Наргиза. 1. Экономика және бизнес пәні. Экономика (гр. — үй шаруашылығын
жүргізу өнері) — материалдық игіліктерді өндіру,
айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі
кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастар. Экономикалық
қатынастар өзге қоғамдық қатынастарды айқындайды, олардың негізі болып табылады.
Тауар өндірушілердің қызметтерін үйлестіру әдістерінің жиынтығы
экономикалық
жүйені құрайды. Экономикалық жүйе қарастырылып
отырған қоғамда қалыптасқан
шаруашылық тетіктерін,
заңдарды, экономикалық институттарды,
меншіктік
қатынастарды біріктіреді. Экономикалық жүйе өзінің басты мақсаты ретінде — қандай
тауар өндіріп, қызметтің қай түрін көрсету керектігін;
қандай технологияны
пайдаланып, қалай өндіруді, кім үшін өндіріп, кімге
қызмет көрсету қажет деген
мәселелерді шешеді. Бұл мәселелерді шешу әдістеріне байланысты экономикалық
жүйелер: дәстүрлі, командалық және нарықтық болып жіктеледі.
➢
Дәстүрлі экономикалық жүйеде өндіру, бөлу
және тұтыну қалыптасқан
дәстүрлер мен ғұрыптарға негізделеді.
➢
Әміршіл-әкімшілік экономикалық жүйе бұл мәселелерді директивалық
әдістермен, яғни жоғарыдан түсіріліп жататын бұйрықтармен шешеді.
➢ Ал
нарықтық экономикалық жүйеде шаруашылықтың бағдары тауар
өндірушілер мен қызмет көрсетушілер арасындағы бәсекеге құрылады
Экономикалық жүйенің дамуына әсер ететін факторлар:
1 елдегі шаруашылық шешімдерін қабылдау жөніндегі шаралар жүйесі.
2 меншік құрылымы.
3 ақпаратпен және үйлестірумен қамтамасыз ететін механизмдер.
4 мақсат қою мен адамдарды еңбекке тарту механизмдері.
Бұл факторлар келесі үш топқа топталады:
1 шаруашылық құрылымы
2
әкімшілік
3 ақпараттық
Шаруашылық құрылым – шектеулі ресурстарды
қолдануға байланысты
материалдарды техникалық база элементтерінің өзара әрекеті.