Мобильді құрылғылар Негізгі ұғымдар: Мобильді құрылғы



бет5/5
Дата25.03.2022
өлшемі66,34 Kb.
#28779
1   2   3   4   5
Картаға арналған слоттар
   ​Бір уақытта телефонға орнатуға болатын SIM-карта саны.
   ​«Көпкарталы» құрылым бір аппаратқа бірнеше телефон нөмірін, яғни жеке және жұмыс нөмірін, қоңыраулар мен Интернетке, т.б. арналған жеке пакеттерді пайдалануға мүмкіндік береді. Мұндай телефон түрлерінің ішіндегі ең танымалы – 2 SIM-карталы үлгілер. 3 слоты бар телефондар, тіпті 4 слоты бар «сим-карталар» бар, бірақ олар әлдеқайда сирек кездеседі, өйткені нөмірлердің мұндай саны онша сұранысқа ие емес.
   SIM + SIM/microSD слоттарының жиынтығы бар үлгілер бір төбе. Онда екі слоттың біреуі SIM-карта үшін​ пайдаланылады, ал екіншісі SIM-карта және microSD жад картасы ретінде орнатылуы мүмкін. Осылайша, телефон иесі екі SIM-картаны немесе SIM-карта мен жад картасын бір мезгілде пайдалана алады. Бұл телефонмен жұмыс істеу мүмкіндігін төмендетеді, алайда оның құрылымын біршама жеңілдетіп, бағасын арзандатады.
   ​Байланыс стандарттары
   ​Қазіргі заманда әртүрлі буынға қатысты бірнеше стандарт қолданылады: CDMA, GSM, 3G, 4G, 5G.
   ​Олар сипаттамалары бойынша да, әртүрлі елдерге таралуы бо­йынша да ерекшеленеді. Қазіргі уақытта ең маңыздылары – 3G, 4G, 5G стандарттары.  

Тапсырма


Экранды өндірудің негізгі технологияларын белгіле.

  • LCD

  • DVD

  • SIM

  • TFT

  • MacOS S

  • IPS

  • LDC

  • AMOLED

Смартфон мүмкіндіктерінің тізімінен таңда.

Сұрақ

Неліктен заманауи смартфондарда 5’’-тен төмен емес диагональдерді қолданады?

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет