Өгіз солитерінің аралық иесі өгіз немесе сиыр. Осылардың ішегіне



Дата03.02.2023
өлшемі11,78 Kb.
#65041
Байланысты:
•9билет


•9билет
Дамуы. Адамның ішегінен нәжіспен бірге сыртқы ортаға шыққан пісіп
жетілген буындар шіріп, ішіндегі жұмыртқалары топыраққа түседі. Дамуы
үшін жұмыртқа аралық иесіне енуі қажет.
Өгіз солитерінің аралық иесі өгіз немесе сиыр. Осылардың ішегіне
түскен жұмыртқадан онкосфера деп аталатын алты ілмешегі бар ұрық
шығады. Осы ілмешектерімен онкосфера ішек қабырғасын тесіп, лимфа және
қан жүйесіне түседі. Қан тамырлары арқылы онкосфера ішкі мүшелерге
көбінесе бауырға, бұлшықеттерге, өкпеге, кейде миға жетеді. Осы мүшелерде
ұрық - онкосфера финна деп аталатын личинка сатысына айналады. Финна
бұршақ тәрізді сұйықтыққа толы көпіршік, оның ішінде төрт сорғышы бар
басы болады (66-сурет). Осыңдай личинканы цистицерк деп те атайды.
Личинка аралық иесінде бірнеше жыл өмір сүре алады. Финна ересек
формасына айналуы үшін негізгі (түпкілікті) иесі - адамның ішегіне түсуі
қажет. Финнозбен ауырған сиырдың толық қуырылмаған немесе пісірілмеген
етін жеген адамның ішегіне түскен финна басын шығарып, сорғыштары
арқылы ішекке жабысады. Көпіршігі еріп, қалған басы мойнымен бірге жедел
өсе бастайды да, мойны жаңа буындарды түзеп, денесі ұзарады.
Сонымен, Taeniarhynchys saginatus-тың тіршілік циклі иесін алмастыру
арқылы және күрделі құрылысты онкосфераның финнаға, финнаның таспа
тәрізді ересек түрге ауысуымен байланысты.
Таспа құрттардың басқа түрлерінің де тіршілік циклі иесін алмастыру
және онкосфераның финна личинкасына, финнаның ересек түріне
ауысуымен өтеді. Финнаның бірнеше формалары болады: жоғарыда
көрсетілгендей цистицерк-сұйықтыққа толы көпіршік, ішінде жиырылып
жатқан бір басы болады; ценур-сұйықтыққа толы көпіршіктің қабырғасында
бірнеше басы орналасқан, олардың әрқайсысы жеке особьқа айналады;
финнаның ерекше түрі - эхинококк, көпіршігі үлкен, ішкі қабырғасында және
көпіршіктің ішінде бірнеше басы бар көптеген көпіршіктері түзіледі;
цистицеркоид - көпіршіктің құйрық тәрізді өсіндісі болады; плероцеркоид -
құрт тәрізді личинка
2.Эукариотты жануарлардың ішіндегі клетка деңгейіндегі
организмдердің бірі - қарапайымдылар. Олар жер бетінде бірінші пайда
болып және күрделі организмдердің пайда болуына бастама берді.
Қарапайымдылардың құрылымын, даму ерекшеліктерін өзара
салыстыра отырып, олардың шығу тегі және филогенетикалық байланыстары
жөнінде бірнеше жорамал айтылған. Олардың бірі Пашер (1914). Пашердің
көзқарасы бойынша ең алғашқы пайда болған организмдер автотрофты
(бейорганикалық заттардан органикалық заттарды синтездеу) жолымен
қоректене алатын организмдер болған деген. Осындай қоректену әдісі
қарапайым жәндіктер арасында тек талшықтыларда кездеседі. Бірақ та
фотосинтезді көне замандағы қоректену түрі деп санауға болмайды.
Академик А. И. Опарин "Тіршіліктің пайда болуы" (1965) деген
гипотезасында органикалық заттар жер бетінде тірі организмдерден бұрын
пайда болған, сол себептен алғашқы организмдердің қоректенуі
гетеротрофты (дайын органикалық заттармен қоректену) жолымен өтеді деп
санаған. Бір клеткалы жәндіктер арасында қарапайым құрылысты
саркодалылар (жалғанаяқтылар) гетеротрофты жолымен қоректенеді.
Дегенмен - өте ерте кезде, қазбаларда сақталмаған, бір клеткалы,
қарапайым құрылымды, эукариотты гетеротрофты организмдердің
топтарынан қарапайымдылардың саркодалылар мен талшықтылар класы
пайда болған деген жорамал дұрыс сиякты.
Саркодалылар мен талшықтылар ерте кезде екі эволюциялық бағытта
дамыған және көптеген күрделі құрылысты қарапайымдыларды берген.
Олардың ішінде ең күрделі құрылысты кірпікшелілер класының өкілдері
болып саналады. Қозғалыс мүшелерінің, талшық пен кірпікшенің ұқсастығы
инфузория мен талшықтыларды бір-біріне жақындастырады да,
инфузориялар талшықтылардан пайда болған деген ой туғызады.
Инфузориялар көп таралып қарқынды эволюцияға ұшырап, күрделі
формаларға қарай дамыған. Кірпікшелі инфузориялардан сорғыш
инфузориялар дамыған, бұған дәлел - сорғыш инфузориялар дамыған кезінде
пайда болған жас бүршіктерінде кірпікшелерінің болуы.
Споралылардың да арғы тегі талшықтылар болуы мүмкін, өйткені
бұлардың тіршілік циклындағы ерекшеліктері де ұқсас (грегариналар,кокцидиялардың гаметаларының тұрақты болуы, талшықтың болуы
талшықтылармен жақындастырады).
Книдоспоридиялар мен микроспоридиялардың шыққан тегі
саркодалылар деп санауға болады, олар дамуының алғашқы кезеңдерінде
амеба тәрізді жалғанаяқтары арқылы қозғалады және ешбір уақытта
талшықтары болмайды.
Тұрақты колония құрып тіршілік ететін талшықтыларды эволюциялық
тұрғыдан қарағанда - олар көп клеткалы (Metazoa) жануарлардың арғы тегі
екендігі дәлелденген.

•12 билет


1.морфологиялық құрылысы жағынан -
аскон, сикон, лейкон деп аталатын үш типке бөледі. Ең қарапайым
құрылысты - аскон. Асконның мезоглея қабаты жұқа және талшықты жағалы
клеткалары бірқатар орналасып, парагастраль қуысын түгелімен астарлап
жатады (29-сурет). Денедегі саңылаулары (поралары) тікелей парагастраль
қуысына ашылады. Осы қуысқа су арқылы түскен ұсақ қоректік заттарды
талшықты жағалы клеткалары толығымен ұстап ала алмайды.
Сикон құрылысты губкалардың мезоглеясы қалың, ішкі қабаты
мезоглеяның ішіне ойысып, талшықты жағалы клеткаларымен астарланған
көптеген қалталар түзіледі. Осы қалталарды талшықты қалталар деп атайды
(29,Б-сурет).
Күрделіленген лейконнында мезоглея қабаты әлдеқайда қалыңдап,
оның ішінде талшықты жағалы клеткалармен астарланған көптеген бірінші,
екінші реттік камералар орналасады
2.Теңіз гидроидты полиптер алғашқыда тек жыныссыз жолмен көбейеді.
Соның нәтижесінде, жоғарыда көрсетілгендей гидранттар қалыптасады.
Сонымен қатар белгілі бір кезеңде колонияда бүршіктену арқылы ерекше
(гидранттарға ұқсас емес) өскіншелер пайда болады да, олар созылып түрі
өзгерген полип - бластостильге айналады. Оның төңірегін қоршап тұрған
теканы - гонотека деп, ал осындай құрылымды особьты гонангий деп атайды
(36-сурет).
Бластостиль бүршіктену арқылы жынысты особьтарға - медузаларға
бастама береді, олар бірте-бірте жас медузаларға айналып, кейін
бластостильден белініп гонангийдің ішінен суға жүзіп шығады.
•14 билет
1.Ұзақ уақыт бойы жұмыр құрттар типінің шығу тегі белгісіз болып
келді. Тек, соңғы кезде, негізгі кластарын нақтылы зерттегеннен кейін, бұл
типтің шығу тегі кірпікшелі құрттармен (Turbellaria) байланысты екені
байқалды. Шынында да, кірпікшелі құрттармен ұқсастық белгілері жұмыр
құрттардың әрбір кластарында байқалады. Коловраткалар мен құрсақ
кірпікшелілерде денесінің кейбір жерлерінде кірпікшелері сақталған. Бұл
кластарда зәр шығару жүйесі протонефридиялы түрінде. Нағыз жұмыр
құрттар және құрсақ кірпікшелілер класы нерв жүйесінің құрылысы жағынан
кірпікшелі құрттарға ұқсас. Қүрсақ кірпікшелілер, нематодтар және
киноринхалар класының жұтқыншақ құрылысы тік ішекті
турбелляриялардың жұтқыншағына ұқсас. Жыныс жүйесі, дара
жыныстылығы болмаса, басқа жағынан турбелляриялардың жыныс
жүйесімен бірдей. Коловраткалардың аналық жүйесінде сарыуыз безі бар.
Осылардың барлығы жұмыр құрттар типінің арғы тегі кірпікшелі құрттар
деуге толық негіз береді.
Жұмыр құртгар типінің кірпікшелі құрттардан айырмашылығы -
бірінші дене қуысының (схизоцель) және аналь тесігінің болуы. Бірақ бұл
белгілер типтің прогрессивті дамуы нәтижесінде өзгерген. Жұмыр
құрттардың әрбір кластарының өзінің құрылысы жағынан турбелляриялардан
ерекше: кутикуланың болуы (нематодтарда); жеке мүшелер құрамындағы
клеткалар санының тұрақтылығы (нематодтар, коловраткаларда); сақина
тәрізді бұлшықеттерінің жоқтығы, жұтқыншақ айнала нерв сақинасыныңболуы (нематодтарда); айналмалы аппаратының, жұтқыншақтың шайнағыш -
мастаке бөлімінің түзілуі (коловраткаларда) т. б. Бірақ бұл ерекшеліктердің
барлығы жекелеген мүшелер мен тканьдерінде болады, ал денелерінің жалпы
құрылысындағы негізгі белгілері арғы тектерінің және кластар арасындағы
филогенездік сабақтастықты көрсетеді.
2.Құрылысы мен физиологиясы. Жалпы құрылысы бойынша маржан
полиптер гидроидты полиптерге ұқсас, бірақ олардың елеулі және күрделі
өзгерістері байқалады: жіңішке базальды мембрананың орнына қалың
қабатты мезоглея; эпителиальды ет клеткаларының орнына ұзына бойы және
көлденеңінен сақиналы бұлшықет клеткалары дамыған. Нерв жүйесі
күрделіленіп - ауызы және табанша нерв сакинасын түзейді. Жыныс
клеткалары энтодермадан құралған.
Жеке особьтарының денесі цилиндр тәрізді, жалпақ табанымен
субстратқа бекініп тұрады. Денесінің жоғарғы бөлігінде, ауыз тесігінің
төңірегінде, сәулелі симметриялық ретте қармалауыштары орналасқан.
Олардың саны алтау - алты сәулелілер (Нехасогаіііа) класс тармағының
өкілдерінде немесе сегіз - сегіз сәулелілерде (Octocorallia).
Сопақша келген ауыз тесігі эктодермальды жұтқыншаққа жалғасады.
Жүтқыншақ бір бағытта қабысқан, ал қуыстың бір жақ немесе екі жақ
шетінде сифоноглифа деп аталатын сай (борозда) өтеді.
Сифоноглифаны құрайтын клеткаларының ұзын кірпікшелері болады,
солардың көмегімен су және қорек заттар гастраль қуысына өтеді де, ал
қайтадан су және қорытылмаған зат кірпікшелердің кері қарай қозғалуымен
жұтқыншақ бойынан сыртқа шығарылады.
Жұтқыншақ гастраль қуысымен жалғасқан. Гастраль қуысы энтодерма
клеткаларымен астарланып, арнайы септа деп аталатын перделері арқылы
камераларға бөлінеді (44-сурет).

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет