Латын сөзі «форма» тысқы бейне, сырттай көрініс, қандай да нәрсенің құрылымы дегенді білдіреді.
Оқытуды ұйымдастыру формасы – оқыту процесінің міндеттерін жүзеге асырудағы мұғалім мен оқушылардың іс әрекеттерінің сыртқы көрінісі.
Оқытуды ұйымдастыру формалары
Оқытуды ұйымдастыру формалары
Жеке – топтық форма
Дальтон- план
Белл-Ланкастер жүйесі
Сыныптық-сабақтық жүйе
Бригадалық-лабораториялық жүйе
Мангейм жүйесі
Жеке-топтық форма
Жеке-топтық форма
Бұл орта ғасырда шіркеулік мектептерде қолданылды. Мектепке оқушылар жылдың әр мезгілінде қабылданды. Әр жастағы балалар бір бөлмеде бірге оқығандықтан, топтық деп аталады. Ал жеке деп аталу себебі, мұғалім әр оқушыдан жеке сұрап отырған. Оқытудың бұл формасының нәтижесі төмен болғанымен, сол кездегі оқыту талаптарына сай келген.
Белл-Ланкастер жүйесі
Белл-Ланкастер жүйесі
Бұл оқыту жүйесі "өзара оқыту " деп те аталды. Оның мәні-мұғалім түске дейін жоғары сынып оқушылармен жұмыс істеді, содан кейін олар кіші оқушыларға сабақ берді. Осылайша, оқушылар ұжымы өзін-өзі оқытты. Сонымен бірге мұғалім бүкіл процесті басқарды. Кіші оқушыларды оқытатын оқушылар "мониторлар" деп аталды. Бастапқыда мұндай жүйе Джозеф Ланкастер мен Эндрю Белл тұратын Ұлыбританияда енгізілді.
Белл-Ланкастер жүйесінің артықшылықтары Аз уақыт ішінде көптеген адамдарды оқытуға мүмкіндік берді.
Ланкастер мектептері халықтың кем дегенде қарапайым сауаттылық деңгейін арттыруға мүмкіндік берді.
Ланкастер мектептерінде пәндер оқушыларға қол жетімді тілде, иллюстрацияларды, түсінікті ұқсастықтарды белсенді қолдана отырып ұсынылды.
Ланкастер мектептерінің түлектері жақсы мансап жасай алмады, жоғары табыс таба алмады.
Олар әлеуметтік теңсіздік деңгейін төмендете алмады.
Ланкастер мектептері қарапайым сауаттылықты ғана қамтамасыз ете алды, бірақ олар тіпті толық орта білім бере алмады.
Жоғарғы сынып оқушылардың педагогикалық білімі болмады
Белл-Ланкастер жүйесінің кемшіліктері
МАНГЕЙМ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІ
МАНГЕЙМ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІ
Мангейм оқыту жүйесі оның авторы Германиядағы зиккингерге, XIX ғасырдың аяғында Мангейму қаласының арқасында алды. Жүйе білім алушыларды тек жасына және оқу деңгейіне ғана емес, олардың қабілеттеріне де бөлуді көздеді. Сонымен, сыныптардың 4 түрі шықты: орташа қабілеті бар оқушылар үшін. күрделілігі жоғары бағдарлама бойынша жұмыс істеуге дайын дарынды балалар үшін. қабілеті төмен оқушылар үшін, ақыл-есі кем балаларға арналған.
ТРАМП-ПЛАН 1960 жылдары американдық педагогика профессоры Л.Трамп ізденісіне байланысты жарық көрген Трамп жоспарымен оқу жүйесі үлкен маңызға ие болды. Оқуды ұйымдастырудың бұл формасында үлкен Дәрісханалардағы (100-150 адам) оқуды 10-15 адамдық шағын топтар мен жеке оқушылар жұмыстарын байланыстыра жүргізу көзделді. Жалпы дәрісбаяндарға оқу уақытының 40%, семинарларға 20% бөлініп, ал қалған уақытты (40%) оқушылар мұғалім не жетекші оқушы басшылығында өз бетінше оқу ізденісіне пайдаланды.
Дальтон-план 1905 ж. Дальтон (АҚШ) қаласында алғашқы рет Елена Паркхесрт қолданып, дальтон-план аталған жекеленген оқу жүйесі пайда болды. Бұл жүйе педагогикада көбіне зертханалық немесе шеберханалық оқу жүйесі деп те аталады. Жүйенің алға қойған мақсаты - оқушыға өзіне тиімді шапшаңдық және қарқынмен оқып, өз қабілетіне орай білім игеруге мүмкіндік беру. Оқушылар әр пәнге байланысты жылдық тапсырмаларын алып, белгіленген мерзімде олар бойынша есеп беріп отырды.
Сыныптық - сабақтық жүйе Оқытудың кең тараған формасы - сыныптық-сабақтық жүйе. Оның негізін салған чех халқының педагогы Ян Амос Коменский. Атынан көрінгендей, бұл жүйеде оқушылар жастарына қарай сыныптарға бірігіп, оқыту сабақ түрінде жүрді.
• Оқушылар сыныпқа жас ерекшеліктеріне қарай топтастырылады.
• Сыныптағы оқушылардың құрамы тұрақты.
• Жеке пәндер сабақ кестесіне қарай алмасып
оқытылады.
• Оқыту оқу жоспарына, бағдарламаға және оқулыққа негізделіп жүргізіледі. Оқыту жылдың тұрақты бір мезгілінде басталып, аяқталады.
• Оқыту мұғалімнің басшылығымен жүргізіледі.
Сыныптық-сабақтық жүйенің ерекшелігі:
Оқытуды ұйымдастырудың қазіргі кездегі формалары
Экскурсия
Лекция, семинар
Конференция
Факультатив, үйірме
Өзіндік жұмыс
Үйдегі оқу жұмысы
Экскурсия - табиғатта, өндіріс орындарында, музейде, т.б. жерлерде өткізілетін сабақ.
Экскурсия - табиғатта, өндіріс орындарында, музейде, т.б. жерлерде өткізілетін сабақ.
Дәріс (лат. «lection» оқу) оқу процесінің өзіндік арнайы құрылымымен танылған тәлім-тәрбие формасы.
Семинар көбінесе жоғары сыныптарда, өтілген лекциялардағы өзекті мәселені талқылау үшін ұйымдастырылады.
Факультатив оқушылардың қызығушылығы мен сұранысы негізінде әр түрлі пәндерге сәйкес ұйымдастырылады.
Конференциялар. Олар оқуды ғылыми жұмысқа жақындатады. Оқушылар баяндама тақырыптарын өздері таңдап, шағын зерттеу жұмыстарын жүргізіп, нәтижелері бойынша сөз сөйлеуге әзірленеді.