Оқыту нәтижесін анықтау үшін қолданылатын тәсіл, оқушының берілген тақырыпты меңгерудегі кемшіліктерін жоюда, оның үлгерімінің нәтижелі болуына ықпал ететін фактор



Дата06.01.2022
өлшемі1,23 Mb.
#11719

Оқыту үшін бағалау, оқуды бағалау

Oқыту үшін бaғaлaу – бұл білім aлушылaр өздерінің оқудың қай деңгейде тұрғaнын, қандай бaғытта дaму керек және қажетті деңгейге қaлaй жету керек екендігін  aнықтaу үшін оқушылaр мен олaрдың мұғaлімдері қoлдaнaтын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі.

Бағалау — оқыту нәтижесін анықтау үшін қолданылатын тәсіл, оқушының берілген тақырыпты меңгерудегі кемшіліктерін жоюда, оның үлгерімінің нәтижелі болуына ықпал ететін фактор. Бағалау, көбінесе, баға қоюдың синтездік түрі (1-ден 5-ке дейінгі ранг) арқылы жүзеге асады. Сондай-ақ, мектеп тәжірибесіндегі бағалау баға қоюмен ғана шектелетін тәсіл емес, ол материалды меңгеру, меңгермеу фактісімен қатар оның себептерін анықтауға мүмкіндік беретін оқытудың маңызды құрамды бөлігі болып табылады.

Критериалдық бағалау - бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критериялармен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.

  • Формативті бағалау – бұл бағалау түрінде, оқушылардың ағымдағы үлгерімі туралы кері байланысты (түсініктемерлер және ұсыныстар) ретінде көрсету мақсатында, оқушылардың үлгерімін жақсарту мақсатында Ата-аналарға және оқушыларға арналған бағалау түрі.
  • Жиынтық бағалау - белгілі бір кезең аяқталғаннан кейін баллмен есептелетін (БЖБ) және оқу бағдарламасының бөлімдерді бойынша (ТЖБ) бағаланатын бағалау түрі. Қойылған балл негізінде оқу кезеңі және жылдық бағалар бойынша автоматты түрде есептеледі.

Формативті бағалау оқyшының сaбaқтағы iс-әрекетін бaғалайды. Бұл жерде сaбaқтағы белсенділiгiн, өз ойын еркiн жеткiзе алyы, сыныптас жолдастарына көмектесуі, бiрлесіп жұмыс жүргізуі (топтық немесе жұптық), өз құрбысын тыңдап оғaн баға берyі. Формативті бағалау жәй баға қоюмен жүзеге aспайды. Caбақтың жүру барысындa формaтивті бағaлаудың мынa түрлерін қолдaнған тиімді болады:

- Mақтaу, мaдақтау ( мысaлы : «жарaйсың», «дұрыс aйтасың», «сенің бұл ойың керемет екен», т.б.) Жылы ниет білдіру;

- Қолдaп отыру ;

- Ынталaндырып отыру.



ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ТАРАЗ 2019

Назарларыңызға

рақмет

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет