Негізгі құралдардың есебі және аудитін жетілдіру



бет1/6
Дата05.04.2023
өлшемі103,93 Kb.
#79554
  1   2   3   4   5   6

9 дәріс тақырыбы: Негізгі құралдар есебі

Бухгалтерлік есептілікте негізгі құралдар туралы ашылуға тиіс ақпарат


Ашылып көрсетілуі тиіс негізгі құралдар туралы ақпарат
Негізгі топтар бойынша негізгі құралдарды қолданудың пайдары мерзімі
Негізгі топтар бойынша амортизация есептеу әдісі
Ақшалай емес қаражаттармен міндеттемелердің орындалуын (төленуін) қарастыратын келісімшарттар бойынша негізгі құралдарды бағалау әдістері
Негізгі құралдардың негізгі топтары бойынша (есептік мерзімнің басына және аяғына) есептелген амортизацияның бастапқы құны мен сомасы
Есептік мерзім ішінде негізгі құралдардың қозғалысы (негізгі топтар бойынша)
Жалға берілген және алынған негізгі құралдар объектілерінің тізімі
Өтелуге жатпайтын негізгі құралдар объектісінің тізімі
Мемлекеттік тіркеу үдерісінде нақты қолданылатын және эксплуатацияға алынған жылжымайтын мүлік объектілері
  • Негізгі құралдар- материалдық активтер олар: 1) компания немесе қорларды жабдықтау және қызмет атқару үшін, басқа компанияларға жалға беру үшін немесе әкімшілік мақсаттар үшін қолданылатын; 2) әрбір кезеңнен астам уақыт ішінде қолданылуды болжайды.
  • Негізгі құралдардың есебінде 4 ең маңызды әрекеттері бар: - негізгі құралдардың алынған мерзімдегі тіркелген сомасы; - негізгі құралдардың пайдалану мерзімінде есептейтін тозу ставкасы; - қабылдап алынғаннан кейін негізгі құралдардың өзгеріп отырған құндары шоттарда қалай көрсетілетінділігі; - негізгі құралдардың шығарылынуындағы тіркелуі.
  • Негіізгі құралдар дегеніміз - ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) материалды өндіріс саласында да, өндірістік емес салада да еңбек құралы ретінде іс-әрекет ететін материалдық активтер.

Негізгі құралдар ХҚЕС №16 «Жылжымайтын мүлік, ғимараттар және жабдықтар» сәйкес жіктеледі:

  • Негізгі құралдар ХҚЕС №16 «Жылжымайтын мүлік, ғимараттар және жабдықтар» сәйкес жіктеледі:
  • салалар бойынша: 1) өндірістік – бұл өндірістік процеске тікелей қатысатын немесе өндірістің негізін құрайтын негізгі құралдар. 2) өндірістік емес – бұл тұтыну мақсатындағы негізгі құралдар.
  • пайдалану бағыты бойынша түрлер мен түр топтарына: 1) Жер- субъектінің меншік құқығымен алынған жерінің саны мен бағасы. 2) Үйлер- еңбек етуге, тұруға, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету және қорларды сақтауға жағдай жасау үшін белгіленген архитектуралық-құрылыс объектілері. Әрбір жеке тұрған үй түгендеу объектісі болып саналады. 3) Ғимараттар- іс-қызмет аясын атқару жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған инженерлік-құрылыстық объектілер. 4) Машиналар мен жабдықтар- әрбір машина егер ол басқа мүліктік объектінің бөлігі болмаса, құрамындағы тетік, құрал-аспаптармен, қоршаулармен, тірек-тұғырымен мүліктік объект болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет