Қоғам алдында тұрған негізгі экономикалық проблемалар



Дата05.03.2023
өлшемі49 Kb.
#71700



Қоғам алдында тұрған негізгі экономикалық проблемалар
1.Экономикалық және ғаламдық проблемалар түсінігі
2.Қоғам алдындағы проблемалардың нарықтық экономиканың дамуына әсері.
А) Экологиялық проблемалардың экономикаға әсері
Б) COVID-19 ауруының экономикаға келтірген салдары
1.Инфляция деңгейі Қазақстанда
1.2019 жылы елімізде инфляция 5,4%-ті құраған.
2.2020 жылдың қорытындысы бойынша инфляция деңгейі 7,5% болды
3.Ұлттық Банктің деректері бойынша, соңғы 4 жылда ақшаның құнсыздануы антирекорд орнатты-2021 жылғы шілдеде шамамен 8,5% болды
Қазақстанда жыл соңына қарай Инфляция 6-7% құрауы мүмкін... деді Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев
Сондай-ақ, 2022-2026 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес инфляция 2022 жылы 4-6% – ға, 2023-2024 жылдары 4-5% – ға, 2025-2026 жылдары 3-4% - ға дейін төмендейді.
2.Жұмыссыздық деңгейі Қазақстанда
1.2019жылы жұмыссыздық деңгейі 4,8% құрады,...
2.2020 жылы Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі 4,9% болды,
3.2021 жылдың тамызында жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшіне 4,9%-ды құрады – деп хабарлады
2021 жылғы тамыз айында жұмыссыздар саны бағалау бойынша 450,8 мың адамды құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2021 жылғы тамыз айының соңында 222,6 мың адамды немесе жұмыс күшіне 2,4%-ды құрады", - деп хабарлайды ҚР-ның Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі
3.ЖІӨ өсу қарқынының төмендеуі
ЖІӨ дегеніміз – мемлекет аумағында бір жылдың ішінде өнірілген тауарлар мен қызметтердің нарықтық құнын көрсететін макроэкономикалық көрсеткіш. 
ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 24 қаңтар күні өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында: «ЖІӨ өсімін 5 пайызға жеткізу үшін 2024 жылға қарай негізгі капиталға салынатын инвестиция көлемі ЖІӨ-нің 30%-ы болуы тиіс», – деген болатын.
2019ж әлемдік экономиканың өсуі бойынша Коронавирус пандемиясы аясында биыл әлемдік экономика 4,9%-ға төмендеді.
премьер-министр Асқар Мамин 2019 жылдың қорытындысы бойынша экономикалық өсім 4,5% болғанын айтты.
«2021 жылғы қаңтар-сәуірдің қорытындысы бойынша ЖІӨ өсу қарқыны өткен жылғы наурыздан бері алғаш рет 0,7%-ті құрап, оң аймаққа шықты.
4.Мемлекеттік борыштың ахуалы
1.2019 жылдың қаңтар айындағы мәлімет бойынша Қазақстан Республикасының сыртқы қарызы 158 млрд 800 млн АҚШ долларына жеткен.
2.Қазақстанның сыртқы қарызы 2020 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша 160,9 млрд долларды құрайды.- Ұлттық банк
3.Еліміздің сыртқы қарызының жалпы көлемі 01.04.2021 күнгі мәліметке сәйкес 164, 113 млрд долларға жеткен, өткен жылмен салыстырғанда, жарты жылда 2 %-ға ұлғайған. Оның ішінде 61,4 %-ы фирмааралық берешектерге тиесілі, яғни бұл – 100, 688 млрд доллар. Бұл қарыз мемлекет үшін пайдалы, себебі, тікелей инвестиция, сырттан келіп жатқан капитал. «Сондықтан бұл ақша бюджеттің немесе халықтың қаржысы есебінен төленбейді. Халықаралық әдіснамаға сәйкес,үлкен жобаларға салынған инвестициялар да елдің сыртқы қарызы болып саналады.
5.Экологиялық проблемалар
Адамның шаруашылық әрекеті табиғаттың өзгеруіне әсер ететін ерекше фактор. Сондықтан табиғатты өзгерту барысында адамзат оның кейінгі зардаптарын да ескеруі қажет. 
Семей ядролық полигоны
Семей ядролық сынақ полигонының өмірге келуі Алғашқы атомдық жарылыс дауысы 1949 жылы тамыздың 29-ы, таңғы сағат 7-де естілді
Каспий теңізінің экологиялық проблемасы
Солтүстігіне құятын Еділ өзенінде бөгендердің салынуы, мұнай кәсіпшілігінің өркендеуі теңіздің экологиялық жағдайын нашарлатты. Соңғы жылдары бұл аймақ мұнай мен газды өндірудің маңызды экономикалық ауданына айналды. Теңіз деңгейінің көтерілуіне байланысты бұл аймақ табиғи апат жағдайына ұшырады
Аралдың экологиялық проблемасы
Бұл проблеманың тууына себепші болған - адам әрекеті. Ұзақ жылдар бойы Аралға құятын ірі өзендер Әмудария мен Сырдарияның суын теңізге жеткізбей, түгелдей дерлік егістіктерді (мақта, күріш) суландыруға пайдаланылып келді Арал теңізіндегі суы тартылған бөліктің ауданы 30 мың км² жетеді. 

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет