Наркоздың жіктелуі,өтуі Жануарларды наркозға жалпы дайындау



Дата28.06.2023
өлшемі39,51 Kb.
#103647

2.1 Наркоздың жіктелуі,өтуі
2.2 Жануарларды наркозға жалпы дайындау

Кіріспе
Жалпы жансыздандыру немесе наркоз организмге наркотикалық дәрілер енгізу арқылы орталық нерв жүйесінің жұмысы терең тежеу: наркозға ауру дегенде біртіндеп есінен айырылып, ауыру сезімі жойылып, бұлшықеттер босаңсып қозғалу және рефлекстер бәсеңдейді. И.П.Павловтың теориясы бойынша наркоз Орталық нерв жүйесінің уақытша жұмысының салдануы (паралич).Наркотикалық дәрілерді организмге ендіру жолдарына байланысты наркоз ингаляциялық және ингаляциясыздеп бөлінеді. Организмге әртүрлі наркотиктердің буы дем алу арқылы енгізілсе оны ингаляциялық немесе маскалы наркоз дейді. Егер бу және газ кеңірдекке түтік арқылы енгізілсе бұндай наркозды эндотрахеалды, интратрахеалды немесе интубациялық наркоз деп атайды. Қазіргі кезде ингаляциялық наркоз беру үшін көптеген наркотиктер қолданылады.Оларға келесіталаптар қойылады: кең терапевтік әсерлі,паренхиматозды мүшелердің жұмысына қатерлі болмау, наркозға ену өте жұмсақ және тіндерді тітіркендірмеу, организмнен тез шығу, жарылудан қауыпсыз, арзан болуы тиісті. Ингаляциялық наркозға негізінде келесі наркотиктер пайдаланылады: оттекті азот, хлорлы этил, этилді эфир, фторотан. Бұл дәрілердің физико-химиялық және басқа қасиеттері фармакология, клиникалық фармакология, анестезиология және жалпы хирургия кафедраларында кеңінен беріледі. Наркозға қарсылық. Жалпы жансыздандыруға абсолюттік қарсылық жоқ, егер жоғарғы тыныс жолдарының, өкпенің жедел ағымды қабынуы және геморрагиялық диатездер болмаса. Басқа ағзалар мен жүйелер дерттерін наркоз берер алдында және наркоз кезінде қатты ескеру қажет. Наркоздардың клиникалық ағымы көптеген себептерге байланысты. Олардың ішінде: жануардың жалпы жағдайына, жасына, дертке, наркотиктерге, анестезиологтар мен хирургтардың өнеріне т.б.жағдайларға байланысты. Бірақ, барлық наркоз түрлеріне тән жалпы клиника бар. Наркоздың жалпы үш клиникалық үш клиникалық кезеңі болады.


1) Наркозға ену:
2) а) аналгезия фазасы;
3) б) қозу фазасы.

Наркоздың теориялары


Жалпы анестетиктердің әсерінің клиникалық көріністері ертеден белгілі болғанымен, олардың әсер ету механизмі ұзақ уақыт бойы белгісіз болды және осы кезеңге дейін толық түсінікті емес. Наркоздың тарихи маңызы бар теориялары мен жалпы анестезияның әсер ету механизмі жөнінде заманауи түсініктер бар. Кронның коагуляциялық теориясы (1864ж.). Бұл теория бойынша анестетиктер клетка ішіндегі белоктарды ұйытып, жүйке клеткаларының қызметінің бұзылуына әкеп соқтырады. Германның липоидтық теориясы (1866). Бұл теория анестетиктердің майларда ертін қасиетіне негізделген. Ми тінінде липоидтердің мөлшері өте көп (лецитин, холестерин). Осының салдарынан анестетиктер липоидотроптық қасиетіне байланысты орталық жүйке жүйесіне жеңіл өтіп, наркоздық ұйқы шақыратын өзгерістер туғызады. Анестетик май тіндеріне неғұрлым тез өтетін болса, соғұрлым оның анестетикалық қуаты басым болады (Мейер-Овертон заңы). Траубенің адсорбциялық немесе беттік керілу теориясы (1904- 1913жж.). Жоғары липоидтропты анестетиктер жүйке клеткаларының майлы қабығы мен қоршаған сұйықтың шекарасында беттік керілудің күшін азайтады. Осы кезде жүйке клеткаларының сыртына анестетиктер сіңеді. Клетка жарғақшасының химиялық қасиеттері бұзылып, ферментативтік процестер баяулайды, клетка ішіндегі зат алмасу процестері өзгереді. Мұның барлығы наркотикалық ұйқы түрінде клиникалық көрініс береді. Варбург (1911ж.) пен Ферворнның (1912ж.) тотығу -- қалыптастыру теориясы. Бұл теория бойынша анестетиктер ми тіндері клеткаларындағы тотығу -қалыптастыру процестерін реттейтін ферменттерді тежейді. Асфиксия теориясы немесе гипоксиялық теория (Ферворн, Макинтош) наркозды ми клеткаларындағы тотығу процестерінің бұзылуымен түсіндіреді. Ми клеткасы кислородты сіңіру қабілетінен айырылып, оттегінің жетіспеушілігі пайда болады. Дегенмен, клетка ішінде оттегінің мөлшерінің азаюы наркоздың себебі емес, оның салдары болып табылады.Поллингтің су кристалдары теориясы (1961ж).Бұл теория бойынша анестетик сулы ортада катиондардың клетка жарғақшасы арқылы көшуіне кедергі жасайтын кристалдар түзейді де, синапстар арқылы өткізу процестерін ішінара бәсеңдетеді. Нәтижесінде сезімталдық жойылады. Хобер (1907ж.) мен Винтерштейннің (1916ж.) жарғақшалық (мембраналық) теориясын кейінірек көптеген авторлар жетілдірді. Анестетик клетка жарғақшасының физико-химиялық қасиеттерін өзгерту, Ка+, К+ және Са+ иондарының тасымалдану процестерін бұзу арқылы қимыл потенциалдарының жасақталуы мен өтуіне әсер етеді. Апиын қабылдағыштарымен (рецепторларымен) өзара әсерлесу теориясы. Апиын қабылдағыштарын (рецепторларын) және эндогендік морфин тәріздес заттар -- эндорфиндер ашылған соң, жалпы анестезия эндорфиндердің қанға бөлінуінен болады деген болжам пайда болды. Наркоз жөніндегі заманауи түсініктер Қазіргі кезде жалпы анестетиктердің әсер ететін нүктесі жүйке клеткаларының жарғақшасы деген көзқарас басым. Анестетиктердің фосфолипидтік екі қабықшаға енетіні дәлелденген, олардың клетка жарғақшаларының гидрофобтық аймақтарына да өтуі мүмкін деген болжамды әзірге жоққа шығаруға болмай отыр. Қазір анестетиктердің молекулаларының орналасқан жерін ядролық магниттік резонанс әдісімен анықтайды.
Анестетиктердің клетка жарғақшасына әсері жөніндегі пікір екі түрлі: біреулері клетка жарғақшасын кеңейтеді десе, енді бірі оны жоққа шығарады. Қазіргі дәуірде жарғақшаның көлемінің өзгеруіне емес, клетка жарғақшасын реттеудің бұзылуына көңіл ауып отыр. Анестетиктердің әсер етуінің нәзік механизмдері жөніндегі мағлұматтардың бағалылығына қарамастан, наркоз орталық жүйке жүйесінің өзіндік функционалдық жағдайы деп қарастырылуда.
Осы концепцияны әзірлеу ісіне Н.Е. Введенский, А.А. Ухтомский және В.С. Галкин көп үлес қосты. Парабиоз теориясына (Н.Е. Введенский) сүйенсек, анестетиктер жүйке жүйесіне күшті қоздырғыштар тәрізді әсер етіп, бөлекше нейрондар мен жүйке жүйесінің физиологиялық құбылмалылығын төмендетеді. Соңғы кезде көптеген мамандар ретикулярлық теорияны (П.К. Анохин) қолдап отыр. Бұл теория бойынша анестетиктердің тежеу әсері мидың ретикулярлық формациясында көрініп, мидың жоғары жатқан бөліктеріне қарай өрлеу процестерінің төмендеуіне әкеп соқтырады

2.1 Наркоздың жіктелуі


Наркоз терең және беткейлік болып бөлінеді (естен тандыру,раушнаркоз). Наркоз қалпына әртүрлі химиялық препараттар енгізгенде - фармакодинамикалық наркозға жетіледі.Орталық жүйке жүйесін электр тоғымен әсерлегенде - электронаркоз жасалады.Медицина тәжірибесінде гипноз арқылы гипнонаркоз өндіріледі.
Енгізу жолдарына қарай,яғни таңдалған есірткелік заттың практикалық қолданылу түріне қарай наркозды 2 негізгі топқа бөледі. Ингаляциялық (тыныс алу жолдары арқылы) және ингаляциялық емес (парапульмональдық).Бірінші түрде ұшқыш ерітінділер (фторотан,хлороформ,хлорэтил,эфир және т.б) немесе газ тәрізді заттарды циклопропан,азоттың закисы,этилен және т.б) тыныс алу жолдары арқылы дем алғызады (инсульфациялық наркоз).Екінші түрде ингаляциялы емес есірткілерді ксилазин,кетамин,морфий,хлоралгидра т алкоголь, барбитураттар-пентотоал-натрий калипсол т.б) организмге тыныс алу жолдарынан тыс енгізеді.
Оның кең тараған түрі,тез әсер ету және аз уландыртпайтын дозасы болу үшін,тамыр ішінен енгізуді қолданады. Кейбір есірткелік заттарды асқазанға,тік ішекке,интраперитональды,сүйек ішіне енгізу арқылы наркоздың белгілі бір тереңдігін тудыруға болады.Осыған байланысты наркозды тамыр ішіне,оральды,тік ішекті (тамыр ішіне енгізудің бір түрі) және т.б ажыратады.
Бір наркотик енгізілгенде (мысалы гексенал)-таза наркоз,егер бірнеше наркотиктар енгізсе (мысалы эфир және фторотан) аралас наркоз, және наркозды бір препаратпен бастап екіншісін қостаса( мысалы хлорэтилмен бастап ұйықтағаннан кейін этиленмен жалғастырса ) немесе бастапқы ингаляция арқылы жіберілгенде (фторотан) ұйықтағаннан кейін тамыр ішінен (калипсол) - құрама наркоз аталады.
Сонымен біре наркоз біркомпонентті( наркоз үшін бір зат қолданады)-хлороформды,эфирлі,хлора лгидратты,пентоталды,морфий,промедо л, омнопон және көпкомпонентті,мысалы ингаляциялық хлороформ - эфирді наркоз.

Кіріспе және базистік наркоз ажыратады.Кіріспе наркозды ауруға қозу кезеңін болдырмау және негізгі есірткінің дозасын азайту амалында тез ұйықтату үшін жасалады.


Алдымен қысқа ұйқыны және сезгіштікті төмендететін (кіріспе наркоз) бір затты қолданады (пентотал натрий) ал содан кейін есірткі затты енгізеді эфир,хлороформ осының әсерінен наркоз жалғасып, операция өтеді.
Базис - наркоз - сыртқы наркоз,операцияға дейін , операция кезінде және операциядан кейін бірталай мезгіл әрекет ететін сыртқы наркоз. Базис - наркоз әсеріне қоса негізгі есірткі препаратары енгізеді. Базис- наркозды негізгі есірткі препараттың дозасын азайту үшін қолданады.
Әсер етуіне байланысты толық наркоз оны ұзақ мезгілді операцияларда қолданады,толық емес наркоз қысқа мезгілдік операцияларда (буынды орнына салу,абсцессты тілу,құйрықты кесу) пайдаланады.

2.2 Жануарларды наркозға жалпы дайындау


Жануарларды наркозға дайындау екі кезеңнен тұрады:
1) алдын ала даярлау және
2) тіклей наркоз жасардың алдында даярлау.
Алын ала даярлауда есірткелік затта әсер ететін ағзаларды және мүшелерді толық тексеру. Егерде оларың қызметінде нұқсан табылса оған лайықты ем тағайындау қажет.Алдымен 18-24 сағаттық ашық диета қажет.Ет қоректілердің тамыр ішіне апоморфинді енгізіп,жасанды құсуды шақыру арқылы асқазанды босатады.Операция жасайтын күні малды мүлдем суармайды себебі оның қаны сұйықталып операция кезінде және онан кейін қан ұйюы төмендеп қан кетуі мол болуы мүмкін.
Қазіргі уақыт кездегі наркоздың ең маңызды кезеңі фармакологиялық дайындық - премидикация. Ол а) наркоздың жасау техникасын жеңілдетеді,
б) есіркенің жағымсыз әсерін жояды,
в) қауіпті вегетативті рефлекстерін азайтады және жояды.
Премидикацияға есіртке емес бірақ наркозды тереңдету және жақсарту үшін қолданады.Премидикация қолданатын препараттардың есіртке заттардан айырмашылығы жүйке жүйесінің арнайы бөлімдеріне әер етеді.Олардың әсерінен наркозға қолданатын препараттардың дозаларынан біралай кемітуге болады.
Премидикациялық заттарды келесі топтарға бөлеміз
1.Седативтік премидикаияның заттары, нейролептиктер.Оларға фенотиазин қатарының,препараттары,аминазин,три фтазин,пропазин,феназепам,амизил,ме протан,дроперидол,комбелен жатады.Мидың стводық бөлімінің ретиулярлық формациясы фенотиазин туындыларының әсер ететін орны болып табылады.
Онда спецификалық емес сезімталдық импульстар тежелуімен седативті әсер тудырады.Сонымен қатар бұл зттарды түрегеп тұрған малдарға қолданғанда олар гипотензивті тән қасиетіне байланысты қан қысымы төмендеп,ми анемиясы ұшырап,малдың аяқ астынан құлауы мүмкін. Бұндай малдарға осы препараттарды бұлшық етке енгізгені дұрыс болады.

Наркоздың ағымы мен сатылары


Наркотикалық затты организмге енгізген кезде заңды түрде белгілі бір сатылық болатыны анықталды. Наркоздың сатыларын эфирмен наркоз берген кезде анық байқауға болады. Осыған байланысты, эфир наркозының сатылары анестезиологияда стандарт есебінде қолданылады.Ұсынылған жіктеулердің ішінде кең тарағаны Гведелдің жіктеуі (классификациясы) болды. Бұл классификация бойынша наркоздың 4 сатысы бар. Бірінші сатысы -- анальгезия сатысы. Ұзақтығы 3-8 минут. Сананың біртіндеп бәсеңдеп, әрі қарай -- толық жойылуымен сипатталады. Температуралық, тактильдік сезімталдық және рефлекстер сақталады, ауырсыну сезімі күрт азаяды. Бұл кезде сыртқары орналасқан ағзаларға қысқа мерзімді операциялар жасауға болады. Бұл наркозды рауш-наркоз деп те атайды. Артурзио (1954ж.) наркоздың бірінші сатысын 3 кезеңге бөледі: Біріншісі -- шаршау кезеңі, толық анальгезия мен амнезия бола қоймаған кезеңі; Екіншісі -- толық анальгезия мен ішінара амнезия кезеңі; Үшіншісі -- толық анальгезия мен амнезия кезеңі. Екінші сатысы -- қозу сатысы. Науқастың санасы жойылған соң басталады. Ұзақтығы 1-5 минут. Сана толық жойылып, сөздік және қимылдық қозу процестерімен сипатталады. Бұлшық ет тонусы көтеріліп, тамыр соғуы жиілейді, қан қысымы жоғарылайды. Наркоздың екінші сатысы ми қабаты астындағы түзілістердің белсенділігінің артуымен сабақтасты. Үшінші сатысы -- хирургиялық саты (наркоздық ұйқы сатысы). Анестезия басталған соң 12-20 минуттан кейін басталады. Организмді анестетикпен қанықтырған сайын, мидың жоғарғы қабаттары мен ми қабаты астындағы құрылымдардағы тежелу процестері одан әрі тереңдейді. Хирургиялық сатының клиникалық көрінісі сезімталдықтың барлық түрінің жойылуымен, бұлшық еттің босаңсуымен, тамыр соғуының сиреуімен және қан қысымының төмендеуімен сипатталады. Хирургиялық сатының 4 деңгейі бар. Бірінші деңгейі -- көз алмасы қозғалатын деңгей. Науқас тыныш ұйықтап жатады, бұлшық ет тонусы, рефлекстер сақталған. Көз алмасы жәй, айналып қозғалып тұрады. Тамыр соғу жиілігі мен қан қысымы бастапқы деңгейде тұрады. Екінші деңгейі -- мүйіз қабық рефлексінің деңгейі. Көз алмасы қозғалыссыз, қарашық тарылған, жарық реакциясы сақталған, бірақ мүйіз қабық және басқа да рефлекстер жойылған. Бұлшық ет тонусы төмен. Г емодинамика тұрақты. Тыныс алуы біркелкі, баяу. Үшінші деңгей -- қарашықтың кеңею деңгейі. Қарашық кеңейіп, жарық реакциясы әлсірейді. Бұлшық ет тонусы күрт төмендейді. Тамыр соғуы жиілеп, қан қысымы сәл төмендейді. Қабырғалық тыныс әлсіреп, диафрагмалық тыныс өріс алады, тыныс жиілігі минутына 30 ретке дейін. Төртінші деңгей (ІІІ4) -- диафрагмалық тыныс деңгейі -- клиникалық тәжірибеде наркозды бұл деңгейге дейін жіберуге болмайды. Бұл деңгей наркоздың шамадан тыс болып кеткендігінің және ақырғы кезеңнің белгілері болып табылады. Клиникасы: қарашық кеңейген, жарық реакциясы жоқ. Тамыр соғуы жіп тәріздес, қан қысымы өте төмен. Тыныс диафрагмалық, ырғағы бұзылған. Егер анестетикті организмге енгізуді тоқтатпаса, тамыр мен тыныс орталықтарының қызметі өшеді де, қан айналысы мен тыныс алу тоқтайды. Наркоздың ІІІ, ІІ сатысына жетуге қажетті мөлшері мен улы мөлшеріне дейінгі аралықтағы анестетиктің концентрациясының диапазоны анестезиологиялық дәліз деп аталады.

А) Жансыздандыруға алдын-ала дайындық (премедикация) және наркоздың өту сатылары.


Ә) Наркоздың түрлері.
Б) Жергілікті жансыздандырудың жіктелуі.
В) Ингаляциялық наркозға арналған дәрілер
Г) Ингаляциялық емес наркозға арналған дәрілік заттар.
Наркоз (грек. narkosіs - мелшию, ұйып қалу) - орталық жүйке жүйесіне арнайы дәрілер жіберу арқылы организмде жасанды түрде шақырылған терең ұйқы. Наркоздан кейін жануар есінен толық не жартылай айырылып, ауыру сезімін жоғалтып, тіндер жансызданады.
Анестезиологтар жіберілетін дәрінің мөлшерін аппарат (электрэнцефалограф) арқылы бақылап, тамырдың соғуын, қан қысымын өлшеп отырады. Өйткені науқастың организмі жіберілген дәріге реакция беріп, анафилакстік шок (естен тану) болуы не наркоз беретін түтік тыныс жолдарын жарақаттап, ауаның өтпей қалуы мүмкін.
ХХ ғасырдың басына дейін жануарларға операция жалпы жансыздандыру жасалмай жасалды. Қатты ауырсыну сезімінің нәтижесінде, мал мазасызданып, операция жүргізу қиындыққа соқтырған, сонымен қатар малда, оташы да қасындағы көмекшілері зақым алатын болған. Аурсыну сезімі қатты болғанда мал операциялық шокқа ұшырап, өлім жағдайларыда кездескен. Көптеген зерттеулер дәлелдеген, ауырсыну сезімі жануарлар организіміне қолайсыз жағдай туғызады. Орталық жүйке жүйесінің қызметі өзгереді, соған байланысты ұлпаның қоректенуі, бүкіл ағзаның және жүйенің жұмысы бұзылады. Қазіргі кезде ветеринарлық хирургияда операцияның барлық түріне жансыздандыру жасалады, тек қарапайым немесе қысқа мерзімді операцияларда жасалмайды. Барлық үй жануарларының ауырсыну сезімі жоғары, тек құстың сезімталдығы төмендеу. Терінің, көздің, ауыздың, танау қуысының, қынаптың, тік ішектің кілегейлі қабықтарының және т.б. сезімталдығы жоғары. Құрсақтың, өкпенің, ішектің, талақтың, жатырдың, мидың ауырсыну сезімі төмендеу.
Жансыздандырудың 2 түрін ажыратады: жалпы және жергілікті. Жалпы жансыздандыру немесе наркоз - жануарларға есірткі препараттарды енгізу арқылы орталық жүйке жүйесінің қайтымды тежелуі. Есінің, сезімталдықтың, бұлшықет тонусының және кейбір рефлекстердің жоғалуы байқалады, бірақ сопақша мида орналасқан тыныс алу, 18 тамырқозғағыш және тегіс бұлшық еттердің өмірлік маңызы зор орталықтардың жұмыс қабілеті сақталады.
Наркотикалық заттарды енгізу жолдарына қарай, наркоздың мынадай түрлерін ажыратады:
ингаляциялық наркоз-наркотикалық затты тыныс жолдары арқылы енгізеді; (бу тәрізді наркотикалық препараттарға эфир, хлорэтил, хлороформ, флюотан және т.б. немесе газ тәрізді препараттарға азот тотығын, циклопропан, этилен және т.б.)
ингаляциялық емес наркоз-наркотикалық затты басқа жолдармен енгізеді: веналық-есірткі зат венаға енгізіледі, ректальді - есіртікі затты әртүрлі майлардың немесе қайнатпалардың көмегімен тік ішекке, пероральді- азық немесе зонд арқылы ауызға, перитониальді-құрсақ қуысына, бұлшықетке және тері астына есірткі затты енгізеді.
Қолданылатын заттардың саны бойынша:
1. Мононаркоз- бір зат қолданылады;
2. аралас наркоз - бір мезгілде екі немесе одан да көп заттар қолданылады;
3. қосарланған (комбинирлеген) наркоз-операциялардың әр кезеңінде әртүрлі наркотикалық заттарды қолдану немесе оларды басқа затпен қосып енгізу (миорелаксанттар, анальгетиктер және т.б.)
Наркоздың мынадай түрлерін ажыратады:
+ енгізу наркозы - аз уақыт әсер етеді, әсері тез басталады, қозу сатысы болмайды;
+ негізгі наркоз - операция жасау барысында қолданылады;
+ базисті наркоз немесе беткейлі наркоз-негізгі наркозбен бірге немесе оның алдында анестетикалық зат енгізіледі, ол негізгі наркотикалық заттың мөлшерін төмендету үшін жасалады.
Ингаляциялық наркоздың түрлері есірткелік қоспаларды енгізу тәсіліне қарай - маскалық, эндотрахеалді және эндобронхиальді болып бөлінеді. Ингаляцилық наркоздың негізгі түріне эндотрахеальді (интубациялық) наркоз жатады. Бұл кезде есірткелік қоспа тікелей кеңірдекке жіберіледі. Ол үшін кеңірдектің интубациясы жасалады. Интубация дегеніміз - кеңірдекке ауа өткізетін түтікшені енгізу.
Веналық жансыздандыру - вена тамырына ауырсыздандыратын заттарды енгізу арқылы жүргізілетін жансыздандырудың түрі болып табылады. Негізгі артықшылығы - техникалық қарапайымдылық және сенімділік болып табылады. Веналық наркозды жүргізу үшін, қолданылатын заттар қысқа уақыт әсер ететін барбитур қышқылының туындылары - гексенал және тиопентал натрий; өте қысқа уақыт әсер ететін барбитур қышқылының туындыларына жатпайтын анестетик - пропанидид; гормональді белсенділігі жоқ стероидты анестетик - виадрил; мидың метаболитінің аналогы - гаммааминомайқышқылы - натрий оксибутираты. Сонымен қатар, кетамин (калипсол, кеталар) және диприван анестетиктерін де пайдаланады.

Негізгі бөлім


А) Жансыздандыруға алдын-ала дайындық (премедикация) және наркоздың өту сатылары.
Қазіргі уақытта наркоздың ең маңызды кезеңі фармакологиялық дайындық - премидикация. Ол наркоздың жасау техникасын жеңілдетеді, есірткінің жағымсыз әсерін жояды, қауіпті вегетативті рефлекстерін азайтады немесе жояды. Премедикация қолданатын препараттардың есіртке заттарынан айырмашылығы жүйке жүйесінің арнайы бөлімдеріне әсер етеді. Олардың әсерінен наркозға қолданылатын есірткелік препараттардың дозалары кемітіледі. Премидикациялық препараттыр келесі топтарға бөлінеді:
1. Седативтік препараттар немесе нейролептиктер (транквилизаторлар; лат. tranquillare - тыныштандыру). Олорға фенотиазин қатарының препараттары - аминазин, трифтазин, пропазин, феназепам, амизил, мепротан, дроперидол, комбелен және т.б. жатады.
2. Миореласканттар. Анестезиологияның негізгі жетістігі кураретәрізді заттарды бұлшықеттердің босаңсуы үшін қолдану болып табылады. Диплацин, диоксоний, ардуан, дитилин және т.б. препараттар операция кезінде кең қолданылады.
3. Холиналитикалық препараттар. Бұл топтың басты өкілі - атропин, скополамин, платфилин. Олар бездердің секрециясын тежейді, ларинго- және бронхоспазмды төмендетеді. Коллапс, жүрек және тыныс алудың тоқтауын алдын алады.
4. Анальгетикалық препараттар. Олар екі топқа бөлінеді: есірткелік (морфин, промедол, кодеин, фентацил) және есірткелік емес (анальгин, антипирин, амдопирин). Осы препараттар аурсынуды есті бұзбай 21 төмендетеді. Бұл препараттардың мөлшерден тыс берілуі жалпы қозуды шақырады, ал өз мөлшерден аспаса тыныс алудың тежелуі байқалады.
5. Ұйқы келтіретін препараттар. Ингаляциялық наркоз алдында барбитураттар (барбитал, фенобарбитал, барбамил) немесе ниртазепам, метаквалон, хлоралгидрат, бромизолвал және т.б. препараттар қолданылады.
6. Антигистаминді препараттар. Операция барысында және ұлпаларға зақым келгенде көп мөлшерде гистаминнің бөлінуі байқалады. Егерде гистамин қанға түссе, наркоздың өтуі және операцияны жүргізу қиындайды (қан қысымы төмендейді, қан тамырының өткізгіштігі жоғарылайды). Белсенді антигистаминді препарат димедрол болып табылады.
Наркоздың клиникалық ағымы 4 сатыдан өтеді:
I сатысы - анальгезия. Наркоздың басталуынан 3-5 минут өткеннен кейін басталады. Есі жоғалады, бірақ терісінің түсі өзгермеген, гемодинамика мен тыныс алуы өзгеріссіз болады. Рефлекстері жоғарылаған. Ауыру сезімі үдемелі түрде тежеліп, толық анальгезия дамиды. Оны қысқа уақыт жасалатын операция кезінде қолданылады.
II сатысы - қозу. Есі толық жоғалғаннан кейін пайда болады. Бұл кезде ауру мал қозушаң болады, тынысы жиілеген, тахикардия, көздің қарашықтары кеңейген, жарыққа жауап бермейді. Ауру мал құсуы мүмкін.
III сатысы - хирургиялық ұйқы - жансыздандырудың міндеті болып табылады. Бұл сатыда хирургиялық операция жасалады. Хирургиялық ұйқы сатысы 4 деңгейге бөлінеді. Олар бір - бірінен тыныс алу жағдайына, жүрек-қан тамыр жүйесінің қызметіне, бұлшықеттердің босаңсуы мен рефлекстердің жойылуына қарап ажыратылады. Хирургиялық ұйқы сатысының деңгейін көздің рефлекстері арқылы анықтау ыңғайлы, өйткені олар сопақша мидың көзді қозғаушы орталығымен тығыз байланыста болады және тыныс алу мен қан айналым орталықтарына жақын орналасады. Сондықтан, қарашықтардың реакциясына қарап, тыныс алу мен жүрек қызметінің жағдайын анықтауға болады.
1 деңгей - көз алмаларының қозғалу деңгейі. Осы деңгейдің аяғында көз алмаларының еріксіз қозғалысы тоқтап, олар орталық қалыпқа келеді.
2 деңгей - қасаң қабық рефлексі. Бұл деңгейдің аяқталуы қасаң қабық рефлексінің жоғалуымен сипатталады.
3 деңгей - қарашықтардың кеңею деңгейі.
4 деңгей - диафрагмальді тыныстың қатты тежелуі байқалады. Наркоздың ары - қарай тереңдетсе, тыныс алу және тамыр қозғалтқыш орталықтардың салдануы дамып, өлімге алып келуі мүмкін.)
IV сатысы - ояну. Наркоздың сатылары осы тәртіппен кері қарай жүреді, бірақ ояну уақыты ұзағырақ болады.

Ә) Наркоздың түрлері.


Жалпы наркотикалық заттарды енгізу жолына байланысты наркоздың мынадай түрлері ажыратылады:
Ингаляциялық наркоз -- наркотикалық затты тыныс жолдары арқылы енгізеді. Ингаляциялық емес наркоз -- наркотикалық затты баска жолдармен енгізеді.
Ингаляциялық емес наркозды келесі тәсілдермен енгізеді:
1. Күре тамыр арқылы
2. Тері астына
3. Бұлшықетке
4. Тік ішекке
Әсер ету уақытына байланысты ингаляциялық емес наркозды мынадай уш топқа бөлеміз:
:: Аз уақыт әсер ететіндер (10-15мин) пропанидид,кетамин.
:: Орташа уақыт әсер ететіндер (20-40мин) гексобарбитат, тиопентал натрий.
:: Узақ уақыт асер ететіндер (60-мин) нартий оксибутират.
Күре тамырлық анестезия - күре тамырына ауырсыздандыратын заттарды енгізу арқылы жүргізілетін жансыздандырудын түрі.
Негізгі артықшылыгы - техникалық қарапайымдылық және сенімділік болып табылады. Күре тамырлық наркозды жүргізу үшін келесі заттар қолданылады: барбитураттар, гексенал, тиопентал натрий, пропанидид,натрий оксибутираты, кетамин, диприван қолданылады.
Сүйекішілік анестезия. Анестезия заттардын таралуы.
Күретамырлық анестезия
Орталық аналгезия.
Орталық аналгезияда морфин, фентанил, иснтазоцин препараттары қолданылады. Бұл препараттар ауру сезімін тарататын рефлекстердін қызыметін бұзу арқылы асер етеді.
Нейролептаналгезия (НЛА) - веналық анестезия әдісі. Ол күшті нейролептикті және наркотикалық анальгетиктерді қосып қолдануға негізделген. Бұл кезде науқастың қозғалу тынымсыздығы жоғалады, хирургиялық агрессияға реакциясы томендейді және науқаста қоршаған ортаға деген немқұрайлық пайда болады.
Миорелаксанттар - жүйке-ет талшығы синапсындағы Нм - холинорецепторларына таңдамалы әсер етіп, қаңқа бұлшық етінің қайтармалы параличіне әкелетін дәрілер. Бұл топтың дәрілерін анестезиологияда қолданады.
Антидеполяризациялаушы миорелаксанттар (пахикураре)
Антидеполяризациялаушы миорелаксанттардың қатаң молекулалары арасындағы ширек азот атомдары қашықтығы 1,0 +-0,1 нм. Молекула құрамына гидрофобты ароматикалық және гетероциклды радикалдар енеді.
Антидеполяризациялаушы миорелаксанттардың механизмі - қаңқа мускулатурасы Н - холинорецепторларында ацетилхолинмен бәсекелес антогонизмге түсу. Миорелаксанттар рецепторлардың аниондық орталығын тежейді, сонымен қатар аниондық орталықты қоршап тұрған рецептор бөліктерімен вандерваальс байланыстарын түзеді. Шеткі пластинкада тыныштық потенциалын тұрақтандырып, Н - холинорецепторларды тежеу қаңқа еттерінде әлсіз паралич шақырады. Миорелаксанттар жағары концентрацияда қаңқа еттерінің ашық натрий каналдарында өткізгіштікті тікелей бұзады.
Деполяризациялаушы миорелаксанттар (лептокураре). Деполяризациялаушы миорелаксанттардың өкілі - дитилен. Бұл ширек амин екі ацетилхолин янтарь қышқылының дихолин эфирі молекуласының қосылған сызықты структуралы, ширек азот атомдары ара қашықтығы 1,45 нм болады (лептокуаре - жіңішке куаре, грекше - жіңішке, нәзік). Дитилин Н - холинорецепторлармен гидрофобты байланыс түзбейді, антидеполяризациялаушы миорелаксанттарға қарағанда ет талшықтарында 20 есе артық жиналады.
Дитилин, Н-холинорецепторларды қоздыра отырып, қаңқа еттерінің ұшындағы пластинкаларында қайтымсыз, тұрақты деполяризацияға әкеледі. Бұл әсер потенциалын өткізуді бұзады. Дитилин енгізген алғашқы кезде еттердің фасцикуляциясы, кейін әлсіз паралич дамиды. Деполяризация кезінде қаңқа еттері калий иондарынан айырылып, ет әлсіздігінің себебі болып, әрі аса жоғары гиперкалиемия байқалады.
Соңғысы жүрек тоқтауына жүрек шамасыздығы бар, жүрек гликозидтерімен зәр айдаушы дәрілер қабылдаушылар, сонымен қатар күйікте, жарақатта, рабдомиолизде, жұлын жарақаттанған ауруларды әкеледі
Миорелаксанттарды қолдану
* Өңеш пен жұтқыншақ еттерін ингаляциялық наркозды жеңілдетумен өкпені жасанды желдету үшін босаңсыту үшін (қысқа әсерлі миорелаксант - дитилин қолданылады).
* Шығуларды салу, сүйек сынықшыларын репозициялау (дитилинді тыныс мускулатурасының параличіне әкелмейтін аз мөлшерде салынады).
* Кеуде мен іш қуыстарындағы операцияларда өкпені жасанды желдендіру жүргізілетін наркозда (наркоз терңдігін тек естен айырылу мен рефлекстер тоқтау шегіне дейін ғана береді).
Тырысқақ, ауыр тырыспа ұстамалары электротырысу терапиясы.
Пирамида мен экстрапирамида жүйесі жмыстары бұзылғанда, арахноидитте, энцефалитте, Парксинсон ауруларында тырысуда (милликтинді транквилизаторлармен немесе баклофенмен бірге ішуге беру).
Миорелаксанттарды қолданғанда болатын асқынулар. Тубокурарин хлорид вегетативті ганглийлерді тоқтатып, артериалды гипертензия секрециясы тежелуінен артериалды гипотензия байқалады. Танкуроний бромид басқа миорелаксанттарға қарағанда М-холинорецепторларды күштірек тежеп, тахикардия мен артериалды гипертензия дамытады.

Б) Жергілікті жансыздандырудың жіктелуі.


Жергілікті жансыздандыру -- жануарлар денесінің белгілі бір аумағының ауырсыну сезімін уақытша жоғалтуы. Сезімтал жүйке талшықтары арқылы импульстердің өткізілуін немесе рецепторларды тежеу арқылы іске асырылады. Анафилаксиялы шоктың немесе аллергиялық реакцияның алдын алу үшін жергілікті жансыздандыруды жүргізбестен бұрын жануардың қолданылатын анестетиктерге сезімталдығын тексерген дұрыс. Егер малдың осы анестетикке сезімталдығы жоғары болса, онда оны анестетиктің басқа түрімен ауыстыру қажет, немесе жалпы жансыздандыруды қолдану керек. Тек ауырсыну сезгіштіктің жоғалуы аналгезия, ал сезгіштіктің барлық түрлерінің жоғалуы - анестезия деп аталады.
Жергілікті жансыздандырудың келесі түрлері бар:
1. Терминальді.
2. Инфильтрациялық.
3. Регионарлық немесе аумақтық:
паравертебральді;
қабырға аралық;
бағандық;
сакральді;
бас аумағының анестезиясы.
4. Жұлындық (субарахноидалді).
5. Перидуралді (эпидуралді).
6. Сүйек ішілік - сүйек каналына.
7. Вена тамырлары арқылы аумақтық жансыздандыру.
8.Көлденең кесінді бойымен жансыздандыру.
а. Наркоз теориялары

а. Ингаляциялық наркоз және оның препараттары

б.Ингаляциялық наркоз ұсақ малдар үшін

Наркоз (грек. narkosіs –сезімсіз ету) – Жануарларға есірткі


заттардықолдану арқылы орталық жүйке жүйесін қайтымды тежеу.Орталық жүйке
жүйесіне арнайы дәрілер жіберу арқылы организмде жасанды түрде шақырылған
терең ұйқы. Наркоздан кейін адам есінен толық не жартылай айырылып, ауыру
сезімін жоғалтып, тіндер жансызданады.

Наркоз жағдайында бас миының тежелуi байқалады. Ол төменгі бөлiмдерге


және жұлынға тарайды (И.М. Сеченов).
Н.Е. Введенский (1903) өте күштi тiтiркендiргiш ұзақ уақыт әcep ету
салдарынан, тежелу дамитындығын көрсеткен. Олар жасушаның функциональдi
қозғалуын (лабильдiлiгiн) тежейдi. Наркотикалық заттар нейрондардың
лабильдiлiгiн өте қатты төмендетiп, наркотикалық тежелуге алып келедi.
В.С. Галкин (1953) - наркотикалық заттардың ОНЖ-не әcep ету теориясын
ашқан. Ол алrашқы кезде ми қыртысының тежелуiмен, содан кейiн қыртыс асты
құрылымдарының тежелуiмен сипатталады.

Наркотикалық заттарды енгізу жолдарына қарай:

- Ингаляциялық наркоз: наркотикалық затты тыныс жолдары арқылы
енгізеді.

- Ингаляциялық емес наркоз: наркотикалық затты басқа жолдармен


енгізеді: веналық, ректальді,бұлшықетті және т.б.

Қолданылатын заттардың саны бойынша:

- Мононаркоз бір зат қолданылады.

- Аралас наркоз бір мезгілде екі немесе одан да көп заттар


қолданылады.

- Қосарланған ( комбинирленген ) операциялардың әр кезеңінде әртурлі


наркотикалық заттарды қолдану немесе оларды басқа заттармен қосып енгізу (
миелорелаксанттар, анальгетиктер, ганглиоблокаторлар).

Наркоздың мындай түрлерін ажыратады:

1. Енгізу наркозы аз уақыт әсер етеді. әсері тез басталады, қозу
сатысы болмайды.

2.Демеуші негізгі наркоз операция жасау барысында қолданады.

3.Базисті наркоз беткейлі наркоз, негізгі наркозбен бірге немесе
оның алдында анестетик зат енгізіледі, ол негізгі наркотикалық заттың
мөлшерін төмендету үшін жасалынады

ИНГАЛЯЦИЯЛЫҚ НАРКОЗДЫҢ ТҮРЛЕРІ

Наркотикалық қоспаларды енгізу тәсіліне қарай:

- маскалық

- эндотрахеальді

- эндоброхиальді

Ингаляциялық наркоздың негізгі түріне эндотрахеальді
(интубациялық ) наркоз жатады. Бұл кезде наркотикалық қоспа тікелей
кеңірдекке жіберіледі. Ол үшін кеңірдектің интубациясы жасалады. Интубация
дегеніміз – кеңірдекке ауа өткізетін түтікшені енгізу. Интубация
жасалғаннан кейін, науқасты Өкпені Жасанды Демалдыру аспабына қосу керек.

Ингаляциялық наркозды жүзеге асыру үшін, оңай буландыратын


(ұшқыш ) сұйықтарды эфир, фторотан,метоксифлюран,хлороформ немесе газ
тәрізді наркотикалық заттарды азот тотығын, циклопропанды қолданады.

Өкпені жасанды демалдыру аспаптары наркотикалық қоспаларды,


оттегіні немесе белгілі бір көлемде және жиілікпен ауаны үрлеп жіберу үшін
қолданылады.
Ингаляциялық наркозды жүргізу әдістері
Ашық әдіс: науқас анестетитикті ауамен қосып алады және оны қоршаған ауаға
тынысымен шығарады ( маскалық наркоз)
Жартылай ашық әдіс: науқас оттегімен қосып,аспап арқылы наркотикалық затты
тыныс алады және оны қоршаған ортаға тынысымен шығарады.
Жартылай жабық әдіс: науқас аспап арқылы наркотикалық қоспаны тыныс алады
және оны жартылай аспапқа,жартылай қоршаған ортаға тынысымен шығарады.
Аспапқа қайтадан түскен ауа адсорбер арқылы көмірқышқыл газынан босап өтеді
де,наркотикалық қоспамен араласып қайтадан науқастың тыныс алу жолдарына
түседі.
Жабық әдіс: тыныс алу және тыныс шығару аспаппен жүзеге асырылады.бұл
әдісте наркотикалық қоспа қоршаған ортадан шектелген.
Наркозға арналған заттардың ОЖЖ -сі нейрондарының зат алмасу
үрдістерін тежейтін жалпы биохимиялық теориялары да ұсынылған. Шыныменде
бірқатар препараттар ми тіндерінің оттегін қажет етуін төмендетеді. Бірақ
бұл қасиет барлық наркозға арналған заттарға тән емес. Сонымен қатар
нейрондардың биохимизміндегі өзгерістер оның себептері емес, наркоздың
салдары болуы мүмкін. Дегенмен, соңғы жылдары наркозға арналған заттардың
әсерлерінде рецепторлық комппоненттердің болуын растайтын мағлұматтар көп
шығып жатыр. Осылай, зерттеулерде көрсетілгендей ингаляциялық және
ингаляциялық емес наркозға арналған заттардың барлығы наркотикалық
концентрацияда ГАМҚa- бензодеазипин – барбитурыты рецепторлық кешенмен
байланысады және ГАМҚ ның әсерін шамадан тыс күшейтеді. Бұл кезде осы
рецепторлық кешенмен байланыстағы белсендідірілген хлорлық ионофордың
уақыты ұзарады. Азоттың шала тотығы ГАМҚa- рецепторға әсер етпейді.
Жоғарыда аталғандай кетамин глутамат рецепторының белгілі бір түрінің
антагонисті екені дәлелденген. ОЖЖ нің әр түрлі деңгейінің синаптикалық
шоғырларының жіне морфофункциональды жиналулардың наркозға арналған
заттардың әсеріне сезімталдығы әр қалай. Наркозға арналған заттардың
әсерлеріндегі белгілі кезеңдердің болуы осыған байланысты. Наркозға
арналған заттардың ОЖЖ -сі нейрондарының зат алмасу үрдістерін тежейтін
жалпы биохимиялық теориялары да ұсынылған. Шыныменде бірқатар препараттар
ми тіндерінің оттегін қажет етуін төмендетеді. Бірақ бұл қасиет барлық
наркозға арналған заттарға тән емес. Сонымен қатар нейрондардың
биохимизміндегі өзгерістер оның себептері емес, наркоздың салдары болуы
мүмкін.

Наркозға арналған заттар (Жалпы анестетиктер)

Бұл топтың заттары хирургиялық наркоз шақырады. Бұл көрініс
сана сезімнің тоқтауымен, сезімталдық және рефлекторлық реакциялардың
басылуымен, қаңқа бұлшық еттері тонусының төмендеуімен жұретін ОЖЖ-нің
қайтымды тежелуімен сипатталады. Анестезиологияда қабылданған мұндай
анықтамалар жалпы ағзаға қолданылатын наркоздың тек сыртқы көріністерін
ғана қамтиды.

Наркозға арналған заттардың барлық негізгі әсерлерінің дамуы


олардың ОЖЖ - не берілуді тежуінен байланысты. Бұл кезде афферентті
импульстерден берілудің бұзылуы, қыртыс қыртысасты байланыстардың, аралық
мидың, орта мидың, жұлынның және т.б. қызметтері өзгереді. Синаптикалық
берілулердің бұзылуына байланысты пайда болған ОЖЖ - нің функциольді
дезентиграциясы наркоздың дамуын шақырады.

Наркоз Келесі кезеңдерін бөледі:

I - Анальгезия кезеңі.

II -Қозу кезеңі.

III - Хирургиялық наркоз кезеңі.

1-ші (III) деңгей беткейлік наркоз;

2-ші деңгей жеңіл наркоз;

3-ші деңгей терең наркоз;

4-ші деңгей өте терең наркоз;

IV – Ояну кезеңі.

Наркоздың берілген кезеңдерінің реті тек жалпы схема түрінде
ұсынылған, өйткені бірқатар препараттарды қолданған кезде қозу кезеңі мүлде
болмауы мүмкін немесе анальгезия кезеңі басым болады. Наркоздың бөлек
кезеңдері толығырақ эфирдің қолданылуында берілген.

Наркозға арналған заттар химиялық қосылыстардың түрлі


класстарына жатады. Олардың химиялық құрылысы мен наркотикалық
белсенділігінің арасындағы жалпы заңдылық анықталмады. Тек бірқатар жеке
қосылыстардың тәуелділігі дәлелденді.

I. Ингаляциялық наркозға арналған заттар:

1.Сұйық ұшқыш заттар.

Фторотан


Изофлуран

Энфлуран


Наркозға арналған эфир

2.Газ тәрізді заттар

Азоттың шала тотығы

Ингаляциялық наркозға науқасты дайындау

Науқасқа наркозды берер алдында оның әр бір жүйесіне көніл
беріліп тексерілуі тиіс. Наркозды таңдағаннан кейін науқасты оған дайындай
бастайды. Науқасты наркозға дайындаудың екі этапын ажыратады: алдын ала
дайындау және наркозға арналған дайындық.

Алдын ала дайындау: операцияалды кезеңде өткізіледі және


науқастың мүшелері мен жүйелерін тексеруге негізделген. Егерде науқастың
ағзасында бір өзгерістер табылса онда оған міндетті түрде операцияалдылық
ем тағайындалады. Алдын ала дайындауға : ауыз қуысының және өкпенің
санациясы кіреді. Науқаспен алдын ала сөйлесіп операцияның қалай өтетінін
түсіндіріп тыныштандыру керек. Әрқашанда фармакалогиялық заттар
тағайындайды олар науқастың ОЖЖ-ң реактивтілігін түсіру арқылы оны
тыныштандырады.

Сұйық ұшқыш заттар

Орталық жүйке жүйесінің негізгі нейромедиаторлар нейромодуляторлары
(норадреналин, серотонин, дофамин, ацетилхолин, амин қышқылдары, пептидтер,
пуриндер т.б.).

Наркозға арналған заттар. (галотан (фторотан), наркозға арналған эфир,


азот тотығы, тиопентал натриі, пропанидид, кетамин, натрий оксибутираты.

Ұйқтатқыш заттар (нитразепам, фенобарбитал, зопиклон золпидем).



Тырыспаға қарсы заттарЭпилепсияға қарсы заттар. (фенобарбитал,
фенотоин (дифенин), этосуксемид, карбамазепин, клонезепам, натрий
вальпроат, диазепам, ламотриджин).




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет