«Молекулалық кинетикалық теорияның негіздері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау Оқу мақсаттары



Дата08.12.2023
өлшемі4,63 Kb.
#135428
Байланысты:
«Молекулалық кинетикалық теорияның негіздері» бөлімі бойынша жиы-emirsaba.org


«Молекулалық кинетикалық теорияның негіздері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау Оқу мақсаттары

«Молекулалық кинетикалық теорияның негіздері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаттары
10.2.1.1 - молекулалық кинетикалық теорияның негізгі қағидалары мен идеал газды сипаттау
10.2.1.2 - қатты дененің, сұйықтың, газдың модельдерін молекулалық кинетикалық теорияның негізінде сипаттау
10.2.1.3 - кристалл және кристалл емес қатты заттардың құрылысын ажырату
Бағалау критерийі Білім алушы
МКТ негізгі қағидаларын түсіндіреді және физикалық шамалардың тәуелділігін сипаттайды
Зат күйлерін МКТ негізінде сипаттайды
Заттардың құрылысын ажыратады
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырмалар
1. Жабық газ баллоны ыстық, шуақты күні далада қалдырылған. Газ температурасы көтерілетіндіктен, газ қысымы мен газ молекулаларының орташа квадраттық жылдамдығы өзгереді.
(a) Газ молекулаларының орташа квадраттық жылдамдығы қалай өзгереді?
[1]
(b) Баллондағы газ қысымы қалай өзгереді?
[1]


2. Өте ұсақ бидай тозаңының бөлшектері стакандағы суда ериді. Стаканға жарық түсіп тұр. Микроскоп көмегімен судағы анық нүктелерді көруге болады. Нүктелер өте тез, хаосты, кез-келген бағытта қозғалады.
(a) Бұл нүктелер туралы тұжырымдардың қайсысы дұрыс?
A) Өзара әсерлесетін тозаң бөлшектері
B) Өзара әсерлесетін су молекулалары
C) Су молекулаларымен әрекеттесетін тозаң бөлшектері
D) Тозаң бөлшектерімен әрекеттесетін су молекулалары. [1]
(b) Броундық қозғалыс пен диффузияның айырмашылығын атаңыз.
[1]
(c) Идеал газ дегеніміз не?

[1]
3. Төменде заттың молекулаларының сипаттамаларының тізімі берілген.


(a) Сипаттамаларға іргелес тұрған бағаналарға қанат белгісін (v) қойыңыз:
[2]
(b) Қатты дене, сұйық және газ молекулаларының орналасу тәртібін сызып көрсетіңіз.
[1]
4. Қатарлардың қайсысы (аморфты, кристалды және полимерлі) материалдардағы атомдардың орналасуының дұрыс сипатын береді?
Атомдар өте ірі тізбектелген молекулалар түзеді: .............................. [1]
Атомдардың барлығы белгілі ретпен орналасқан: ............................... [1]
5. Қандай да бір заттың молекулалары бір-біріне жақын орналасқан және заттың ішінде еркін қозғала алмайды. Молекулалар орналасуының белгілі бір реті жоқ. Бұл заттың қай түрі?
[1]
Жалпы балл 11
http://emirsaba.org

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет