ХОР
1-жүргізуші: Ар ма, ағайын! Әйел жайлы айтып тауысу мүмкін емес. Әйел – ана, әйел – жар, әйел – асыраушы, әйел – аяулы қыз, әйел – әже, әйел – батыр. Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен әйел – бүкіл дүниенің ошағы, іргесі.
2-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, аналар мен ұстаздар, қыздап! Ана деген сөзді айтудан ешкім де жалықпақ емес. Өйткені ана әлемдегі ең ардақты жан. Тоғыз ай бойы құрсағында көтеріп, ес біліп, ер жеткенге дейін түн ұйқысын төрт бөлген, сен үшін елжіреп, сен үшін уайым шеккен, көзінің қарашығындай қорғаған анадан артық адам бар ма, ағайын!
1-жүргізуші: Арай сенімен толық келісемін. Осындайда Төлеген Айбергеновтың «Ана» өлеңі еске түседі:
МОНОЛОГ фон музыка
2-жүргізуші: 8 наурыз – халықаралық әйелдер күні. Көктемнің алғашқы күнімен жарыса жеткен шуақты мереке жазбен бірге қуанышы мен шаттығын қоса ала келгендей.
1-жүргізуші. Әйел – шебер. Әйел – мәңгі муза. Қолына қалам, жүрегіне шабыт алып, жыр толғаған шығармашыл тұлғалардың барлығы әйелсіз жыр, әйелсіз ән, әйелсіз музыка жазбапты. Олай болса, бүгінгі мерекеге байланысты топтық сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
2-жүргізуші. Құрметті көрермендер сайысымыздың шартымен таныстырып өтейік.
1 - сайыс: Сұрақ жауап айдары. Ұяшықтарда жасырылған сұрақтар қойылады.Алдарыңыздағы қоңыраушамен жауап бересіздер. Қайсы топ бірінші қоңыраушаны басып жауап берсе сол топқа ұпай беріледі.
2 - сайыс: Жасырын музыка. Музыка ырғағымен әннің орындаушысын немесе атын табуы кажет.
3 - сайыс: Суреттер сөйлесін. Тақырыпқа байланысты суреттер салады.
Сайыстың әділ бағасын қонақтарымыз береді. Сайыс қорытындысы номенациялау бойынша жүзеге асырылады.
2-жүргізуші:
Бойжеткен арулар келіп жетті танытуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға.
Қорықпастан сахнаға келіп жетті,
Әдеппен, ізетпенен танысуға.
(Арулар өздерін реттік номері бойынша таныстырады)
Таныстыру бөлімі бойынша ару қыздарымыз өздерін таныстырады.
1-жүргізуші.
1-сайысымызды бастайық
Студенттер викториналық сұрақтарға жауап береді.
(Әр топтан топбасшы ұяшық тандайды, топпен жауап береді)
1. Малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақталатын тағам (құрт)
2. Ананың анасы сізге кім болады? (Нағашы әже)
3. Тараз қаласының маңында кесенесі орналасқан, махаббаттың жолында құрбан болған ару кім? (Айша бибі)
4. Желтоқсанда құрбан болған қазақ қыздары кімдер? (Сәбира мен Ләззат)
5. Үш арсызды ата. (ұйқы, күлкі, тамақ)
6. Мұқағали Мақатаевпен мұңдас болған қазақтың ақын қызы кім? (Фариза Оңғарсынова)
7. Кеңес одағының батыры атанған алғашқы қазақ қызы кім? (Мәншүк Мәметова)
8. «Фариза, Фаризажан Фариза қыз» кімнің өлеңі (Мұқағали)
9. Кенесары ханның қарындасы, соғысқа қатысқан ару кім? (Бопай)
10. Қазақтың алғашқы опера әншісі кім? (Күләш Байсейітова)
11. Ою өрнектің бір түрін ата? (қошқар мүйіз, арқар, сыңар, өркеш, төртқұлақ, түйетабан, қос алқа, сыңар).
12. Абай Құнанбаевтың анасы? (Ұлжан)
1-жүргізуші. Құрметті арулар 2-cайысымызға кезек берсек. Музыкалық дарындарыныз бен тапқырлықтарынызды көрейік.
2-жүргізуші: Келесі сайысымызды жалғастырмастан бұрын қонақтарымызбен көңілді ойын ойнасақ. Кино үзінділері қойылады дұрыс жауап берсеніздер сый-сияпат табысталады.
2-Аяулысың, ауылымның асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,
Сендер үшін мереке шашулары
Балжан музыка
1-жүргізуші: «Ә» дегенше соңғы сайысымызға да келіп жеттік.Қыздарымыздың қабілетін шыңдап, сурет өнеріне баға беріңіздер.
2-жүргізуші: Қыздарымызға берілген тақырыпқа назар аударайық.
“Ана- тіршілік тірегі”
Шуағын шашқан-«Аялы алақан»
«Арулар асыл жандар»
Жұмыстарды бағалау үшін әділ қазыларға суреттеріңізді апарып берсеңіздер.
1-жүргізуші
Енді әділқазы алқаларынан барлық ұпай сандарын санап, жеңімпаздарды анықтауларын сұраймыз.
2-жүргізуші
Отанымыздың игілігі жолында аянбай тер төгіп, елдің саяси, әлеуметтік, рухани өмірінде табысты еңбек етіп жүрсіздер.
1-жүргізуші
Құрметті арулар! Осымен өздеріңізге арналған салтанатты жиын да аяқталуға жақындады. Сіздерді мерекелеріңізбен тағы да құттықтай отырып, отбасыларыңызға береке - бірлік, еңбектеріңізге толағай табыс, дендеріңізге саулық тілейміз!
Достарыңызбен бөлісу: |