Музыкалық дидактикалық ойындардың бірнеше түрлері бар



бет1/5
Дата08.06.2023
өлшемі29,4 Kb.
#99662
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Музыкалық дидактикалық ойындар жиынтығы


Музыкалық


дидактикалық ойындар


Музыкалық дидактикалық ойындардың бірнеше түрлері бар:

1.Дыбыс биіктігін естуге арналған музыкалық – дидактикалық ойындар


2.Ырғақ сезімдерін дамытуға арналған ойындар.
3.Диатоникалық естуге арналған ойындар.
4.Тембрлік естуге арналған ойындар.
5.Есте сақтау және естуге арналған ойындар.
6.Музыкалық бейнені, қиял мен шығармашылық қабілеттерін ажыратуға арналған ойындар.

Түрлі сипаттағы музыкамен байланысты музыкалық – ойындарды ойнағанда: байсалды, асықпай және көңілді, шаттанған көңілді жеткізуге талпындырады. Балалардың ой-өрісін, есте сақтау, қабылдау, орындаушылық қабілеттерін арттырады және де музыкаға деген қызығушылықтарын оятады.


Әр ойынды ойнағанда әр баланың шығармашылық бастамасын, ойынды өз бетінше құру және ойлаған ойын іске асыру, өзін ойын желісі мен ережесін сәйкес ұстау қасиетін қалыптастырады. Ойын құру үдерісінде жолдастарына тілектестік қарым-қатынасын, олармен санаса білуді, қиын жағдайларда көмекке келуді, ойын материалын қолдануда келісім жасауды, дауларды әділ шешуді қалыптастырады.Ән-күй сабағында музыкалық дидактикалық ойындарды қолданудың мәні өте зор. Әнді орындағанда ойнап айтуға болады. Мысалы, екінші сәби топтарында әнді тірек сызба арқылы және де әнге сәйкес қимыл-қозғалыстар жасап орындауға болады, осы сәтте балалардың ой-өрісі дамып әнді тез жаттап алуларына мүмкіндік тудырады.Осы музыкалық дидактикалық ойындарды ән-күй сабағында, топта, серуенде, үйде ойнауға болады.
Мысалы:


«Аңшы мен қояндар»
Ойын шарты: Бір - бір сәбіз ұстаған қояндар музыкамен жерге жатып аунап, аяқтарын тыпырлатып немесе би қимылдарын жасап секіреді. Сәбіз ұрлап жатқан қояндарды аңшы көріп қалып. Пух! "Пух" - деп атады. Қояндар орындарынан тұрып, жан - жаққа қашады. Музыка тоқтағанда тырп етпей отыра, не жата қалады. Қозғалған қоян айыпты болып, ән немесе би билейді.


«Сылдырмақ»
Ойын шарты: Музыка жетекшісі бөлменің ішінде сылдырмақты сылдырлатып, тығып қояды ал балалар сылдырмақтың үнін естіп тауып алулары керек.


Үш гүл
Әуеннің көңіл күйін ажыратып білу қабілетін дамытуға арналғандидактикалық ойын.
Ойын құралдары
Көрнекілік:картоннан жасалынған үш гүл (гүлдің ортасында көңілді, көңілсіз және ұйықтап жатқан «тұлғаның» суреті салынған), әуеннің үш көңіл күйін көрсетіп жатады.
1. Жәй әуен, Көңілсіз әуен, Көңілді әуен
Гүлдердің орына үш күннің көзін немесе үш бұлтты істеп алуға болады.
Таратылатыны: Әр балаға әуеннің көңіл күйін білдірітен бір гүлден беріледі.
ОЙЫН ШАРТЫ
1. Музыка жетекшісі музыкалық шығарманы ойнайды. Бір бала шығып әуеннің көңіл күйіне сай гүлді алып шығады. Егер де балаға музыкалық шығарма таныс болса, ол бала шығарманы атын және де композиторын атайды.
2. Әр баланың алдында үш гүл жатады. Музыка жетекшісі музыкалық шығараманы ойнайды да балалар әуеннің көңіл күйін ажыратып әуенге сай гүлді алып шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет