Біз әдетте кез-келген нәрсенің мәнін, мағынасын белгілі бір дәрежеде анықтап үйренгенбіз. Көп нәрсе көзге көрініп, сезіліп тұрғандықтан оның мәні де тезірек байқалады. Алайда адамның көзіне көрінбейтін, уақытпен бірге ағып бара жатқан өмір деген абстрактілі ұғымның мағынасын немен анықтап дәл айтуға болады.
Біз әдетте кез-келген нәрсенің мәнін, мағынасын белгілі бір дәрежеде анықтап үйренгенбіз. Көп нәрсе көзге көрініп, сезіліп тұрғандықтан оның мәні де тезірек байқалады. Алайда адамның көзіне көрінбейтін, уақытпен бірге ағып бара жатқан өмір деген абстрактілі ұғымның мағынасын немен анықтап дәл айтуға болады.
Өмірдің мәні неде?
Өмірдің мәні - қарапайым адам бола білуде, әрбір сәттен ләззат алуда, талпыныс жасауда, әрбір нәрсенің байыбына жетіп қастерлеуде. Бұл негізінде мынадай деп қадап, пішіп, кесіп, қатып қалатын нәрсе емес. Әр адам үшін әр түрлі. Өмір деген Алланың баға жетпес сыйы бұл. Қадырын ұғып, қажеттісін бойыңа жиып, түсіне білу керек. Қылған іске өкінбей, арманына жету үшін досқа берік, жақсыға серік , ақ пейілді адам болу керек!
Адам өмірінің мәні неде?
Өмірдің өзі үлкен жол!Өмірдің мәні өмір сүре білу.Сол өмірде Аллахтың бізге деген махаббатын сезіне білу .Аллах бізге жүрек берді ол бізді бағыттайды:ол бағыт біздің амал істерімізге байланысты болмақ.Өмір мәні ол жүректің тазалығы;анамыздың бізге деген сүйіспеншілігі; басқаларға көмектесіп тек істеріміздің бәрі игі істерден құралуы,ең бастысы Аллахты сезіне білу оның бізге берген бар нәрсесін сенің осы өмірдегі бақытың екенін сезіне білу.Алламыз бізге қолымыздан келмейтін нарсе бермейді,Аллахтың осындай мейірімі керемет қой сол күш қуат бермейме жанға?! Кереметкой бұл өмір!!!
Адам өмірінің мән-мағынасы:
Адам өмірінің мәні оның әлеуметтік жағдайларымен айқындалады. Адам — белсеңді әрекет иесі. Адам әлеуметтік дамуды жеделдетіп немесе тежеп, оған тура ықпал ете алады. Тарихтың түрлі кезеңдерінде өзгеріп отыратын адам өмірінің мәнін, құндылығын айқындаушы — сол адамның өзі.
Өзін-өзі тәрбиелеу — адамның өз тұлғасын қалыптастыруға, өмірдегі өз орнын өзі белгілеуіне, өзін-өзі дамытуға, өз қабілеттерін өзі іске асыруға бағытталған мақсатты, саналы, жүйелі түрде өздігінен жүргізетін іс-әрекеті. Өзінөзі тәрбиелеу тәрбие процессінің құрамды белігі және тұлғаның өзін-өзі дамытуындағы ең маңызды күш болып саналады.
Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күніне бір мәртебе, болмаса жұмасына бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал! (Абай. Он бесінші қара сөз)