Негізге алынған тақырып аясында яғни топография мен геодезия ғылымдарынң мақсаты,міндеттері,тарихы сынды аспектілерге анықтама бере отырып,аталған тақырыптармен танысу



бет1/2
Дата25.11.2023
өлшемі56,3 Kb.
#126094
  1   2

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті



Кафедра«Кадастр,география және жерге орналастыру»
Факультеті «География және табиғатты пайдалану»

СӨЖ
Тақырыбы: Қазіргі геодезия мен топография даму бағытын түсіну мақсатында даму тарихына жалпы сипаттама беру

Орындаған:Жанузакова Г.М
Тексерген:Дуйсенбаев С.М

Алматы 2023ж
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
I Геодезия ғылымының тарихи дамуы
II Топография ілімінің даму тарихы
III Геодезия және топография ғылымдарының байланысы мен маңызы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Негізге алынған тақырып аясында яғни топография мен геодезия ғылымдарынң мақсаты,міндеттері,тарихы сынды аспектілерге анықтама бере отырып ,аталған тақырыптармен танысу.Оқу материалында аталған ғылымдардың қандай негізде жеке дара ғылым болып қалыптасқандықтары,зерттеушілер үшін жер туралы,оның пішіні мен көлемі,жер бетін карта негізінде зерттеу жұмыстары мен бейнелеу жайлы зерттеулердің негізі мен маңыздылығын айқындамақпын.Бұл пәндердің де негізгі оқытылу мақсаты-жер бетіндегі барлық топографиялық түсірістер мен инжерлік-геодезиялық жұмыстарды өз бетімен жүргізе білуге уйрету болып табылады.Қазіргі замандағы география жерді бөлу ұғымы шеңберінен әлдеқайда кең деп,атап өткендей,қазіргі ұғымында ол күрделі ғылыми,ғылми-техникалық және инженерлік мәселелерде геодезиялық және топографиялық аспаптар көмегімен арнайы өлшеу және өлшеу нәтижелерінің математикалық-графиктік өңдеу арқылы шешетін жан-жақты ғылым саласына айналып отыр.

Геодезия ғылымының тарихи дамуы

Геодезия-жер туралы ғылымдардың ежелгілерінің бірі.Адамзаттың ерте заманда жер бетінде қашықтық пен ауданды өлшеудегі ашқан заңдылықтары геометрия мен геодезияның ғылым ретінде қалыптасуына,негізінің қалыптасуына септігін тигізді.Грек тілінен аударғанда геодезия сөзі «жерді бөлу» деген мағынаны білдіреді.Алайда,қазіргі заман геодезиясының мағынасы жерді бөлу деген мағынан әлдеқайда алыс екені анық.


Геодезия-жердің немесе оның жекеленген бөліктерінің пішіні мен көлемін,жерді карталар мен пландарға түсіру және жер бетін өлщеу әдістерін зерттейтін ғылым.Адамзат қоғамының өзгеруіне байланысты геодезия ғылымының да мазмұны өзгеріп отырғаны анық.Жалпылама, геодезия ғылымының өмір сахнасына шыққаны жер бетін шаруашылық мақсаттар негізінде зерттеу жұмыстарымен байланысты.Ең алғашқы геодезиялық өлшеулердің қолданысы Ніл өзенінің бойында салынған суару жүйелерінде,каналдарында байқалды деп есептелінеді.Сонымен қатар,геодезиялық жүйелердің ежелден қолданыста барлығының дәлелі ретінде Египет пирамидаларын ала аламыз,өйткені,мұндай құбылыстарды салу ,арнаулы геодезиялық өлшеулерсіз салынуы мүмкін емес деп саналады.
Сан ғасырлар бұрын өмір сүрген грек математигі Евдем жерді өлшеу нәтижесінде египеттіктер геометрия ғылымын ойлап шығарды-деп жазды.Жер өлшеу өнерін египеттіктерден үйренген гректер,оны алғашқы кезде геометрия деп атайды.Кейіннен,барлық ғылымдарға ұстаздық еткен ұлы ғалым -Аристотель өлшеу ғылымын геометриядан бөліп айту үшін оны геодезия деп атаған.Және грек ғалымы Эратосфен градустық өлшеулердің көмегімен жер радиусын анықтаған.Уақыт өте келе геодезия Үндістан,Орта Азия,Араб елдерінде дамыды.Дүниежүзіндегі осы күнге дейінгі сақталған ірі құрылыстар,сол дәуірдегі жоғарғы дәрежелі мәдениеттін болғанын дәлелдейді.Ал,жоғарғы мәдениеттің қалыптасуына жер өлшеу ғылымы да өзіндік рөл атқара отырып,сол мәдениеттің арқасында өзі де дами,жетілді.Аристотельдің шәкірті,данышпан,энцикопедист Әбу Насыр Әл-Фараби геодезия ғылымы жайлы былай деген: «Геодезия ғылымы арқылы адамзат алыс орналасқан,көзі жетпейтін заттардың мөлшерін,бір зат пен екінші заттың арақашықтығын,биіктігін,теңдігін анықтауға болады.Кейде қателеспес үшін,өлшеулерде әртүрлі оптикалық аспаптар қолданылады ».
Адамзат қоғамының дамуына байланысты,геодезияның маңызы да өзгеріп отырды.Соның нәтижесі ретінде өзінің даму прцесінде геодезия біршама дербес және ғылыми-техникалық пәндерге бөлінеді.Ең алғашқысы,Жоғарғы геодезия-жердің және планеталардың фигуралары мен көлемдерін зерттеу,сондай-ақ геодезиялық тірек жүйелерін құру жөніндегі міндеттерді шешеді.Осы аталған пәннің міндеттерін шешу негізінде зерттеу үстінде одан жеке пәндер болып геодезиялық астрономия,геодезиялық гравиметрия және ғарыш геометриясы бөлініп шығады.
Геодезиялық астрономия-Аспан шырақтарын бақылау негізінде координаталық бастапқы мәліметтерді анықтап беру үшін қолданылады.
Геодезиялық гравиметрия-Жекеленген нүктелердің күшін арнайы аспаптармен өлшеу арқылы жердің фигурасын зерттейді.Ал,ғарыш географиясы болса,жердің жасанды серіктерінің көмегімен жер беті нүктелерінің геометриялық арақатынастарын зерттейді. Геодезия әртүрлі ғылыми пәндермен тығыз байланысты,соның ішінде математика,астрономия,физика,механикика ғылымдары т.б.
Математика геодезиядағы өлшеу нәтижелерін өңдеу әдістерімен жаңа талдау амалдарын қамтамасыз етеді.Астрономия болса,геодезияға жер бетіндегі нүктелердің координаталары мен астрономиялық азимуттары жайлы мәлімет береді.Физика мен механиканы пайдалана отырып,геодезиялық аспаптардың тетіктерін есептейді және құрастырады.Аспап шығаруда автоматика мен электроника кеңінен қолданылады.Ал, географияны білу жер бетінің рельефін жіне жер бетіндегі табиғи жамылғыларды дұрыс бағалауға көмектеседі.Геодезияда қолданылатын фотография әдәсә болса,фотографияны білуді қажет етеді,план мен картаны графикалық түрге келтіру үшін топографиялық сызудың әдістерін меңгеру керек.Сондай-ақ, Геодезияның ғылыми зерттеулерде, жерді үйлестіруды, маркшейдерлік істе, құрылыста, еліміздің әскери қорғанысында геодезияның халық шаруашылығының түрлі-түрлі салалары үшін практикалық үлкен маңызы бар. Мәселен, геодезиялық өлшеулер, жолдар, каналдар, жерасты құрылыстары (метро, кабельдер, құбырлар), әуе желілері (электрлік беріліс, байланыс желілер) трассаларын белгілеу кезінде, пайдалы кен орындарын барлау және пайдалану кезендерінде кең қолданылып келеді. Геодезия жер иегерлерін орналастыруда, жерді құрғату мен суландыруда, орман шаруашылығын жүргізу кезінде қолданылады. Карта әскери істе белгілі бір жерді зерттеу, оның бетіне әскери жағдайды бейнелеп түсіру, жауынгерлік операцияларға талдау жасау т.б. үшін пайдаланады.Сонымен қатар, Геодезия — жердің пішіні мен мөлшерін анықтайтын, оның бетін жоспармен ,планмен картаға түсіріп, жер құрылымының инженерлік жұмыстарын жобалайтын, сонымен қатар олардың әр түрлі өлшеу тәсілдерін зерттейтін ғылым. Ол бірнеше салаларға бөлінеді: жоғары геодезия, геодезия топография, радиогеодезия, космостық геодезия, картография, аэрофототопография және инженерлік геодезия. Белгілі бір нүктенің жер бетіндегі орнын оның координатасы арқылы анықтауға болады. Геодезияда координаталар жүйесінің мынадай түрлері қолданылады; жағрапиялық, геодезиялық, полярлық және тік бұрышты. Жер беті және оның шағын аймақтары қағаз бетіне белгілі бір масштаб арқылы кішірейтіліп салынады.
Жер бетін жоспарға,планға, картаға түсіру күрделі жұмыс, ол өте үлкен дәлділікті қажет етеді және оны дәл аспаптарды пайдаланып, маман геодезистер, маркшейдерлер жасайды. Жоспар мен картаның мазмұны толық, түсінікті және көрнекті болуы үшін арнайы белгілер қолданылады. Қазақстанда карталар мен жоспарлардағы шартты белгілер контурлық, масштабтан тыс және түсіндіргіш деген түрлерге бөлінеді. Жер бетін жоспарға масштабпен кішірейтіп салу үшін қолданылатын шартты белгілерді контурлық деп атайды. Контурлық белгілер орманның, шабындықтың көлемін де білуге мүмкіндік береді. Көптеген инженерлік есептерді шығару үшін жер учаскесінің аудандарын анықтау қажет. Учаскенің ауданы бірнеше тәсілдермен анықталады: учаскенің ауданы бірнеше геометриялық фигуралардан қалыптасса, аудандарын қосьш анықтайды; жоғары дәлділікпен палетка арқылы анықтауға болады. Палетка дегеніміз — бетіне шаршы торлар сызылған жылтыр қағаз,калька. Картадағы учаскелердің ауданын бұдан да жоғары дәлдікпен анықтау үшін механикалық тәсіл — арнаулы аспап планиметр қолданылады.
Геодезиялық түсіріс торлары бірнешеге бөлінеді: теодолиттік түсіру — жердің контурлық планын алу үшін теодолит және өлшеу лентасының көмепмен орындалатын геодезиялық жұмыс; тахеометриялық түсіру тахеометр деген аспап арқылы жүргізіледі; мензулалық түсіру мензула және кипрегель арқылы кашықтықтың горизонталь проекциясы және биіктік өсімі анықталып, жоспар тікелей далада сызылады; аэрофотографиялық түсіру әуеде ұшып жүріп жер бетін аэрофотоаппаратпен суретке түсіру арқылы жоспармен карта жасалады; жердегі сферефотограмметриялық түсіру — арнайы алған жерде тұрып, фототеодолит арқылы жүргізілетін жұмыстар; нивелирлеу — арнаулы аспаптардың көмегімен пункттер биіктігінің айырмасын, яғни өсім биіктігін анықтау. Өсім биіктігі арқылы пункттердің /нүктелердің/ абсолютті белгілері есептеледі.

Топография ілімінің даму тарихы


Топография-жер бетін,яғни,лның физикалық бетінің элементтерін және онда орналасқан адам әрекетінің объектілерін геометриялық тұрғыдан зерттейтін ғылым.Бұл зерттеу жұмыстарының мақсаты-топографиялық карталарды жазықтықтағы жер бедерінің егжей-тегжейлі бейнесін жасау.Топографияның негізгі шешу мәселелеріне ғылыми-практикалық мәселеріне топографиялық карталарды жасау әдістерін,оларда жер бетін бейнелеу әдістерін,ғылыми практикалық есептерді шешуде карталарды қолдану мен ережелерін жасау жатады. Топография жер бетін зерттеуде физика және экономика, географияға, ал жер бетін топографиялық түсіруде (топографиялық карта жасауда) геодезия мен картография ғылымдарына сүйенеді.


Топографиялық картаның мазмұнының толықтығы ең алдымен планның немесе картаның масштабына байланысты болады. Масштабы кішірейген сайын картаның жер беті элементтерін сұрыптау және жалпылау дәрежесі артады. Мұндай жағдайда картаға географиялық тұрғысынан маңызды деп есептелінетін жер беті элементтерін мүмкіндігінше көбірек қамту көзделеді. Картаны толық етіп құрастыруда топографиялық шартты белгілер жүйесі де маңызды рөл атқарады. Аэрофототүсірім және космотүсірім әдістерінің жылдам дамуына байланысты мензулалық түсіру өзінің бұрынғы атқаратын рөлін төмендетіп,шағын аудандағы түсіру жұмыстарында қолданылуда.Әскери істегі Топография – тактикалық және оперативтік мақсаттар үшін жергілікті жердің ерекшеліктерін зерттейтін әскери ғылым саласы. Кейінгі кезде жерді план не картаға түсірерде аэросьемка немесе аэрограмметрия деп аталатын фотографиялық сьемкалар қолданылады.
Топография алғашқы қоғамда жазу пайда болғанға дейін де пайда болды. Солтүстік Американың эскимостарынан айналадағы аралдар мен жағалаулардың орналасуы туралы сұраған саяхатшылар олардан ағаш қабығы немесе құмға сызылған карталар түрінде салыстырмалы түрде нақты сипаттамалар алды. Карталар Италияның Камоника алқабында қола дәуіріне жататын үңгір суреттері түрінде сақталған. Топографияның қызығушылық аймағына топографиялық карталардың мазмұны, оларды құрастыру және жаңарту әдістері, олардың дәлдігі мен жіктелуі мәселелері, сондай-ақ олардан аумақ туралы әртүрлі мәліметтерді алу мәселелері жатады. Біздің заманымыздың 15-18 ғасырларында геодезиялық ғылымның ерекше дамуы болды. Геодезисттердің күш-жігері меридиандар мен параллельдердің доғаларын дәл өлшеуге,ердің пішінін анықтау бағытталды. Геодезиялық жұмыстардың әдістерінің дамуы мен жетілдірілуіне математика, физика және аспаптық техника саласындағы ғылыми жетістіктер ықпал етті. Мысалы, Галилейдің телескопты ойлап табуы (1609 ж.) геодезиялық өлшемдердің дәлдігін күрт арттыруға мүмкіндік берді. 1731 жылы ағылшын Джон Хэдли октантты ойлап тапты, оның көмегімен горизонт үстіндегі шамның биіктігін қалалық штангаға қарағанда 15 есе дәл анықтауға болады. 1590 жылы Иоганн Преториус менсуланы ойлап тапты - планшеттен, штативтен және оларды біріктіретін стендтен тұратын далалық сурет үстелі. Топографияның қазіргі даму кезеңі топографиялық карталарды құруда автоматтандыру құралдарын енгізумен сипатталады.

Геодезия және топография ғылымдарының байланысы мен маңызы


Топография мен геодезия табиғат жіне қоғам туралы ғылымдармен тығыз байланыста дамиды және картографиямен де байланысы аса маңызды.


Өйткені,картография-картографиялық бейнелеу арқылы табиғаттағы,қоғамдағы құбылыстарды көрсетеді,ал топография мен геодезия осындай бейнелерге жатады.Геодезияның халық шаруашылығы үшін маңыздылығы өте жоғары.Мәселен,геодезиялық өлшеулер жолдар,каналдар,жер асты құрылыстары және әуе желілері трассаларын белгілеу кезінде,пайдалы кен орындарын барлау,пайдалану кезінде қажеттілігі жоғары.Геодезия сонымен қатар,орман шаруашылығын жүргізу,жерді құрғату мен суару кезінде қолданылады. Ғарыш дәуірінің пайда болуы, Жердің жасанды серіктерінің және алыстағы планеталарға ұшырылатын ғарыш аппараттарының пайда болуы Жердің көлемі мен оның гравитациялық өрісін білмейінше мүмкін емес еді. Ай фигурасын және Күн жүйесіндегі планеталарды зерттеуге геодезия да қатысады.Әскери істерде геодезияның маңызы зор. Онсыз артиллериялық және зымырандық күштердің әрекеті мүмкін емес, өйткені зеңбірек пен зымырандардың орналасуы, нысанаға дейінгі қашықтық және олардың жердегі орны геодезиялық әдістермен анықталады. Бастапқыда «әскердің көзі» болып табылатын топографиялық карталарда түсірілген және геодезистер жасаған әскери іс-қимылдарды жүргізу, қарсы тұрған әскерлердің орналасуы және олардың төрттенуі де геодезиямен байланысты.
Топографияның ғылым мен практика үшін маңызын асыра бағалау қиын. Табиғи ортаны картаға түсіруде жер бедерінің рөлі ерекше. Ауданның барлық мәліметтерін анық жеткізетін топографиялық карталар мен жоспарларды ауданның сипаттамасы алмастыра алмайды. Топографиялық карталар далалық экспедициялық жұмыстарды жүргізу кезінде қажет және картометриялық зерттеулерді жүргізу кезінде қажет болып көрінеді. Құрылған топографиялық карталар жалпы географиялық карталарды құрастырудың негізгі материалы болып табылады. Топография мен геодезия халық шаруашылығында үлкен рөл атқарады.
Геодезиялық жұмыстардың нәтижелері арнайы журналдарға жазылады да, дала жағдайында тексеріліп, түсірілетін объектінің схемалық сызбалары жасалынады. Ол сызбаларды сұлба (абрис) деп атайды. Жер бетінің әрқилы физика -географиялық жағдайлары жүргізілетін геодезиялық өлшеулер дәлдігіне әсерін тигізеді. Сондықтан да қоршаған ортаның зиянды әсерін жою немесе әлсірету өлшеу жұмыстары кезінде пайдаланатын аспаптарды, өлшеу әдістерін және жұмыс жүргізу тәртібін дұрыс таңдауға тікелей байланысты.
.

Қорытынды


«Топография» термині көбінесе «геодезия» терминіне эквивалент ретінде қабылданады, ол грек тілінде жерді бөлу (geodaisia, ge - жер және daizo - бөліктерге бөлу, бөлу) дегенді білдіреді. Қазіргі заманғы көзқарас тұрғысынан геодезия - жердің пішіні мен өлшемін зерттеу әдістері, оның бетін карталарда бейнелеу, сонымен қатар инженерлік, экономикалық және басқа мәселелерді шешуге қажетті арнайы өлшеу әдістері туралы ғылым. Өзінің даму процесінде геодезия өзара байланысты бірқатар дербес ғылыми пәндерге – жоғары геодезия, топография, ғарыштық геодезия, фототопография және инженерлік геодезия болып бөлінді.Бұның өзі топография мен геодезия ілімдерінің өзара тығыз байланыстылығын айқындайды.


Қорытындылай келе,топография,геодезия ғылымдарының даму тарихы мен өзара байланысын деректер арқылы талдадым.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет