Н. Ж. Шаймерденова п І к І р б І л д І р г е н д е р


 КӚРКЕМ АУДАРМА ЖӘНЕ ТІЛАРАЛЫҚ



жүктеу 0.87 Mb.
Pdf просмотр
бет6/10
Дата24.03.2017
өлшемі0.87 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

2 КӚРКЕМ АУДАРМА ЖӘНЕ ТІЛАРАЛЫҚ 
ТРАНСПОЗИЦИЯ 
 
2.1 Кӛркем аударма тілінің негіздері 
 
Адамның  шығармашылық  қызметінің  ең  күрделі  де  кӛп 
қырлы түрі – аударма.  Әдетте аударма дегенде бір тілдің екінші 
тілге  аударылатын  белгілі  бір  мәтін  немесе  кӛркем  әдебиет 
есімізге түседі. Ал шындығына келгенде, аударма барысында бір 
тілдің  бірлігінің  екінші  тілге  ауысуына  ғана  емес,    түрлі 
мәдениет,  әр  алуан  тұлға,  ойлаудың  түрлі  жолдары,  әртүрлі 
әдебиет,  дамудың  бірнеше  кезеңдері,  әр  елдің  салты  мен 
дағдыларына  кез  боласың.  Аудармамен  мәдениеттанушы, 
этнограф,  психолог,  тарихшы,  әдебиеттанушы,  тілші  ғалымдар 
айналысады.  Соған  сәйкес  аударма  белгілі  бір  ғылымның 
шеңберінде зерттеу объектісі бола алады. Сонымен бірге аударма 
ғылымы  –  аударматану,  психологиялық,  мәдениеттанушы, 
когнитивтік, әдеби және тағы басқа аспектілерге бӛлінеді. 
Ең алдымен, аударманың негізгі екі түрі бар: кӛркем аударма 
және  ақпараттық  аударма.  Кӛркем  аударма  дегеніміз  –  бұл 
кӛркем  әдебиет  шығармаларының  аудармасы.  Аударманың  бұл 
түрімен  айналысатын  аудармашының  негізгі  міндеті  – 
түпнұсқаның  кӛркемдік-эстетикалық  рухын  жеткізу,  аударма 
тілінде  құнды  кӛркем  мәтін  жасау.  Аудармашы  осы  мақсатына 
жету  үшін  аударылатын  мәтіннің  жекелеген  бӛлшектерін  ала 
отырып,  түрлі  амал-тәсілдер  қолдануға  ерікті.  Ал  ақпараттық 
аударма  дегеніміз  –  оқырманға  кейбір  мәліметтерді  жеткізетін 
мәтіннің  аударылуы.  Мұндай  мәтіндерге  ғылыми,  іскерлік, 
қоғамдық-саяси, 
тұрмыстық 
және 
соған 
ұқсас 
мәтін 
материалдары  жатады.  Аударманың  осы  түрімен  айналысатын 
аудармашының  негізгі  міндеті  –  осы  мәтіндегі  ақпаратты  толық 
жеткізу,  басым  баламалық  мүмкіндікті  пайдалана  отырып, 
мәтінді  аудару.  Аударманы  кӛркем  және  ақпараттық  түрге  бӛлу 
түпнұсқаның  негізгі  қызметін  кӛрсетеді.  Ол  кӛркем  бүтіндікті 
қажет  ететін  түпнұсқа  аудармасында  кейде  ақпараттық  қызмет 
атқаратын кейбір бӛліктер болатындығын, осыған қарама-қайшы, 
ақпараттық  мәтінді  аудару  барысында  кӛркем  аударма 
элементтері де кездесетіндігін білдіреді. Аударманың негізгі осы 
түрлерінің  әрқайсысында  аудармашылық  стратегияны  таңдауға 

 
75 
әсер  ететін ӛзіндік  ерекшеліктері  болады әрі ӛте ұсақ  түрлері де 
кездеседі. 
Кӛркем  әдебиет  стилінің  әдебиеттік,  тілдік  ерекшеліктері 
аударма әдебиетке де тән. Белгілі бір халықтың тілінде жазылған 
әңгіме,  повесть,  роман  –  сол  халықтың  ұлттық  кӛркемӛнер 
туындысының эстетикалық функциясы, прагматикалық сипаты – 
баршасы  тілді  қолданушы  халықтың  рухани–мәдени  ұлттық 
танымының үдесінен шығуды кӛздейді. Кӛркем  аударманың тілі 
де  сол  мақсатқа  бағындырылады.  Кӛркем  әдебиет  тілі  қоршаған 
ортаның  шындығын  бейнелеп  қана  қоймайды,  адам  табиғатын, 
қоғамның болмысын ӛзгертуге, жақсартуға ат салысады. 
Кӛркем  аударманың  теориясы  мен  практикасы  күрделі  және 
кӛп  қырлы  мәселелерді  қамтиды.  Әдеби  шығарманың  құрылым 
жүйесі,  образдылығы,  мазмұны,  стилі,  тілі  секілді  поэтикалық 
құбылыстармен  бірге  оның  эстетикалық,  лингвомәдени,  сондай-
ақ  психологиялық  және    семиотикалық  табиғатын  түзетін 
кӛркемдік құбылыстарды пайымдау әдеби аударманың табиғатын 
таразылаудағы  басты  міндеттерінің  қатарына  жатады.  Оның 
үстіне,  аудармада  автор  мен  аудармашының  шығармашылық 
шеберлігі, даралығы қатар кӛрініс табады.  Әрі түпнұсқа тілі мен 
аударма  тілінің  заңдылықтары  қатар  қызмет  атқарады.  Осының 
бәрі  аударма  мәселелерін  зерттеудің  саласы,  арнасы    ӛте  кӛп, 
алуан түрлі екендігін кӛрсетеді. 
Кез  келген  ұлт  тарихтың  қай  кезеңінде  дүние  жүзілік 
қоғамдық даму процесінен оқшау ӛмір сүре алмайды. Қай ұлттың 
тарихын  алсақ  та,  ол  ӛзгелер  халықтардың  тарихымен 
байланысып  жатады,  басқа  ұлттармен  әлеуметтік-экономикалық 
қарым-қатынаста  болады.  Ал  қарым-қатынастың  басты  құралы 
тіл  екені  баршаға  аян.  Ұлтаралық  қарым-қатынасқа  келсек,  әр 
тілде  сӛйлейтін  адамдардың  арасында  тілдік  дәнекер  керектігі 
ӛзінен-ӛзі белгілі. Міне, осы тұста аударманың қажеттілігі туады. 
Осы  тұрғыдан  келгенде,  аударманың  бастау  кӛздері  тым  әрі, 
тарихтың тым ескі терең қойнауына кетеді
1

Тілімізде,  мәдениетімізде  аударма  жасау  арқылы  тілде  сӛз 
құраудың,  ойды  бейнелеудің  жаңа  тәсілдері  туады,  жазу 
шеберлігі артады. Ол халықты рухани жағынан дамытудың күшті 
құралы  ретінде  бүкіл  адамзат  мәдениетінің  қазыналы  қақпасын 
                                                 
1
  Алдашева    А.  М.      Аудармадағы  баламалық  (орыс  тілінен  қазақ  тіліне  аударылған 
нұсқалар негізінде). – Алматы, 2004. – 35-бет.
 

 
76 
ашатын кілт, ғылым мен білімнің қайнар бұлағы, тіл ұстартудың 
мектебі. Кӛркем аударма туындылары әр халықтың  ӛз мүлкі, ӛз 
табысы  болғандықтан  жұртшылық  (оқырман,  зерттеушілер) 
әрқашан  оның  жақсысына  сүйсініп,  жаманына  күйініп 
отыратыны белгілі. 
Аудару  іс-әрекетінің  ӛмір  сүруі  ұлт  тарихының  кӛне 
қойнауымен 
астарлас. 
Аударманың 
іс-тәжірибесі 
қазақ 
ғылымында  негізінен  әдебиеттану  саласының  аясында  кӛбірек 
талданып келгеніне және осы аспектіге бірыңғай лингвистикалық 
тұрғыдан қарастыру кейінгі жылдары ғана қолға алына бастады. 
Демек, аударманың лингвистикалық теориясы – қазақ тілтанымы 
үшін  жас  ғылым,  сондықтан  осы  ғылымның  негізгі  бағытын 
айқындап  бере  алатын  бірқатар  ұғым-түсініктерінің  даралана 
қоймағанының себептері де түсінікті. 
Ең  алдымен  аударманың  процесс  ретінде  ӛтуі  үшін  де, 
теориялық  түйіндерін  жасау  үшін  де  маңызды  факторлар  – 
аударудың амал-тәсілдері. Әлемдік аударматануда бұған қатысты 
тиянақты  пікірлер  айтылғанымен,  бұл  тұрғыдан  әлі  де    шешімін 
таппаған  мәселелер  баршылық.  Бұл  кӛзқарастар  роман-герман 
тілдерінен 
орыс 
тіліне 
(немесе 
керісінше) 
аударудың 
тәжірибесіне  сүйеніп  жасалған;  түркі  тілдерін  орыс  тіліне,  оның 
ішінде  қазақ  тілінен  орыс  тіліне  тәржімалау  тәжірибесіне 
қорытындылауында  аударманың  амал-тәсілдерін  қолдану  үшін 
жалпы  теориялық  пікір-кӛзқарастар  негізге  алынды.  Әлемдік 
аударматанудағы 
аударудың 
жолдарына 
орай 
айтылған 
түйіндердің бірқатары орыс тілінен қазақ тіліне, керісінше, қазақ 
тілінен  орыс  тіліне  тәржімалаудың  теориясы  мен  тәжірибесіне 
сәйкес  келмей  жатады.  Бұның  себебі  түпнұсқа  тілі  мен  аударма 
тілдің  әртүрлі  тілдер  типологиясына  енетіндігіне  байланысты. 
Сондықтан  қазақ  тілінен  орыс  тіліне  аударудың  ерекшеліктерін 
таратып  айтуда,  нақтылай  түсуді  қажет  ететін  бір  алуан  ұғым-
түсініктер  бар.  Мәселен,  қазіргі  таңда  лингвистика  саласында 
аударма  мәселесімен  түбегейлі  айналысып  жүрген  ғалым 
А.М.Алдашева  ӛзінің  докторлық  диссертациясында  аударманы 
былай  бӛледі:  идеалды  аударма  (идеальный),  тепе-тең  аударма 
(тождественный  перевод),  тӛлтума  (подлинный  перевод), 

 
77 
толыққанды (полноценный), еркін аударма, нақты (достоверный), 
баламалы (адекватный), эквивалентті (эквивалентный) аударма
1

Енді осы аударма түрлеріне жеке-жеке тоқтала кетейік: 
Идеалды аударма  – басқа тілдің түпнұсқа мәтіні мазмұнынан 
екінші бір тілде коммуникативтік құндылығы бірдей мәтін жасау 
жолымен  берілетін  тілдік  делдалдықтың  бір  түрі  ең  жоғары 
кӛрсеткіші. 
Адекватты  (барабар)  аударма  –  түпнұсқаның  мазмұн  және 
пішін  бірлігінің  басқа  тілдің  құралдары  арқылы  қайта  құрылуы, 
яғни  аудармада  тілдің  жанрлық-стилистикалық,  құрылымдық-
семантикалық  т.б.  тілдік  нормалары  мен  заңдылықтарының 
сақталынуы. 
Балама  аударма  –  түпнұсқа  мазмұнын  баламалылық 
деңгейлерінің бірінде беретін аударма. 
Баламалылық  –  түпнұсқаның  мазмұнын  максималды  түрде 
жеткізу, коммуникативті-фукнционалдық белгілер мүмкіндігінше 
сақталған толыққанды, дәлме-дәл (адекватты) аударма. 
Еркін  аударма  –  бастапқы  мәтіннің  формальды  және 
семантикалық  компоненттерін  ескерместен,  тірек  ақпарат 
деңгейіндегі  аудармада  мәтіндер  арасындағы  сәйкестікті  табу. 
Бұл  аудару  барысында  берілген  жағдайларда  қол  жеткізуге 
болатын  аудармаға  қарағанда,  баламалықтың  біршама  тӛмен 
деңгейіндегі орындалатын аударма. 
Нақты  аударма  –  әдетте  ауызша  жүзеге  асырылатын  және 
аннотация,  реферат  пен  парақтан  таңдап  аударылатын 
аударманың бір түрі. Кӛп жағдайда кеңесіп жасалатын аудармаға 
тапсырыс  берушінің  кӛзінше  орындалады.  Ол  аударма 
барысында  түпнұсқа  мәтіні  мазмұнының  ӛзін  қызықтырған 
қырларын нақтылап отырады. 
Аудару  кезінде  жеке  сӛздерге  балама  іздеу  арқылы  
аударылып  жатқан  тілдік    қордағы  бар  сӛздер  мағына  жағынан 
сараланып, ұғымдық шектері айрыла түседі. Сӛздерінің әр алуан 
нұсқаларда  қолданылуына  қарай,  ӛзіміздің  немесе  ӛзге  ұлттың 
тіліндегі  синонимдік  мәндес  сӛздердің,  кӛркемдік  әдіс-
тәсілдердің  ұғымдық  айырмасын  тауып,  әрқайсысын  белгілі  бір 
тілінің    немесе  керісінше  баламасы  ретінде  тұрақтандыруға,  сол 
арқылы ол сӛздің ӛзінің ұғымдық мағынасы мен түрлі қырларын 
                                                 
1
  Алдашева    А.      Аударматану:  лингвистикалық  және  лингвомәдени  мәселелер:  Фил. 
ғыл. канд. ... дис. –Алматы, 2000.  – 45-бет.
 

 
78 
аша    түсуге  күш  салынады.  Ойды  ықшамдап,  нақтылап  айту, 
сӛйлемді  жинақы  құру,  шұбалаңқылыққа  соқтыратын  кӛп 
сӛзділіктен, орынсыз орағытудан қашу сияқты жазу мәдениетінің 
ӛсуін  бейнелейтін  тәсілдердің  дамуына  аударманың  да  әсері 
болатыны күмән туғызбайды. 
Сонымен қатар, аударма оқушыны ылғи жаңа дүниеге, жаңа 
ӛмірге,  жаңа  ортаға  енгізіп  отырады.  Яғни  ол  аударылатын 
кітаптағы  соны  дүниені,  соны  ӛмірді,  соны  ортаны  ең  әуелі 
кӛзімен  кӛріп  тұрғандай  ойша  қабылдап,  оның  әрбір  ұсақ 
деталіне  дейін  бойына  сіңіріп  алуы  керек  те,  тек  сонан  соң  ғана 
ана тілінің бар мүмкіндіктері арқылы оқушыларына жеткізе білуі 
керек.  Мұнда  халқымыздың  ғасырлар  бойғы  тірнектеп  жинаған, 
шыңдаған,  ұштаған  сӛз  байлығы  мен  сӛйлеу  шеберлігі  барынша 
жұмсалады.  Сонымен қатар оның басқа тілге қалай жеткізілуінің, 
мәселен,  белгілі  бір  шығармадағы  сӛздердің  әртүрлі  қолданыста 
кӛрінуінің, яғни тіларалық транспозициясының аударма аясында 
ӛзіндік үлкен рӛлі бар. 
Аударма  ӛнерінде  әрқашан  тіл  ӛнері  болып  саналады. 
Аударманың  тегі  –  тіл  құралдары,  аудармашының  іс-әрекеті  сол 
тіл  құралдарын  орынды  қолдану,  онымен  жұмыс  істеу 
болғандықтан,  аударма  процесі  лингвистикалық  тұрғыдан  екі 
тілдің  және  олардың  стилистикалық  құралдары  қарым-
қатынасының сипаты жайындағы мәселені зерттеуді қажет етеді. 
Аударма міндеттерін шешуге лингвистикалық тұрғыдан келу 
практикалық  тұрғыдан  да  ӛте  маңызды,  ӛйткені  екі  тілдің 
құрылымындағы  айырмашылықтарды  терең  түсіну  қандай 
түпнұсқаны  аударғанда  да  аударма  тіліне  қиянат  ететін 
мағыналық  тұрғыдан  қателесуден  де,  әріп  қуушылықтан  да 
сақтандырады.  Екі  тілдің  арасындағы    ара-қатынас  заңдылығын 
білу  аударылып  отырған  әдеби  тіл  нормаларының  талаптарына 
нұқсан  келтірместен,  оның  ерекшеліктерін  жеткізуге  қажетті 
таңдап  алатын  құралдарды  саналы  түрде  айқындауға  мүмкіндік 
береді.  Бір сӛзбен айтқанда, аударма теориясын лингвистикалық 
тұрғыда  қарастырғанда,  оның  тәжірибесін  талдау,  пайымдау, 
тұжырымдау,  тілдердің  арасындағы  сәйкестік  пен  сәйкессіздікті 
айқындау керек. 
Халықтардың  бір-бірімен  танысып,  ӛзара  идеялар  алмасуы, 
соған  орай  әдебиеттерінің  дамуы,  ақыл-ой  ӛрісінің  ұлғаюы  бір 
халық  әдебиетінің  екінші  халық  тіліне  аударылуына  негізделуі 

 
79 
аударма  қызметінің  ең  басты  мақсаты    болып  табылады.  Бұл 
орайда,  аудармашы  шын  мәнісінде  екі  ел  мәдениеті  мен 
әдебиетінің ӛкілі; ол ӛзінің шығармашылық шеберлігінің жемісі – 
аударма арқылы ӛзге ұлт пен халықта, бӛгде ортада туған әдеби 
шығарманы  туған  топырағына  әкеліп,  ана  тілінде  сӛйлету 
жолымен  рухани  жаңалық  ашады,  оқырманның  дүниетаным 
шеңберін, сана-сезімін ұлғайтуға себепші болады. 
Жоғарыда  айтып  ӛткеніміздей  қыры  мен  сыры  мол  дүние 
болып табылатындықтан, аударма ӛнері ӛзіндік қиындықтары да 
біршама. Күн ӛткен сайын, тіліміз, әдебиетіміз ӛркендеген сайын 
салиқалы  пікір  алысулар  ӛткізіліп,  келелі  ойлар  айтылып, 
шаралар  белгіленіп  жатады.  Тіпті,  аударма  саласындағы  үлгі 
тұтарлық  ӛнегелі  мектеп  қалыптасқан  орыс  лингвистикасының 
ӛзінде де бұл мәселе толық шешілді деуге болмайды. 
Әдеби  аударманың  проблемалары  ӛте  кӛп.  Түпнұсқамен  тең 
дәрежелес  тәржімалану  деген  ұғым  шартты  түрде  алынады.  Бұл 
арада  түпнұсқа  дәрежесінде  салыстыру  шартты,  салыстырмалы 
мағына беретіні де сондықтан. Біз аударма  сапасын сӛз еткенде, 
ондағы әдеби кӛркемдікке тіл кестесінің дұрыс ӛрілуіне, стильдік 
тазалыққа баса назар аударуымыздың себебі де осыдан туындаса 
керек. 
Аударма тіліне қатысты мәселелердің  ауқымы бұдан  да  кең. 
Бұл  құбылыстың  “тіл  –  адам  –  қоғам”,  “тіл  –  жеке  адам”  
проблемаларына  қатысты,  белгілі  бір  кезеңдегі  жеке  адамның 
(социумның)  қалыптасуына,  әртүрлі  тілдік  ортаның  пайда 
болуына ықпалы, тілдердің ӛзара ықпалдасу теориясындағы орны 
туралы мәселелердің басы ашыла қойған жоқ. Әзірше бір тілден 
екінші  тілге  аударылған  нұсқалардың  тілі  арасындағы 
айырмашылықтарды  кӛрсету  бағытында  қарастырылып  келеді. 
Аударманың  лингвистикалық  теориясының  пәні  тіларалық 
транспозициясы 
ретіндегі 
аударма 
процесінің 
ғылыми 
анықтамасы,  яғни  бір  тілдегі  мәтіннің  басқа  тілдегі  ӛзіне 
(эквивалентті)  балама  мәтін  ретінде  қайта  туындауы  болып 
есептеледі  деуімізге  болады.  Аударма  теориясы  түпнұсқа 
тіліндегі  мәтін  мен  аударма  тілі  аралығындағы  кез  келген 
қатынасты  емес,  тек  заңды,  яғни  типтік,  жиі  қайталанушы 
қатынастарды  қарастыруы  тиіс.  Түпнұсқа  мәтіні  мен  аударма 
мәтінін  салыстыра  талдау  барысында  біркелкі,  тұрақсыз,  тек 
нақты  жағдайда  ғана  құрылатын  қатынастардың  басым  бӛлігі 

 
80 
анықталады. 
Мұндай 
біркелкі 
қатынастар 
жалпылауға 
келмейтіндіктен,  аударманың  лингвистикалық  теориясының 
құрылымын  енбейді.  Әйтсе  де,  анық  осы  “заңсыз”  қатынастар 
аударма  практикасы  үшін  басым  қиындық  туғызатынын  атап 
айтқанымыз  жӛн.  Жеке,  біркелкі,  теорияда  “қарастырылмаған” 
қатынастарды  таба  білу  ерекшелігі  арқылы  аудармашылық 
қызметтің  шығармашылық  мәні  айқындалады.  Бір  жағынан 
алғанда,  аударма  теориясының  даму  мүмкіндігі  бойынша 
алғашқыда жеке, тұрақсыз болып кӛрінетін кӛптеген құбылыстар, 
келе-келе  жалпы  бейненің  құрамына  еніп,  түсіндіріледі  әрі 
аударма  теориясының  зерттеу  нысанына  айналады,  дәлірек 
айтсақ,  кез  келген  ғылым  саласындағы  сияқты  аударма 
теориясындағы  әрбір  жаңа  жетістік,  ішінара  кӛптеген  белгілі 
“анықтамалар”  және  “тұрақсыздық”  қатынастары  астарында 
оларды қадағалайтын және мағынасын ашатын белгілі бір жалпы 
заңдылық бар екендігін анықтайды
1

Аударманың  ақпараттық  бағдарлама  болып  табылатындығы 
белгілі. Нақтырақ айтқанда, аудармашы ӛз ана тілінің жүйесінде 
түрлендіре  отырып,  түпнұсқа  авторының  мәтінінде  берілген 
ақпаратты  шифрлайды,  ал  сол  мәтіндегі  ақпаратты  аударманы 
оқырман қайта қабылдайды. Гносеологиялық кӛзқарас бойынша, 
“аударма  –  бұл  түпнұсқаның  балама  (адекватное)  кӛрінісі  және 
шығармашылық  жолда  қайта  түрленуі”,  аударма  аудармашылық 
шығармашылықтың нәтижесі ретінде “түпнұсқа ” аналогы болып 
есептелінеді. 
Ғалым А. Попович аудармаға аудару барысында оның тілдік 
жаңа  бейнесі  мен  стилистикалық  формасын  тудырып,  әрі  бір 
мәтіннің  екінші  мәтінге  түпнұсқаның  стилистикалық  және  ӛзіне 
тән  басқа  да  ерекшеліктерін  басым  түрде  сақтай  отырып, 
ӛзгертетін  процесс  ретінде  тілдік  мәтіннің  қайта  туындауы”  деп 
анықтама береді
2

Аударма  теориясының  қалыптасуына  үлес  қосып  жүрген 
ғалым  С.Н.Сыроваткиннің  пікірінше,  аударма  бұл  тілдегі 
мәтіннің (түпнұсқа) екінші тілдегі мәтінге (аударма тілі) ауысуы, 
“түпнұсқа  мен  аударылатын  мәтінді  бір-біріне  балама  тіл,  яғни 
                                                 
1
 Бархударов  Л. С.   Язык и перевод. Вопросы общей и частной теории перевода. – М.: 
Международные отношения, 1978.  –С. 7.   
2
 Попович  А.   Проблемы художественного перевода. – М., 1980. –С. 38. 
 

 
81 
коммуникативтік  және  одан  тыс  қызметте  ӛзіне  ұқсас  қызметті 
атқаруға мүмкіндігі бар балама тіл” болады
1
. Кӛптеген ғалымдар 
“аудару  –  бір  тілдің  тілдік  құралдары  арқылы  алдын  ала 
жазылған мәтінді басқа тілдің тілдік құралдармен дәл әрі нақты, 
толық жеткізу” деп тұжырымдайды. 
Сонымен қатар, ғалым А.Ф.Ширяевтің анықтамасы бойынша, 
“аударма  бұл  –  арнайы  тілдік  қызмет.  Ол  қызмет  бір  тілдің 
сӛйлеу  ерекшеліктерін  басқа  тілдегі  соған  сәйкес  сӛйлеу 
ерекшеліктері арқылы қайта туындату мақсатында қолданылатын 
екі тілге сүйенеді”
2
. И.И.Резвин мен В.Ю.Розенцвейг аудармашы 
сӛздікке,  мәтіннің  кең  ұғымына  және  ӛзінің  бұрынғы 
тәжірибесіне  қарамастан,  түпнұсқаны  алдын  ала  бекітілген 
тіларалық  сәйкестіктерді  (мысалы,  сӛздік)  пайдалана  отырып 
аударған дүниелерді аударма деп, ал аудармашының кӛрсетілген 
феномендерді  ескерген  тұстарын  “интерпретация”  деп  атауды 
ұсынады.  Олардың  пікірінше,  аударманың  инварианты  сол 
мәтіннен  түсетін  ақпараттың  мағынасы  болып  саналады.  Ол  кез 
келген  бір  тілден  тыс  қатынасқа  қатысты  емес,  делдал  жасанды 
тілге  – қарапайым мағыналық бірліктердің жиынтығына қатысты 
анықталады  екен.  Бұл    тілдік  аударма  машиналық  аударманы 
жүзеге 
асырудың 
бірден 
бір 
жолы 
деп 
есептеледі
3

В.Н.Комиссаров  “интерпретация”  термині  аударма  әдебиетінде 
кемінде  тӛрт  мағынада  қолданылады  деп  санайды
4
.  Бұған  қоса 
тӛмендегідей ӛзге де анықтамалар бар: Ж.Мунэн “аударма – бұл 
тілдік  байланыс  және  билингвизм  құбылыс”;  осы  аталған  екі 
құбылыстың  бірінде  тіларалық  интерпретацияланған  процесс”  
деп  анықтама  береді.  Аталмыш  ғалымның  кӛзқарасы  бойынша, 
дұрыс  аударманың  анықтамасы  (аударма  нормалары)  және  бұл 
ұғымының жеткіліксіз ӛңделуі “балама жетістіктерінің” жолдары 
қарастырылатындығынан  деп  санайды
5
.    Жоғарыда  келтірілген 
                                                 
1
 Сыроваткин  С. Н.   Теория перевода с аспекте функциональной лингвистики: уч. 
пособие. – Калинин, 1978. –С. 74.  
2
 Ширяев  А. Ф.   Пособие по синхронному переводу. Французский язык.  М., 1982. 
–С. 12.    
3
  Ревзин    И.  И.,      Розенцвейг    В.  Ю.      К  обоснованию  лингвистической  теории 
перевода // Вопросы языкознания. – 1962. – №5. – С. 36. 
4
  Комиссаров    В.  Н.      Лингвистика  перевода.  –  М.:  Международные  отношения, 
1980. –С. 69.  
5
 Мунэн  Ж.   Теоретические проблемы перевода. Перевод как языковой контакт // 
Вопросы  теории  перевода  в  зарубежной  лингвистике.  –  М.:  Международной 
отношение, 1978. – С. 29. 

 
82 
аударма  ұғымының  дефинициялары  аударманы  белгілі  бір 
қызмет  ретінде  санай  отырып,  дер  кезінде  анық  немесе  тұспал, 
болжам түрінде оның соңғы нәтижелеріне қойылатын белгілі бір 
талаптарды  анықтайды.  “Сапасыз  аударма”  деп  немесе 
“аудармаға  тұтас”  анықтама  беру  мүмкін  емес,  себебі  мұндай 
аударма болмауы тиіс. Кез келген бір сапада нәтиже беруді талап 
ететін  дефиницияларда  (бастапқы  ақпарат  немесе  бастапқы 
ақпараттың  берілуі,  бастапқы  жоспардың  мазмұны  немесе 
мағынасының  инварианттылығын,  түпнұсқаға  сәйкестендіру 
қызметін  сақтау,  бір-бірінің  тілін  меңгермеген    сӛйлеушілердің 
коммуникативтік  қатынасын  қамтамасыз  ету  т.б.)  “аударма” 
ұғымы  “жақсы  аударма”  ұғымы  арқылы  анықталады:  “жақсы 
аударма”  деп  саналмайтынның  бәрі  “нашар  аударма”  немесе  ол 
мүлдем аударма емес. Тура осы жолмен “жақсы аударманың” кез 
келген  дефинициясы  арқылы  бүкіл  аударманы  тұтас  қамтуға 
болады. Тіпті аудармадан түпнұсқаны қайта ӛңдеуді талап еткен 
жағдайдың  ӛзінде  олар  қанағаттануға  тиісті  қойылатын 
талаптарды  атап  кӛрсеткен  жӛн.    Г.М.  Стрелковский  “аударма” 
терминін  аудармашының  қызмет  барысы,  ал  осы  қызмет 
барысында  шыққан  нәтижені  жазбаша  немесе  ауызша 
“транспозиция ” деп атауды ұсынады
1

Осы  интерпретация  арқылы  ғалым  бұдан  әрі  аударманы 
“ақпарат”  ұғымымен  (ол  бұны    “белгілі  бір  білімді  жеткізу”  
процесі  деп  тұжырымдайды),  ал  “транспозиция”  ұғымын  – 
“хабар”  ұғымымен  байланыстыруды  талап  етеді  (ол  мұны 
берілетін  білімінің  мазмұны  деп  тұжырымдайды).  “Ақпарат” 
және “хабар” ұғымдары, Г.М. Стрелковскийдің пікіріне сүйенсек, 
нақты  тілдерге  бағынбайды  және  аудармашылық  қызметпен 
тығыз байланыста болмайды, ал “аударма” және “транспозиция” 
ұғымдары бұл қызметпен тығыз байланысты. Ғалым аударманың 
түпнұсқаға  эквиваленттілігін,  транспозиция  мен  түпнұсқаның 
“нұсқалық сәйкестігін” сынайды. Хабарландыру нұсқасы арқылы 
“қайта  түрлену  барысындағы  хабардың  ӛзгермейтін  мазмұндық 
мәнін”  айта  отырып,  Г.М.Стрелковский  бұл  мән-мағына 
аударманың  инварианты  деп  есептейді.  Инвариант  ұғымы 
абстракциялы,  бастапқы  хабардың  инвариантын  да  айқын  нақты 
мәтін  түрдегі аударма инвариантында  бӛлуге, анықтауға  мүлдем 
                                                 
1
 
Стрелковский  Г. М.   Теория и практика военного перевода. – М., 1979. –С. 63.
 
 

 
83 
болмайды. 
Осындай 
мәтіндер 
ӛзі 
сонда 
туындайтын 
инварианттың  нұсқасы  ретінде  ғана  алады.  “Транспозиция” 
термині  барынша  айқын  әрі  оны  кейбір  жағдайларда  “нәтижелі 
аударма”, “аударылушы мәтін”, “аударма мәтіні” сияқты ӛте кең 
мағынада қолдану аса қолайлы. Әйтсе де, “аударма” сӛзінен оның 
мұндай  мағыналарын  “алшақтатып”  немесе  “бӛліп”  және  ол 
арқылы  тек  қана  аударма  барысын,  оның  нәтижесінде  қамтыған 
терминді кӛп қолданудың ӛзі де артық. Ақпарат пен хабар нақты 
тілдерге бағынбайды деген пікірмен келісуге болады
1

Аударма  жүйесінде  кӛркем  аударма  мен  аудармашы 
шеберлігі басты назарда болады. Кӛркем мәтінде “сӛз қатарының 
ең  алдымен  эстетикалық  қызметі  бар,  оның  құрылымы  сӛздерге 
бекітілген ақпаратты беруші қызметін атқармайды, керісінше, ол 
бүтін кӛркемдікке бағынады және мұнда логика мен эстетикалық 
қажеттілік  заңдылықтары  бойынша  ұйымдастырылған  сӛздік 
материалдарының 
сапалы 
айырмашылықтары 
бар”. 
Тұжырымдаманы беріп отырған ғалым Н.К.Гейдің концепциясын 
қабылдаған  жағдайда,  кӛркем  әдебиетті  ақпарат  және 
коммуникация  феномендерінен  тыс  тұрған  әрі  ешбір  логикаға 
бағынбайтын белгісіз бір дүние деп түсінуге болады. Оған сәйкес, 
Н.К.Гей,  кез  келген  ақпаратты  сӛздердің  тура,  “заттық-
логикалық” 
(денотаттық-сигнификативтік) 
мағыналарымен 
теңдестіреді.  Бұл  кӛзқарасқа  ғалым  О.С.Ахманова    сүйенеді. 
Олар “кӛркем әдебиеттің ғылыми (техникалық) аударма емес, ол 
ақпараттарды  жеткізумен  ғана  шектелмеуі  керек”  деп  жазады
2
.  
Сонымен  қатар  О.С.Ахманова  аударманың  ерекше  бір  түрі  деп 
басқа  тілде  суреттеу  құралдарын  іздеп  табуды  жатқызады.  Егер 
табылған жағдайда мұндай құралдар берілген әдеби шығарманың 
мазмұнында  әр  алуан  ақпаратты  жеткізуді  ғана  қамтамасыз  етіп 
қоймай,    кӛркем  мәтінді  аударуда  ең  басты  қажеттілік  ретінде, 
жаңа  мәтіннің  алғашқы  мәтінмен  түрі,  құрылымы  (ішкі  және 
сыртқы)  жағынан  да  сәйкес  келуін  қадағалағаны  жӛн
3
.  Кӛркем 
шығарманы  мақсатты  түрде  тек  бейкӛркем  (ғылыми  немесе 
кӛркем емес) аудармамен ғана қарама-қарсы қоюға болады. 
                                                 
1
 Стрелковский  Г. М.   Теория и практика военного перевода. – М., 1979. –С. 13.  
2
  Ахманова    О.  С.      Указатель  основных  английский  переводов  //  А.С.Ахманова. 
Словарь лингвистических терминов. – М., 1966. – С. 553. 
3
 Ахманова  О. С.   Лингвистических терминов. – М., 1966. – С. 27. 

 
84 
Бейкӛркем сӛйлеу тілімен оның аудармасы арасындағы және 
кӛркем  сӛйлеу  тілі  мен  оның  аудармасы  арасындағы 
айырмашылықтар 
бейкӛркем 
сӛйлеу 
тілінде 
(оның 
аудармасында)  белгілі  бір  ақпарат,  ал  кӛркем  сӛйлеу  тілі 
мәтінінде ешбір ақпарат болмайтындығы арқылы анықталады. 
Кӛптеген  авторлар  мәтін  мен  хабарды  шектемей,  олардың 
тепе-теңсіздігін  сезінеді.  Бұл  түпнұсқа  мен  аударма  мәтіні 
аралығындағы  барлық  мағыналардың  жүз  пайыз  сәйкестігін 
талап  етуге  болмайды  деген  пікірлерден  кӛрініс  табады.  Себебі 
түпнұсқа  аналогынан  оның  сӛзбе-сӛз,  тілдік  аналогын,  жансыз 
кӛшірмесін  жасаудың  қажеті  жоқ  [60,  33-85  бб.].  Осындай 
жағдайда    бастапқы  тіл  мәтінінен  аударма  тіл  мәтініне  ауысуы 
барысында  тек  мағынасы  жоспары  ғана  емес,  ішінара 
түпнұсқаның мазмұны да ӛзгеріске ұшырайды. Мысалы, әр тілде 
ойлау мүмкіндіктері мен сол тілде сӛйлеушілердің  мәдениетінде 
айырмашылықтар болады. 
Аударма  барысы  екі  тілдің  жүйелі  ұйымдастырылуындағы 
тіл  бірліктерінің  семантика-стилистикалық  және  эмоционалды-
экспрессивтік аспектілерін үздіксіз салыстыру қызметімен тығыз 
байланыста  болады.  Сондықтан  да  сӛз  мағыналарын  олардың 
басқа  тілге  аударылуын  салғастыру  жайлы  сұрақ  кӛбінесе 
лингвистердің  назарынан  тыс  қалмайды.  Кӛркем  аударманың 
практикасын  талдаудың  негізінде  жалпы  аудармашылық 
заңдылықтарды орнату қажеттілігі лингвостилистикалық тұрғыда 
түпнұсқа  мен аударманың тілдік құбылыстарын лингвистикалық 
жоспар бойынша салғастырмалы зерттеу қажеттілігін туындатты. 
Екі  тілдің  лингвистикалық  құралдарын  салғастырмалы  жолмен 
анықтау  ӛз  жемісін  беріп,  аударма  теориясында  негізгі  зерттеу 
жолының  іргесін  қалады.  Ӛз  кезегінде  бұл  жол  немесе  амал 
филологияда жаңа саланың ашылуына себепкер болды. Бұл сала 
–  салғастырмалы  стилистика.  Бұл  сала  әр  алуан  тілдердің 
фактілерінің  аралығындағы  байланыс  пен  ӛзара  сәйкестігін 
табуды мақсат тұтатын елеулі де жемісті нәтижелерге ие. 
Салғастырмалы  стилистиканың  негізгі  міндеттерінің  бірі  – 
аударма  практикасының  нәтижелерін  біріктіру  жолымен  кӛркем 
аударманы  шығармашылық  деңгейде  қалыптастыру.  Оның 
негізін 
қалаушылар 
– 
А.В.Федоров, 
 
И.Р.Гальперин, 
Э.С.Азнаурова  сынды  кеңес  ғалымдары.  Ерекше  пән  ретіндегі,  
аударма теориясының негізгі зерттеу әдісіне айналдыру қызметін 

 
85 
атқаратын 
салғастырмалы 
лингвистиканы 
құрудың 
алғышарттары  –  негізінен  алғанда  кеңес  және  кейбір  шетел 
ғалымдарының  еңбектері.  1950  жылы  Г.Р.  Гачечиладзенің  осы 
мәселеге  байланысты  мақаласы  жарық  кӛрді.  Бұл  мақаласында 
ғалым  кӛркем  шығармашылықтың  бірліктері  болып  саналатын 
кӛркем-бейнелеу  құралдары  мен  әдістердің  стилистикалық 
табиғатын  білу  түпнұсқаны  ӛз  тіліндегі  бейнелі-эмоциялық 
жүйеде сӛйлету шеберлігін алдыңғы қатарға қойды. Аударма екі 
тілдің  стилистикалық  құралдарын  салғастыру  негізінде  жүзеге 
асуы  керек  дей  отырып,  ғалым:  “Белгілі  бір  дәрежедегі  аударма 
мәселесі  екі  тілдің,  яғни  түпнұсқа  мен  аударма  тілінің 
стилистикасының  салыстырмалы  мәселелесіне  айналады”,  -  деп 
жазды [70, 68 б.]. 
Белгілі  ғалым  Я.И.  Рецкер  бірдей  кӛркем  шығармалардың 
әртүрлі  аудармаларының  лингвистикалық  құбылыстарына 
салғастырмалы  зерттеу  жасады.  Бұл  ғалымға  аудармашылардың 
түпнұсқаны  семантика-стилистикалық  қатынастарын  бір-бірінен 
ерекшеліктерін ендіруін әрі сапасы жағынан әр алуан фактілерді 
анықтауына  жол  ашады.  Аудармада  түрлі  аудармаларды 
салыстыру  жолында  тілдік  құралдарды  таңдауға  мүмкіндік 
беретіндігін  айта  отырып,  ғалым  екі  және  одан  да  кӛп  мәтін 
аудармалардың,  жоғары  деңгейдегі  шеберлікте  аударылған 
шығарма  фрагменттерінің  сәйкессіздігін  анықтап,  “аударманың 
негізгі  мақсаты  –  қызмет  сәйкессіздігін  жүйеге  келтіру”  деген 
дұрыс  шешімге  тоқталады.  Аталмыш  автор    ғалым  Г. 
Салямовтың    лингвистикалық  бағытта  жазылған  “аударма  және 
тіл” атты еңбегінде берілген пікіріне сүйене отырып, мынадай ой 
түйіндейді:  аударма  теориясының  маңызды  мәселелерімен  қатар 
әртүрлі  тұрақты  комплекстердің  (мақал-мәтел,  идиом,  сӛздік 
ойындар  және  басқа  да  бейнелеу  құралдары)  дұрыс  аудармасы 
автор  стилі  мен  ұлттық  колориті,  сонымен  бірге  кейіпкер 
тілдерінің ерекшеліктерін толық жеткізу үшін елеулі мағынаға ие 
болатындығын атап кӛрсетеді [71, 160 б.]. 
Аудармашының 
 
алдында 
түпнұсқаның 
бейнелеу 
құралдарының  формалық  құрылымын  жасау  емес,  тіл  жүйесінің 
басты    байлықтарын  еркін  қолдану  жолымен  шығарманы 
стилистикалық мағыналармен қамтамасыз ету міндеті тұрады. Ол 
үшін  –  оқырман  аударылған  мәтінді  түпнұсқаны  оқығандай 
қабылдап, тура сондай ойға қалып, әсер алып, сезімге берілуі аса 

 
86 
маңызды”, –  дегенді  айтады. Эстетикалық әсер  ету  күшін  игере 
отырып, сӛйлеу тілінің мәдениеті адамның ғылыми және кӛркем 
ойлау  қабілетін  арттыруда  негізгі  қызмет  атқарады.  Себебі,  ол 
ойды әдеби тілдің логикалық және мәжелік ережелерімен сәйкес 
ілеспелі  баяндауды,  тілдің  бейнелі  құралдарын  орнына  ӛзі  әрі 
кӛркем түрде қолдану талабын, қысқалық пен нұсқалықты талап 
етеді.  Яғни  “сӛйлеу  тілінің  мәдениеті  адамның  жоғары  мәдени 
деңгейін,  оның  ана  тіліне  деген  сүйіспеншілігін,  ана  тілінің 
шұбарлануы  мен  кедейленуіне  ат  үсті  қарамайтындығын 
кӛрсетеді. 
Лингвистикада,  әсіресе,  кӛркем  аудармадағы  сӛйлеу  тілі 
мәдениетінің сұрақтары мен мәселелері ғылыми еңбектерде терең 
зерттелмей,  тек  жанама  түрде  ғана  қозғалады.  Дегенмен  бұл 
мәселе  ғылыми  бағыттағы  аударма  тілдері  мәдениетінің  даму 
процесін жылдамдатуға, шығарманың стильдік ерекшеліктері мен 
кӛркемдік-идеялық  мазмұнын  баяндайтын  тіл  құралдарына 
балама  түрді  табуға  қызмет  етеді.  Аударма  тілі  түпнұсқа  тілінің 
мәдениетін  бейнелі  түрде  жеткізуі    тиіс,  себебі  автор  мен  оның 
кейіпкерлері  сӛйлеу  тілі  мәдениетінің  нақты  кӛрінісі  аудармада 
оқырманның  шығарма  жайлы  дұрыс  кӛзқарасын  оятып, 
аударманы  шығарманың  кӛркемдік-идеялық  құндылықтарын 
жаңа тұжырыммен толықтырады. 
Лингвистика  мен  аударма  мәселелері  бір  қарағанда, 
қарапайым  сияқты,  бірақ  ол  ӛте  күрделі.  Аударма  ең  алдымен 
сӛйлеу  тілінің  материалдарымен  байланысты,  сондықтан  ол 
лингвистиканың  кӛптеген  заңдарына  бағынады.  Оған  қоса, 
аударма  –  лексикалық  және  грамматикалық  тұрғыдан  екі  тілдің 
салғастырмалы  кӛрінісі.  Салғастырмалы  лексикология  мен 
грамматика салалары аударма теориясы  толықтырады. Сонымен 
бірге  аударма  –  билингвизм  механизмін  қалыптастыратын 
саладағы  дербес  күрделі  сӛйлеу  тілінің  қызметі.  Бұл  механизмді 
оның қалыптасуынан тыс зерттеу аударма және лингвистиканың 
әлеуметіне нұқсан келтіргенімен бӛгет жасайды, лингвистиканың 
әлі де айқындалмаған заңдарының ашылуына жол ашады. 
Кӛптеген тіл мамандары аударма лингвистикалық зерттеудің 
объектісі  болуы  тиіс  деген  тұжырымға  әуел  бастан-ақ  тоқталған 
еді.  Мұндай  зерттеудің  мақсаты  –  аударманың  лингвистикалық 
теориясын құру. 

 
87 
Бұл теорияны жүзеге асыру қажеттілігі жайлы  тұжырымның 
ӛздігінен  айқындалуы  алғашында  мүмкін  болмастай  кӛрінді. 
Бастапқыда                        А.А. Реформатский “аударма туралы 
ғылым”  болуы  керек  деген  сұраққа  үзілді-кесілді  қарсы  болды. 
Ғалым  бұл  пікірін  аударма  тәжірибесі  барлық  ғылыммен 
байланысты болғандықтан, оның ӛзіндік теориясы болмайды деп 
түсіндірді.  Бұл  пікір  аударма  теоретиктері  тарапынан  қолдау 
таппады.  Шындығында,  кез  келген  пән  аралас  ғылымдарының 
мәліметтерін  меңгереді  деген  дәлелдеме  оның  бар  екендігін 
жоққа  шығармайды.  Қазіргі  уақытта  басқа  ғылымдардың 
мәліметтерін  меңгере  алатын  пәнді  атауға  мүмкіндік  жоқтың 
қасы.  Сонымен  бірге  кез  келген  ғылыми  пәннің  жемісті  даму 
үшін оны басқа ғылымдардың арасынан ажыратып, оның ӛзіндік 
зерттеу пәнін анықтау аса маңызды [63, 98 б.]. 
Лингвист  аудармашылық  қызметтің  заңдылықтарын  зерттей 
отырып,  сӛз  ӛнері  шығармаларымен  немесе  екі  түрлі  тілдің 
мәтіндерімен  жұмыс  істейді,  ол  тілдер  –  түпнұсқа  тілі  мен 
аударма  тілі.  Осылайша  ол  ойша  бастапқы  мәтінді  қабылдай 
отырып,  оны  аударма  тіліне  кӛшіріп,  аудармашы  ӛтетін  жолды 
ойша  шолып  ӛтеді.  Әрине,  әрбір  мәтіннің  ӛзіне  тән  ерекшелігі 
болуы  заңды.  Автордың  шығармашылық  зертханасына  терең 
енуді  талап  ететін  осы  ерекшеліктің  барынша  жеткізілуі  кӛркем 
аударма теориясының басты мәселелерінің бірі болып саналады. 
Бұл  міндет  басқа  да  аудармашылық  жанрлардан  кӛрініс  табады. 
Дегенмен, 
кӛптеген 
аудармаларды 
салғастыру 
жұмысы 
аудармашылық  қызмет  тәжірибесі  талдап  қорытуға  ыңғайлы 
және кӛптеген аудармашылық шешімдер жалпыға ортақ болмаса 
да, кӛбіне бір типті болатындығына дәлелдейді. Осыдан аударма 
процесінің  негізінде  кейбір  заңдылықтар  пайда  болады  және 
оның анықтамасынан  аударманың лингвистикалық  теориясының 
міндеті болып табылады деген қорытынды шығады. 
Аударма  барысында  автордың  жеке  пікірін  сақтау  мәселесі  
аударма  теориясы  мен  практикасының  ең  күрделі  мәселелерінің 
қатарына  жатады.  Бұл  мәселенің  теориялық  тұрғыда  жетік 
зерттелмегендігін  мына  дәлелдеме  айғақтайды.    А.В.  Федоров 
ӛзінің  “Аударма  теориясына  кіріспе”  атты  танымал  еңбегінде 
аударма  теориясының    бірқатар  сұрақтарына  анықтама  беріп, 
түпнұсқаның  жеке  ерекшеліктерінің  аудармада  дұрыс  берілу 
мәселесін 
қарастырғанда 
автор 
тек 
мәселенің 
жалпы 

 
88 
құрылысымен шектелуге мәжбүр болады деген ойын айтады [72, 
95 б.]. 
Кӛркем шығармаларды жазбаша аудару – ұлттық колорит пен 
жазушының стильдік ерекшелігі кӛрініс табатын тілдік әрекеттің 
әлеуметтік маңыздылығы ерекше нысаны болып табылады.  Н.Ж. 
Шаймерденова  ӛзінің  “Кӛркем  аудармадағы  тілдік  бірліктердің 
семантикасына  бӛлшектік  талдау”  атты  мақаласында  кӛркем 
шығарманың  аударылуының  мәні  мен  жайын  қарастырған  [73, 
218 б.]. 
Кӛркем-проза  стилінің  және  аударманың  лингвистикалық 
теориясының  дамуының  сараптамасына  келетін  болсақ,  дәл  осы 
кезде Қазақстанда кӛркем әдебиет аудармасы мәселесі қарқынды 
түрде  қарастырылып    жүр.                                            (А.  Алдашева,  З.А. 
Ахметжанова,  Б.  Хасанов,  Р.З.  Загидуллин  сынды  ғалымдар  екі 
тілді  салғастыра  зерттеудің  лингвистикалық  тұрғыда  аударма 
теориясының қалыптасуына үлкен негіз болатынын айтады). 
Маңызды  аспектілердің  бірі  –  тілдік  тұлғаның  сипаттамасы, 
аумақтық  орыс  тілін  және  аудармалық  шығармалардағы  тілдік 
бірліктердің  семантикасын  суреттеуді  есепке  ала  отырып, 
аудармалардың әртүрлі нұсқаларын жасау. 
 
Каталог: bitstream -> handle -> data
data -> С. торайғыровтың публицистикасы
data -> «Қазақ» газетіндегі ұлт-азаттық көтеріліс туралы мақалалардың маңызы
data -> Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің халықаралық қатынастар факультетінің магистранты
data -> Ұстаз ғалымның абыройы
data -> Интеллигенциясы: тарихи
data -> ТҮрік тілін үйренудегі ортақ СӨздер және олардың фонетикалық ерекшеліктері кумашева Назым
data -> Сборник материалов IX международной научной конференции студентов и молодых ученых
data -> Очерктің тілі мен стилі
data -> Бағдарламасы, ұлттық рухани байлықты жалпы адамзаттық мәдениетпен
data -> Сборник материалов IX международной научной конференции студентов и молодых ученых


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет