Қоқан-орыс әскерлерінің арасындағы ірі шайқас 1860 жылы 19-21 қазанда Ұзынағаш түбінде және Қарақастек өзені бойында өтті. Үш күнге созылған соғыс тарихта «Ұзынағаш шайқасы» деген атпен қалды



Дата30.11.2023
өлшемі17,49 Kb.
#131351
Байланысты:
тарих жауап


46 сұраққа жауап

Қоқан-орыс әскерлерінің арасындағы ірі шайқас 1860 жылы 19-21 қазанда Ұзынағаш түбінде және Қарақастек өзені бойында өтті. Үш күнге созылған соғыс тарихта «Ұзынағаш шайқасы» деген атпен қалды.


1860 жылы тамыз айында Циммерман отряды Шу бойындағы қоқандықтардың екі бірдей Тоқмақ және Пішпек бекіністерін талқандап кетеді. Бұл оқиға 28-30 тамыз күндері аралығында Қоқан ханы Мәллебекке де келіп жетеді. Бұған жауап ретінде қоқан ханы шұғыл түрде Шу өңіріне қарай Қанағатшаhтың басшылығымен жасақталған 2000 әскерді аттандырады. Ол әскердің негізгі бөлігі Ташкент маңындағы құрама руынан құралған болатын. Қоқан хандығының орталығынан ұзақ шақырымдық қашықтықты жылдам енсеріп келген Қанағатшаh әскері Пішпек бекінісінен бұрын, алдымен Талас аймағында орналасқан Әулиеата бекінісіне келіп тоқтайды. Деректерде бұл жөнінде былай жазылған: «Пішпек талқандалғаннан көп кейін, қыркүйектің ортасына қарай Әулиеатаға ташкенттіктер мен құрама руынан құралған 10-15 мындай сарбаздар мен 600 жалдамалы парсылық әскерлерді алып, 24 зеңбірегімен Қанағатшаh бастаған, араларында Нұрмұхамед күшбегі, Әндіжаннан қырғыз Әлімбек датқа, Ниязқұл пансат, Керімқұл пансат, Шанышқылы Молда Қожық, Сыздық төре Кенесарыұлы, Ахмет Кенесарыұлы және тағы басқа бар қол жетеді. Қоқан әскері суыт жүріп, 2-3 күнде Шымкентке жетіп, 2 күн ат суытқан соң, 6 күн жүріп Әулиеатаға келеді, онда 6 күн демалып, тағы 6 күннен кейін Пішпекке жетіп жығылады, бұл жерде де 6 күн әзірлік жасап, жолға шығады.
Осы соғысқа дайындық барысындағы барлық ауыртпалықты Талас және Шу аумағында қоныс тепкен Ұлы жүздің билері мен байлары көтерді. Мысалы мұрағат құжаттарында «Қасқарау елінің биі әрі батыры Керім Майлыбайұлы қоқан әскеріне өзінің 310 жылқысын көлік ретінде және 1000 қойды азыққа берген болса, ал Жаныс руының қазағы Әлдекен есімді бай өзінің жеке қаражатымен бірнеше қазақ сарбазын қару-жарақпен және қажетті заттармен қамтамасыз еткен» - деп көрсетілді. Әулиеата бекінісінен Қанағатшаhтың басшылығымен шыққан қоқан әскері Шу өзеніне жеткен кезде оларға Шапырашты Сұраншы батыр өзінің 300 сарбазымен келіп қосылады. Сөйтіп Қанағатшаh бастаған әскер Қастек бекінісіне қарай аттанады.
Бұл шайқасқа патшаәскерлері де қатты әзірленді. 1860 жылдың 18 қазанында Қастекте 4 рота, 4 казак жүздігі, 3 ауыр зеңбірек, 4 жеңіл зеңбірек, Саурық қорғанында 1 рота және ракетті станок, Ұзынағашта 1 рота 1 казак жүздігі және 2 жеңіл зеңбірек, Қаскелеңде казактардың ½ жүздігі, Алматыда 2 рота және казактардың 1 ½ жүздігі, Іле бекінісінде 1 рота 1 казак жүздігі және 2 зеңбірек болған. Шайқас кезінде орыс артиллериясын штабс-капитан Обух, басқарса, ракеталық станоктар поручик Вроченскийге тапсырылады. Ал майор Экеблад Қастектегі алдыңғы отрядқа басшылық жасады.
Ұзынағаш түбіндегі шайқас барысында патша әскері жасырынып жатып, ал қоқандық жасақтар аттың үстінде жүріп соғысқан. Сондықтан да орыс әскерінің артилериясы шайқаста шешуші рөл атқарған болатын. Осы шайқасқа қатысқан қазақтар жанкешті ерлік көрсетті. Қазақ-қырғыз қолын Сыпатай батыр, Сыздық төре, Керім батыр, Диқанбай батыр, Қырбас батыр, Сұраншы батыр, Байсейіт батыр, Шаян батыр, Арыстан батыр, Ақмолда батыр, Жантай манап, Байзақ, Батырбек, Момынбек, Қожабек датқалар бастап шығады.
Ұзынағаш шайқасы аяқталғаннан кейін Колпаковский үкімет орындарына қазақтарға қатысты былайша мәлімет берген болатын: «1860 жылдың қазанында қоқандықтар үндеу хаттар арқылы орыстарға қарсы бүкіл Орданы (біздің батыс жағымызда көшіп жүрген) қарсы қоя білді, шапыраштыдан прапорщик Сұраншы және Андас, ботбайдан белгілі би, прапорщик Диқанбай, қасқараулық қазақ батыры Шаян, қасқараулық би Керім және басқа да ықпалды адамдар қоқандықтар жағында шайқасты».
Қоқан-орыс әскерлерінің арасындағы үш күнге созылған кескілескен шайқас қоқандықтардың жеңілісімен аяқталады. 1872 жылы П. Пичугин Ұзынағаш шайқасына қатысты мынандай баға берді: «Қоқандықтар бұл шайқаста біржола жеңілген жоқ, тек олардың алғашқы аптығы басылды, көп шығыннан кейін қайта шабуылға шығуға батпады да, шегіну арқылы өздерінің жеңлігендігін білдірді». Осылайша Жетісу өлкесінде 1860 жылдан бастап орыс ықпалы біржола орнады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет