Қоғамдағы және ұйымдағы тұлғаның әлеуметтік мәртебесі және әлеуметтік рөлі



Дата20.02.2023
өлшемі18,69 Kb.
#69647

Қоғамдағы және ұйымдағы тұлғаның әлеуметтік мәртебесі және әлеуметтік рөлі.
Адам жеке адам болып тек қоғамда, топта ғана қалыптасады. Жаңа туылған сәби индивид болып табылады. Ал, оның адам, жеке адам болып қалыптасуы кейін жүретін процесс. Алғашқы балалық шақтың өзінде индивид әр түрлі қоғамдық жүйелерге енеді. Болашақ өмірлік әрекетіне байланысты ол қалыптасып, оның жеке адам ретінде қалыптасуына септігін тигізеді. Жеке тұлғаның терең негіздері қарым -қатынас негізінде іске асады. Жеке адам қарым -қатынасқа түсе отырып, өзі өмірлік маңызды бағдарын анықтап, айналадағы күтілетін жағдайдан өз мінез-құлқын, көзқарастарын, сезімдерін, талаптарын салыстырады. Жеке адам белсенділігі оның өмірлік бағыт-бағдарынан көрінеді. Қайталанып келетін өмірлік жағдай жеке адамның әр түрлі формадағы белсенділігін көрсетеді. Топта жеке адам өз «Менін» басқа адамдармен салыстырып, өз-өзін бақылайды.




Әрбір тұлға қоғамда белгілі бір орынды иемденеді және нақты міндеттерді атқарады, ол үшін соған сәйкес оның құқықтары мен міндеттері, яғни белгілі бір әлеуметтік мәртебесі болады. Жалпы мәртебені әлеуметтік және жеке статус деп бөледі. Әлеуметтік мәртебе адамның үлкен әлеуметтік топтың өкілі ретінде (мамандық, тап, ұлт, жыныс, жас мөлшері, дін) қоғамдағы орны. Жеке мәртебе деп индивидтің шағын топтағы орнын айтады, бұл индивидті осы топ мүшелерінің (таныстары, туыстары) бағалауы мен қабылдауына байланысты болады. Таныстары мен туыстарының оны қабылдауы индивидтің жеке сапаларына орай болады. Әлеуметтік мәртебе индивидтің жағдайын жан-жақты сипаттайды: мамандығын, кәсібін, біліктілігін, нақты атқаратын жұмысының сипатын, қызмет-лауазымын, материалдық жай-күйін, саяси ықпалын, партия мен кәсіподаққа мүшелігін, іскерлік байланысын, ұлтын, дінін, жас мөлшерін, отбасылық жағдайын, туыстық байланыстарын және т.б. қамтиды. Әлеуметтік мәртебе өз кезегінде адамның дүниеге келген сәтінен белгіленген, яғни субъектіден тәуелсіз, туғаннан сақталатын мәртебе: нәсілі, жынысы, ұлты және қолжеткен, яғни индивидтің өз күшімен жеткен мәртебесі болып бөлінеді. Кейде индивидтің аралас мәртебесі де болады. Ол жоғарыда аталған мәртебелердің екі белгісінен тұрады. Әдетте бір тұлғаның өзінде бірнеше мәртебе болады. Тұлға екі немесе одан да көп әлеуметтік топтардың, институттардың, қауымдастықтардың. Ұйымдардың, т.б. субъектісі болып табылады. Мысалы, тұлға: еркек, әке, күйеу, бала, оқытушы, профессор, ғылым докторы, редколлегия мүшесі, т.б. бір адам әр түрлі адамдарға қатынасына сйәкес қарама-қарсы мәртебені де иеленеді, айталық, тұлға өзінің балалары үшін – әке, ал өзінің анасы үшін ол – ұлы болады. Бірақ сол мәртебелердің бірі адамның қоғамдағы ахуалын анықтайтын негізгі, басты мәртебе болып саналады. Мұндай мәртебе көьіне-көп негізгі жұмыс орнындағы қызметпен байланысты болады. Мысалы, ер адам үшін негізгі жұмыс орнымен анықталады: банк директоры, заңгер, жұмысшы, ал әйел адам үшін – тұрғылықты жерімен (бибі) айқындалады. Бұдан да басқа варианттары болуы мүмкін. Бұл басты мәртебенің салыстырмалы екенін көрсетеді, оның жынысқа, нәсілге немесе мамандыққа байланысты емес екендігін анық көрсетеді.
Адамның әлеуметтік жағдайы ең алдымен оның мінез-құлқына әсер етеді. Адамның әлеуметтік жағдайын біле отырып, оның бойындағы қасиеттердің көпшілігін оңай анықтауға, сондай-ақ оның жасайтын әрекеттерін болжауға болады. Адамның мұндай күтілетін мінез-құлқы оның мәртебесіне байланысты, әдетте әлеуметтік рөл деп аталады. Әлеуметтік рөл - бұл белгілі бір қоғамдағы белгілі бір мәртебедегі адамдарға сәйкес деп танылған белгілі бір мінез-құлық үлгісі.Шын мәнінде, рөл нақты жағдайда адамның қалай әрекет ету керектігін көрсететін үлгіні ұсынады. Рөлдер ресімделу дәрежесі бойынша әртүрлі: кейбіреулері өте анық анықталған, мысалы, әскери ұйымдарда, басқалары өте анық емес. Әлеуметтік рөл адамға формальды түрде де (мысалы, заңнамалық актіде) берілуі мүмкін немесе бейресми болуы мүмкін.
Кез келген жеке адам өз дәуіріндегі қоғамдық қатынастар жиынтығының көрінісі болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет