Сабақ тақырыбы: Ең үлкен ортақ бөлгіш. Өзара жай сандар. Ең кіші ортақ еселік



бет1/2
Дата16.06.2023
өлшемі44,26 Kb.
#101849
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
Математика 5сынып Ең үлкен ортақ бөлгіш. Өзара жай сандар. Ең кіші ортақ еселік Сабақ жоспары2




Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
5.1В : Натурал сандардың бөлінгіштігі




Мерзімі:

Сыныбы: 5

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:



Ең үлкен ортақ бөлгіш. Өзара жай сандар. Ең кіші ортақ еселік

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:

5.5.2.2 мәтін есептерді шығаруда ЕҮОБ және ЕКОЕ қолдану;

Сабақ мақсаты

ЕҮОБ және ЕКОЕ табу жолдарын меңгеру

Сабақтың түрі:

Жаңа білімді бекіту

Бағалау критерийлері:

Оқушы
- есеп шығаруда ЕҮОБ және ЕКОЕ қолдана алады.

Тілдік мақсаттар:



Тілдік мақсат
- ЕҮОБ және ЕКОЕ анықтамасын біледі;
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
- санның бөлгіштері;
- сандардың бөлгіштерінің ең үлкені;
- сандарға еселі сандар;
- еселіктердің ең кішісі.
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
- екі санның ортақ бөлгіштерінің ең үлкенін ... деп атайды;
- екі санның еселіктерінің ең кішісін ... деп атайды;

Құндылықтарды дарыту

Тапсырмаларды жұпта(топта) орындау арқылы ынтымақтастық құндылықтарды қалыптастыру
Жаңа білім қалыптастыруда бірлесіп жұмыс жасау арқылы құрмет құндылықтарын қалыптастыру
Жаңа білімді меңгеру арқылы өмір бойы оқу құндылығын қалыптастыру.

Бастапқы білім

Жұп сандар, тақ сандар, құрама сан, жай сан, өзара жай сандар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі
1 минут

Мақсат: сабақтың басын ұйымдастыру.
Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылар назарын аудару.




Үй жұмысын тексеру
2-минут

Мақсат: Үй жұмысында оқушылар жіберген қателерді түзету.
Үй тапсырмасын тексеру, қиындық туғызған есептерге нұсқау жасау




Сабақ мақсатын қою
2 минут

Мақсат: Сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтау.
«Жақын арада даму аймағын» анықтау.
Өтілген сабақпен жаңа сабақты байланыстыру сұрақтары: (6 мин)
Ауызша есептеу:
- 9 –ға еселі сандарды ата.
- Қай сандар жай сандар? (4,5,9,13,14,17,21,27)
- басқа сандар қандай сандар?
- 12, 15,20 сандарының бөлгіштерін ата.
- Қандай сандар өзара жай сандар деп аталады?
- Екі санның ЕҮОБ қалай табады?
- Екі санның ЕКОЕ қалай табады?
Табыңыздар: ЕКОЕ (135, 75) = 675
ЕКОЕ ( 18, 20) = 180
ЕҮОБ (24, 36) = 12
ЕҮОБ (120, 36) = 12
Осыдан соң сабақ мақсаты мен бағалау критерийлері айтылады. Сабақ мақсатын қою (слайд 1).
Бағалау критерийлері оқушылармен таңдалады.




Жаңа білімді меңгеру
15 минут

Топтық жұмыс.

Есеп 1. 210 қызғылт, 126 ақ, 294 қызыл раушан гүлдерінен букет дайындалды. Әрбір букетте әр түрлі түстегі гүлдер саны бірдей.


Ең көп дегенде қанша букет дайындалды және ондағы әр түрлі түстегі гүлдер санын анықтаңыз?
Шешуі:
1) ЕҮОБ ( 210, 126 және 294) = 42 (букет).
2) 210 : 42 = 5 (қызғылт раушан).
3) 126 : 42 = 3 (ақ раушан).
4) 294 : 42 = 7 (қызыл раушан).
жауабы: 42 букет: әр букетте 5 қызғылт, 3 ақ, 7 қызыл раушан гүлдер.

Есеп 2. Балалар бақшасындағы топтарға тарату үшін 28 ойыншық машина, 35 қуыршақ және 77 доп сатып алынды. Балалар бақшасындағы әрбір топқа ойыншық машиналар тең бөлініп, қуыршақтар тең бөлініп, доптар тең бөлініп берілді. Ойыншықтар балалар бақшасындағы неше топқа бөлініп берілді? Әрқайсысы қаншадан таратылды?


Шешуі: берілген сандардың бөлгіштерін табамыз:
28: 1, 2, 4, 7, 14, 28
35: 1, 5, 7, 35
77: 1, 7, 11, 77
ЕҮОБ(35, 28, 77)=7.
Жауабы: Ойыншық машиналар 4, қуыршақ 5, доп 11 данадан таратылды.

Есеп 3. Портты қаладан туристер үшін теплоходтар үш түрлі бағытта рейстерге шығады. Бірінші рейс 15 тәулікке, екінші – 20, үшінші – 12 тәулікке созылады. Теплоходтар портқа келген бойда рейске қайта шығады. Бүгін теплоходтар үш бағытқа бірдей рейстерге шықты.


Қанша күннен кейін олар порттан тағы да бірдей уақытта рейстерге шығады? Қайта кездескенге дейін әрбір теплоход қанша рейс жасайды?

Шешуі:
1) ЕКОЕ (15,20 және 12) = 60 (тәулік) – қайта кездеседі.


2) 60 : 15 = 4 (рейс) – 1 теплоход.
3) 60 : 20 = 3 (рейс) – 2 теплоход.
4) 60 : 12 = 5 (рейс) – 3 теплоход.
Жауабы: 60 тәулік, 4 рейс, 3 рейс, 5 рейс.
Есеп 4. Жол бойында әрбір 45 метр сайын электр бағаналары орналасқан. Осы бағаналарды ара қашықтығы 60 метр болатындай жаңа электр бағаналарымен алмастырылды.
Бұрын қанша бағана болды, олар қанша бағаналарға ауыстырылды?
шешуі:
1) ЕКОЕ (45 және 60) = 180.
2) 180 : 45 = 4 –бұрынғы бағаналар саны.
3) 180: 60 = 3 – жаңа бағаналар саны.
Есеп 5. Жауынгерлер парадты шеруде қатарласып жүргенде 12-ден, сапқа тұрғанда 18-ден жүріп өтті.
Шеруге қанша жауынгер қатысты?
Шешуі:
ЕКОЕ (12 және 18) = 36 (жауынгер).
жауабы: 36 жауынгер.





Математика, 5 сынып, 1 бөлім, Т.Алдамұратова, Е.Байшоланов, 2015 ж.
Презентация


Сабақты бекіту
13 минут

Оқушылар жеке тапсырмалар орындайды.
І.Өзара жай сандарды тап:



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет