«Ойын ойлап тап»



Дата01.02.2023
өлшемі14,06 Kb.
#64374

«Ойын ойлап тап»
Мазмұны : Бала қиялының даму деңгейін анықтауда 5 минуттың ішінде қандай да бір ойынды ойлауға тапсырма алады және ол жайлы толық әңгімелейді және зерттеушінің келесі сұрақтарына бала жауап береді:
Ойын қалай аталады ?
Ол неден тұрады ?
Ойынға қанша адам қатысады ?
Ойынға қатысушылар қандай рөльді атқарады ?
Ойын қалай өтеді ?
Ойынның ережесі қандай ?
Ойын немен аяқталуы тиіс ?
Ойынға қатысушылардың жеке жетістігі және ойынның қорытындысы қалай бағаланады ?
Қорытынды баға
Баланың сөйлегені емес, оның ойының мазмұны бағаланады. Балаға сұрақ қойып, қарым-қатынас жасағанда міндетті түрде көмектесе отырып, жетекші сұрақтар қою қажет, бірақ жауабын айтпау керек.
Берілген әдісте бала ойының мазмұны келесі амалмен бағаланады:
Ерекшелігі мен жаңашылығы
Шартын ойланып беруі
Оның әр түрлі ойынға қатысушыларына түрлі рөлдерді беруі.
Ойында белгілі бір ережелердің болуы.
Жүргізілетін ойынның жетістігін дәл бағалау жолы.
Баланың ойлап тапқан ойыны әр амалдармен бағаланады.
0 ұпай - жоғарыда көрсетілген бес амалдың ойында біреуінің толық жоқтығын білдіреді.
ұпай – берілген белгілер бар, бірақ нақты емес.
ұпай – ойынға сай, лайықты белгілер анығымен көрсетілген …..

Барлық осы амалдар мен белгілерден құралған ойын 0 ден 10 ұпайға дейін бағалануы мүмкін. Осы ұпай арқылы бала қиялының даму деңгейі қорытындалады. Даму деңгейінің қорытындысы.


10 ұпай - өте жақсы
8-9 ұпай – жоғары
6-7 ұпай – орташа
4-5 ұпай – төмен
0-2 ұпай - өте төмен

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет