Не психология кафедрасы



бет1/5
Дата02.12.2023
өлшемі45,35 Kb.
#131720
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4   5
Байланысты:
№ 1 лекция

Ф-ӘД-001/026



ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ



ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТІ




ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
6B01510 - География, 6B01512-География-тарих, 6B01562-Химия-биология, 6B01615-Тарих мамандығындағы/ білім беру бағдарламасындағы
«Педагогика» пәні бойынша
лекция жинағы


Түркістан 2022


Дәріс № 1


Тақырып: Педагогика – адам туралы ғылым.


Дәріс жоспары:
1. Педагогика – адам тәрбиесі туралы ғылым
2.Педагогика ғылымының пәні және оның атқаратын қызметі.Негізгі категориялары.
3.Педагогика ғылымының жүйесі және басқа ғылымдармен байланысы
Дәріс мақсаты мен міндеттері: педагогика ғылымының орны, ролі, пәні мен міндеттері, ғылым және өнер ретіндегі мәні туралы түсінікті қалыптастыру.

ПОН 1- Педагогикалық процесті зерттеу дағдыларын қалыптастырады.


ПОН 2- Педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздерін талдайды;


Дәріс мазмұны:


1. Педагогика – адам тәрбиесі туралы ғылым. Ғылыми педагогика ХҮІІІ ғасырдың соңында пайда болды, яғни, бірінші ғылыми-педагогикалық жұмыстар мен жаппай мектептер пайда болған кез. Бұл жаңалықтар чех педагогі Я.А.Коменский атымен байланысты. Ол бірінші рет оқушылардың жүріс-тӨрыс ережелерін, сонан соң Өзінің ең ірі "Ұлы дидактика" атты еңбегін жазды. Мектептердегі сынып-сабақжүйесініңнегінқалағанда Я.А.Коменский. Сонымен қатар, Я.А.Коменскийдіңізімен батыс еуропалық педагогикада ағылшын педагогы Джон Локк, француз педагогы Жан-Жак Руссо, Швейцар педагогы Иоганн Генрих Песталоцци, неміспедагогы Иоганн Гербартпен Адольф Дистервег, орыспедагогы К.Д.Ушинскийжәнет.бағартушы-педагогтізбегіқалыптастырылды.
Ал кейіннен ХІХ-ХХ ғасырлардың тоғысында эксперименталды педагогика пайда бола бастады.
Педагогика - Өркениетті қоғамның даму тарихынан, жас ұрпақ тәрбиелеу тәжірибесінен бастау алады.
Педагогика ғылмы екі мағына береді. Біріншіден - білімнің ғылыми аумағы, ғылым; екіншіден - Өнер, қолӨнер, педагогикалық іс-әрекет аумағы. Педагогика атауының түп-тӨркіні гректің "пайдос " - бала және "аго " - жетектеу деген сөздерінен шыққан. "Пайдагогос " сӨзін тура мағынасында аударса, "бала жетектеуші" деген ұғымды білдіреді. Яғни, баланы Өмірге жетектеу, оқыту, оны тәрбиелеу, жан мен тәннің дамуына бағыттау дегенді білдіреді. Ежелгі Грецияда қожайынның баласын мектепке жетектеп апарып, алып қайтатын қӨлды педагог деп атаған. Ал мектепте ұстаздық етумен басқа білімдар құлдар айналысқан/1/.
Мыңдаған жылдар бойына қажетті білім негіздері жиналып қордаланды, ең Өміршеңі, ең қажеттісі қалып, берік орныққанша талай педагогикалық жүйелер кезектесе Өмірге келіп, уақыт сынынан Өтті, жарамсыздары тарих сахнасынан кетті. Тәрбие туралы ғылым да дамыды, ол адам тәрбиесі туралы ғылыми білімдерді жинақтап, жүйелеуді Өзінің алдына басты міндет етіп қойды/2/.
Педагогика - қоғам мен табиғаттың теңдесуін, Өмірге қанағаттандыруда толық белсенді шығармашылық, рухани байлығына кӨмек беру, адамды тәрбиелеуді зерттейтін ғылым. Педагогикалық білім – жан-жақты, адамды дамытудың тәсілдері мен жолдарын әмбебап оқытуды тұтасымен зерттейді.
Педагогика, басқа ғылымдар сияқты дамушы ғылым, оның негізгі категорияларының ойлау аспектілері үнемі кеңейтіліп қарастырылып отырылады. Ал, педагогикалық шығармашылық тәрбие мен оқу күшінің шектеусіз кӨпқырлы тәжірибеде дамиды.
Педагогика – тәрбиелеудің қатынастары туралы, тәрбиелеудің Өзара байланысының процесінде пайда болған, білім беру және оқыту Өзін-Өзі тәрбиелеу, Өз-Өзіне білім беру және Өзін-Өзі оқытумен бірге жеке адамның дамуына бағытталған.
Педагогика ғылым ретінде тӨмендегі барлық белгілерді қамтиды. Ол Өзінің басқа ғылымдардан айрықшалайтын түсінікті аппаратымен де ерекшеленеді.
Біріншіден, педагогиканың "тұрмыстық" мағынасы айқындалады. Әрбір адам Өзінің балаларын, отбасы мүшелерін, ұжым мүшелерін тәрбиелеуде және оқытуда Өмір ағымында "педагог" ролінде ойнайды.
Екіншіден, педагогиканың практикалық мағынасын анықтайды. Педагогика адамзат әрекеттерінің аймағы, үлкен ұрпақтың кішіге берілген Өмірлік тәжірибесімен байланысты. Бұл жерде халықтық педагогиканың педагогикалық шеберлігімен және тәрбилеу Өнерімен Өзара байланысы туралы айту жарасымды. Жоғары педагогикалық іс-әрекеттердің пайда болуын Өнер деп атау кездейсоқ емес. Педагогиканың басқа кез-келген ғылымдардан басты айырмашылығы осыда. Оқытушы тек қана білімді алып жүруші, тек қана студенттер үшін ақпараттардың кӨзі болу қажет емес, ол әртүрлі ролдерді ойнаушы – актер: мұғалім, тәрбиелеуші, педагогикалық процестің қатысушысы, жолдас, дос. Педагогикалық процесс оқытушы тарапынан қателікті жіберткізбейтін әрекет, немесе оқытушы қатесі Өте қымбатқа түседі. Педагогиканың Өнерге қатыстылығын күнделікті Өмірден кӨріп жүрміз сондықтан, оқытушы студентке тек Өзінің кәсіби күші арқылы ғана емес, сонымен қатар, Өз тұлғасының ерекшеліктері де әсер етеді (мінездік қасиеті, іске, адамдарға, қоғамға және т.б. қатынасы).
Үшіншіден, педагогика ғылым ретінде түсіндіріледі, сонымен қатар, адамтанудың бӨлігі. Педагогика танымы қоғамдық және жеке даралық, табиғаттың келеңсіз үйлесіміндегі адамның дамуы мен әсері тәсілдерін жетілдіреді. Сондықтан да педагогикалық ілімдер, теориялар, үлгілер, болжамдар және ұсынылымдар тұтас және жүйелі білімнің іргесінде құрылады: олар психология, философия, тарих, әлеуметтану және басқа да адам туралы ғылымдарда "жетіледі".
ТӨртіншіден, педагогика Өзіне оқытумен тәрбиелеудің теоретикалық және практикалық аспектілерін қоса отырып, оқыту пәнін анықтайды.
Бесіншіден, педагогиканың мағынасы қазіргі заманғы жалпы мәдени контекстегі гуманитарлық білімнің бӨліміне енеді. Ол адамның педагогикалық мәдениетінің сапасында кӨрінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет