Название презентации



бет1/3
Дата25.06.2023
өлшемі1,31 Mb.
#103356
  1   2   3

Қаржылық бақылау түсінігі, мақсаты, міндеттері, қағидалары

Жоспар:

  • Қаржылық бақылаудың түсінігі, мақсаты, міндеттері, қағидалары
  • Түрлері мен топтастыру негіздері
  • Негізгі әдістері: тексеру, зерттеу, мониторинг
  • Қаржылық бақылауды жүзеге асыратын органдар

1. Қаржылық бақылаудың түсінігі, мақсаты, міндеттері, қағидалары

  • Қаржылық бақылау дегеніміз тиісті ақша қорлары бойынша қоғамдық жалпы өнімді құндық бөлу және оларды белгілі бір мақсаттарға жұмсаудың негізділігін тексеруге бағытталған айырықшалық қызметі.
  • Бақылау функциясы – қаржының әшкі қасиеті, ал қаржылық бақылау қаржыға тән объективті мазмұн ретіндегі бақылау функциясының практикалық қолдану болып табылады.
  • Ғылыми негізделген қаржы саясатын, тиімді қаржы механизмін қалыптастыруға жәрдемдесу қаржылық бақылаудың мақсаты болып табылады.

Қаржылық басқарудың негізгі қағидалары

  • Негізгі қағидалары
  • Бақылау реттілілігі, жаппайлылығы, әмбебаптылығы
  • әрекеттілік, нақтылық, жариялық
  • басқарудың алаламаушылығы
  • бақылау органдары қызметкерлерінің тәуелсіздігі

Қаржылық басқарудың міндеттері мен мақсаттары

  • мемлекет, ұйымдар және халық алдындағы қаржылық міндеттемелердің орындалуын тексеру;
  • шаруашылық жүргізуші субъектілердің қарамағындағы ақша ресурстарын (бюджет және меншікті қаражаттарды, банк кредиттерін бюджеттен тыс қаражаттарды) пайдаланудың дұрыстылығын тексеру.
  • қаржы операцияларын, есеп – қисаптарын жасау және шаруашылық жүргізуші субъектілердің ақша қаражаттарын сақтау ережелерін орындауын (сақтауын) тексеру.
  • өндірістің ішкі резервтерін – шаруашылық рентабелдігін арттырудың, еңбек өнімділігін өсірудің, айналым активтерінің айналымдылығын тездетудің, материал жінеақша қаражатарын неңұрлым тиімді әрі үнемді пайдаланудың мүмкіндіктерін ашу.
  • қаржы тәртіптерін бұзушылықты жою және ескерту. Олар ашылған жағдайда ұйымдарға лауазымды адамдарға және азаматтарға белгіленген тәртіппен ықпал етудің шаралары қолданылады, мемлекет пен ұйымдарға келтірілген залалдың орнын толтыру қамтамасыз етеді
  • Жоспарлау (болжау) қаржыны басқарудың жүйесінде маңызды орын алады. Бұл — жоспарлы тапсырмаларды орындауға қажетті ақшаның мөлшерін және оның көздерін анықтау; орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақшалай қорлар арасында, ұлттық шаруашылықтың салалары мен әкімшілік-аумақтық бөліктері арасында қаражаттарды бөлудің оңтайлы үйлесімін белгілеу; ресурстарды пайдаланудың нақты бағыттарын анықтау және т.б.
  • Үйымдастыру — басқарудың барлық буындарының жөнге салынғандығын, айқындығын, қаржылық ақпараттың жоғары нәтижелігін, басқару жұмыскерлерінің жауапкершілігі мен тәртіптілігін білдіреді.
  • Қаржылық реттеу — бұл жоспарлы тапсырмалардың орындалуы үшін қаржылық ресурстарды икемді, шебер жұмсау, белгіленген нәтижеден теріс ауытқулардың барлық түрін алдын алуға және жоюға бағытталған; бұл резервтік (сақтық) қорлар, жоспардан тыс қаржылық ресурстар, пайдаланылмаған қаржылар есебінен қызметтердің барлық түрлерінде арақатынаспен үйлесімділікті қамтамасыз етуді білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет