Б.МАЙЛИНАТЫНДАҒЫ№52МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ ЖЕТІСТІКТЕРІНІҢ МОНИТОРИНГІ (9-сыныпбілімалушыларынабиологияпәнінентестжинағы)
Нұр-Сұлтан, 2022 ж.
«№72 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК әдістемелік бірлестігінің отырысында қаралды, қалалық Сараптамалық комиссия кеңесіне ұсынылды 2022 жылғы 26 тамыз №1хаттама.
Б.Майлин атындағы №52 мектеп-гимназия әдістемелік бірлестігінің отырысында қаралды, қалалық Сараптамалық комиссия кеңесіне ұсынылды 2022 жылғы 29 тамыз №1хаттама.
Рецензенттер:
Көкшетау қаласы, Ш.Уәлиханов атындағы КУ биология және оқыту әдістемесі кафедра меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты Ш.Н.Дурмекбаева.
Нұр-Сұлтан қаласы, №72 мектеп-лицейінің химия-биология пәні мұғалімі педагог-шебер Кожахметова Л.Ж
Құрастырушылар:
Әуезбай Ж.Қ №72 мектеп-лицейінің биология пәні мұғалімі педагог-сарапшы. Нұр-Сұлтан қ., 2022 жыл.
Ахметова Қ.А Б.Майлин атындағы №52 мектеп- гимазиясының биология пәні мұғалімі, педагог- зерттеуші.
Нұр-Сұлтан қ., 2022, 72 бет.
Аңдатпа
«Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі» тақырыбындағы тест жинағы 9 сынып білім алушыларға арналған. Негізгі оқу мазмұны 7-8-9-ші сыныптарда меңгеретін бөлімдермен тығыз байланысты. Тест жинағында берілген тест тапсырмаларының мазмұны Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сай, жалпы орта білім берудің оқу бағдарламасына негізделген. Тест жинағында биология пәні бойынша 1 нұсқада 2 контекст 8 сұрақтан тұратын тест тапсырмалары қарастырылған.
Мазмұны
Кіріспе 3
Тест 5
Тест жауаптары 71
Пайдаланған әдебиеттер 72
Кіріспе
Қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу ҚР Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 5 мамырдаңы №204 бұйрығы мен ҚР Әділет министрлігінде 2021 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5- бабының 12 тармақшасына сәйкес:1-қосымшаға сәйкес білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидалары бекітілген. Тест тапсырмаларының мазмұны Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сай, жалпы орта білім берудің оқу бағдарламасының мақсаттарына сәйкес негізделген.
9-сынып оқушыларына арналған тесттің құрылымы: Жаратылыстану- ғылыми сауаттылық (физика, химия, биология, география), биология пәні бойынша 1 нұсқада 2 контекст негізінде 8 тест тапсырмасы.
Биология пәнінде бір дұрыс жауапты таңдайтын сұрақтар енгізілген. Бұл білім деңгейін толық және терең бағалайтын ой қорытуды, салыстыруды қажет ететін тапсырмалар. Бұл ең алдымен педагогтерге және оқушыларға әдістемелік көмек, жаңа форматтағы тестке дайындалуға бағытталады.