Неке және отбасы: Қазақ қоғамындағы ажырасудың салдары



Дата24.10.2022
өлшемі16,59 Kb.
#45213
Байланысты:
мақала (копия)


Неке және отбасы:
Қазақ қоғамындағы ажырасудың салдары.


Заман дамып, өзгерген сайын адамдардың, жалпы қоғамның көзқарасы мен құндылықтарға деген қарым-қатынасы ӨЗГЕРЕДІ. Бұл-бұлтартпас шындық, факті. Себебі заманға сай адам психологиясы өзгереді, бір қалыпта тұрмайды. «Адам өзгермейді дегеннің тілін кесем» деген емес па еді хәкім Абай?


Демек, адамның қарым-қатынасқа деген көзқарасы өзгереді. Ал біздің менталитетімізге отбасы құндылықтарын бірінші орынға қою, отбасы ұйытқысын сақтау сынды нәрселер сіңіп, ата-баба дәстүрі мен салты бойынша «ажырасу» ұғымы – табу-ға айналған. Осыдан біраз жыл бұрын ажырасуға бару – үлкен күнә, қылмыс, яки болмаса ерсі қылық ретінде қабылданды. Гендерлік құқық заңнамасы қабылданған соң, әйелдер құқығы қоғамда айқын көрініс таба бастағаннан кейін ажырасу фактісі де көптеп тіркеле бастаған. Оның себебі- әйелдердің өз-өздерін қамтамасыз ете алатындай дәрежеге жетуі.
Ажырасу- әлеуметтік проблемаға айналып, енді қоғамда қалыпты жағдай ретінде қабылдана бастады. Кез-келген проблеманың ушығуы, шиеленісуі-қоғамда оған деген қалыпты көзқарастың тууына әкелетіні сияқты ажырасу да осындай деңгейге жетті.


Ажырасу стресс, қайғы деңгейіне байланысты өлімнен кейін бірінші орында тұр. Бұл ауыр әрі қиын, өмірдің қысқаруына әкелетін үлкен өмірлік тәжірибе.


Қазір отбасын құрудың патриархалдық моделіне қарағанда екі жақтың теңдігіне құрылған үлгідегі жанұялар көбеюде.


Бұл өз кезегінде әрбір адамның серігін, жарын өз еркінше таңдауға мүмкіндік береді. Алайда таңдау кеңістігі кеңейгенмен де отбасы беріктігі нығайып жатқаны шамалы. Оны еліміздің статистикасынан көруге болады. Мәселен, 2015 жылы Қазақстанда заңды тіркелген неке 148 769-ды құраған. 2016 жылдың қаңтар-сәуір айында 39 682 неке заңдастырылған. Неке қию 4,6% төмендеген. Осы жылдың қаңтар-сәуір айында 16 338 ажырасу фактісі тіркелген.


Қазақстанда ажырасу ең көп тіркелетін аймақтарға Павлодар облысы (53%), Қостанай облысы (51%), Солтүстік Қазақстан облысы (50%) жатады. Ал ажырасу аз тіркелген аймақ ОҚО екен.


Бүкіл әлемде ресми, заңды некеге тұруға қызығушылық азайып бара жатқанын байқауға болады. Әсіресе, Еуропада заңсыз некеден туған бала коэфиценті өскен. Себебі көпшілігі «азаматтық некеде» тұрады.
Ал енді ажырасудың себептері. Негізгі мәселе – осы ажырасу факторын болдыртпау. Қарым-қатынасты осы шарықтау шегіне дейін алып келмеу. Себебі, не дегенмен де, ажырасу- отбасының ойрандалуы, ал арада бала болса тағдырдың бұзылуы. Ажырасуды болдыртпау үшін ең бірінші, оның орын алу себептерін анықтау керек. Шын мәнінде -себеп өте көп. Әркімнің жеке тағдыры бар, проблемалары әр түрлі. Бірақ сауалнама нәтижелері көрсеткендей ажырасудың басты себептері мыналар:


Тұрмыстық зомбылық;
Ер не әйелдің ішімдікке салынуы;
Ер не әйелдің есірткіге салынуы;
Күйеуі не әйелі жұмыссыз;
Жұбайлардың өмірге деген көзқарастары сәйкес келмеуі;
Күйеуі не әйелі некеге дейін бірін-бірі ұнатпаған, некеден кейін де ұната алмаған;
Көзге шөп салу;
Материалдық қиындықтар;
Бедеулік;
Осымен қорытындылай кетсек, Ажырасуды мүлдем болдыртпау, оған заңды тұрғыда тоқтау қою мүлдем дұрыс емес әрі мүмкін де емес. Алайда оған міндетті түрде тоқтау қажет. Және оған тоқтау бар. Себебі, шын мәнінде ажырасу- бұл өз әдеттерімізден айырылудан, серігіміз үшін өзгеруден бас тарту. Әдеттен арылуға болады. Ол үшін тек мықты күш-жігер керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет