Үндістандағы касталық жүйе мəселесі



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата13.03.2023
өлшемі0,53 Mb.
#73785
  1   2


Д.А. Таубалдиева, Б.А. Əліпбаева
23
ISSN 1562-3920 KazNU Bulletin. Oriental series. №1 (58). 2012
Үндістандағы касталық жүйе мəселесі
Д. А. Таубалдиева, Б.А. Əліпбаева 
Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан 
E-mail: ashakipchak@mail.ru
Түйін. Берілген мақала қазіргі Үндістандағы касталық жүйе мəселесіне арналған. Касталық жүйе 
туралы тақырып өте маңызды. Ресми түрде касталық жүйе бөлінісі жоқ деп есептелінеді. Дегенмен 
əрбір үндістің өмірінде кастаға бөліну мəселесі орын алып келеді. Мақала касталық жүйенің пай-
да болуын қарастырады. Автор касталық топтардың мемлекеттің саяси өміріндегі қатысы туралы 
мəселені қозғайды.
Ежелгі үнділік варналық құрылымнан бастау 
алатын жəне инуизммен дəріптелген касталық 
құрылым ежелден Үндістанның əлеуметтік 
құрылымының негізін құрды. Адамның туылған 
кезінен оның қай кастаға жататынын білдірген 
бұл ұғым өмір бойы статусын анықтаған.
Варналы-касталық құрылым жалпы алғанда, 
өзінің қатал иерархиясына қарай Үндістанның 
əлеуметтік құрылым негізін көрсете алды; 
құрылысына қарай бірегей, ол тек əлсіз сая-
си əкімшіліктің нəтижелік баламасы болып 
қана қоймай (мүмкін қайта керісінше: оның 
бірегейлігі өмірлік қажеттіліктерге назар ауда-
руын жəне мемлекеттік əкімшілігінің əлсіздігін 
шартқа қойған шығар, егер де төменгі саты бол-
маса, күшті əкімшілік құрылымының қандай 
қажеттілігі бар, төменгі сатының адамдары 
касталық ережелердегі өзін-өзі басқару немесе 
қауым қағидасы заңыменен өмір сүреді), бірақ та 
бұл əлсіздікті табысты есесімен қайтарғанымен, 
ол Үндістан мемлекетінің саяси тұрақтылығын 
реттеуге септігін тигізе алмады.
Каста жəне касталық ұйымдардың өмір 
сүруі, əдетте тек Үндістан мемлекетімен бай-
ланыстырады, бірақ бұл түсінік тарихқа жəне 
этнографияға дəл келіспейді. 
Касталық ұғым негізі, касталық ұйымдар 
көптеген басқа халықтарда да кездескен. 
Үндістан тек касталық ұйымдардың дамуының 
жарқын мысалын береді, үнді қоғамындағы 
тұйық спецификалық мəнді иеленген.
«Каста» сөзінің өзі португал тіліндегі «түр, 
сапа» мағынасын береді, португалдықтардың 
XVI ғасырда Үндістан жеріне баса көктеп кіру 
кезінде жəне əлеуметтік үнді қоғамымен таны-
са келе, еуропалық тілге еніп, үнді қоғамындағы 
тұйық топтарды атау үшін берілген екен. 
Үндістанның өзінде мұндай топтарға санскрит 
терминіне жататын «джати» сөзі болған. Ежелгі 
үнді қоғамында джатимен қатар варндар-тап 
ұғымы өмір сүрген, бұл ең ежелгі институт бо-
лып саналған жəне ол класс ұғымының алдында 
пайда болған екен, тек кейіннен класс қоғамында 
орныға бастаған. Уақыт өте келе, варндар (брах-
мандар, кшатрии, вайшьи, шудрлар) өзінің 
форма сы бойынша тұйықтанып, «каста» ұғымын 
білдірді, бұл кейіннен варн сөзін каста терминіне 
алмастырды [2, 152 б.].
XV ғасырдан бастап 
испан халқының қолдануымен бұл термин 
«расса» мағынасын білдірген екен. Англияда 
«каста» («cast») сөзінің қолданысын 1555 жылы 
бол ғанын айтып кеткен, ал Үндістанға қатысты 
XVII ғасырда қолданыла бастады [3, 65 б.]. 
Варнаның пайда болуы туралы мағлұматты 
түсіндіру өте қиын, бірақ заңды түрде тап 
ұғымын алғаш пайда болған қоғам жəне 
қоғамдағы меншік теңсіздігі ұғымынан шыққан 
деп байланыстырады. Əскери шен кша-
трий варнасының пайда болуына алып келді, 
ақсүйектер – брахмандардың пайда болуына, 
қоғамдағы бос халық вайшьи варнасын білдірді, 
кейіннен шудрлардың варнасы пайда болды
олар əлеуметтік иерархияның ең төменгі орнын 
алды. 
«Ригведада» жоғарыда аталған үш каста тура-
лы жазылған, тек кейінірек шыққан X бөлімінде 
(мандалда) бүкіл төрт варнаның Пуруши 
алғашқы адамнан пайда болуы жайлы аңыз де-
рек қалған. Бұл діни дерек ертеден тапқа бөліну 
ұғымының болғаны жайлы айтқан. «Пуруша-


Вестник КазНУ. Серия востоковедения. №1 (58). 2012
Үндістандағы касталық жүйе мəселесі
24
сукта» əнұранында былай делінген, брахман-
дар Пурушидың аузынан, кшатрии – қолынан, 
вайшьи – белінен, шудрлар – өкшесінен пайда 
болған деп жазған [4, 45 б.].
Тəуелсіздікке дейін қандай қалпында болса, 
касталық құрылым қазіргі таңға дейін өзінің 
келбетінде. Оның мемлекеттің дамуына екі түрлі 
жолмен əсер ететінін байқаймыз: бір жағынан, 
кастеизм бір қалыпта ұстаушы фактор ретіндегі 
рөлді атқарады, үнді қоғамындағы класс 
арасындағы қарама-қайшылықтарды жұмсарту 
негізінде, себебі касталық қоғамда класпен емес, 
адамдар қай кастаға жататыны арқылы білінеді. 
Мемлекеттің көп бөлігі төменгі кастаға жата-
ды, бірақ бұл теңсіздікті олар əлеуметтік ұғым 
ретінде қабылдап, өзін тұлға ретінде мемлекеттің 
саяси жəне экономикалық өмірін өзгерту үшін 
жоғары көтеруін сұрамайды. 
Үндістан парламентіндегі Бірінші жалпы 
сайлаулардың жəне 1952 жылғы заң жобасы 
негізіндегі штаттық сайлаулардың көрсетуі бой-
ынша мемлекеттің саяси өмірінде кастаның бар 
екендігін көрсеткен. 
Үнді саяси қайраткерлерінің бірінің айтуы 
бойынша (Л.К. Адвани – Лок Сабха ұйымының 
бұрынғы лидері), олар кастаның өмір сүруі 
уақытша, саяси білімі жоқ сайлаушылардың 
кесірінен пайда болған жайт деп те түсіндірілген, 
демократиялық тұрғыға сенбеген халықтың 
надандығы арқасында жалғасын тауып жатқан 
жайт деп есептеген [5, 68 б.]. Бірақ болашақта 
бұл еш өзгермеді. Каста ұғымы қолданыстан 
шықпай, тек күшейе түсті. «Кастеизм» термині 
бұқаралық ақпарат құралдарынан енді ғылыми 
əдебиеттер бетіне көшті.
Үндістанның жаңа саяси лидерлері касталық 
құрылымдағы конструктивтік мəселені шеге-
ре отырып, өздері саясатта тəжірибе жүзінде 
қолданады жəне касталық құрылымнан шегіну, 
оны жою туралы декларацияларға қарамай, оның 
қоғамдық тап ретінде сақтап қалуына қызығу 
үдерісі байқалды [6, 63 б.].
Каста дəстүрлік əлеуметтік институт ретінде 
халықтың көп дерлік бөлігінде қабылданды. 
Алғашқы кезден бастап каста құрылымы 
дайындалған механизм ретінде болды, халық 
көпшілігін сол механизм арқылы билеуге бола-
ды деп санады. Ол халықтың держава ретінде 
күшеюіне алып келер еді деген ойлар да 
талқыланды. Үндістанда халықтың көп дерлік 
бөлігі ауыл аймақтарда тұрады, ол аймақтарда 
касталық құрылымды қатты ұстанады. Үн діс-
танның қазіргі кездегі саяси партиялары ауыл 
аймақтардың құрылымдық мəселесіне көңіл 
аударып, осы ретпен сайлау кезіндегі жарыста 
касталық құрылымды жою үшін жұмсалған күш 
емес, бөлек сайланушы тұлғаның əдістеріне 
көңіл бөлініп кетеді. 
Əрбір əлеуметтік топқа өзінің əлеуметтік 
нұсқауларын нығайту бірінші орында бола-
ды. Каста бұл ретте саяси əдіспен жеңіске 
жете алады. Өздерінің саяси өмірінде каста 
бір касталық ұйымдық федерацияға бірігіп, 
басқа да одақтармен ортақтасады. Касталық 
қоғамның өзіне тəн – топтық немесе касталық 
бірін-бірі түсінушілігі. Олардың бірін-бірі 
түсіну негізі қазіргі үнді саяси өмірінің шын 
элементі болды да, болады да, ол сайлау науқаны 
кезіндегі күреске əсер ететін бірден-бір фактор. 
Мамандардың ойлауы бойынша, мемлекеттің 
қай бір саласы болсын, бірақ саяси жағдайдың 
барлық дерлік деңгейіне кастеизм ықпалын 
тигізеді. Ол бір үлкен комплекстік мəселе жиы-
нынан тұрады жəне Үндістан саяси өміріне негіз 
құрады. Каста жəне оған байланысты сұрақтар 
мемлекеттің жоспарлау назарында болады, заң 
қабылдау назарында əлеуметтік реформаларды 
қабылдау болсын. Касталық мəселе өзінің бар 
екенін еріксіз өзі білдіріп қояды, мемлекет функ-
циясына тұрақсыздықты енгізеді [7, 115 б.].
«Кастеизм» маңызды дерлік мағынамен үн-
дістің саяси түйсігімен ерекшелігімен тү сін-
діріледі, ол олардың саяси мəдениетінің элементі 
болып табылады. Үнді азаматы қай партияны, 
ұйымды немесе қай сайланушы кандидатты 
болмасын, олардың бірінші мезетте қай кастаға 
жататындығы емес, олардың кастаға қалай 
көңіл аударып, қоғамда қалай өзін-өзі ұстау 
арқылы бағалайды. Бұл ретте қоғам ойы қатты 
бағаланады, ортаға салып талқыланады. 
Кастаның саяси модельдік жағынан оның 
мінезін түсіну үшін каста ұғымы кең көлемде 
үнді жəне батыс зерттеушілерімен зерттелген, 
олар кастаның саяси тұрғысын түсіну үшін 
бірнеше мəселенің басын ашты: олардың саны, 
кастаның орналасу жағдайы, саяси деңгейі, 
касталық жағдайы жəне əлеуметтік қоршаған 
орта, кастаның бірге жұмылып жұмыс істеуі, 
олардың басшыларының əсері осының барлық 
дерлігі саяси маңызын түсіндірді. Өзінше бөлек 
топ болып біріккен касталар дербес іс жасай 
алатындығы білінді. Келесі тенденция бөлінді


Д.А. Таубалдиева, Б.А. Əліпбаева
25
ISSN 1562-3920 KazNU Bulletin. Oriental series. №1 (58). 2012
қауымдық немесе ауылдық деңгейде саясаттың 
субъектісі ретінде касталық саяси құрылымның 
ең төменгі каста табы екендігі көрсетілді: от-
басы, көрші қауым, касталық фракция. Сайлау 
науқаны кезінде үлкен бөліністер ерекшеленеді. 
Дистрикт деңгейінде – ол «джати» жəне олардың 
ұйымдары, штат деңгейінде – əр түрдегі екінші 
реттегі қауымдастықтар – «сабхи» (ассоциация, 
федерация) [8, 55 б.].
Саясат каста мен партия арасындағы тығыз 
қарым-қатынас жайлы өздерінің себептерін 
алға қояды. Касталық құрылымды толық дерлік 
қадағала алмау сол партиялардың əлсіздігі болып 
табылады. «Джан сангх» лидері, Джангиани мы-
салы, 60-жылдары өзінің партияларының Кера-
ла мен Майсурдағы жеңілісін үнді мəдениетіне 
көп көңіл аударып, маңызды мəселелердің басын 
ашпағандығымен түсіндірілді. 
Саясаткердің ойы бойынша, каста «дау-
ыс жинау банкісі» болып есептеледі жəне бұл 
көптеген сайланушылардың өздерінің пайдасы 
үшін асыру болып табылатындығы бəріне мəлім. 
Сол үшін əртүрлі партиялар үлкен, əсерлі жəне 
ұйымдасқан қасталық ұйымдарға таласады. 
Касталық құрылымдар партиялармен ортақ 
келісімге де келген, 1951-1952 жылдары, мыса-
лы, «Джан Сангх» партиясы Джаладхар жəне Хо-
шиарпур, Пенджаб штатында , Мадхья-Прадеш-
те тіркелген касталық ұйымдармен келісімдері 
болған.
Көптеген саяси партиялар өздерінің касталық 
ұйымдармен байланысын ашып көрсеткісі 
келмейді. Каста Үндістан саясатының жал-
ғыз тұтқасы емес. Əр деңгейдегі саясаткер тə-
жірибе жүзінде əртүрлі күштерге бас ұрады: 
олар – халықтық, аймақтақ, діни жəне де, əрине 
касталық. Егер каста саяси тұрғысынан мықты 
орныққан жағдайда ол мықты əсерге ие бола 
алады
[5, 84 б].
Партиялардың кастамен тығыз байланысы 
туралы негізгі себептерді бөліп көрсетуге бола-
ды. 1957 жылы халықтық интеграция негізінде 
Бүкіл үнді конференциясында партиялардың 
өздерінің пайдасы үшін пайдалануға сөгіс жа-
рияланды. Екіншіден, барлық касталар саяси 
жағынан дамымаған. Үшіншіден, Үндістанда 
тек сайланушылардан тұратын аймақтар аз. 
Саяси партиялар өздерінің пайдасына кас-
талық ұйымдарды пайдалана отырып, бірақ 
оларды жанама тəсілдермен жасап отырған. 
Мысалы, 1990 жылы сайлау кезінде жеңіске 
жеткен «Бхарати Джаната парти» (Үнді Халық 
партиясы), өзінің артынан «Хиндутв» атты 
кемені, яғни хинду дініне шын берілген 
үндістерден құру деген, оның ішінде жоғарғы 
кастаға жататындар басшы атанды, ал жат 
ұстанушылар мұсылмандар, үндістер төменгі 
каста болды жəне ұстау құқығынан айырылған 
«екінші топтағы азаматтар»
[5, 89 б]. 
XX ғасырдың 90-жылдарының екінші 
жартысында каста жайлы сұрақтар қоғамда 
бұрынғы қалпыменен қалды. Ұстау құқығынан 
айырылғандар үшін көмек бөліну керек екендігі 
жайлы айтылды, себебі олардың жоғары оқу 
орнына түсу немесе мемлекет тарапындағы 
жұмысқа орналасу қиыншылығы туындады. 
Саясаткерлер бұл жағдайды өзгертуге атсалысса 
дауыс жинап, жеңіске жететіндіктеріне көздері 
жетті. Сондықтан жұмыс орны жəне жоғары 
оқу орындарындағы артта қалған касталық 
ұйымдардағы адамдармен толды. 
1998 жылғы сайлауда каста мəселесі шетте 
қалған емес жəне дауыс үшін күрес əлдеқайда 
қаталданды. 
Заңды ескерткіштерге сүйене отырып, 
касталық құрылымды зерттеу жайлы бірқатар 
қорытынды ой, түйіткілер айтуға болады.
Заң бойынша теңсіздік тек ерте заманда қатты 
ұстанды. Уақыт өте келе касталық құрылымды 
өз пайдасына пайдаланған саясаткер бірқатар 
жеңістерге жетті немесе жеңілді. Касталық 
құрылымды зерттеу қазіргі таңда көптеген 
мамандарды қызықтыруда. Себебі Үндістан 
өзінің ежелгі тарихымен, əлі де сақталып 
қалған дəстүрлерімен əрқашан да адамды 
қызықтырады. Қазіргі таңда елде Конституция 
бойынша дискриминацияны шегеру туралы заң 
қабылданса да, азаматтық кодекс қабылданбаған, 
үнді халқының ғасырлар бойы сақталған салт-
дəстүрі кесірінен касталық құрылым əлі де 
жалғасын тауып келеді. Тəуелсіздігін алған мем-
лекет 1947 жылдан бері бірқатар жаңашылдыққа 
да көшкен, жесір əйелдердің тағдыры жайлы 
қатаң заңдарды алып тастау туралы айтылды, 
əйелдердің мұрагер болуға құқығы бар екендігі 
туралы заңда айтылған. Зерттеу жұмысын 
жүргізе отыра, касталық құрылым қазіргі таңда 
бизнес аймағында, дамыған қала, заманауи 
түрде дамыған ортада аздап кездеседі, кей-
де мүлдем де еленбейді, бірақ миллиардтаған 
халқы бар Үндістан, ең алдымен, мəдениетін, 
дінін құрметтеген мемлекет, сондықтан кастаға 


Вестник КазНУ. Серия востоковедения. №1 (58). 2012
Үндістандағы касталық жүйе мəселесі
26
бөлініп, өз əдет-ғұрпымен өмір сүріп келе 
жатқан халық арасында каста мəселесі сақталып 
келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет