"Қоғам – өмірдің айнасы"



Дата18.04.2023
өлшемі19,23 Kb.
#83818

Қоғамдағы көкейтесті мәселе болып, өзек жарды проблемаға айналып отырған сыбайлас жемқорлық – ел ішіне білінбей кірген індет секілді. Баяулап, қадамын ақырын басып, анықтыққа жетелейін деді де. Ал біздің осы жауға қарсы қолданар қаруымыз – қоғам. "Қоғам – өмірдің айнасы" дейміз ғой. Айналамыз таза болса, өзіміздің әсемдігіміз еріксіз байқалады. Сондықтан да қоғам қарсы болса, жай емес, тегіс қарсы болғанда ғана бұл індетті жоймақпыз. Бұл індетті жою міндет бізге. Жемқорлық қоғамға ғана залалын тигізіп қоймайды. Сенің өміріңді құрдымға жіберер кесапат. Қоғамдағы болып жатқан әр түрлі көрініс болсын, соның бір картинасы жемқорлық деп елестетуге болады. Ішінара тармақтарға да бөлініп кеткен. Білім саласындағы жемқорлық, құқық саласындағы жемқорлық тағысын-тағы. Құқық бұзу. Оның ішінде аталмыш жемқорлыққа да қатысы бар. Мінеки, басқаларға осы үлгі болуы қажет секілді. Кінәлі адамдардың қылмысын әшкере ету де жемқорлықтың алдын алу болып табылады. Бұл шағым сіздің жемқорлықпен күресуіңіздің куәгеріндей. Әрі сіздің азаматтық тұлғалық міндетіңіз. Заңда көрсетілген жемқорлық жайлы фактілерді оқи отырып, түбегейлі танысып көргеніміз артық болмаса, кемдік емес.
Өркениетті дамытқысы келетін, ортасын құрметтейтін әр азаамат мемлекеттің ішіндегі тәртіпті белгілі бір жүйеге келтіруге, ел ішіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүдделі. Әрі ол кісінің басты парызы. Ауқымы жылдан-жылға ұлғайып, қоғаммен бірге өркендеп, етек жайып, етене сіңісіп келе жатқан бұл кеселдің тереңнен құлаш жаймауына өз үлесімізді қосуымыз, тосқауыл болуымыз зор міндеттердің бірі. Біздің мемлекетіміздің кемістігі осы қоғамды шарпып жатқан кеселдер болса керек. Өкінішке орай, есімі аталатын бұл кеселдің белең алуы кәдуілгі мемлекеттегі ішкі бүлік секілді көрінетіндей.
Қазіргі таңдағы қарастырылатын, қарастырылуы керек, қарастырылар үлкен жүйелі мәселеге айналып отырған дауасыз дерт. Сондықтан біртұтас қоғам ретінде біз де жүйелі жауап қатуымыз құба-құп. Айтылып жатқан бұл кеселден қашық болуымыз шарт. Елдің, халықтың күйреуіне әкелетін, мемлекет беделіне дақты түсіретін осы кеселді жою үшін бес-алты ай жеткіліксіз. Оған көп уақыт талап етіледі. Түп қазығын балтамен шауып тастайтындай әрекет жасауымыз да қағида. Жемқорлық ішінара дамуды тежейтін теория. Түбі жоқ терең шыңырау десек те болады. Жемқорлықтың көріністерін атап айтар болсақ, қоғамдағы пара алу не ұрлау, қызметтік жағдайды асыра пайдалану проблемалары. Мұндай жағдайларды бей-жай қалдырмау қажет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жұрт болып жұмыла қарсы тұру қажет. Насихаттау ісі де ұшан-теңіз септігін тигізеді. "Бастаушы болса қостаушы бар". Бұрыннан ізашары ашып берген бұл бастамамен күресудің ізбасары болып үлес қосайық. "Ұры – қарының серігі" дегендей, "Жемқорлық – сыбайластың серігі". Әлбетте, бірлесіп жасалатын бұл қылмысқа тосқауыл болуымыз құба-құп. Сондықтан қоғамның басты ескеретіні ұсыныс жасаушылық тарапы болса, бас тарту ісін құптауы тиіс.
Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Ең бастысы – адамдардың қоғамның демократиялық негізіне деген сеніміне, заң мен әділдікке деген сеніміне, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне кері әсер ететіні хақ. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа Жолдауында: Аса маңызды міндет – сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны қалыптастыру және іске асыруды жалғастыру» делінген.
Демократиялық институттар мен құндылықтар сыбайлас жемқорлықтың көріністерімен, сондай-ақ одан туындайтын қоғамның тұрақты және қауіпсіз дамуына қатер төндіретін түйткілді мәселелермен сыйыспайтыны анық. Тиісінше Қазақстанда іске асырылып жатқан демократиялық қайта құрулар сыбайлас жемқорлықтың барлық көріністеріне қарсы күресте жүйелі жұмыс істеуі мүмкін емес.
Жемқорлықпен күрес бүгінде елімізде мемлекеттік маңызы бар түйткілді мәселеге айналып отырғандығы шындық. Елдің ертеңі үшін, болашақ келер ұрпақ алдында еңсеміздің бек көтеріліп жүру үшін, жемқорлық індетімен белсене күресіп, түп-тамырымен жою қажет. Бұл – індет адамзат баласына жат қасиет. Кеңестік дәуірден бастау алған, жең ұшынан жалғасын табатын, көз қысты, бармақ басты әдеті әлі болса қылаң беріп келеді. Бұл дерт еліміздің дамуына, экономиканың өркендеп өсуіне өрескел кедергі келтіретіні даусыз.
Мемлекеттік сатып алу, мемлекет қаржысын талан-тараж етіп, ысырап қылу, жер телімін заңсыз беру, дүние-мүлкін, ақша капиталын салық декларациясынан, яғни мемлекеттен жасырып қалу сияқты мемлекет қалтасына қауіп төндіретін жат қылықтар әлі де баршылық.
Қазіргі таңда мемлекет тарапынан жемқорлыққа қарсы күрес мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Жарлығы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның жолын кесуге бағытталған іс-қимылдарды жарқын болашаққа бастайтын зор қадам екенін айтуға болады.
Осы құжаттар азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден республикамыздың ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, заңның негізінде мемлекеттік міндеттер атқаруға уәкілетті адамдар мен оларға теңестірілген адамдар жауапты болатындығы көрсетілген.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жуықта «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Ұлт Жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласында сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесіне ерекше мән берді. «Қазір қазақстандық мемлекеттік қызметті дамытудың жаңа кезеңі бастау алды.
Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы және ұйымдасқан қылмысқа қарсы кұрес шаралары күшейтіліп келе жатқандығын айта кету керек. Соның ішінде Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» арнайы Заңдар қабылданды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес арнайы дайыңдалған Мемлекеттік бағдарлама негізінде жүзеге асырылады. Жоғарыда айтылған екі заңда әлеуметтік-құқықтық бақылауға көп назар аударылған. Мысалы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік қызметке қабылдану кезінде азамат салық қызметі органдарына кірістері және өзінің жеке меншік құқығына жататын, салық салу объектісі болып табылатын мүлігі туралы мәлімет ұсынуы тиіс. Көрсетілген заңда мемлекеттік қызметке келуге байланысты шектеулер қарастырылған. Оның негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметкерлер тарапынан болатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайларына жол бермеу.
Қызмет бабын пайдаланып, мемлекет мүлкін талан-таражға салу, ақ адал жандардың обал, сауабын аттап, имандылық қасиеттерден жұрдай болу секілді бастапқы нышандары сонау мүлік теңсіздігі пайда болған тұста-ақ қылаң берген жемқорлық сипатындағы қылмыстардың түп-тамырын қуалап келсеңіз «алаған қолым береген» деген ұстанымға саятын мұндай бақай есепшілік ертеден-ақ көптеген мемлекеттерде орнығып қалған. Мемлекетімізде тобасын ұмытып, мейманасы асқандарды тәубесіне түсіре қоятын заңымыз да бар. Заң талабында мін болмағанымен оның орындалуында олқылықтың көп екендігін, жайған торға шортандардың емес, ұсақ-түйек шабақтардың ілігетіндігін Елбасымыздың өзі де талай мәрте қадап айтып, мүдделі орындардың басшыларын ел-жұрт алдында әлденеше рет қызартқан еді...
Қоғамдағы осынау дертпен бірлесе күрессек сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстардың санын азайтып, экономикамыздың бұдан да әрі көркейе берері сөзсіз.
Қорыта айтқанда, мемлекеттік қызметкердің атына кір келтіретін әрекеттерден әркімнің де аулақ болғаны жөн. Мұндай заңбұзушылыққа қасақана барғандар қатаң жазаға да тартылады. Оларға біздің қоғамда да, арамызда да орын жоқ екенін түсінгені абзал.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет