No1 ДӘріс кіріспе. Топырақтану ғылымының даму тарихы


Топырақтанудың қазіргі күйі мен мақсаты



бет4/4
Дата25.01.2023
өлшемі138.38 Kb.
#62793
түріҚұрамы
1   2   3   4

Топырақтанудың қазіргі күйі мен мақсаты

  • Бұрынғы КСРО топырақтанушылары шынымен терориялық про- блемаларды дамыту жəне практикалық мəселелерді (Топырақты тиімді пайдалану жəне оның құнарлығын көтеру) шешуде көптеген еңбек сіңірді, олардың халықаралық қатынасында кеңіді. Орыс ғалымдары көптеген Азия мен шығыс Еуропа елдері Топырақтан зерттеуді аталған орыс ғалымдарымен қатар, ҚР-ның топырағын зерттеуге А. Безсонов, А. Мухля, И. Герасим, С. Соколов, М. Глазов- ская, В. Боровский, П. Грабаров, М. Руубинштейн, т.б. үлес қосты. 1974 ж. Мəскеуде топырақтанушылардың Х халықаралық конгресі өтті, оған оқулықтың бірінші авторы да қатысты.

Топырақтану ғылымының алдына қойған жауапты мақ- саттары:

  • – Топырақ ғылымының табыстарын тыңайтқыштар жүйесін құруға, агротехнологияға, суармалы жəне құрғату мелиорациясын тиімді пайдалану;
  • – ТМД-ның жер қорын тиімді пайдалану, басқа шаруашылық мақсатына құнарлы топырақты пайдалануға шек қою;
  • – Топырақ құнарлығын жəне егіншілік мəдениетін көтеруге ғылыми негізделген агромелиоративтік шараларды қолдану;
  • – Топырақты эрозиядан, сортанданудан, бұзылу мен ластанудан қорғау;
  • – Теориялық зерттеулерді тереңдетіп, топырақ құралу процестерін реттеу жəне оларды басқару;
  • – Нарық жағдайында жерді пайдалануды реттеу, жер кадастрын түзу;
  • – Жеке жер иеленушілерге өз үлесіндегі топырақ құнарлығын сақтап көтеруге көмектесу.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  • 1. Топырақтанудың экология ғылымымен байланысын айтыңыз.
  • 2. Топырақтану ғылымы жəне оның даму тарихы.
  • 3. Топырақтану ғылымының Қазақстанда дамуы.
  • 4. Топырақтану ғылымының ғылымдар жүйесіндегі орны.
  • 5. Топырақтың биосферадағы жəне адам өміріндегі орны мен рөлі қандай?
  • 6. Топырақтың анықтамасын бер. Топырақтың қалыптасып, да- муы үшін уақыттың қандай маңызы бар?
  • 7. Неліктен докучаевтік топырақтану генетикалық деп аталады?
  • 8. Орыстың, қазақтың ұлттық топырақтану ғылыми мектебінің көрнекті өкілдерін ата.
  • 9. Топырақтың географиялық қабықта атқаратын функциялары, маңызы.
  • 10. Қазақстанда топырақтану ғылымының негізінің қалануы кімнің есімімен тікелей байланысты?
  • 11. Қара топырақтың пайда болуы жөніндегі алғашқы дұрыс бол- жам айтқан орыстың ұлы ғалымы кім?
  • 12. Генетикалық яғни, «Генезис» деген түсінік не мағына береді?
  • 13. Ө. Оспанов қай жылы геология-минералогия ғылымдарының кандидаты дəрежесін алды?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет