Мұстафа кемал ататүрік–ТҮрік мемлекетінің негізін қалаушы



бет1/38
Дата23.01.2023
өлшемі14,27 Mb.
#62528
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38

  1. МҰСТАФА КЕМАЛ АТАТҮРІК–ТҮРІК МЕМЛЕКЕТІНІҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ (1881-1938 жж.)



Мұстафа Кемал Ататүрік Салоники қаласында дүниеге келген. Осман және Түркия мемлекетінің реформаторы, революциялық саясаткер, әскери қолбасшысы, мемлекет қайраткері, Түркия Республикасының негізін қалаушы тұлға және оның тұңғыш президенті.
Сыртқы интервенциялық күштерді қайтарғаннан кейін Мұстафа Кемал Түркия өмірінің саяси, экономикалық және мәдени жақтарына терең өзгерістер енгізуге бағытталған реформалар бастайды. Ол реформалардың басты бағыттары Кемалдың саяси идеологиясында баяндалған. Ататүріктің ұстанған көзқарасы бойынша Түркия мемлекеті осы заманғы демократиялық және зайырлы ұлттық мемлекет болып құрылуы тиіс болатын. Ол тегін бастауыш мектеп оқытуын құрып, мыңдаған жаңа мектептер ашты. 1930 жылы түрік әйелдері сайлауға дауыс бере алатын болды, ал 1934 жылы толық күйде ерлермен бірдей сайлану-сайлау құқығын иеленді. Бұл тіпті көптеген батыс елдерінен де бұрын болған заманауи реформа.
Түріктерді негіз еткен саяси билікті құру арқылы ол тамырлас, біріккен түрік ұлтын құруға негіз салды. Басқа халықтар Ататүріктің бастамасы бойынша түрікше сөйлеп, түрікше оқыды. Жер атаулары, тіпті адам атына дейін түріктену басталды. Ататүрік атауын Түрік парламенті 1934 жылы Кемалға сыйлады, ол "Түріктердің атасы" деген сөз, сөйтіп оның заманауи Түркияны құрудағы саяси жігері бағаланды. Мұстафа Кемал 1938 жылы 10 қарашада 57 жасында Доламбахше сарайында қайтыс болды. 1953 жылы Ататүрік кесенесі ашылды.

1. «Ататүрік» сөзінің мағынасы


A) «түріктердің атасы»
B) «ұлы еркек»
C) «ақылды ақсақал»
D) «ақылды түрік»
E) «ұлы түрік»

2. М.Кемал тұсындағы Түрік мемлекетінің астанасы


A) Салоники
B) Измир
C) Бодрум
D) Анталия
E) Анкара

3. М. Кемал дүниеге келген мемлекет


A) Грекия
B) Болгария
C) Македония
D) АҚШ
E) Мысыр

4. 1924 жылы Түркияның барлық азаматтары түріктер деп жарияланған құжат


A) Жас түріктер партиясының құжаты
B) Түркия Ұлы Ұлттық мәжілісі отырысының хаттамасы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет