Саяси партиялар,партиялық жүйелер мен қоғамдық-саяси қозғалыстар. Саяси партиялардың негізгі мақсаты



бет1/2
Дата20.04.2023
өлшемі29,01 Kb.
#84798
  1   2
Байланысты:
Саяси партиялар,партиялық жүйелер мен қоғамдық-саяси қозғалыстар.Оразғалиев Айсұлтан.L-22-1k.


Саяси партиялар,партиялық жүйелер мен қоғамдық-саяси қозғалыстар.
Саяси партиялардың негізгі мақсаты — қоғамның саяси өміріне қатысу, билікті алуға қол жеткізу және мемлекетті басқаруға ұмтылу.
Саяси жүйедегі партиялардың рөлдерін зерттеу саясаттанудағы маңызды тақырыптардың бірі болып табылады. Осы саладағы көрнекті теоретиктер қатарында М.Вейнер, М.Дюверже, Р.Шварценберг, Дж. Сартори тәрізді ғалымдарды айтуға болады. Әртүрлі елдердегі партиялардың қызмет атқаруы, саяси партиялар мен партиялық жүйелерді типологиялау, әртүрлі саяси режимдердегі партиялық ұйымдар мен мемлекеттік органдардың өзара әрекеттесулері — аталған ғалымдардың ғылыми зерттеулерінің басты бағыттары болып табылады.
Қоғамның саяси өміріндегі саяси партиялар мен қозғалыстардың негізгі функциялары:
— әртүрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін, көзқарастарын анықтау, пысықтау және институционализациялау;
— осы мүдделерді қоғамның барлық деңгейінде және билік институттары шеңберінде білдіру, көрсету;
— мемлекет пен азаматтық қоғам арасында берік және көпдеңгейлі байланыстарды орнату;
— басқа партиялардың бағдарламаларымен бәсекеге түсу негізінде қоғамды дамытудың бағдарламалық мақсаттарын әзірлеуге қатысу;
— халық бұқарасын қоғамдық маңызы бар мәселелерді шешуге қатысуға тарту;
— партияның белсенді және қабілетті мүшелерінің қатарынан саяси элитаға рекруттеу;
+— заңнамалық және билік институттарының жұмыстарына қатысу. Партия қоғамдьщ құрылысты, билікті ұйымдастыруды және бүкіл мемлекет өмірін жетілдіру бойынша нақты бағдарламаны ұсынатын саяси топ ретінде көрінеді. Мұндай мақсаттардың негізіне әдетте идеялық ұстанымдар түрінде көрініс табатын әлеуметтік топтардың мүдделері қойылады. Партия идеологиясы — партия мүшелері оны шынайылыққа айналдыруға ұмтылатын рухани қүндылықтар мен бағдарламалық ережелерді білдіреді. Әдетте партиялар өздерінің қызмет бағыттары мен ішкі ұйымдасуын айқындайтын негізгі құжаттарды — бағдарлама мен жарғыны қабылдайды.
Партия бағдарламасы — соның негізінде қоғамның қазіргі жағдайы және оның алдағы болашағына қатысты қатынастар қалыптасатын белгілі бір нақты құндылықтарды ұстанатындығын жариялайтын негізгі құжат болып табылады. Демократиялық мемлекеттегі партиялар әртүрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін білдіреді. Көзқарастары, пікірлері мен сенімдері түрғысынан бір-біріне жақын адамдар осындай бірлестіктер арқылы өз мүдделерінің шеңберін белгілеп, болашақтағы міндеттерін құрады. Партия көптеген адамдардан тұратын ұжым болып табылатындықтан, олардың партияға мүше болуы партия мүшелеріне қоғамдық пікірталастарда және мемлекет деңгейінде көтерілуі тиіс мәселелерді табуға көмектеседі. Қоғамдағы негізгі саяси ұйымдардың қолданыстағы бағдарламалары негізінде айтарлықтай сенімді түрде елдегі партия күштерінің арақатынасын анықтауға және онда қазіргі күнде бар қайшылықтарды табуға болады.
Кез келген саяси партия сайлауларда жеңіске жетуге ұмтылады және сайлаушылардың басым көпшілігін дәл осы партияның саяси бағыты ғана елдегі барлық күрделі мәселелерді пәрменді түрде шешуге мүмкіндік беретіндігіне сендіру мақсатын ұстанады. Ол сондықтан өз жақтастарының қатарына бір топтың немесе бір таптың өкілдерін тартумен қатар, бір мезгілде өзінің жалпыұлттық мүдделерге жақын екендігін жариялап отырады. Партиялар өздерінің көптүрлілігінің арқасында жекелеген топтардың әртүрлі, көп жағдайда бір-біріне қайшы келетін мақсаттары мен міндеттерін мемлекет деңгейінде біріктіруге және оларды түтастыққа айналдыруға мүмкіндік беретін қүрал болып табылады. Бұл үдерістің соңғы нәтижесі, ең біріншіден, сайлаушылардың еріктері мен қалауларына тікелей тәуелді болады. Демек, парламенттен көп орын алған партия соған сәйкес өз бағдарламаларын іске асыруға да көп мүмкіндік алады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет