мг/л көп емес, ал айдауға берілетін мұнайда 5 мг/л көп емес болуы қажет. Сондықтан мұнайды өңдеуге жіберу алдында оны судан жəне тұздардан айыру қажет. Нəтижесінде су мөлшері 0,05-0,1% дейін, ал тұздар 3-5 мг/л-ге жəне одан да төмендейді. Термохимиялық судан айыруда мұнайдағы судың мөлшері 0,5- 1%-ға дейін төмендейді, сонымен бірге тұздардың едəуір бөлігі бөлінеді. Бірақ мұнайлардың кемшілігі – судан жəне тұздардан қосымша тазалауды қажет етеді. Мұнайды тазалауды қажет етеді. Мұнайды тазалауды электротермиялық əдіспен, термохимиялық 112 тұндыру мен эмульсияны электр өрісінде əрекеттеу арқылы жүргізеді. Мұнайдан су мен тұзды бөлудің электрохимиялық қондырғысын электртұзсыздандырушы (ЭТТҚ) деп атайды. Қазіргі кезде ЭТТҚ іс жүзінде барлық МӨЗ құрамында бар. 8-сурет. Мұнайды тұзсыздандыру қондырғысының технологиялық сызбанұсқасы Мұнай МӨЗ шикізатқа арналған резервуарлардан құбырмен (1) сорап тың қабылдау бөлігіне түседі. Сораптың қабылдау желісіне, сонымен бірге деэмульгатор жəне коррозияны болдырмау үшін əлсіз сода ерітіндісі беріледі. Мұнайдың деэмульгатормен қоспасы (2) жылу алмастырғыш арқылы судан айырылған мұнай ағынымен жылу үшін өткізіледі. Одан кейін шикі мұнай (6) бу қыздырғышта қосымша қыздырылады да, реттеуші араластырғышқа беріледі, мұнда мұнайға су қосылады. Араластыру нəтижесінде жасанды түрде түзілген су мұнай эмульсиясы (5) электродегидратордың бірінші баспалдағына түседі, онда электр тоғының əсерімен эмульсияның бұзылуы жүріп, мұнайдан судың жəне тұздардың (8-10 рет) негізі бөлінеді. (5) дегидратордан мұнай (6) электродегидратордың екінші сатысына қайтадан əрекеттесу үшін түседі. (6) дегидраторға беру алдында мұнайға тағы да су беріледі. (6) дегитраторда судан айырылған мұнай (2) жылу алмастырғыш арқылы (8) тоңазытқыштан өтеді де, судан айырылған мұнай резервуарларға беріледі. Электродегидраторларда бөлінген су (9) мұнай айырғышқа қосымша тұндыру үшін жіберіледі. Ұсталған мұнай (12) сыйымдылық 113 арқылы шикізат сорабының қабылдау бөлігіне қайта түседі, ол бөлінген су суытылғаннан кейін канализацияға түсіріліп, тазалауға жіберіледі. Тұздардан айыру процесінің температурасы мен қысымы тазаланатын мұнай қасиетіне байланысты. Тұтқырлығы төмен тұрақты эмульсия түзбейтін жеңіл мұнайларды тұздардан айыру 80-100°С температурада, Маңғыстау мұнайына 130-140°С температурада жүргізіледі. Тұзсыздандыру температурасын көтеру электр ток өткізгіштікті жəне ток күшін көтереді, изолятор жұмысын күрделендіреді. Деэмульгаторды мұнайға біркелкі берілу үшін үлкен рөл атқарады. Деэмульгаторлардың шығыны 10-30 г/т-ға дейін жəне ол су мен мұнайдың түзілген эмульсия тұтқырлығына байланысты. Өндірісте деэмульгаторларды органикалық еріткіштерде концентрациялық ерітінді күйінде шығарады, олардан қолдану алдында 1-5% судағы ерітіндісін даярлайды. Сілтіні мұнайға бос күкіртті сутегімен жүретін коррозиядан басу үшін береді. Жуу суы есебінде өзен суын, бу конденсатын жəне айналма су жүйесінің суын қолданады. ЭТТҚ тəжірибесі көрсеткендей, терең тұзсыздандыру үшін мұнайға 10-15%-ға дейін ағын суды қосу қажет. Əр тұзсыздандыру сатысында суды қайта пайдалану желісі нəтижесінде, таза суды пайдалану шығынын қондырғы бойынша 2,5%-ға дейін азайтады. Технологиялық режимнің көрсеткіштері шамамен төмендег ідей: Мұнайды қыздыру температурасы, °С – 130-140 Электродегидратордағы қысым, МПа 1-сатысында – 1,6 2-сатысында – 1,2 Электродаралық кеңістіктегі кернеу, кВт – 33 Жуатын су шығыны 1-сатысында 5-ке дейін 2-сатысында 3-ке дейін Судың мұнайдағы мөлшері ЭТТҚ дейін 1,0 ЭТТҚ кейін 0,1 – 0,15 Тұздар мөлшері, мг/л ЭТТҚ дейін 1800-ге дейін ЭТТҚ кейін 5-ке дейін
Тұзсыздандыру
Мұнай кәсіпшілік тұрғызу жүйесінің аппараттарындағы технологиялық процестер керек кезде хлорлы тұздар концентрациясын 100-900 мг/л мөлшеріне дейін қамтамасыз етеді. Хлорлы тұздар көбінесе судың құрамында болады, олар барлық тұз құрамының 80-90% - н құрайды. Қабат суларында еріген тұздар ионы болады:
Аниондар: ОН- ; СІ- ; SO4 2- ; CO3 2- ; HCO3 - ;
Катиондар: H+ ; K+ ; Na+ ; NH4 + ;Mg2+; Ca2+; Fe3+;
Микроэлементтер ионы: I - ;Br- :
Коллоидті бөлшектер: SiO2; Fe2O3; Al2O3, нафтенді қышқылдар және олардың тұздары.
Ұңғыма өнімін дайындау және мұнайды ішкі тасымалдау кезінде мұнаймен бірге игерілетін суда бейорганикалық тұздардың түзілу салдарынан қиындайды.
Тұнбалардың басты компоненті:
Кальций карбонаты (CaСО4);
Кальций сульфаты (CaSO4*2H2O, және ангидрит CaSO4 );
Барий сульфаты ( Ва SO4).
Тұнбалар құрамында белгілі мөлшерде әртүрлі қоспалар болады:
стронций сульфаты (SrSO4),
стронций карбонаты (SrСO3),
барий карбонаты (ВаСО3),
магний карбонаты (MgCO3),
натрий хлориді,
радий сульфаты.
Механикалық қосылыстар коррозия өнімдері және т.б кездеседі. Таза сульфатты және көмір қышқылды тұздар сирек кездеседі. Көп жағдайда негізгі бейорганикалық қоспалар компонентінде мұнай бөлшектерімен, силикаттармен, парафинмен, коррозия өнімдерімен, басқа тұздар қоспасымен бірге кездеседі.
Тұнбалардың көбісінің кристалдық құрылымы бар. Олардың түзілу процесі кез келген компоненттің:
Қиын гидродинамикалық шарттарда;
Температураның кең интервалында
Кристалдық тұнбалардың сипаттамасына айтарлықтай әсер ететін қоспалардың көп мөлшерінің болуынан қаныққан ерітінділердің жаппай кристалдануынан болады.
Кристалдық тұздардың түзілуі келесі негізгі кезеңдерден тұрады
Ерітіндінің тұзбен қанығуы;
Негіздің түзілуі;
Кристалдардың өсуі;
Қайта кристалдану
Ерітіндінің белгілі бір компонентке қатысты тұзбен қанығуы оның тепе-теңдіктен концентрациясының өсуімен сипатталады. Бұл процестің таңдауының факторлары қабат суларының минерализациясы, олардың техникалық және термодинамикалық шарттардың өзгеруіне сәйкес келмеуі. Мысалға гидрокарбонат типіндегі тауарлы суларда келесі қатынас орындалады: және кальциттің түзілу (CaCO3) сұлбасы.
Басқа бейорганикалық тұздарға қарағанда кальцит суда температураның кемуімен жақсы ериді. Яғни 100 С кезінде тепетеңдік концентрациясы 14 мг/л құраса, ал 0 С кезінде 85 мг/л. Бірақ кальциттің түзілуіне температурадан қарағанда көмір қышқыл газының парциалды қысымы айтарлықтай көп әсер етеді.
Қысым мен температураның өзгеруі ерітіндінің кальций және барий сульфатының қатаюына алып келуі мүмкін. (3.12- кесте).
3.12-кесте Температураның Са және Ва сульфаттарының суда ерігіштігіне әсері
Достарыңызбен бөлісу: |