Модуль 03: «Физхимиялық талдау»


Дәріс10.Суспензиялар.Эмульсиялар.Коллоидты БАЗ түрлері.БАЗ ерітінділерінің қасиеттері. Дәріс жоспары



бет59/126
Дата07.01.2022
өлшемі2,72 Mb.
#19208
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   126
Дәріс10.Суспензиялар.Эмульсиялар.Коллоидты БАЗ түрлері.БАЗ ерітінділерінің қасиеттері. Дәріс жоспары

1. Суспензиялар

2. Эмульсиялар.

3. Коллоидты БАЗ түрлері.БАЗ ерітінділерінің қасиеттері.
1 СУСПЕНЗИЯЛАР

Суспензия – қатты дисперстік фазаның сұйық дисперстік ортада таралған микрогетерогенді система. Ондағы қатты бөлшектердің өлшемі 0,1 мкм<r<10 мкм. Егер бөлшектердің дисперстік дәрежесі төмен болса, онда оның радиусы үлкейіп, тұрақтылығы төмендейді де тез тұнбаға шөгеді. Суспензиялардың дисперстілігін микроскоп, электрондымикроскоп сияқты оптикалық немесе седиментациялық анализ көмегімен анықтауға болады. Суспензиялар да коллоидты ерітінділер сияқты конденсациялық немесе дисперсиялық тәсіл арқылы алынады. Осы процесс кезінде алынатын бөлшекті дисперстілік дәрежесі қажетті шекте болатындай етіп жүргізіледі. Сондай-ақ, суспензиялар да коллоидты ерітінділер тәрізді өзінен өтетін жарықты шашыратады және жұтады, осы тұста ескертетін жай, жарық өткен коллоидты ерітінді мөлдір болып көрінеді. Оның электрокинетикалық қасиеттері коллоидты ерітіндікіне ұқсас келеді. Сол секілді суспензиядағы бөлшектердің дзета-потенциалы зольдегімен шамалас. Егер суспензияға электролит енгізсе, онда оның ұю құбылысы байқалады. Кейбір жағдайда суспензияға беттік актив заттар немесе жоғары молекулалық қосылыстарды қосу арқылы оны тұрақтандыруға болады. Мұнда тиксотропия құбылысы коллоидты ерітіндідегіден гөрі артық.

Суспензиялардың табиғаттағы алар орын ерекше. Айталық геологиядағы және жер қыртысындағы көптеген процестер суспензия құбылысымен байланысты: седиментациялық құбылыс салдарынан таутастан түрлі жыныстардың пайда болуы, өзен сулары арнасынан асқанда олар өзімен бірге көптеген сазды балшық пен құмды, қоқысты сыртқа шығарады және олар қоюлана келіп, қатты денеге айналады. Сол сияқты суспензиялар техникада да үлкен роль атқарады. Мысалы, табиғи не синтетикалық каучуктен резина алу үшін әуелі күкірттің каучуктегі суспензиясын дайындау керек; түрлі құрылыс және баспа бояулары олифа майында не органикалық еріткіштерде тұрақталған суспензия. Ал құрылыста жиі қолданылатынцемент пен ізбестің судағы «ерітінділері» де суспензия; саз балшықтың судағы суспензиясы керамика өндірісінің негізгі шикізаты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет