Морфология



Pdf көрінісі
бет75/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   1132
Əндоплазмалық  тор  —  қабырғасы  биологиялық  жарғақтармен 

шектелген  цитоплазмадағы  көпіршіктердің,  жалпақ  қапшықтардың  жəне 

түтікшелердің торлы жүйесі. Бұл органелланы К.Р.Портер 1945 жылы ашты. 

Жасуша  цитоплазмасында  эндоплазмалық  тордың    түйіршікті  (гранулалы) 

жəне  түйіршіксіз  (агранулалы)  түрлері  кёздеседі.  Эндоплазмалық  тор 

түзілген белоктар мен басқа заттарды 

жасуша 


бөліктеріне 

немесе 


жасушадан 

организмнің 

басқа 

құрылымдарына тасымалдайды. 



Гранулалы  эндоплазмалық  тор  жарғақтары  қабырғасының  гиалоплазма 

жағындағы  беұлпаде  рибосомалар  орналасады.  Олар  организмнің  басқа 

жасушалары  құрылымдарына  қажет,  жасушадан  сыртқа  (экспортқа) 

шығарылатын 

белоктарды, 

биологиялық 

жарғақты 

жасауға 


керекті 

интегральды белоктарды, əр түрлі 

 

12 — сурет. Ұйқы безі жасушасы гранулалы эндоплазмалықторының 



электрондыграммасы 

 

ферменттерді 



жəне 

белокты 


секреттерді 

түзуге 


катысады. 

Эндоплазмалық тор тугікшелері қуысынын ені — 20 нм. Ал күрделі белоктар 

(гликопротеидтер мен липопротедтер) эндоплазмалық тор қуысында түзіледі. 

Агранулалы  (тегіс)  эндоплазмалық  тор  жарғақтарында  рибосомалар 

болмайды, тор түтікшелерінің ені кеңдеу (50-100 нм) келеді. Ол жасушадағы 

липидтер  мен  көмірсулардың  (стероидтар  мен  гликоген  түзіледі)  алмасуына 

жəне  ферменттердің  көмегімен  улы  заттарды  бейтараптандыруға  (бауыр 

жасушалары  -  гелатоциттерде)  қатысады.  Бұлшық,  ет  талшықтары  мен  ет 

жасушаларындағы (миоциттер, кардиомиоциттер) тегіс эндоплазмалық торда 

жиырылу процесіне керекті кальций қорланады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет