нұСҚа тапсырма А. Ферменттер белсенділігіне әсер етуші факторларды жазыңыз [2]



Дата10.02.2023
өлшемі63,94 Kb.
#66911
Байланысты:
10-сынып ТЖБ 2 1-нұсқа



Аты-жөні:___________________________________________________ Сынып: 10 ____
Жиыны 30 балл
1-НҰСҚА
Тапсырма 1
А. Ферменттер белсенділігіне әсер етуші факторларды жазыңыз [2]: _________________________
В. Ферменттер белсенділігіне рН әсеріне сай жазып, сызбаны толықтырыңыз [1]


С. Биологиялық диктант [3] :
Ферменттер белсенділігіне әсер етуші факторларды _______________ деп атайды. Бұл катализдік процесстерді тежейтін қосылыстар - _______________ немесе осы процессті жылдамдататын заттар - _______________ болуы мүмкін.
Тапсырма 2
А. Тыныс алу мүшелерінен организм ұлпаларына оттек тасымалдайтын пигмент [1]

  1. гемоглобин b. миоглобин c. альбумин d. дофамин

В. Суббірліктеріне сай миоглобиннің оттекпен қосылу химиялық формуласын жазып, реакцияны теңестіріңіз: [3]
____________________________________________________________________________________
С. Миоглобиннің оттекпен қосылғандағы соңғы өнім атауын жазыңыз [1]_____________________
Тапсырма 3
А. Сұрақтарға жауап беріңіз [3]:
Бір АТФ молекуласының фосфат топтары арасындағы байланыс бөлінетін энергия? _________
Жасуша тыныс алуының оттексіз тыныс алуы қалай аталады? ____________________________
Оттекті тыныс алуда соңғы өнім ретінде бөлінетін АТФ мөлшері қанша? __________________

В. Биологиялық диктант [3]:

АТФ-тың кәдімгі нуклетоидтен айырмашылығы онда фосфор қышқылының бір қалдығының орнына ____ қалдығы болады. Фосфор қалдықтарының арасында _______________ байланыстар жинақталған, олар үзілгенде _______________ босап шығады.


С. АТФ молекуласы мен су молекуласы қосылып, энергия босап шығатын реакция қалай аталады, химиялық формуласын жазыңыз. [3]:

____________________________________________________________________________

Тапсырма 4
А. Анықтамасын жазыңыз [1]:
Метаболизм:________________________________________________________________________
В. Зат алмасудың қандай кезеңдері бар? [3]:
_____________________
_____________________
_____________________
С. Биологиялық диктант [2]:
Күрделі молекулалардың жай молекулаларға ыдырау реакцияларының жиынтығы _______________
немесе ___________________________ деп аталады.

Тапсырма 5
А. Зәр түзілу механизмі неше кезеңнен тұрады? [1]
a. 2 b. 3 c. 4 d. 5 e.6
В. Ішінде капиллярлар шумағы бар капсуланы және бүйрек өзекшесін қосып атайды [1]:
a. Нефрон b. Нефрит c. Цистит d. Анаферон

Тапсырма 6
А. Сөйлемді толықтырыңыз [1]:
Су алмасуды реттеу жүйесінде орталық буынға жатады - ___________________________
В. Анықтамасын жазыңыз [1]:
Афференттік буын -__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет