Модель дегеніміз



бет1/2
Дата10.02.2023
өлшемі9,69 Kb.
#66670
  1   2

«Компьютерлiк моделдеу»


Модель дегеніміз - нақты объектіні, процессті немесе құбылысты ықшам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету.
Модельдеуобъектілерді, процесстерді немесе құбылыстарды зерттеу мақсатында олардың моделін (макетін) құру. 
Модель– көрнекі түрде жазбаша жоспар, сызба ретінде жасалуы мүмкін.
Модельдер көрсетілуіне қарай екі үлкен топқа бөлінеді – материалдық және ақпарттық. Материалдық модельді заттық немесе физикалық деп айтуға болады. Олар түпнұсқаның геометриялық немесе физикалық қасиеттерін көрсетеді. Материалдық модельге мысал ретінде қарапайым балалардың ойыншығын алуға болады. Олардың көмегімен балалар қоршаған орта жөнінде түсінік алады.
Ал ақпараттық модель деп объектінің, процестің, құбылыстың қасиеттері мен күйін және сыртқы әлеммен өзара байланысын сипаттайтын ақпараттар жиынтығын айтамыз.
Компьютерлік модельдеу ақпараттық модельдеудің бір түрі болып табылады. Адам құрылатын модельдің бейнесін алдын-ала ойлағаннан соң оны іске асыруға ыңғайлы программалық құралдардың көмегіне жүгінеді. Яғни компьютерлік модель деп программалық орта көмегімен жүзеге асатын модельдерді айтамыз. Ал модельдеуді компьютерлік бағдарламалар көмегімен жүзеге асыруды – компьютерлік модельдеу деп атауға болады. Мысалы геометриялық модель (сурет, сызба т. б.) құру үшін – графикалық редакторлар, сөзбен сипатталатын модель үшін мәтіндік редактор, кестелік модельдер үшін электрондық кестелер немесе деректер базасын басқару жүйелері қолданылуы мүмкін. Кейде объектінің немесе процестің математикалық моделі құрылып оны ары қарай компьютерді зерттеу арнайы программалау тілдерінің көмегімен жүзеге асырылады.
Жаңа конструкторлық жұмыс, техникалық шешімдерді өндірісте пайдалану және жаңа идеяларды тексеру үшін эксперимент жасау қажет. Зертханалық және табиғи эксперименттер көп уақыт және материалдық шығынды қажет етеді. Есептеу техникасының дамуына байланысты зерттеудің жаңа әдісі компьютерлік тәжірибеге жол ашылды. Комьютерлік тәжірибе жүргізу кезінде объектінің комьютерлік моделі құрылады және ол компьютерде арнайы тестілеуден өтеді. Тестілеу – модельдің дұрыстығын тексеру. Егер нәтиже ойдағыдай болмаса, модельдеу процессі қайта басынан басталуы мүмкін.


Сұрақтар:
1.Модель дегеніміз не?
2.Модельдеу деп нені айтады?
3.Модель кандай түрде жасалуы мүмкін?
4.Модельді қандай топтарға жіктеуге болады?
5.Модельдеудің мақсаты қандай?
6 .Компьютерлік модель дегеніміз не?




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет