Өлеңді талдау үлгісі Жазылу тарихы. Жанры (сонет, арнау, романс, идиллия, т б.). Идеялық мазмұны



Дата28.03.2022
өлшемі16,33 Kb.
#29095

Өлеңді талдау үлгісі

  1. Жазылу тарихы.

  2. Жанры (сонет, арнау, романс, идиллия, т.б.).

  3. Идеялық мазмұны (тақырыбы, негізгі ой, эмоциональдық бояуы, оқырманға әсері).

  4. Өлеңнің құрылымы (тармақ, буын, бунақ, шумақ, ұйқас).

  5. Негізгі тілдік құралдар (антоним, синоним, омоним, фразеологизм, мақал-мәтелдер, кірме сөздер, диалектілік қолданыстар).

  6. Негізгі әдеби көркемдегіш құралдар (метафора, метонимия, салыстыру, теңеу, эпитет, аллегория, символ, гипербола, литота, ирония, сарказм, перифраза).

  7. Интонациялық-синтаксистік сипаты жағынан тілдік ерекшелігі (қайталау, антитеза, инверсия, эллипс, параллелизм, риторикалық сұрақ).

  8. Өлеңнің қазақ, әлем әдебиетіндегі алатын орны (тәрбиелік мәні, оқырман ретінде өзіндік көзқарас).



Өлеңді сатылай кешенді талдау


Авторы: Ыбырай Алтынсарин - қазақ балалар әдебиетінің атасы, ағартушы - педагог, ақын-жазушы, қазақ әдебиеттануында әңгіме жанрының негізін салған.
Тақырыбы: Тақырып – ақын-жазушының шындық болмыстан таңдап, талған алған өмір құбылыстарының тобы. Өлеңнің тақырыбы: өзеннің сұлулығын суреттеу.

Жанры: Жанр – әдебиетте нақтылы бір кезеңде қалыптасқан, ортақ типологиялық белгілері бар көркем шығармалар түрлерінің жолы. Ол әдебиеттің тегі мен түріне жіктеледі. Тегі – лирика (поэзия). Лирика – ақынның субъективті ішкі әлемі бейнеленетін жанр түрі. Түрі – идиллия. Идиллия – қарапайым еңбек адамының табиғат аясында алаңсыз, қамсыз өмірін дәріптеп суреттейтін өлеңдер.

Идеясы – табиғатты сүю, аялау. Идея дегеніміз – шығармада суреттелетін өмір құбылысы туралы автордың айтқысы келегн ойы.
Шумақ саны - 4 шумақты. Шумақ – аяқталған белгілі бір синтиксистік ойды білдіретін бөлік.
Тармақ саны - 18 тармақты. Тармақ – өлеңнің әрбір жолы.
Бунақ саны - 2 - 3 бунақты. Бунақ әр тармақтағы дауыс толқынының ырғағы.
Буын саны - 11 буынды өлең. Буын – өлең ырғағының тірегі. Буын –сөзді айтқандағы дауыс толқыны.
Ұйқас түрі: қара өлең. Ұйқас – өлең тармақтарындағы сөз аяғындағы үндестігі.
Әдеби - теориялық ұғымдар: эпитет – тасыған өзен, өксіген жануарлар. Эпитет – өмірдегі алуан түрлі құбылыстың сипатын, сапасын айқындайтын суретті сөз. Теңеу - айнадай, оттай. Теңеу – заттың, құбылыстың айрықша белгісін атап көрсетпей, басқа нәрсемен, құбылыспен салыстыра суреттеу.

Түсіндірме сөздік:

Өксіген - шөлдеген мақсатында;



Қынарда – жағасында, маңында, т.б.Қынарда - жағасында, маңында.
Тәрбиелік мәні - табиғатты аялауға, қорғауға, табиғат әлемін танып- білуге үндейді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет