Тақырыбы: Тіл білімінің синтаксис саласы,оның зерттеу обьектілері



Дата28.04.2023
өлшемі18,86 Kb.
#87647

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Филология факультеті
Қазақ филологиясы кафедрасы

ОБӨЖ
Тақырыбы: Тіл білімінің синтаксис саласы,оның зерттеу обьектілері.

Орындаған: Елемесова А.Қ.
Тексерген: Айтпенбетова А.Қ.

Ақтөбе,2023 ж.


Синтаксис – қазір күрделі ғылым саласы. Оның объектілері сөз, сөз тіркесі әртүрлі салада зерттеліп, қаралып келеді. Сонымен, жоғарыдағы айтылғандарға сәйкес, синтаксистің зерттелетін объектілері үшеу, соған сәйкес, синтаксистің үш бөлімі бар.
І. Сөз тұлғасының синтаксисі
ІІ. Сөз тіркестерінің синтаксисі
ІІІ. Сөйлем синтаксисі
ІV. Мәтін синтаксисі
Сөз тіркесінің синтаксисі жеке сөздердің синтаксистік қасиетін зерттейді, сөздердің бір-бірімен тіркесу кесінділігінің ережелерін анықтайды.
Сөз тіркесінің синтаксисі – жалпы тілдік жүйеде лексика-морфологиялық деңгейден синтаксистік деңгейде әртүрлі аралық өткермелі саты.
Сөйлем синтаксисі – жалпы тілдік жүйеде сапалық жағынан жаңа саты. Ол тілдің мәнін, коммуникативтік – функционалдық маңыздылығын анықтап береді.
Мәтін синтаксисі.
Хабарлардың бірлік тұлғасы болғанымен, сөйлем тілде кіші, жеке буын ретінде ғана мәнді. Ол құрылымдық жағынан да, мағыналық жағынан да пікір олардың (коммуникация) жалпы міндеттеріне бағынады. Яғни өзінің ерекшелігіне тек басқа буындармен (сөйлемдермен) байланысу арқылы ғана ие болады.
Сонымен, мәтін синтаксисі жеке сөйлемдерден ірі, өзіндік құрылымдық ереже-заңдары бар тұлға бірліктерді зерттейді.
Жоғарыда айтылған синтаксистің тұлға-бірліктері (сөз тұлғасы, сөз тіркесі, сөйлем, мәтін) өзара байланысты, шарттас тұлғалар.
Жалпы алғанда, синтаксистің зерттеу объектісі – сөздердің байланысы, сөз тіркесі, сөздердің тіркесу амал-тәсілдері, түрлері, сөйлем, сөйлемді құру тәсілдері, түрлері, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі, сөйлемдердің ірі бірліктерге бірігу тәсілдері мен жолдары, ондағы жеке сөйлемдердің бір-бірімен қарым-қатынасы т.б. мәселелер.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет