Негізгі алмасу Энергияның " жұмысшы" алмасуы. Кәсіп түріне қарай организмнің энергия шығыны



бет1/5
Дата14.09.2023
өлшемі82,72 Kb.
#107057
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Зат алмасу

Дәріс 4: Зат алмасу туралы түсінік. Қоректік заттардың маңызы мен олардың нормалары. Энергиялық баланс.Негізгі энергия алмасу жайлы түсінік пен жұмыс түріне қарай жұмсалған энергия түрлері.

Жоспары:

  • Заттар мен энергия алмасу туралы жалпы түсінік
  • Негізгі алмасу
  • Энергияның " жұмысшы" алмасуы. Кәсіп түріне қарай организмнің энергия шығыны.
  • Энергия алмасуын зерттеу әдістері
  • Зат алмасу реттелуі. Азот тепе-теңдігі.
  • Тамақтану. Қоректік заттардың маңызы мен физиологиялық нормалары

Заттар мен энергия алмасуы туралы жалпы түсінік
Заттар мен энергия алмасуы – заттар мен энергияның адам организмінде өзгеруі жүретін физикалық, химиялық және физиологиялық үрдістердің жиынтығы.
Зат алмасуының 4 кезеңі бар:
  • Қоректік заттардың ішек-қарындағы гидролизі – қоректік заттардың ферменттік ыдырауы.
  • Гидролиз өнімдерінің қанға және лимфаға сіңуі.
  • Қоректік заттар мен О2 жасушаларға тасымалдануы – заттар мен энергияның жасуша ішілік алмасуы.
  • Заттар алмасуының соңғы өнімдерінің сыртқа шығарылуы.

Заттар мен энергия алмасуында өзара байланысты екі үрдіс ажыратылады: анаболизм (ассимиляция) және катаболизм (диссимиляция).
Заттар алмасуы барысында энергия өзгеріп отырады: аспен түскен күрделі органикалық қосылыстардың потенциалдық энергиясы механикалық, электрлік, жылу энергияларына айналады.
Сау организмде энергия түзілуі мен энергия шығыны арасында тепе-теңдік сақталады (энергияның сақталу заңына бағынады)
Биологиялық тотығу үрдісінде босап шыққан энергияның жұмсалу жолдары:
  • АТФ синтезі
  • Механикалық жұмыс
  • Химиялық синтез
  • Заттардың тасымалдануы
  • Электрлік жұмыс (МП, ӘП)
  • Дене температурасын сақтау
  • Организмнің тіршілігін, өсуін және дамуын қамтамасыз ету.

  • Организмде түзілген энергия жылу бірлігі – калория немесе кджоуль (СИ жүйесі) түрінде көрсетіледі

Организмде тотыққандағы қоректік заттардың калориялық коэффициенті

1 г белок

4,1 ккал

17,17 кДж

1 г май

9,3 ккал

38,94 кДж

1 г көмірсу

4,1 ккал

17,17 кДж



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет