Литература абишева К. М. Основы теории и практики перевода. Астана, 2008



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі73,92 Kb.
#6709
түріЛитература

Вестник ПГУ №2, 2010

14

ЛИТЕРАТУРА

1. Абишева К.М. Основы теории и практики перевода. - Астана, 2008. - С.47.

2. Giusberti F.Forme del pensarc Jmmagini dcllu mentc.-Torito:Bollati 

Boringhicri,1995. - C.103.

3. Макаров М.Л. Основы теории дискурса. - М.: ИТДГК «Гпо:шс», 2003. - С.54.

4. Каде О. Проблемы перевода в свете теории коммуникации// Вопросы 

теории перевода в заружежной лингвистике.- М.: Международные отношения, 

1978. - С.74.

5. Маркс К. Энгельс Ф.Избранные произведения. - М.,1963. - С. 88.

6. Reib К. Grundfragen der Uberset/ungs-wissenschaft: Wiener 

Vorlesungen.Hrsg.r.M.Snell-IIomby und Kadric.-Wien,1995. - 280c.

7. Потебня А.А. Общее и индоевропейское языкознание// общее и 

индоевропейское языкознание. - М., 1965. - С. 46



Түйіндеме

Мақалада тәжімалаушының аудармалық іс-әрекетінде 

пайдаланылатын коммуникативтік стратегияның құрылымдары 

қарастырылады.

Resume

The paper examines the structures of communicative strategy of the 

interpreter in the process of translation.

ƏӨЖ 882.(15.1).212.2



М.О.ӘУЕЗОВ ӘҢГІМЕЛЕРІНІҢ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ҚУАТЫ

А.С. Ақтанова

Семей мемлекеттік педагогикалық институты, Семей қ.

Әлемдік  өркениет пен мәдениеттің өркендеуінде ерекше танылатын 

талантымен, дара тұлғасымен, ұланғайыр білімімен өз қолтаңбасын 

қалдыратын қалам қайраткерлерінің әдеби процестің дамуында   өз үлестерін 

қосып отырады.

Қазақ әдебиетіндегі осындай биік, тұғырлы орында тұратын әлемдік 

дәрежедегі дарын иесі-Мұхтар Омарханұлы Әуезов.

Қазақ әдебиеті тарихындағы даралық  бітім-болмысы, ұлттық бейнесі 

айқын дарын иесі М.О. Әуезов шығармашылығын зерттеу барысында оның 

туындыларының эстетикалық қуатын, көркемдік ерекшелігін, кейіпкер 

сомдаудағы сөз өнерін терең меңгерген ерекше дарындылығын, әдебиет 


серия 

ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ

15

тарихындағы орын айқындаған ғылыми еңбектердің көп екенін байқадық. 

Десек те, дархан дарын тудырған  мол мұраның әлі де зерттеу нысанына 

айналдыруға болатын тұстары бар.

Бұл туралы Р. Нұрғалидың : «М.Әуезов - шығармалары - ұлттық 

шеңберден көтеріліп, әлемдік мәдениеттің қымбат қазынасына толымды 

қор болып қосылған ұлы сурерткер. Сондықтан бүгінгі таңда оның 

шығармашылығы туралы туған жекелеген байсалды еңбектерге қарамастан, 

оның мұрасы әлі ұзақ уақыт жан-жақты, сан алуан, әр бағыттағы зерттеулердің 

обьектісі болуы қажет. Қазақ әсемдік ойы тарихында ерекше құбылыс  

М. Әуезов туындылары идеалық-көркемдік, образдық, жанрлық ретпен де, 

ізденіс өрістері, қаламгерлік эволюция тұрғысынан да ақтара қарап, саралауды 

талап етеді» -деген [1,431] оймен қосыла отырып оның шығармашылығындағы 

ерекше эстетикалық даралығын талдау  қазіргі әуезовтанудың бір бағыты 

болады демекпіз.

М. Әуезов шығармашылығын ой өзегінен өткізіп саралай келе 

оның ерекше қасиеттерінің  бірі ұлттық өрнекпен әшекейленген, ұлттық 

болмысында. Әр жазушы өзінің эстетикалық идеяларын кейіпкер, яғни 

қаһарман арқылы көрсетеді. М.Әуезов шығармаларындағы  эстетикалық 

идеал бейнелердің бір тобы әйелдер образдарымен астасады. Жазушының ең 

алғаш баспасөз бетіне шыққан публицистикалық «Адамның негізі – әйел» 

мақаласы болды. Осы мақаласынан –ақ  болашақ   жазушының әйелдер 

бейнесіне байланысты өзіндік дара эстетикалық идеясы айқындалған. Рас, 

ХХ ғ. 20 жылдары бұл тақырып пен идеяны арқау еткен шығармалар көптеп 

дүниеге келді. Мәселен М. Жұмабаевтың, М.Дулатовтың, Ж.Аймауытовтың, 

С.Торайғыровтың және  т.б. көптеген ақын-жазушылар шығармаларында әйел 

теңсіздігі мен бостандығы туралы мәселелер көтерілді. Олардың барлығының 

тақырыбы бір болғанымен автор позициясы мен идея  ашу тәсілдері басқаша  

М.Әуезов таңдаған идея ашу жолы жазушы жан дүниесі мен өмірге деген  

философиялық көзқарасында және сол қарапайым қазақ әйелінің басындағы 

ауыр тағдыры өз болмысымен, санасымен сезінуінде.Себебі, әр жазушы өзі 

сомдап  отырған бейненің басынан кешірген сәттерді өз ақыл-ойынан өткізіп, 

жүрегінде саралайды. «Адамның – негізі әйел» мақаласынан басталған 

М.Әуезов жазған әйелдер бейнесі нәзік те, сезімтал, асқақ та, тәкәппар, 

ақылды да дана болып келеді.

М.Әуезов қазақ  әйелдерінің тағдырына арнаған мақаласында әйел 

басындағы ауыр хал-жағдайды тек қалыңмал қырсығынан іздемейді, ол биік 

адамгершілік мәселесін көтеріп: «Өмірде әділет, мархабат, махаббат деген 

нәрсенің атын естімеген ананың жүректегі уәжі мен отбасынан, ғайбат өсектен 

аспаған, анадан ақ жүрек, адал ниетті, қамқор тууы мүмкін бе?»-дейді. Сондай-

ақ,әйел адамның басындағы қайғылы қалың тұманнан айығу жолын: « Әйелдің 

басындағы сасық тұман айықпай, халыққа адамшылдықтың бақытты күні күліп 



Вестник ПГУ №2, 2010

16

қарамайды, ал қазақ мешел болып қалам демесең, тағылымыңды, бесігіңнен түзе! 

Оны түзеймін десең, оның халін түзе»-деп айқын көрсетеді.

Автор идеясының сомдаған образдармен байланысты келіп оның жеке 

танымдық санасына байланысты екенін көптеген зерттеушілер айтқан. М.Әуезов 

шығармаларындағы эстетикалық даралық жазушы дүниетанымындағы 

асқақтықпен астасып келеді. Жазушы өз әңгімелері арқылы авторлық 

идеясын,өзінің кейіпкерлеріне деген көзқарасын білдіреді. Автор позициясы оның 

эстетикалық позициясы да болып табылады. «Автор шығармашылық процесс 

кезінде ой қиялына орныққан идеяны жанды тіршілік, адам образы немесе соған 

тең  келерлік символдық бейнелер арқылы шығармашылық арманындағы биік 

эстетикалық идеалын танытатын көркем туынды тудырғаны ақиқат» [2, 489] 

Десек те,  автор позициясы мен идеясы туралы айқанда сол автордың өз заманы 

қоғамы, тарихи-әлеуметтік ортасының да әсері болатынын ұмытпау керек.  

М.О. Әуезовтің шығармашылығына қатысты, өмірі мен өскен ортасына 

байланысты айтылған ғылыми зерттеулер баршылық. Кейбір ғалымдар 

шығармаға арқау болатын адамдар  протативі туралы да кең  зерттеулер жүргізді. 

Рас, жазушы М.О. Әуезов  өмірі мен шығармашылығы көптеген адамдарды 

қызықтырады. Дегенмен жазушы фантазиясын да, ұмытпау керек. 

Көркем шығарма өмірдің тура көшірмесі бола алмайды. Тарихи, белгілі 

деген оқиғаларға байланысты шығармалардың өзінде тарихи кейіпкерлер 

мен ойдан шығарылған бейнелердің бір-бірімен қарым-қатынасы ең алдымен 

жазушы дүниетанымы мен қиялына оқиғалардың өтуі мен тарихи уақыттың сай 

келмеуі осының айғағы. Мысалы, «Абай жолы» романында М.Әуезов өзінің  

бас қаһарманы Абай бейнесін биікке көтеру мақсатында өзінің субьективті 

ой-танымына ерік беріп, тарихи оқиғалардың уақытын жылжытқан.

Бір қарағанда бір-біріне мазмұны мен идеясы ұқсамайтын туындылардың 

өзінен ортақ  авторлық позицияны айқындауға  болады. Автор позициясы 

жазушының жеке-дара стильдік қолтаңбасын айқындайды. Мәселен, 

М.О. Әуезовтің  алғашқы әңгімелері «Қорғансыздың күні», «Көксерек», 

«Жетім», «Барымта», «Қаралы сұлудан»  көрінетін ортақтық адамның 

адамгершілігі, асқақтығы және оған қарама-қарсы  керісінше құлдаушылыққа 

ұрынып, қатыгездік әрекеттер істеуіндегі ортақтық  арқылы туатын 

трагедиялық ситуациялар легі де белгілі бір дәрежеде автордың жалпы ой-

танымының, өміріне деген көзқарасының бір қырын көрсетеді. М.О. Әуезов 

әңгімелеріндегі ең басты идеялық  ортақтық адам жанының ізгілігі мен 

жоғары саналы адамгершілік мәселесінің көтерілуінде.

Бір жазушының әр түрлі шығармаларындағы осындай ортақтық авторлық 

«меннің» рухани ерекшелігінде. «Адам жанынын инженері» жазушы үшін 

таңдалған тақырып пен көтерген идеясы оның эстетикалық шығармашылық 

жолын таңдатып қоймай, көркемдік әлемдегі өзіндік даралығын да 

айқындамақ. Жалпы автор деген сөздің әдебиеттануда екі түрлі мағынасы 



серия 

ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ

17

бар. Бірі – көркем шығармадан тыс өмір сүретін  шығармашылық тұлға болса, 

екінші мағынасы – мәтеншілік көркем бейнеге айналған тұлға.

М.О.Әуезовтің дара эстетикалық танымын көрсететін, өзіндік ой 

пікірін білдіртетін кейіпкерлер мен қаһармандар көптеп кездеседі. Сондай-

ақ, бұл бейнелер тек адам образы емес, аң бейнесінде де келіп өзіндік 

бітім-болмысын айқындайды. «Көксерек» әңгімесіндегі қасқыр көзімен 

көрінетін суреттер арқылы автор өзінің табиғатқа деген көзқарасын, адам мен 

табиғат арасындағы қарым-қатынасқа байланысты эстетикалық  ойларын 

білдіреді. Көркем әңгімедегі Көксерек өз оқырманының алдында дара бітім-

болмысымен,өзіндік ерекше сипатымен қалыптасқан бейне, қаһарман. 

Себебі, автор әңгімедегі негізгі кейіпкер ретінде оқиғаның барлығын 

Көксерек маңайына жинайды.Сондықтан әңгімедегі бас кейіпкер Көксерек 

түз тағысы болса да, өзіндік ерекше психологиясы бар кейіпкер ретінде  

есте қалады. Мысалы, «Бірақ Көксерек әлі күне ешбір уақытта «қаңқ» етіп, 

ауырсынған дыбысын шығарған емес.Талаймын деп ит ұмтылса, жота жүні 

үрпиіп, үдірейіп тұрып алады. Тісі батып, қинап бара жатса, дыбыссыз ғана 

езуін ыржитады» «езуін ыржитады» деген шағын деталь-бейне арқылы 

автор болашақ көкжалдың қайсарлығы мен жүрегінің қайратын танытады. 

Оның мінезіндегі қасқырға тән озбырлық пен шыдамдылық, ашқарақтық,  

қатыгездік сипаттардың ашылуы адамдар әрекетімен байланыста алынған. 

Егер адамдар көк күшікті «тұтқын қылып» әкеліп «ауыл тұрғынына» 

айналдыруға тырыспаса, Құрмаш жазықсыз құрбан болмас еді деген идея 

Көксеректің әрбір қатыгез, аяусыз әрекеттері арқылы ашыла түседі. «Көксерек» 

әңгімесінің қазақ әдебиетіндегі жауһар туындыға айналуының өзі осынау 

идеялық – эстетикалық талғам мен шеберліктің астасуынан келіп шығады.

М.О. Әуезов сомдаған бейнелердің кез келгенін алып қарасақ та автордың 

эстетикалық қарым-қабілетінің биіктігін байқаймыз. «Қорғансыздың күні» 

әңгімесіндегі Ғазиза бейнесінің оқырман жүрегімен мәңгіге орын алуы да  

жазушы шеберлігімен астаса өрілген эстетикалық қуатында. Ғазиза бейнесі 

аса сұлу да, керемет өжет те емес. Бірақ ол өзінің қарапайым бейнесімен 

ерекшеленеді. «Ол – сыпайы, нәзік болып өскен Ғазиза: жіңішке сұңғақ бойлы, 

аз ғана секпілі бар, дөңгелек ақсұр жүзді Ғазиза. Көрген көзге алғашқы жерден 

-ақ сүйкімділігін сездіретін уыз жас. Жалғыз-ақ ұяң, жұмсақ қарайтын қара 

көзінде және ылғи шытынған, кірбеңдеген қабағында қалың уайымның  салған 

ізі бар. Пішіні – мұңды, жүдеу. Жас басына орнаған қайғы, жүрегін жеген дерт 

сыртына шығып тұр», деп автор кейіпкер  портретімен қоса психологиялық 

жай күйінен хабар береді. «Уыз жас» «ұяң, жұмсақ қарайтын қара көз» деген 

сөз тіркестері арқылы мінезінің жұмсақтығын, әрі мінезіндегі жасқаншықты 

көрсетеді. Автордың осы үзіндісінің өзінен-ақ, өзінің кейіпкеріне деген жүрек 

жылылығын байқаймыз. Әсіресе әңгіме соңындағы: «Балалық жүзінде «Менде 

жазық жоқ, мен тозамын» деген ашық тазалықтың белгісі,қайғы-қасіреттен 



Вестник ПГУ №2, 2010

18

сейілген жас баланың ажары бар» деген жолдардан автордың өз кейіпкерін 

асқақтата түсуге ұмтылған эстетикалық идеясын анық аңғарамыз. 

Адам өмірінде эстетикалық категориялдың асқақтық, әдемілігімен 

қоса, құлдыраушылық, адам жанының азғындануы да жүреді. М.О. Әуезов 

қаламынан шыққан әңгімелерде мұндай кейіпкерлер де өз бітім – болмысымен, 

өзіндік дара келбетімен көрінеді. «Оқыған азаматтағы» Қадиша мен Жұмағұл 

және олардың әке-шешелерінің қара басының қамы, өз тіршіліктері үшін 

ғана жетім кемпір мен жас бала Жамиланы құрбанға шалып, мақсаттарына 

жетуі жиіркенішті түрде берілген. Олардың бір-бірімен сөйлесу кезіндегі 

бет мимикасының құбылуы, көздеріндегі арамдықтан жылтылдаған оттары 

– барлығы кейіпкер психологиясынан хабар берді. Авторға сөз берсек: 

«Шаруа жанындағы кейбір жұмыстарға келгенде, бірін-бірі жалғыз 

ғана емеурінмен де ұғысатын болды. Бұларды біріне-бірі соншалық тез 

жақындастырып жіберген себеп не? Ол – қазіргі бұлардың алдында тұрған 

үлкен мәселесі ғой. Соған келгенде, бәрінің де мінезі, ісі түгелімен бір жерден 

шыққандығында. Малды сүйген қомағайлыққа, сараңдыққа, қанағатсыздыққа 

келгенде жас келін кәрі енесінен, асып түсті: жас жігіт оқыған десең де, кәрі 

әкесінен асып түсті, заты мінез бірлігі, «жас-кәрі»,  «Оқыған-оқымаған» 

деген  айырмашылықтарға қарамай-ақ бұл адамдардың басын қосып, бірін-

біріне үйлестірді»- дейді. Бұл үзіндіде жемтік үшін табысқан, жандарды 

құлдыраушылық жолына түскен адамдар бейнесіндегі әрбір деталь-штрих 

өз орнында тұрып жазушының эстетикалық идеясын ашуды.Осындай 

құлдыраушылық жолына түскен антиқаһарман бейнесімен «Кінәшіл 

бойжеткен» әңгімесінде де кездесеміз. Өркениет дамуы кезіндегі оқыған, 

көзі ашық деген қыздың жеңіл жолға түсуі, және сонысы үшін ұялғанның 

орнына өзін-өзі ақтап алуы да шынайылықпен өрілген. Ал, «Қаралы сұлу» 

әңгімесіндегі негізгі ой  адамзат   қоғамындағы әйел тағдырын арқау етеді.

Әңгіменің екі нұсқасының аяқталуындағы ерекшеліктердің өзі де өмірде 

кездесетін адамдық  биік асқақтық пен пенделік – табиғи болмыстың тартысы 

негізінде туған. М.О. Әуезов шеберлігі сонда екі түрлі аяқталған әңгімедегі 

екі кейіпкердің де қай жағынан болса да ақталуға құқығы бар.

Қорыта келе айтқанда, М.О. Әуезовтың шығармашылық тұлғасының  

асқақ бітім - болмысы оның дара эстетикалық санасымен және  дүние 

қайшылықтары мен өмірдегі тартыс-қақтығыстарға деген өзіндік таным 

деңгейінің биіктігімен өлшенеді демекпіз. 

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Р.Нұрғали Әуезов және алаш. - Алматы: Санат,1997. - 431 б.

2. М.Оразбек. Автор және шығармашылық процесс.-Алматы:Атамұра          

2006.486 б.

3.М.Әуезов «Қорғансыздың күні» - Алматы: «Атамұра» 2002. - 429 б.


серия 

ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ

19

Резюме

В статье рассматриваются проблемы эстетических 

мировоззрений в рассказах М.О. Ауезова.

Resume

In this article examinations the problems of aesthetic philosophy of 

life in compositions M.O. Auezova.

ƏӨЖ 81.38



МӘТІНМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫС ТҮРЛЕРІНДЕГІ 

СТИЛИСТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАРДЫҢ СИПАТЫ

Л.П. Ақтанова

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Мемлекеттік басқару академиясы

Тіл ғылымында бүгінге дейін зерттеу нысаны болып келген сөз, сөз тіркесі, 

сөйлем, морфологикалық, лексикалық тұлғалар, фонетикалық құбылыстар 

– мәтіннің құрамына енетін тілдік бірліктер. Осы тұрғыдан алып қарағанда, 

қазіргі қазақ тілі білімінде мәтінді құрылымдық, мағыналық, қызметтік 

жағынан жан-жақты зерттеу әлі де өте маңызды мәселелердің бірі.

Мәтін – өте күрделі тілдік құрылым. Осы құрылымды айқындайтын 

басты белгілері – жүйелілік және тұтастық. Мәтіннің тұтастық категориясы 

сол мәтінді ұғынып, мәнін түсінгенде ғана пайда болатын, оның логикалық 

жағымен тығыз байланыста болса, ал оның жүйелілігі күрделі бірліктерді 

құрайтын тілдік құралдардың белгілі әдіс-тәсілдерімен ұйымдасуынан 

көрінеді [1,27].

Мәтін – қазақ тілін оқыту барысында үлкен орын алатын оқыту 

нысаны. Біріншіден, тілден білім беретін материал оқыту мәтіндері түрінде 

болса, екіншіден, жаттығулардың тұтас мәтін түрінде берілуі де мәтінмен 

орындалатын жұмыстардың сараланып жүйеленуін қажет етеді. Мәтіннің 

қызметін таныту – тыңдаушыға тіл бірліктерін функционалдық тұрғыдан 

танып-білуге, сол арқылы тыңдаушының логикалық ойлауы бірізді 

қалыптасуына мүмкіндік береді. Өйткені мәтінде тіл бірліктері (сөз, сөз 

тіркесі, сөйлем) тегіс қатысады. Сондай-ақ мәтіннің стильге қатыстылығы 

да ескеріледі [2,120]. Сондықтан мәтінмен жұмыс істеудің стилистикалық 

бағыттағы жаттығу жұмыстарына  ерекше тоқталып өтсек.

Барлық мәтіндер, ең алдымен, лингвистикалық нысан болып табылады. 

Сондықтан да мәтіндердің типологиясы лингвистикалық тұрғыдан 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет