Национальная академия образования им. Ы. Алтынсарина


 Оқу пəнінің 8-сыныптағы базалық білім мазмұны



жүктеу 1.09 Mb.
Pdf просмотр
бет12/17
Дата15.03.2017
өлшемі1.09 Mb.
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

5. Оқу пəнінің 8-сыныптағы базалық білім мазмұны 
 
29.
 
Пəнді  оқыту  үшін  шығармаларды  оқып,  талдауға 26 сағат, 
шығармашылық  жұмыстарға 4 сағат,  сыныптан  тыс  оқыған  шығармалары 
туралы əңгімелеуге 4 сағат, барлығы 34 сағат бөлінген. 
30.
 
Оқу пəнінің білім мазмұны төмендегідей тақырыптарды қамтиды: 
1)
 
«Кіріспе» (1 сағат).  Қазақ  əдебиеті  туралы  жалпы  түсінік.  Ауыз 
əдебиеті  мен  жазба  əдебиеті  арасындағы  байланыс.  Əдебиет – өмірдің  көркем 
бейнесі. Əдебиеттің адам өмірінде атқаратын қызметі. 
31.
 
«Халық ауыз əдебиеті» (3 сағат): 

112 
 
1)
 
«Лиро-эпостық  жырлар. «Қыз  Жібек»  жыры  (үзінді)» (3 сағат).  Лиро-
эпостық  жырлардың  батырлар  жырынан  ерекшелігі. «Қыз  Жібек»  жырындағы 
қазақ халқының тұрмыс-салт көрінісі. «Қыз Жібек» пен «Қозы Көрпеш - Баян 
сұлу»  жырларының  ұқсастықтары  мен  айырмашылықтары.  Жырдың 
композициялық  құрылымы.  Кейіпкерлердің  портреттері.  Тіліндегі  көркемдік 
айшықтар.  Жырдың  нұсқалары  туралы.  Əдебиет  теориясы:  лиро-эпостық 
жырлар. Пəнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, қазақ тілі, кино («Қыз Жібек» 
фильмі). Өзіндік ізденіс жұмыстары: «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры.  
32.
 
«Ислам дəуіріндегі əдебиет (Х-ХІІ ғ.)» (1 сағат): 
1)
 
«Əбунасыр  əл-Фараби. «Қашықтасың  туған  жер»  өлеңі» (1 сағат). 
Əбунасыр  əл-Фарабидің  өмірі,  туған  жері,  өлеңдері  мен  ғылыми  еңбектері. 
«Қашықтасың  туған  жер»  өлеңіндегі  ақынның  туған  жерге  деген  сағынышы. 
Əдебиет  теориясы:  лирика  туралы  түсінік.  Өзіндік  ізденіс  жұмыстары:  Əл-
Фараби. «Тіршілікте құрыштай бол төзімді» өлеңі. 
33.
 
«ХІХ ғасыр əдебиеті»(5 сағат): 
1)
 
«Абай  Құнанбайұлы. «Сегіз  аяқ», «Қалың  елім,  қазағым,  қайран 
жұртым»  өлеңдері, он жетінші қарасөзі» (4 сағат). Абай – қазақ халқының ұлы 
ақыны.  Ақынның  туған  жері,  өскен  ортасы,  алған  білім-тəрбиесі. «Сегіз  аяқ» 
өлеңінің тақырыбы мен композициялық құрылымы. Абайдың қазақ поэзиясына 
енгізген  жаңалықтары.  Он  жетінші  қарасөзі.  Шағын  сюжетке  құрылған 
қарасөздің  философиялық,  тағылымдық  мəні.  Абай  қарасөздерінің  мазмұны 
мен тəрбиелік мəні. Əдебиет теориясы: өлең құрылысы, қарасөз туралы түсінік. 
Пəнаралық  байланыс:  музыка  (Абайдың  «Сегіз  аяқ»  əні).  Өзіндік  ізденіс 
жұмыстары: Абай. «Əуелде бір суық мұз ақыл зерек» өлеңі; 
2)
 
«Шəкəрім  Құдайбердіұлы.  «Бостандық  таңы  атты»  өлеңі» (1 сағат). 
Шəкəрім – Абайдың  рухани  ізбасары.  Ақынның  өскен  ортасы, 
шығармашылығы.  Шығармаларының  көркемдік  ерекшелігі. «Бостандық  таңы 
атты» өлеңінің тақырыбы мен идеясы, елді жарқын болашаққа үндеуі. Əдебиет 
теориясы:  образ  жəне  образдылық.  Пəнаралық  байланыс:  Қазақстан  тарихы, 
музыка  (Шəкəрім  əндері),  электрондық  оқулық.  Өзіндік  ізденіс  жұмыстары: 
Шəкəрім. «Өмір» өлеңі. 
34.
 
«ХХ ғасыр əдебиеті» (15 сағат): 
1)
 
«Сұлтанмахмұт  Торайғыров. «Бір  адамға»  өлеңі» (1 сағат). 
С.Торайғыровтың  өмірі  мен  ақындық  жолы.  Сұлтанмахмұт  поэзиясындағы  ел 
мен  жер  тағдыры. «Бір  адамға»  өлеңінің  тақырыбы  мен  идеясы,  ирония. 
Əдебиет  теориясы:  астарлау.  Пəнаралық  байланыс:  Қазақстан  тарихы.  Өзіндік 
ізденіс жұмыстары: «Қамар сұлу» романынан үзінді; 
2)
 
«Мағжан  Жұмабаев. «Сағындым»  өлеңі» (1 сағат).  М.Жұмабаевтың 
өмірі мен шығармашылық жолы. Қазақ поэзиясындағы Мағжанның орны, стилі, 
ерекшелігі. «Сағындым»  өлеңіндегі  лирикалық  қаһарманның  психологиялық 
күйі, туған жерге, ағайын-туысқа деген сағынышы. Əдебиет теориясы: лирика. 
Өзіндік ізденіс жұмыстары: Мағжан Жұмабаев. «Қазақ тілі» өлеңі; 
3)
 
«Сəкен Сейфуллин. «Аққудың айырылуы» поэмасы (үзінді)» (3 сағат). 
С.Сейфулиннің  өмірі  мен  шығармашылық  жолы.  Қазақ  əдебиетінің 

113 
 
тарихындағы  орны.  Поэмада  ақынның  аллегориялық  тəсілмен  ой  айта  білуі. 
Поэмадағы  сұлулық,  тазалық  идеалы.  Əдебиет  теориясы:  поэма  туралы. 
Пəнаралық  байланыс:  география.  Өзіндік  ізденіс  жұмыстары:  Қ.Мырзалиев. 
«Қызыл кітап» өлеңі; 
4)
 
«Мұхтар  Əуезов. «Татьянаның  қырдағы  əні»  əңгімесі («Абай  жолы» 
роман-эпопеясынан үзінді)» (4 сағат). Жазушының өмірі мен шығармашылығы. 
«Абай  жолы»  роман-эпопеясы  туралы  қысқаша  мəлімет.  Əңгіменің  идеялық 
мазмұны.  Тіл  көркемдігі.  Əдебиет  теориясы:  тақырып  пен  идея  туралы. 
Пəнаралық  байланыс:  қазақ  тілі,  орыс  əдебиеті.  Өзіндік  ізденіс  жұмыстары: 
Абай. «Онегиннің сөзі»; 
5)
 
«Ғабит  Мүсірепов. «Өлімді  жеңген  ана»  əңгімесі» (2 сағат). 
Жазушының  өмірі,  еңбектері  туралы.  Ғ.Мүсіреповтің  қаламгерлік  шеберлігі. 
Аудару  шеберлігі.  Шығыстық  бояу.  Ана  ерлігі.  Əдебиет  теориясы:  əңгіме 
жанры.  Пəнаралық  байланыс:  Қазақстан  тарихы,  география,  электрондық 
оқулық. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Ғ.Мүсірепов. «Ананың анасы» əңгімесі;  
6)
 
«Мұқағали  Мақатаев. «Өмір  сүрейік  алмасып»  өлеңі» (1 сағат). 
Ақынның  өмірі  мен  шығармашылығы  туралы.  Ақынның  қазақ  əдебиетінде 
алатын орны. «Өмір сүрейік алмасып» өлеңіндегі ақынның табиғатпен үндесуі, 
өлеңнің  көркемдік  ерекшелігі,  өлеңдегі  нəзік  лиризм.  Əдебиет  теориясы: 
параллелизм.  Пəнаралық  байланыс:  орыс  əдебиеті,  биология,  музыка.  Өзіндік 
ізденіс  жұмыстары:  М.  Мақатаев. «Саржайлауым», «Мен  сендерді  іздеймін» 
өлеңдері; 
7)
 
«Қадыр  Мырзалиев. «Қазақтарды  шетелдік  қонақтарға  таныстыру» 
өлеңі» (1 сағат).  Қадыр  ақынның  шығармашылық  жолы.  Шығармаларының 
тақырыбы. «Қазақтарды  шетелдік  қонақтарға  таныстыру»  өлеңіндегі 
халқымыздың  қонақжайлылығы,  еркінсүйгіштігі.  Халықтың  салт-дəстүріне 
деген  құрмет.  Əдебиет  теориясы:  эпитет,  теңеу.  Пəнаралық  байланыс: 
Қазақстан  тарихы,  орыс  əдебиеті.  Өзіндік  ізденіс  жұмыстары:  Қ.Мырзалиев. 
«Кəрі қыран» өлеңі; 
8)
 
«Олжас  Сүлейменов. «Арғымақ», «Қыз  қуу»  өлеңдері» (2 сағат). 
Ақынның  өмірі  мен  шығармашылық  жолы.  Əлем  жəне  қазақ  əдебиетіндегі 
орны. «Арғымақ», «Қыз қуу» өлеңдеріндегі пафос, ұлттық өрнек, ұлттық мінез, 
таным-түсінік.  Əдебиет  теориясы:  теңеу,  өлең  құрылысы.  Өзіндік  ізденіс 
жұмыстары: О. Сүлейменов. «Махамбетке» өлеңі. 
35.
 
Қорытындылау (1 сағат). 
 
 
6. Оқу пəнінің 9-сыныптағы базалық білім мазмұны 
 
36.
 
Оқыту  орыс  тілінде  жүргізілетін  мектептерде  шығармаларды  оқып, 
талдауға  62 сағат, шығармашылық жұмыстарға 4 сағат, сыныптан тыс оқыған 
шығармалары туралы əңгімелеуге 2 сағат, барлығы 68 сағат бөлінген. 
37.
 
Оқу пəнінің білім мазмұны төмендегідей тақырыптарды қамтиды: 
1)
 
«Кіріспе» (1 сағат).  Сөз  өнері  мен  қоғам  дамуы  арасындағы 

114 
 
сабақтастық.  Əдебиеттің  көркем  шындықты  жинақтап  көрсетудегі  өзіндік  
ерекшелігі. Қазақ əдебиетінің даму тарихы, кезеңдері. 
38.
 
«Халық ауыз əдебиеті» (14 сағат): 
1)
 
Халық  ауыз  əдебиеті  жəне  оның  туу,  пайда  болу  жолдары (1 сағат). 
Ауыз  əдебиетінің  жазба  əдебиеттен  ерекшелігі.  Əдебиет  теориясы:  фольклор 
туралы  түсінік.  Өзіндік  ізденіс  жұмыстары: «Қазақ  фольклористикасының 
тарихы»; 
2)
 
«Тұрмыс-салт  жырлары» (4 сағат).  Тұрмыс-салт  жырларының  халық 
өмірімен,  күнделікті  тыныс-тіршілігімен  байланысы  жəне  ежелгі  дəуірлердегі 
бабалар  дүниетанымы.  Фольклор  жанрларының  тұрмыс-тіршілікпен  тікелей 
байланыстылығы. 
Тұрмыс-салт 
жырларының 
түрлері. 
Тұрмыс-салт 
жырларының  тəлім-тəрбиелік  мəні,  жанрлық  ерекшеліктері.  Төрт  түлік  мал, 
наурыз  жыры,  бесік  жыры,  жар-жар,  беташар,  т.б.  Əдебиет  теориясы: 
лирикалық  жəне  эпикалық  жанрлар.  Өзіндік  ізденіс  жұмыстары:  Наурызға 
байланысты өлең-жырлар; 
3)
 
«Батырлар жыры. «Қамбар батыр» жырынан үзінді» (3 сағат). Батырлар 
жырының жанрлық ерекшелігі. Ондағы ел қорғау идеясы. Батырлар жырының 
халық  тарихымен  байланысы.  Қамбар  батыр  жырының  көтерген  тақырыбы. 
Жырдағы  Қамбар  батыр  бейнесі.  Оның  мінезіндегі  адамгершілік, 
қайырымдылық,  ерлік,  батырлық  қасиеттердің  көркем  бейнеленуі.  Батырдың 
ата-анасына деген қамқорлығы.  Жырдағы батырдың тұлпары Қарақасқа аттың 
образы.  Қамбардың  Назым  сұлумен  танысуы,  екеуінің  арасындағы 
сүйіспеншілік.  Сыртқы  жауға  қарсы  күрес.  Жыр  тілінің  көркемдік  ерекшелігі. 
Əдебиет теориясы: шендестіру, баяндау; 
4)
 
«Лиро-эпостық жырлар. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырынан үзінді» (3 
сағат).  Лиро-эпостық  жырлардың  батырлар  жырынан  ерекшелігі. «Қозы 
Көрпеш-Баян  сұлу»  жырындағы  ұлттық  мəдениет,  тұрмыс-салт  көрінісі. 
Қозының өзіне ақылы мен көркі сай жар іздеп шығуы. Сұлулық, адамгершілік 
қасиеттердің  ерлік  жəне  батыр  намысымен  тұтастықта  сипатталуы. «Қыз 
Жібек»  жыры  мен  «Қозы  Көрпеш – Баян  сұлу»  жырының  ұқсастықтары  мен 
айырмашылықтары.  Жырдағы  негізгі  кейіпкерлердің  портреттері.  Тіліндегі 
көркемдік  айшықтар.  Жырдың  көп  вариантты  болуының  мəні.  Əдебиет 
теориясы:  композиция,  сюжет,  монолог,  диалог.  Өзіндік  ізденіс  жұмыстары: 
«Айман-Шолпан» жыры; 
5)
 
«Айтыс. «Біржан  мен  Сара»  айтысы» (3 сағат).  Айтыс  туралы  жалпы 
түсінік. Айтыстың шығу тегі, даму ерекшеліктері. Əлем əдебиеті тарихындағы 
көріністері.  Ш.Уəлихановтың  зерттеу  еңбектеріндегі  айтыс  туралы  деректер. 
Айтыстың  түрлері,  айтылу  дəстүрі,  жанрлық  ерекшеліктері.  Айтыстың 
драмалық жанрмен ұқсастығы. «Біржан мен Сара» айтысының тарихи негіздері. 
Айтысқа  тəн  дəстүрлері,  композициясы.  Сюжеттік  даму  желісі.  Біржан-Сара 
айтысындағы  тартыстың  шарықтау  шегі.  Логикалық  қисын.  Сөзге  тоқтау. 
Көркемдік  ерекшеліктері.  Əдебиет  теориясы:  импровизация.  Өзіндік  ізденіс 
жұмыстары:  қазіргі айтыс үлгілері. 
39.
 
«Ежелгі дəуір əдебиеті» (2 сағат): 

115 
 
1)
 
«Орхон  ескерткіштері. «Күлтегін  жазуы» (2 сағат).  Жазба 
ескерткіштердің  тарихи  оқиғалар  мен  тұлғаларға  арнап,  тасқа  қашалып 
жазылған  жырлар  екендігі.  Орхон-Енисей  жазба  ескерткіштерінің  зерттелу 
тарихы.  Орхон  жазуларының  мазмұны,  композициялық  құрылымы.  Жанрлық 
сипаты.  Жырдың  танымдық,  тəрбиелік  мəні.  Əдебиет  теориясы:  жырдың 
композициясы  туралы.  Тіл  дамыту:  жырдан  үзінді  жаттау.  Пəнаралық 
байланыс:  дүниежүзі  тарихы.  Өзіндік  ізденіс  жұмыстары:  Н.  Келімбетов. 
Ежелгі дəуір əдебиеті. – Алматы, 1991. 
40.
 
«XV-XVIII ғасырлардағы жыраулар поэзиясы» (4 сағат): 
1)
 
«Асан  қайғы. «Бұл  заманда  не  ғаріп?», «Еділ  бол  да,  Жайық  бол» 
жырлары» (2 сағат).  Жырау  өмір  сүрген  тұстағы  тарихи-əлеуметтік  жағдай. 
Асан жырларындағы ел бірлігін сақтау, жайлы қоныс іздеу идеясы. «Құйрығы 
жоқ, жалы жоқ» жырының идеялық мəні. Жерұйықты іздеуінің түпкі мақсаты. 
Асан қайғы жырларының көркемдік-философиялық ерекшелігі. «Естіні көрсең, 
кем  деме», «Еділ  бол  да,  Жайық  бол»  жырларындағы  адамгершілік 
мəселелерінің  көркем  жинақталуы.  Əдебиет  теориясы:  өлең  ырғағы.  Өзіндік 
ізденіс жұмыстары: «Жеті ғасыр жырлайды» жинағы; 
2)
 
«Бұқар жырау. «Ай, Абылай», «Батырың өтті Бөгенбай» толғаулары» (2 
сағат). Бұқар жырау Қалқаманұлы ХV ғасырдан бастау алған жыраулық өнерді 
биік белеске көтерген жырау, көрнекті қайраткер екендігі. Оның өмірі туралы 
соңғы  деректер.  Бұқар  шығармаларының  көркемдік-эстетикалық  мəні.  Бұқар 
жырау  жырларындағы  замана  сипаты,  тарихи  тұлғалар  бейнесі.  Оның  қазақ 
поэзиясын  тақырыптық  жағынан  байытуы.  Əдебиет  теориясы:  ұйқас  түрлері. 
Пəнаралық  байланыс:  тарих,  география,  электрондық  оқулық  (Махамбет 
туралы). Өзіндік ізденіс жұмыстары: М.Мағауин. «Ғасырлар бедері». – Алматы: 
Жазушы, 1991. 
41.
 
«ХІХ ғасыр əдебиеті» (15 сағат): 
1)
 
«Махамбет  Өтемісұлы. «Баймағанбет  сұлтанға  айтқаны», «Мен,  мен, 
мен едім», «Арқаның қызыл изені-ай» (3 сағат). ХІХ ғасырдағы Қазақстандағы 
саяси-əлеуметтік  жағдай.  Ақынның  өмірі  мен  шығармашылық  жолы. 
М.Өтемісұлы 
жырларындағы 
романтикалық 
сарын. 
Махамбет 
шығармаларындағы  ақындық  «мен».  Махамбет  жырларындағы  Исатай  батыр 
образы. Өлеңдерінің ұйқас ерекшелігі, тіл көркемдігі. Əдебиет теориясы: ерікті 
ұйқас; 
2)
 
«Нысанбай  жырау (1822-1883 жж.). «Кенесары-Наурызбай»  жыры» (3 
сағат).  Нысанбай  Жаманқұлұлының  өмірі  мен  жыраулық  өнері.  Оның  ұлт-
азаттық  көтеріліс  туралы  «Кенесары-Наурызбай»  жыры  жəне  ондағы  тарихи 
шындық пен көркемдік шешім. Жырдағы Кенесары мен Наурызбай образдары. 
Көркемдік 
ерекшелігі. 
Жанрлық 
сипаты. 
Нысанбай 
жырау 
шығармашылығының зерттелуі. Əдебиет теориясы: тарихи жыр; 
3)
 
«Шоқан  Уəлиханов. «Ыстықкөл  күнделігі» (үзінді)» (2 сағат).  Шоқан 
Уəлиханов  қазақтың  тұңғыш  ғалымы,  этнограф,  фольклоршы,  саяхатшы 
екендігі.  Ғалымның  еңбектері  туралы.  Ыстықкөлдің  табиғаты  мен  сол  жерді 
мекендеген  халықтардың  əдет-ғұрпын,  тұрмыс-тіршілігін  суреттеуі.  Əдебиет 

116 
 
теориясы: эссе, күнделік. Өзіндік ізденіс жұмыстары: Ш.Уəлиханов. «Қашқария 
саяхаты»; 
4)
 
«Ыбырай  Алтынсарин. «Бақша  ағаштары», «Мейірімді  бала», 
«Атымтай Жомарт» (3 сағат).  Ы.Алтынсарин қазақ балалар əдебиетінің негізін 
қалаушы.  Жас  ұрпақты  дұрыс  тəрбиелеуге,  жақсы  міне-құлыққа  үйретуге  мəн 
беруі. Мейірімділік, рақымды  болу, адамға жақсылық жасауға, төзімді  болуға, 
еңбек  етуге    тəрбиелеу.  Əдебиет  теориясы:  архаизм,  историзм.  Өзіндік  ізденіс 
жұмыстары: Ы.Алтынсарин əңгімелері; 
5)
 
«Абай Құнанбайұлы. «Əуелден бір суық мұз ақыл зерек», «Өлең сөздің 
патшасы, сөз сарасы» өлеңі (4 сағат). «Ескендір» поэмасы. Абайдың өмірі мен 
шығармашылығы.  Абай  поэзиясы. «Əуелден  бір  суық  мұз  ақыл  зерек» 
өлеңіндегі  адамгершілік  жайындағы  философиялық  ой  толғау.  Ақыл,  қайрат, 
жүрек  үшеуін  тең  ұстау  керектігі. «Өлең – сөздің  патшасы,  сөз  сарасы»  
өлеңінде ақынның көркем сөздің асылы – поэзия деп жоғары бағалауы. Өлеңнің 
түрі мен мазмұнына талап қоюы.  Ақын өлеңдеріндегі көркемдік ерекшеліктері, 
ой  мен  сезім  иірімдері. «Ескендір»  поэмасының  тақырыбы  мен  идеясы. 
Поэмаларындағы  шығыстық  сарын.  Əдебиет  теориясы:  көп  мағыналы  сөздер. 
Өзіндік ізденіс жұмыстары: А.Құнанбайұлы туралы зерттеу еңбектер. 
42.
 
«ХХ ғасыр əдебиеті» (23 сағат): 
1)
 
«Жамбыл Жабаев. «Патша əмірі тарылды», «Зілді бұйрық» өлеңдері» (2 
сағат).  «Патша əмірі тарылды», «Зілді бұйрық» өлеңдерінде 1916 жылғы Ресей 
патшасының  жарлығына  ақынның  қарсылығы,  жан  күйзелісі,  жастарға  деген 
жанашырлығы.  Жамбыл  жырларының  қоғамдық  мəні.  Басқа  тілдерге 
аударылуы. Əдебиет теориясы: дастан жанры; 
2)
 
«Мағжан  Жұмабаев.  «Түркістан»  өлеңі, «Батыр  Баян»  поэмасы» (3 
сағат).  Ақынның  өмірі,  шығармашылық  жолы.  Мағжан  нəзік  лирик,  сыршыл 
ақын. «Түркістан»  лирикасы.  Өлеңдегі  туған  жерге,  елге  деген  ақынның 
мақтаныш  сезімі.  Тұран  елін,  оның  тарихын  перзенттік  сезіммен  жырлауы. 
«Батыр  Баян»  поэмасының  тарихи-əлеуметтік  негізі.  Абылай  хан,  Батыр  Баян 
бейнелерін даралап сомдауы. Баян батырға тəн биік рух, отты сезім. Поэманың 
көркемдік  ерекшелігі.  Əдебиет  теориясы:  поэма  жанры.  Өзіндік  ізденіс 
жұмыстары: Мағжан Жұмабаев. «Күншығыс», «Пайғамбар» өлеңдері; 
3)
 
«Ілияс Жансүгіров. «Күй» поэмасы (үзінді)» (2 сағат). Ақынның өмірі, 
шығармашылық  жолы.  Поэманың  композициялық  құрылымы.  Қобызшы 
портреті, оның  күй тарту шеберлігі. Өнер құдіреті, күй өнері мен күйшіге деген 
ақынның көзқарасы. Əдебиет теориясы: өлең ұйқасы туралы түсінік; 
4)
 
«Мұхтар  Əуезов. «Абай  жолы»  роман-эпопеясынан  үзінді  (І  томнан)» 
(5  сағат).  М.Əуезовтің  шығармашылық  жолы.  Романның  жанрлық  ерекшелігі. 
Шығарманың  сюжеті  мен  композициясы.  Роман-эпопеяда  суреттелетін 
Абайдың  азаматтық,  ақындық  келбеті  жəне  замана  бейнесі.  Романның 
тараулары,  пейзаж  бен  портрет,  тартыс  жəне  мінез.  Шығармада  суреттелетін 
қазақ  халқының  өмірі,  тұрмыс-салты,  əдет-ғұрыптары.  Жазушының  əлем 
əдебиетіне  қосқан  үлесі.  Əдебиет  теориясы:  кең  көлемді  эпикалық  жанр.Тіл 
дамыту: поэмаға сюжеттік жоспар құру. Пəнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс 

117 
 
тілі.  Өзіндік  ізденіс  жұмыстары:  І.Жансүгіров. «Жетісу  суреттері»  өлеңі 
(үзінді); 
5)
 
«Ғабит  Мүсірепов.  «Боранды  түнде» (əңгіме)» (2 сағат).  Əңгіменің 
кейіпкер  атынан  баяндалуы.  Боранды  түннің  сипаты.  Əңгіменің  сюжеттік 
желісі.  Əңгімедегі  негізгі  кейіпкер – Қайсар  жəне  оған  тəн  қажырлылық, 
табандылық, биік адамгершілік қасиеттер. Əңгімедегі салт-дəстүр көріністерін, 
бала  мінезін,  іс-əрекетін  сипаттаудағы  жазушы  шеберлігі.  Шығарманың 
реалистік  сипаты.  Жазушының  тіл  шеберлігі,  жеңіл  юмор.  Əдебиет  теориясы: 
романтикалық  образ.  Пəнаралық  байланыс: «Ғ.Мүсірепов  мұражайы» 
электронды телесабақ; 
6)
 
«Ілияс  Есенберлин. «Көшпенділер»  трилогиясынан  үзінді» (4 сағат). 
І.Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығы. Трилогияда қазақ тарихын көркем 
бейнелеп  көрсетуі. «Алмас  қылыш», «Жанталас», «Қаһар»  романдары 
арасындағы ортақ желі.  Шығармадағы тарихи тұлғалар (қазақ хандары мен би-
шешендері жəне батырлары) бейнесі. Тарихи романға тəн ерекшеліктер. Тарихи 
шындық  пен  көркемдік  шешім.  Əдебиет  теориясы:  тарихи  роман.  Өзіндік 
ізденіс жұмыстары: С.Сматаев. «Елім-ай» романы; 
7)
 
«Тəкен Əлімқұлов. «Қараой» əңгімесі» (2 сағат). Т.Əлімқұловтың өмірі 
мен  шығармашылығы.  Жазушы  шығармашылығындағы  өнер  тақырыбы. 
Эпикалық  туындылары. «Қараой»  əңгімесінің  тақырыбы  мен  идеясы. 
Əңгімедегі 
образдар 
жүйесі. 
Махамбет 
образы. 
Сюжеттік 
желісі, 
композициялық  құрылымы.  Əңгіменің  көркемдік  ерекшелігі.  Əдебиет 
теориясы:  əңгіме  жанры.  Пəнаралық  байланыс:  Қазақстан  тарихы,  кино 
(«Махамбет» фильмі). Өзіндік ізденіс жұмыстары: Ə.Əлімжанов. «Махамбеттің 
жебесі» романы; 
8)
 
«Мұқағали  Мақатаев. «Райымбек,  Райымбек!»  поэмасы» (3 сағат). 
М.Мақатаевтың 
өмірі 
мен 
шығармашылығы. 
Мұқағалидың 
қазақ 
поэзиясындағы  орны. «Райымбек,  Райымбек!»  поэмасының  тақырыбы  мен 
идеясы.  Шығарманың  тарихи  негізі.  Оның    тарихи  поэма  екендігі.  Поэманың 
сюжеті  мен  композициясы.  Поэмадағы  ақындық  рух,  елжандылық  сезім. 
Көркемдігі. Əдебиет теориясы: стиль. Пəнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, 
музыка, электрондық оқулық («Бір өлеңі – бір елдің мұрасындай»); 
43.
 
«Тəуелсіздік  жылдарындағы  қазақ  əдебиеті» (2 сағат).  Тəуелсіздік 
алған 20 жыл ішінде еліміздің экономикасымен қатар ұлттық идеологияның да 
тұрақтап,  қалыптасуы.  Ақын-жазушыларымыз  өз  шығармаларында  тəуелсіздік 
жеңістерін,  сондай-ақ  егемендікті  нығайту  үшін  күресіп  жүрген  адамдар 
тағдырын суреттеп, бейнелеуі. Қазіргі жас ақын-жазушылардың əр бағытта ой 
толғап,  əр  алуан  тақырыптарға  қалам  тартуы.  Əдебиет  теориясы:  əдеби 
ағымдар. 
44.
 
Қорытынды сабақ (1 сағат). 
45.
 
Оқыту  ұйғыр,  өзбек,  тəжік  тілдерінде  жүргізілетін  мектептерде 
шығармаларды  оқып,  талдауға 30 сағат,  шығармашылық  жұмыстарға 2 сағат, 
сыныптан  тыс  оқыған  шығармалары  туралы  əңгімелеуге 2 сағат,  барлығы 34 
сағат бөлінген. 

118 
 
46.
 
Оқу пəнінің білім мазмұны төмендегідей тақырыптарды қамтиды: 
1) «Кіріспе» (1 сағат). Əдебиет жəне қоғамдық сана. Сөз өнерінің көркем 
шындықты  бейнелеудегі  ерекшелігі.  Қазақ  əдебиетінің  даму  тарихы  мен 
кезеңдері. Көне бастаулары. 
47.
 
«Ежелгі  дəуір  əдебиеті.  «Күлтегін  жыры» (1 сағат).  Ежелгі  дəуір 
əдебиеті туралы жалпы түсінік. Түркі халықтарына ортақ құндылықтар. Орхон 
жазуларының тарихи негіздері, зерттелуі, тақырыбы, мазмұны, композициялық 
құрылымы.  Батырлар  жырларына  ұқсастығы.  Жанрлық  сипаты.  Түркі 
тайпаларының  өмірі.  Жырдың  танымдық,  тəрбиелік  мəні.  Əдебиет  теориясы: 
тақырып  пен  идея,  композиция.  Өзіндік  ізденіс  жұмыстары:  Н.Келімбетов. 
Ежелгі дəуір əдебиеті. – Алматы: «Ана тілі», 1991. 
48.
 
«Жыраулар  поэзиясы» (2 сағат).  Жыраулар  поэзиясының  ерекшелігі. 
Олардың  ел  қорғау,  ел  басқару  жəне  ел  бірлігін  сақтау  мəселелерін  толғауы. 
Жыраулық  өнер,  жырау  тұлғасы.  Жыраулар  поэзиясының  жанрлық  сипаты, 
құрылымдық ерекшелігі. Ұйқас, ырғақ мəселесі. Доспамбет, Қазтуған, Шалгез,  
Ақтанберді,  Бұқар  жəне  т.б.  туралы.  Əдебиет  теориясы:  шағын  көлемді 
эпикалық  жанрлар.  Өзіндік  ізденіс  жұмыстары: «Жеті  ғасыр  жырлайды» 
жинағы. 
49.
 
«ХІХ ғасыр əдебиеті» (7 сағат): 
1)
 
«Шоқан  Уəлиханов.«Ыстықкөл  күнделігі» (үзінді)» (2 сағат).  Шоқан 
Уəлиханов  қазақтың  тұңғыш  ғалымы,  этнограф,  фольклоршы,  саяхатшы 
екендігі.  Ғалымның  еңбектері  туралы.  Ыстықкөлдің  табиғаты  мен  сол  жерді 
мекендеген  халықтардың  əдет-ғұрпын,  тұрмыс-тіршілігін  суреттеуі.  Əдебиет 
теориясы: эссе, күнделік; 
2)
 
«Ыбырай Алтынсарин. «Қыпшақ Сейітқұл» əңгімесі» (2 сағат). Ыбырай 
Алтынсариннің  өмірі  мен  ағартушылық  қызметі. «Қыпшақ  Сейітқұл» 
əңгімесінің  тақырыбы  мен  идеялық  мазмұны,  отырықшылық  өмірге  шақыру 
идеясы. Көркемдік ерекшелігі. Əдебиет теориясы: əңгіме жанрының ерекшелігі; 
3)
 
«Абай  Құнанбайұлы. «Ескендір»  поэмасы» (3 сағат).  Абайдың  əдеби 
мұралары  туралы.  Абай  шығармалары  тілінің  көркемдік  ерекшеліктері. 
Поэманың  сюжеттік-композициялық  құрылымы,  жанрлық  ерекшелігі. 
«Ескендір»  поэмасының  адамгершілік,  рухани  мəні.  Əдебиет  теориясы:  поэма 
туралы. 
50.
 
«ХХ ғасырдағы қазақ əдебиеті» (16 сағат): 
1)
 
«Жамбыл Жабаев. Құлмамбетпен айтысы» (1 сағат). Жамбылдың өмірі 
мен шығармашылығы. Айтыстың жанрлық ерекшелігі. Айтысқа тəн тапқырлық. 
Жамбыл – суырыпсалма  (импровизатор)  ақын.  Құлмамбетпен  айтысының 
ерекшелігі,  ақынның  халық  поэзиясына  тəн  сөз  қолданыстары,  тіл  өрнектері. 
Əдебиет теориясы: айтыс туралы; 
2)
 
«Мағжан  Жұмабаев. «Батыр  Баян»  дастаны  (үзінді)» (2 сағат). 
М.Жұмабаевтың  лирикалық  шығармалары. «Батыр  Баян»  дастанының  сюжеті, 
орыс  əдебиетінің  романтикалық  шығармаларымен  идеялық  үндестігі. 
Поэмадағы  Абылай  хан,  Баян  батыр  бейнелері.  Метафоралық  қолданыстары. 
Əдебиет теориясы: лирика жанры; 

119 
 
3)
 
«Ілияс Жансүгіров. «Күй» поэмасы (үзінді)» (2 сағат). Ақынның өмірі, 
шығармашылық  жолы.  Поэманың  композициялық  құрылымы.  Қобызшы 
портреті, оның күй тарту шеберлігі. Өнер құдіреті, күй өнері мен күйшіге деген 
ақынның көзқарасы. Əдебиет теориясы: өлең ұйқасы туралы түсінік; 
4)
 
«Сəбит  Мұқанов. «Аққан  жұлдыз»  романы  (үзінді)» (2 сағат). 
С.Мұқановтың  өмірі  мен  шығармашылығы  туралы  (ақын,  жазушы,  əдебиет 
зерттеушісі). «Аққан  жұлдыз»  романының  жанрлық  сипаты,  сюжеті  мен 
композициясы.  Шоқан,  Айғаным  мен  Шыңғыс  бейнелері.  Жазушының  сөз 
саптау ерекшелігі. Əдебиет теориясы: роман туралы; 
5)
 
«Мұхтар  Əуезов. «Абай  жолы»  роман-эпопеясы  (үзінді)» (3 сағат). 
М.Əуезовтің  қазақ  əдебиеті  мен  дүниежүзі  əдебиетіндегі  орны.  М.Əуезов – 
жазушы,  драматург,  ғалым. «Абай  жолы»  роман-эпопеясының  тақырыбы, 
идеялық мазмұны, сюжеттік құрылымы. Қаламгер қаламынан туған пейзаж бен 
портрет.  Абай,  Құнанбай  бейнелерінің  көркем  жинақталуы.  Шығарма  тілінің 
көркемдік  ерекшеліктері.  Шығармада  суреттелетін  қазақ  халқының  өмірі, 
тұрмыс-салты, əдет-ғұрыптары. Əдебиет теориясы: кең көлемді эпикалық жанр; 
6)
 
«Қасым Аманжолов. «Өзім туралы» өлеңі» (1 сағат). Қ.Аманжоловтың 
шығармашылығы туралы. «Өзім туралы» өлеңінің  идеялық мазмұны. Ақынның 
суреткерлік  шеберлігі.  Лирикалық  шығармадағы  ақындық  «мен»  мəселесі. 
Əдебиет теориясы: ырғақ, екпін туралы; 
7)
 
«Ілияс  Есенберлин. «Көшпенділер»  трилогиясы  (үзінді)» (3 сағат). 
І.Есенберлиннің  өмірі  мен  шығармашылығы. «Көшпенділер»  трилогиясы 
«Жанталас», «Алмас  қылыш», «Қаһар»  деген  үш  кітаптан  тұратындығы. 
«Қаһар»  романының  сюжеті  мен  композициясы.  Тарихи  танымдық  мəні. 
Шығарманың  негізгі  тақырыптары.  Шығармадағы  тарихи  тұлғалар  бейнелері 
(қазақтың  хандары,  билері  мен  батырлары).  Əдебиет  теориясы:  тарихи  роман 
туралы; 
8)
 
«Мұқағали  Мақатаев. «Райымбек,  Райымбек!»  поэмасы» (2 сағат). 
М.Мақатаевтың 
өмірі 
мен 
шығармашылығы. 
Мұқағалидың 
қазақ 
поэзиясындағы  орны. «Райымбек,  Райымбек!»  поэмасының  тақырыбы  мен 
идеясы.  Шығарманың  тарихи  негізі.  Оның  тарихи  поэма  екендігі.  Поэманың 
сюжеті  мен  композициясы.  Поэмадағы  ақындық  рух,  елжандылық  сезім. 
Көркемдігі. Əдебиет теориясы: стиль. Пəнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, 
музыка, электрондық оқулық («Бір өлеңі – бір елдің мұрасындай»). 
51.
 
«Тəуелсіздік  жылдарындағы  қазақ  əдебиеті» (2 сағат).  Тəуелсіздік 
алған 20 жыл ішінде еліміздің экономикасымен қатар ұлттық идеологияның да 
тұрақтап,  қалыптасуы.  Ақын-жазушыларымыз  өз  шығармаларында  тəуелсіздік 
жеңістерін,  сондай-ақ  егемендікті  нығайту  үшін  күресіп  жүрген  адамдар 
тағдырын суреттеп, бейнелеуі. Қазіргі жас ақын-жазушылардың əр бағытта ой 
толғап,  əр  алуан  тақырыптарға  қалам  тартуы.  Əдебиет  теориясы:  əдеби 
ағымдар. 
52.
 
Қорытындылау (1 сағат). 
Каталог: images -> files -> programmy
files -> Название теста: Мемелекет және құқық теориясы
files -> Рабочая программа по литературе в 7 классе (Образовательная система «Школа 2100») Статус документа
files -> Уроков русского языка в 9-м классе (70 часов 2 часа в неделю) Дата № п/п Тема урока
files -> Меншік иесі: «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін
files -> Ақпаратты өңдеудің мультимедиалық құралдары • 5В070300 –Ақпараттық жүйелер, 5B070400 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»
files -> Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы роста
files -> Программа по русскому языку для 6 класса Гильмутдиновой Саджиды Сулеймановны, учителя I квалификационной категории
files -> Программа по русскому языку для 6 класса составлена в соответствии с
files -> Программа разработана


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет