Оқытуды бағалау ОҚыту теориясы



Pdf көрінісі
Дата08.02.2023
өлшемі0,65 Mb.
#66339
Байланысты:
oytu-teoriyasy 2 lecture



2-дәріс
Оқытуды бағалау
ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ
ҚАЗАҚСТАННЫҢ 
АШЫҚ 
УНИВЕРСИТЕТІ


Кітап:
Дәріс:
Оқыту теориясы
2. Оқытуды бағалау
2
Жоспары:
1. Бағалау туралы түсінік.
2. Бағалау қағидалары.
3. Бағалаудың түрлері.
4. Тікелей бақылау.
5. Жазбаша жауап беру.
Бағалау оқыту мәселесінде ғана емес, өмірдің барлық саласында маңызды қызмет 
атқаратын ұғым. Белгілі бір затқа не оқиғаға деген сіздің көзқарасыңыз бағалау түрінде 
көрініс табады. Жалпы бағалау деген не? Ол не үшін керек? Осыдан біраз уақыт бұрын бағалау 
ынталандыру үшін керек пе, әлде жазалау үшін керек пе? деген сұрақтар да қойылған еді. Әрине, 
бірінші кезекте бағалау білімнің сапасын анықтау үшін қажет. Бағалауға қатысты көптеген 
анықтама, пікірлер бар. Мәселен, Пофам өзінің еңбегінде: «Бағалау дегеніміз – оқушылардың 
мәртебесін ресми түрде анықтауға тырысу», – дейді. Ал қазақстандық ғалым С. Мирсеитова 
бағалау терминінің ағылшын тіліндегі үш мағынасын келтіреді.
Бағалау (Evоlutation). Мұнда бағалау талдау ретінде. Бұл тұрғыда бағалау – үйренушілердің оқу 
жетістіктерін белгілі бір талаптармен (критерийлер, стандарттар, үлгілер, эталондар) салыстыру, 
сол тұрғыдан нақты өлшемдер (балл, пайыз) көмегімен оларды тексеріп, қорытынды шығару;
Мониторинг (Assesment). Бағалау – бағалау құралы ретінде. Мұнда студенттердің немесе 
оқушылардың әрекеттері нақты құрал арқылы: тест, эсссе, басқа жазба жұмыстары, жоба, 
интервью, портфолио, т.б. көрсетеледі.
Баға (Grade немесе Mark). Бағалау– сандық құралы ретінде. Бұл бағалау біздің қолданыстары 
«баға қою» ұғымымен байланыстырылады. Емтихан, тест, жазба жұмысы, жоба жұмысы, т.б. 
бойынша балдық (мәселен, 100 балдық) немесе сандық (дәстүрлі 5 балдық) негізде қойылатын 
баға. (А. Әлімов., Интербелсенді әдістерді жоғары оқу орындарында қолдану. А, 2009 ж. 158-
бет).
Бағалау – оқу дәлелдері жоспарлы және жүйелі жинақталатын және де оқу сапасы туралы 
қорытынды қабылдау үшін қолданылатын кез келген қызметті сипаттайтын ұғым. Бұл ұғым 
екі аспектіні көздейді: оқуды бағалау және оқу үшін бағалау.
«Оқыту дедуктивті сипатта болғандықтан, біз оны тікелей бақылай алмаймыз», – дейді 
Дейл Шунк өзінің «Оқыту теориясы» еңбегінде. Ол тек нәтиже арқылы, яғни оқушылар не істеді, 
не айтты – сол арқылы ғана анықталады. Оқушылармен жұмыс жүргізетін зерттеушілер мен 
практик-мамандар оқушылардың білім алатынына шек келтірмесе де, нақты нені үйренгеніне 
көз жеткізу үшін олардың жетістіктерін бағалауы тиіс.
Бағалау термині жақын отыру дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандықтан, бір адам 
келесі адамның не айтып, не істегенін немесе өзінің іс-әрекетін бақылауы деуге болады. 
Бүгінде жыл соңында әрбір мектеп, ЖОО өзінің үлгерім нәтижесін анықтап, есеп береді. Бұл да 
бағалаудың бір түрі. Бұл мәселеге қатысты екі нәрсені айта кеткен жөн: бірінші – мектептердің 
осылайша есеп беруінің нәтижесінде емтихан білімді бағалау тәсіліне айналса, білімді бағалау, 
өз кезегінде, тестілеуден басқа да білімді өлшеу тәсілдерін қамтиды. Зерттеушілер мен практик-
мамандар «оқытудың нәтижесі болды ма, жоқ па?» деген сауалдың жауабын білгісі келеді. Осы 
орайда студенттердің білім нәтижелерін бақылаудың тестілеуден басқа да тәсілдері бар екенін 
айта кеткен жөн.
Екінші, контенттік тұрғыдан қарастырар болсақ, негізгі бағалануы қажет нәтиже – 
оқушылардың дағдысы. Бірақ зерттеушілер мен практик-мамандарды оқытудың басқа түрлері 
де қызықтыруы мүмкін. Мысалы, «оқушылар жаңа көзқарастар мен өзіндік бақылау жолдарын 
үйренді ме немесе контенттік оқыту нәтижесінде олардың мүдделері, құндылықтары, өзіндік 
тиімділігі мен ынтасы артты ма?» деген сауалға жауап іздеуі ықтимал. Біз көп жағдайда бағалау 
деп Мектепте зерттеліп отырған білім беру факторы деп оқушының әр салада қол жеткізген 
жетістігін айтамыз (оқу, жазу, есеп шығару, ғылым). Бағалауды оқушы немесе студенттің білімін 
тексеру үшін керек деп түсінеміз. Тіпті кей жағдайда сол күнгі сабақтағы оқушының білім-
білігін емес, оқушының болмысын бағалап жататын сәттер де болады. Бағалау мен баға қоюды 
ажырата алмай жатамыз.
Психологиялық, педагогикалық зерттеулер нәтижесі көрсеткендей, бағалаудың білім алу-
шының мінез-құлқына, ынтасына, білімге деген құштарлығын арттыруға тигізер әсері өте мол. 


3
3
Кітап:
Дәріс:
Оқыту теориясы
2. Оқытуды бағалау
Шетелдік тәжірибемен қатар, өз еліміздегі Бағалау тарихына зер салсақ, 1917 жылға дейін 
оқушылар білімі балдық жүйемен бағаланды. Баға нөлден беске дейінгі алты балдық жүйеде 
қойылды. Кейін нөлдік баға жойылып, бес балдық жүйе қабылданды. Оқу нәтижесін балл 
бойынша бағалау әрқилы көзқарастар туындатты. 1917 жылдан соң оқу жүйесінде бағалау, 
баға қоюға қарсылықтар да болды. 1918 жылы Кеңестік өкімет жарлығымен балдық бағалау 
мектеп тәжірибесінен алынып тасталды. Оқушылармен өтілген тақырып бойынша мерзімді 
әңгіме-сұхбаттар жүргізу, оқыған кітаптары мен мақалалары туралы баяндамаларын тыңдау 
ұсынылды. Оқушылардың ұжымдық жетістіктері негізге алынды.
1935 жылдың қыркүйек айынан бастап, бес сөздік (вербалды) баға: «өте жақсы», «жақсы», 
«қанағаттанарлық», «жаман», «өте жаман» енгізілді. Бұл жүйе 1943 жылға дейін сақталынды. 
1944 жылдың қаңтарынан бастап оқушы білімі мен тәртібін бағалаудың сөздік бағамен сандық 
баға жүйесімен алмастыру жөнінде шешім қабылданды.
Бағалау қағидалары
А. Әлімов жоғарыда көрсеткен кітабында Будапештте өткен семинарда ұсынылған баға-
лаудың алты қағидасын келтіреді.
Бірінші қағида: «Маңыздылық». Бағалау үшін пәннің ең маңызды, бағалауға тұрарлық 
күтілетін нәтижелерін таңдап алу керек. Егер оқытушының ойынша нәтиже маңызды болмаса, 
оны бағаламаса да болады.
Екінші қағида: «Дәлдік» (Адекваттық). Мұнда оқушылардың қажетті білім, білік, дағды, 
құндылықтарды қандай деңгейде меңгергендігін көрсететін бағалаудың дәл құралын таңдап 
алуымыз керек.
Үшінші қағида: «Объективтілік» (Дәлелділік). Объективті бағалау болу үшін бағалаудың 
нақты талаптарын таңдап алу керек.
Төртінші қағида: «Оқудың ажырамас бөлігі». Бағалау оқу процесінің ажырамас бөлігіне 
айналуы керек, яғни «өзіміз үйретпеген нәрсені бағалау әділдікке жатпайды» (Дайана Хесс).
Бесінші қағида: «Жариялылық». Бағалаудың талаптары мен тәсілдері оқушыларға алдын 
ала хабарлануы керек. Баға жария түрде қойылып, оқушылар қандай жағдайда қалай 
бағаланатындықтарын білулері керек.
Алтыншы қағида: «Қарапайымдылық». Бағалау процесі мен оның формалары қолданыста 
қарапайым және ыңғайлы болуы керек.
Бағалау түрлері
Оқушының жетістігі мәселесі – қай елде болса да күн тәртібінен түспей келе жатқан мәсе-
лелердің бірі. Қазақстандағы білім жүйесіндегі бағалау төмендегідей іске асуда:
• Не бағаланады?
• Білім алушының білім-білік, әрекеттері;
• Қандай білім бағаланады?
• Жұптық, топтық жұмыстары, проблеманы шеше білулері;
• Не үшін бағаланады?
• Әрі қарай өзін дамыту үшін;
• Қандай тәсілдер арқылы бағаланады?
• Жазба жұмыстар портфолио, есеп беру.
Қазақстандағы білім беру жүйесінде көптеген уақыт бойы бағалау мен баға қою ұғымы 
қатар қойылып, екеуінің арасына теңдік белгісі қойылып келді. Осыдан келіп, оқушы немесе 
студенттің баға үшін оқуы, ана-аналарды баласының не білгендігі емес, қандай баға алғандығы 
маңызды орынға көтеріліп кетті. «Менің бағам бар, менен бүгін мұғалім сабақ сұрамайды» деген 
оқушылар мен «Сенде баға жоқ, сен сабақ айтуың керек!» деген мұғалімдер қарасы көбейді. 


Кітап:
Дәріс:
Оқыту теориясы
2. Оқытуды бағалау
4
Осыдан келіп білім мазмұны емес, бағаға негізделген білім басымдық танытты. Алайда білім 
сапасының жаңартылған мазмұнға ауысуымен қатар, Қазақстандық мектептердегі бағалау 
өлшемдері де өзгере бастады. Оқушылар алдын ала әзірленген критерийлерге сәйкес бағалана 
бастады, яғни критериалды бағалауға көшірілді.
Критериалды бағалау кезінде:
• оқушы өз оқуының нәтижесінде нағыз субьектіге айналады;
• оқушының мектептегі мазасыздығы төмендейді;
• мұғалім «соңғы инстанциядағы сот» рөлінен кеңес беруші, маман, рөліне көшеді.
Критериалды бағалау мұғалімдер үшін бірқатар қағидалы нұсқауларды ұсынады:
1. Баға көмегімен оқушының тұлғасы емес, жұмысы ғана бағаланады.
2. Оқушының жұмысы басқа оқушының жұмысымен емес, үлгісімен тікелей салыстыры-
лады (өте жақсы орындалған жұмыс бейнесімен).
3. Нақты тапсырмалардың әр түрлері қолданылады және дұрыс орындалған тапсырма-
лардың түрлері нақты және анық сипатталады.
4. Үлгі оқушыларға алдын ала беріледі.
5. Баға қоюдың нақты алгоритмі әзірлену керек, ол бойынша оқушы өзі өзінің жеткен 
деңгейі мен өз бағасын анықтай алады. Өзіндік бағалау оқушы рефлексиясы оның жұмысын 
тұспалдайды.
6. Бағалау үрдісіне оқушыларды енгізу, өзіндік бағалауға өтуге ұмтылу.
7. Нені оқығаныңды бағалауға болады, сондықтан да бағалау критерилері – нақты оқу 
мақсаттарына жету.
8. Пән бойынша жалпы оқу мақсаттары оқу пәні бойынша оқу жетістігін бағалау критерилері 
және оқушылардың жекелеген жұмыстарын анықтау, нәтижелерін қортындылауға мүмкіндік 
береді (Оқушылардың оқу жетістіктері критериалды бағалау жүйесі енгізудің әдіснамалық 
және оқу-әдістемелік негіздері. Әдістемелік құрал. – Астана, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық 
білім академиясы, 2015. – 58б.).
Оқыту үшін бағалау (формативті) және оқытуды бағалау (жиынтық) болып бөлінеді. «Оқыту 
үшін бағалау» – білім алушылардың өзінің оқуының қандай сатыда екендігін, қандай бағытта 
даму керектігін анықтау процесі. Мұнда мұғалім жалғыз ғана бағалаушы емес. Білім алушылар 
бір-бірін бағалауы мүмкін немесе өзін-өзі бағалауы мүмкін. Осы арқылы оқушылар бағалауды 
үйренеді. Егер бағалаудың мақсаты баға қою, сертификаттау немесе оқу қорытындысын 
шығару болса, онда ол жиынтық бағалау немесе оқытуды бағалау болып табылады. Бүгінгі 
оқушылар білімі критериалды бағалау негізіне қалыптастырушы (формативті) және жиынтық 
бағалау (суммативті) арқылы бағалануда.
Бағалау тәсілдері
Дейл Шунк оқыту нәтижесін бағалау жолдарына: тікелей бақылау, жазбаша жауап беру, 
ауызша жауап беру, өзгенің бағалауы және өзіндік есеп секілді жұмыстарды жатқызады.
Тікелей бақылау дегеніміз – оқыту нәтижелі болды ма, жоқ па дегенді бағалау мақсатымен 
оқушылардың мінез-құлқын бақылау. Тікелей бақылаудың есептік бақылаудан айырмашылығы 
– есептік бақылау кезінде мұғалімдер оқушылардың мінез-құлқын бақылау нәтижесі жайлы 
есеп береді. Мұғалімдер тікелей бақылауды ұдайы жүргізіп отырады. Химия пәнінің мұғалімі 
балалардың зертханалық әдістерді білгенін қалайды. Сондықтан зертханада жұмыс істеп жүрген 
оқушылардың дұрыс тәсілді таңдауын үнемі қадағалап отырады. Дене шынықтыру пәнінің 
мұғалімі балалардың баскетбол добын лақтыруын бақылай отырып, олардың бұл дағдыны 
қаншалықты жақсы меңгергенін бағалай алады. Бастауыш сынып мұғалімі балалардың мінез-
құлқына қарап, олардың сыныптың ішкі тәртібін қаншалықты дұрыс игергеніне баға береді.


5
5
Кітап:
Дәріс:
Оқыту теориясы
2. Оқытуды бағалау
Зерттеушілер өзіндік қорытынды жасамай, зерттеу әділ жүргізілген жағдайда аталған әдістің 
пайдасы көп. Мінез-құлықтың қандай болатынын алдын ала белгілеп, кейін оқушылардың 
мінез-құлқы стандартқа қаншалықты сай келетінін бақылау осы зерттеу әдісінің маңызын 
арттыра түспек. Бұл әдістің кемшілігі – олар өздері байқай алатын жағдайға ғана көңіл 
аударады да, іс-әрекеттің негізгі себептері – танымдық және аффективті процестерді назардан 
тыс қалдырады. Мысалы, химия пәнінің мұғалімі оқушылардың зертханадағы жұмыс тәртібіне 
жетіктігін білгенімен, жұмыс істеу барысында олардың не ойлайтынын немесе іске қаншалықты 
сенімді екенін білмейді.
Тағы бір кемшілік – іс-әрекетті бақылау оқытудың іске асқанын білдіргенімен, қандай да бір 
істің орындалмай, назардан тыс қалуы оқыту процесі іске аспады дегенді білдірмейді. Оқыту 
нәтижемен бірдей емес. Нәтижеге оқытудан басқа да факторлар әсер етеді. Оқушылардың 
ынтасы төмен болғандықтан немесе өздерін жайсыз сезінгендіктен, сондай-ақ оқу процесіне 
қатыссыз іс-әрекетпен айналысқандықтан, бар білгенін көрсете алмауы мүмкін. Нәтиже 
көрсете алмады деген қорытынды жасамас бұрын, біз оған әсер ететін осы сияқты басқа 
факторларды анықтап алуымыз керек. Бұл кей жағдайда негізсіз көрінуі мүмкін және 
«оқушылар әдетте барынша оқиды, ал олардың жақсы нәтиже көрсете алмауы оқыту процесі 
дұрыс ұйымдастырылмады дегенді білдіреді» деген шешім шығаруға итермелейді.
Жазбаша жауап беру
Көп жағдайда мұғалім оқыту нәтижелерін оқушылардың жазбаша бақылау жұмыстары, 
шағын тестілер, үй тапсырмалары, тоқсандық курс жұмыстары және рефераттарына сүйене 
отырып бағалайды. Жазбаша жұмыстар негізінде және оқушылардың дағдыларды игеру 
деңгейіне сүйене отырып, мұғалім оқыту процесі дұрыс бағытта ма, берілген материалды 
оқушылардың толық түсінбеуіне байланысты қосымша білім берудің қажеті бар ма деген 
мәселені шешуі қажет. Мысалы, мұғалім Гавай географиясы жайлы дәріс дайындап жатыр және 
ол балалардың бұл жайлы азды-көпті хабары барын біледі. Мұғалімнің ойын балалардың сабақ 
басталар алдында жазған бақылау жұмыстары да дәлелдеп берді. Осыған байланысты, жаңа 
сабақты оқып біткен мұғалім оқушыларға тағы да бақылау жұмысын береді. Оқушылардың 
көрсеткіштері мұғалімнің оқушылар сәл де болса білімге қол жеткізді деген қорытынды 
шығаруына түрткі болады.
Бұл тәсілдерді қолданудың салыстырмалы түрде жеңіл болуы мен әртүрлі материалды 
қамту мүмкіндігі аталған әдістің басқалардан артықшылығын көрсетеді. Қазіргі кезде 
технологиялық жетістіктерді (мысалы, компьютерлер, кликерлер) қолдана отырып, көптеген 
жазбаша жауаптардың электрондық нұсқасын жасауға болады. Жазбаша жауаптар оқыту 
нәтижесін білдіргенімен, оқушылар қандай да бір жетістікке қол жеткізген жағдайда, олардың 
мінез-құлқына әсер етуі мүмкін сыртқы факторлар болады. Жазбаша жауаптар оқушылар-
дың жетістіктеріне, яғни олардың жазбаша жұмыстарына әсер ететін ешқандай сыртқы 
фактордың (мысалы, шаршау, ауыру, көшіру) болмағанына біздің көзсіз сенуімізді талап етеді. 
Сондықтан біз балалардың нәтижесі мен соған сәйкес алатын бағаларына әсер етуі мүмкін 
сыртқы факторларды да анықтай білуіміз керек. Бағалау – оқытудың нәтижелерін жүйелі 
түрде анықтауға арналған термин. Бағалаудың маңызды бөлігі – қадағалау. Ал қадағалау 
тексерулерден тұрады. Бағалаудан білім алушының тәртібі мен білм алуы, жұмыс тәртібі 
жақсарады. Алайда білім беру жүйесінде көбінесе бағалауда мынадай қателіктерге жол беріліп 
жатты: бағаға деген орынсыз жомарттық. Кей ұстаздар өзінің жеке симпатиясына орай бағаны 
өте көтеріп қоюы байқалатын немесе керісінше оқушының жеке басына деген көзқарасын 
оның білімін бағалаумен алмастыру; Оқытушының жеке көңіл күйіне қарай баға қоя салуы: 
қатты көңілденіп тұрса бестік немесе ашу-ызаға толы күні екілік қою сынды; үнемі тұрақты 
төмен баға қою; тек қана орташа ғана бағалар қою: екілік не бестік баға қоймау, т.б.
Сонымен бағалаудағы мақсат – оқыту барысындағы қиындықтарды анықтау. Бұл баға-
лаулармен бірге бізде аралық бақылау, ағымдық бақылау, қорытынды бақылау жұмыстары 
арқылы да білім алушының білім-білік дағдылары анықталып, бағаланады. Бұл бағалаулар 
ЖОО-да жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет