Алматы облысы Райымбек аудан Тұзкөл ауылы «Тәліп
Мұсақұлов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі
шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бәкен Әйгерім Серікқызы
Баяндама
Оқу сауаттылығы бойынша сұрақтар классификациясын әзірлеу «Дұрыс сұрақ қоя білу ақылдың немесе көрегендіктің мағызды және қажетті белгісі. Сұрақ өз бетінше мағынасыз болып, Пайдасыз жауапты талап етіп тұрса, ол адамды мағынасыз жауап беруге итермелелеп, оны сәтсіздікке ұшыратады...» И. Кант
«Сұрақ дегеніміз не? Оны адам не үшін қолданады? Мәтінді толық түсіну үшін сұрақ қою қаншалықты маңызды? Сұрақты қалай қойған дұрыс? т.б мәселелер төңірегінде ойлана отырып, сұрақ қою жолдарымен танысу, сұрақ қоюды үйрету тәсілдері туралы әңгіме қозғаймыз.
Сұрақ – білі–танудың бір тәсілі деуге болады, өйткені сұрақ қою арқылы біз жаңа ақпаратты анықтап, білімімізді толықтыруға тырысамыз, өзімізді қызықтырған ақпаратқа ие болуға ұмтыламыз. Бір бірімізбен диалогқа түсеміз. Диалог «сұрақ жауап» үлгісі бойынша іске асырылып, алынған ақпарат арқылы белгілі бір мәселені шешумен аяқталады. Сондықтан осы мақсатқа жету үшін сұрақ қоятын адамның «қоржынында» сұрақ түрлерінің жиынтығы неғұрлым бай болуы керек. Көбіне оқушыға сұрақ қою барысында толысып қалып жатамыз. Тіпті кей педагогтар сұрақтың қандай түрлері бар екенінен бейхабар.
Сондықтан осы кедергілерді жою үшін және осы олқылықты толықтыру мақсатында сұрақтардың түрлері туралы шағын ақпаратпен танысайық.
Бүгінгі шәкіртке сұрақ мазмұнын түсініп, түйсіну жеткіліксіз. Ол күрделі сұрақтарға толық жауап беріп қана қоймай, қорытынды жасап, оны дәлелдеу және бағалау тәрізді тапсырмалар орындай алуы тиіс. Сұрақ қоя отырып, біз оқушыны дамуға жетелейтініміз белгілі. Оқушының мәтінді толық түсінгенін бағамдау үшін мәтін мазмұны бойынша дұрыс сұрақтар қоя білуіміз шарт. Оқу сауаттылығы бойынша сұрақтар классификациясы мынадай:
Анықтаушы сұрақтар – өз бойында келтірілген пікірдің шынайлылығын немесе жалғандығын ажыратуға бағытталады.
Толықтырушы сұрақтар– тақырыптарға қатысты жаңа білімді, тұжырымдарды анықтаумен тікелей байланысты. Мұндай сұрақтардың грамматикалық белгілері кім, не, қашан, қалай, қайдан, неге, және т.б. сұрау есімдіктері болып табылады.
Өткір сұрақтар– нақты бір проблемаларды талқылағанда қойылады.
Оқу сауаттылығы бойынша сұрақтар әзірлеу барысында педагогтің басшылыққа алып, сүйенетін құралы бұл Блум таксаномиясына негіздеп сұрақ қою. «Таксаномия» грек тілінен шыққан сөз, taxis – орналасу, құрылыс, тәртіп мағынасын білдірсе, nomas – заң дегенді білдіреді. Яғни, таксаномия – заттың белгілі бір құрылымдағы бірізділін, реттілігін, орналасуын құрастыру мақсатында берілген нысандарды нақты бір өлшемдер мен қағидалар бойынша жіктеу.
Оқушының дамуын көздеген мұғалім баланың бір деңгейден келесі деңгейге көшуінде кедергі тудырмайтын, дамуға итермелейтін тапсырмалар мен сұрақтарын терең ойлана отырып әзірлеу керек. Оқушы дамуының көрсеткіші оның ойлау мен сөйлеу қабілетінің деңгейі. Ендеше, осы екі көрсеткішті дамыту үшін сұрақ қоюда Блум таксономиясын қолданған өте тиімді.
«Білу» деңгейінде қойылған сұрақтар арқылы қарастырған мәселеге қатысты оқушының білім деңгейі анықталып, алған танымдық ақпаратты есте сақтау қабілетін анықтау талап етіледі. Бұл сатыда «жабық», альтернативті, нақтылаушы сұрақтар қолданылып, ол үшін келесі етістіктерді қолдануға болады: еске түсіріңіз, анықтаңыз, мақұлдаңыз, атаңыз, табыңыз.т.б. Мысалы: Басты кейіпкер қандай әрекетке барды?
«Түсіну» деңгейінде оқушыдан алған ақпараттың мағынасын түсініп, оны мәтіннен басқаша қолдана алуын, өз бюетінше интерпретация жасай алуын анықтауды талап етеді. Мысалы: Ол неліктен сол әрекетке барды деп ойлайсыз?
Қолдану деңгейінде оқушыдан алған теориялық білімін нақты бір жағдайда жаңа жағдаятта дұрыс қолдана алуын талап етеді. Оқушылар алынған деректерді қолдану,түрлендіру,құру, құрастыру, шешу,суреттеу, мақсатында жұмыстар істейді. Олар мәтінде берілген ақпаратты қорытып, өз бетінше тұжырымдар мен қорытындылар жасайды.
Оқушылар алынған деректерді қолдану, түрлендіру, құру, құрастыру, шешу, есеп беру, суреттеу, өндіру мақсатында жұмыс жасайды. Оларға берілген ақпаратты қорытып, өз бетінше тұжырымдар мен қорытындылар жасайды. «Қолдану» сатысында мәтінге қатысты сыни ойлауға мүмкіндік тудыратын сұрақтар қоя білу оқушы танымын арттырады.
«Талдау» деңгейінде оқушылар зеттеу нысанының (мәтін) құрылымын анықтау мақсатында оны құрамдас бөліктерге жіктеп, әр бөліктің қалай жүзеге асатындығын, нәтижеге қалай жететіндігін анықтайды. Түсіну сатысына қарағанда талдауда алынған мәліметтерді өңдеумен, жаңа өнім шығарумен, оны терең игерумен ерекшеленеді. Бұл сатыда оқушылар бөліп шығарып көрсету, талдау, жіктеу, тестілеу, өзара байланысын көрсету, сынау,салыстыру, зерделеу сынды әркеттермен айналысады.
«Жинақтау» деңгейінде оқушылар құрастыру, жоспарлау, жасау,өзгерту, алмастыру, жинақтау, ұйымдастыру, шығармашылықпен орындау, қайта анықтап ұсыну әрекеттерін жүзеге асыра отырып, жаңа иазмұн тудырады. Бұл кезеңде шығармашылық іскерлік орын алуы мүмкін. Жинақтау барысында оқушылар арасынан дарынды және талантты балаларды анықтау үшін өте қолайлы сұрақтар мен тапсырмалар беруге болады.
«Бағалау» деңгейінде оқушылар қарастырған мәселеге, танысқан мәтінге қатысты баға беру дағдыларын қалыптастыруға тырысады. Яғни олар мәтінмен жұмыс жасай отырып ондағы ақпараттың мағыздылығына, дұрыс/бұрысына, жақсы/жаманына өз пікірлерін білдіреді.
Ойлау деңгейлері
Сұрақтар үлгісі
Білу және түсіну
Не? Кім? Қашан? Маржанның әкесінің аты кім?
Қолдану
Бұл қалай пайдаланылады? Бұл немен байланысты? ...қандай жағдайларда?
Талдау
Неге? Қалай? ...себебі не болып табылады? ... бір-бірімен қалай үйлеседі?
Жинақтау
Мәтінді оқығаннан кейін қандай қорытынды жасадың? Бұл онымен қалай байланысты?
Бағалау
Бұл жақсы ма және неліктен? Әкесінің ойы қисынды ма және не себепті?
Оқу сауаттылығында мәтінді түсінгенін бақылау мақсатында көбіне мұғалімдер өздері ғана сұрақ қою үлкен қателік. Себебі, жақсы сұрақ қоя білу дағдысын оқушылардың бойына мектеп қабырғасында қалыптастыру қажет. Баланың ойы, қиялы өте жүйрік болады. Ол мәтінде басқалар байқамаған детальдарды бірден анықтауы мүмкін. Сол дүниеге сыныптасының да назарын аударып, қызығушылығын тудырады. Оқушылар мәтінмен жұмыс жасау барысында тиімді сұрақ қоюды үйренбесе, бұл дағды қалай қалыптаспақ? Оқушылардан нақты, ұтымды, дұрыс жауап алғымыз келес дұрыс сұрақ қоя білуіміз шарт.