Семинар тақырыбы : «Жемқорлық»



бет1/3
Дата24.03.2023
өлшемі34,52 Kb.
#75976
түріСеминар
  1   2   3
Байланысты:
СЖ №1


Семинар тақырыбы : «Жемқорлық» түсінігінің теориялық-әдістемелік негіздері
1. «Жемқорлықтың» тарихи дамуы
2. Жемқорлық-антиәлеуметтік көрініс ретінде
3. Жемқорлықққа төбеушілік идеясы
4. Қазіргі заманғы мемлекеттердегі жемқорлықтың трансформациялануы


ЖАУАПТАРЫ:


1. «Жемқорлықтың» тарихи дамуы
1. Адамзатқа ертеден таныс сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Басқа дамушы елдер сияқты, біздің жас мемлекетімізді де жегі құрттай бұл кесел айналып өткен жоқ. Сыбайлас жемқорлық – лауазымды тұлғалардың жеке басының пайдасы үшін билік құзіретін асыра пайдалануын білдіретін термин. Бұл термин бюрократтық аппаратқа және саяси элитаға қатысты жиі қолданылады. Сыбайлас жемқорлық және онымен күрес сонау ежелгі заманда пайда болған. Сазға жазылған сына жазудың арқасында қазіргі уақытқа дейін жеткен тарихи мәліметтерге сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресуші боп танылған бірінші билеуші б.з.д. 2400 жылда өмір сүрген шумерлік билеуші болған. Ол жемқорлық үшін өте қатал жаза енгізген. Өкінішке орай, тақтайшаларда, оның оң нәтижеге жеткен жетпегені туралы айтылмаған.
Жемқорлықты айыптау көптеген діни кітаптарда кездеседі, бірінші кезекте Құран иен Библияда. Ал б.з.д. IV ғасырда Индияда «Арташастра» трактаты жазылған болатын, онда жемқорлықтың түрлері мен онымен күресу тәсілдері талқыланған. Қоғамның дамуына және кітапбаспаның пайда болуына қарай ол туралы жиірек және көбірек жазылатын болды. 1787 жылы қабылданған АҚШ Конституциясына сәйкес сыбайлас жемқорлық президентке сенімсіздік жариялануға себеп болатын екі қылмыстың бірі болып табылады. Тарихқа сыбайлас жемқорлықпен сәтті күрестердің көптеген мысалдары мәлім. Міне солардың тек біреуі ғана. Франция, XVIII ғасырдың аяғы. Якобиндік диктатура қазасынан кейін билікті мемлекет тарихындағы ең сыбайластық тәртіп Директория жаулап алды. Директория басқарған жылдары Франция құлдырады. Кейін билікке бірінші консул болып сыбайлас жемқорлықпен батыл күрес бастаған Наполеон келді. Бұл күрес қатігездікке емес, жазаның бұлтартпастығына сүйенген. Бірнеше ай ішінде Наполеон керемет жетістіктерге жетті, сонымен қатар Директория кезінде ұрланған ақшаларды қазынаға қайтарды. Қазіргі уақытта ең танымал болып сингапурлық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес моделі танылады. Тәуелсіздік алған сәтінде 1965 жылы Сингапур сыбайлас жемқорлығы ең жоғарғы көрсеткішті ел болған: шенеуіктерге парасыз бір шешімді де рұқсат та берілмейтін. Сыбайлас жемқорлықпен күресу барысында елеулі жетістіктерге жету үшін бірқатар іс-шаралар өткізілді, бірінші кезекте, шенеуіктердің жалақыларының елеулі көтерілуі және олардың іс-әрекеттерен регламенттеу, экономиканы орталықсыздандыру және бюрократиялық рәсімді жеңілдету. Орталық буын болып азаматтар мемлекеттік қызметкерлерге шағымдармен жүгіне алатын және шығынның орнын толтыруды талап ете алатын сыбайлас жемқорлықты тергеу бойынша дербес Бюросы болды.
Сонымен бірге заңдар қатаң болды және соттық жүйе тәуелсіздігі жоғарылады (соттардың жоғарғы жалақысы мен артықшылықтанған мәртебесімен). Бар – жоғы бірнеше жылдан соң осы іс-шаралар кешені сыбайлас жемқорлық деңгейінің жылдам төмендеуіне әкелді. Қазіргі уақытта Сингапур әлемнің аз сыбайласқан мемлекеттерінің бірінші ондығының ішіндегі құрметті орынды алады. Елімізде өткен жылы Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы қабылданып заңдық күшіне енді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2014-2015 жылдардың және 2016 жылдың бірінші тоқсанының қаржысын тексеру нәтижесінде 116 миллиард теңгені құраған заң бұзушылық фактілері анықталған. Бюджеттік және мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаларды бұзғаны үшін 1040 лауазымдық тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылыпты. 386 білім жүйесінің қызметкері жемқорлық қылмыстары үшін сотталған.
2. Сыбайлас жемқорлық халықты қанаудың көлеңкелі көрінісі бола отырып, адамзат қоғамының даму кезеңдерінен қалыспай келеді. Лауазымды адамдардың қызметті өзінің бас пайдасының қамы үшін пайдаланудан туған қылмыс дегенді білдіреді.
Ол барлық уақытта да сынға ұшырап, айыпталып, онымен үнемі күрес жүргізіліп келеді. Бұл қоғамдық дерттің алатын орны жөнінде əңгіме қозғағанда Цицеронның: “егер парақорлар өздеріне қажеттісін жымқырған болса ғана қалтырайды. Ал егер де басқалармен де бөлісуге жетерліктей жымқырған болса, онда олар үшін аса қорқыныш жоқ” деген белгілі сөзін еске алуға болады.
Сыбайлас жемқорлықтың тамырына балта шабу барлық партиялар мен қозғалыстардың бағдарламаларынан орын алды, əлі де орын алып келеді. Солай бола тұрса да бұл індет ең мықты деген саяси режимдердің арасынан сыналап кіріп кеткені. Сонымен бірге сыбайлас жемқорлықпен белсенді күрес көбінесе айтарлықтай моральдық шығындарға ұшырататыны да белгілі.
Көптеген елдердің тəжірибесі осы кеселмен күрес процесінде адамдардың пайдакүнемдік, қанағатсыздық, көре алмаушылық, арсызқойлық сияқты əрекеттермен жиі ұшырасатындығын байқатып отыр. Бюрократиялық мінез-құлықты уақытша сауықтыру моральдық шығындардың орнын толтыра алмасы анық. Ал сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептері қоғамдағы бюрократиялық қасиеттер екені белгілі. Қанша дегенмен адамзаттың ақыл-ойы əлі сан алуан əлеуметтік қатынастарды болжап-бағдарлап, қарастырып, ретке кетіре қоятындай жағдайға жете қойған жоқ. Кейбір жағдайда сан-алуан тыйым салу мен жарлықтардың пайда болуы сөз жоқ ынта жігерді басып тастап жəне экономикалық дамуға да бөгет жасайтындығы жасырын емес. Солай бола тұрса да, осы бөгеттерді бұзыпжаруға деген ұмтылыс байқалады.
Сауал салған кəсіпқойлардың жартысы парақорлық пен сыбайлас жемқорлықты нарықтық реформаның ең басты тежегіші деп санайды.
Ол біздің елімізде ғана емес, Латын Америкасы, Қытай мен Жер Орта теңізі, Таяу жəне Орта Шығыс, Орталық Еуропа, тропикалық Африка елдерсі. Бұл, сонымен бірге күні кеше ғана оны онша сезе қоймаған дамыған елдердің де (Германия, Бенилюкс, Канада) мəселесіне айналып барады. Сондай-ақ бұл дерт ұлттық болмысы мен сана-сезімі, ұлттық дəстүрлері мен мəдениеті мызғымастай қалыптасқан елдерге де (Италия, Ресей, Мексика, Түркия, Жапония) сыналып кірісе бастады. Сөйтіп, қазіргі кезеңде сыбайлас жемқорлық көптеген мемлекеттерде етек жая бастады деп сеніммен айтуға болады. Сыбайлас жемқорлық жəне онымен күрес проблемаларының өзектілігі əдеттегідей əлеуметтік шиеленістермен, экономикалық тұрақсыздықпен, қайыршылықпен сабақтасып жататын реформаларды жүзеге асыру кезеңдерінде айрықша байқалады. Дəл осы сыбайлас жемқорлық Тайландты СПИД-пен ауратын адамдардың отанына айналдырып отыр. Бұл елде жезөкшелікке тыйым салынған. Солай бола тұрса да, бір Бангкоктің өзінде ғана мыңнан аса зинақорлық үйлер заңсыз қызмет жасайды екен. Мұндай үйлерді ұстаушылар жергілікті астаналық полицияға жылына 600 мың доллар төлеп тұратын көрінеді.
Сыбайлас жемқорлық деңгейі экономикалық дағдарыс құбылысына бейім тұрған елдерде тым жоғары. Ол дəл қазіргі Қазақстан мен бұрынғы Одақтың басқа да елдеріне тəн.
Сыбайлас жемқорлық пен қылмыстылық 1994-1996 жылдары Біріккен ұлттар ұйымының (БҰҰ) ұлттық, аймақтық жəне ауқымды кездесулері мен конференцияларының, съездерінің басты арқауы болып, сайлау мен басқа да саяси науқандардың негізгі мəселелеріне (көптеген ұлттық, сондай-ақ аймақтық қауымдастықтардың тағдырына байланысты) айналған екен. Жемқорлық үшін, тіпті, қазіргі жəне бұрынғы президенттерді де, вице-президенттер мен экс-президенттерді де, премьерминистрлерді де, əскери-саяси блоктар мен алып экономикалық топтардың лидерлерін де қызметінен алып, жауапқа тартып жатады.
XX ғасырдың аяғы сыбайлас жемқорлыққа байланысты проблемаға ерекше мəн берумен бірге, осы тұрғыдағы кұбылыспен күрес жүргізуге арналған сан қырлы ғылыми ізденістердің өсуімен де ерекшеленеді. Бұл мəселеге байланысты алғашқы ғылыми зерттеулерді америка криминологі Э. Сатерланд жəне оның көмекшісі Кресси жолға қойды.Тұңғыш рет Э.Сатерланд “ақ жағалылардың” қылмыстылығы деген ұғымды енгізді, ал бұл ұғымнан Батыс елдерінің ғалымдары сыбайлас жемқорлықты қылмыстылықтың ереже тобына жатқызып, жеке бөліп алды [25, 320-330 б.]. Бүгінгі күні сыбайлас жемқорлық ұғымы азаматық қоғамда үйреншікті құбылысқа айналса, ал екінші жағынан, Қазақсатанның қауіпсіздігіне, елдің экономикасының дамуына кереғар əсер ететін факторға айналуда. Статискалық мəліметтерге көз салсақ Республикада сыбайлас жемқорлықтың нəтижесінде көлеңкелі бизнес дамып, жылына мемлекеттік қазынаға түсетін 540 миллион доллар кіріске кірмейді, яғни ішкі табыс көзінің 27%-ы желге ұшқандай болады екен.
Қазақстан Республикасы Бас прокаратурасының құқықтық статистика деректеріне көз салсақ 2003 жылы Республика бойынша 807 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелген, бұл жемқорлық қылмысының қоғам үшін қауіптілігі 2002 жылмен салыстырғанда 60% азайғандығын көрсетеді.
2002 жылы 20 қыркүйекте Қазақстан Республикасында құқықтық саясат концепциясы қабылданды, осы құжатта сыбайлас жемқорлықтан сақтандыру шараларына мəн берілген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама жүзеге асырылуда. Өйткені мемлекет пен қоғам мүддесіне тікелей қатысты ең қауіпті əлеуметтік құбылыстың бірі сыбайлас жемқорлық болып табылады. Онымен күрес мəселесі əртүрлі деңгейде талқыланатын басты тақырыпқа айналды. Тек 2006-2008 жылдары аралығында ғана орталық баспасөз беттерінде сыбайлас жемқорлыққа арналған мыңнан астам материалдар жарияланды. Осы əлеуметтік қауіпті құбылыспен күрестің көкейтестілігі мына жағдайларға байланысты:

  1. Сыбайлас жемқорлық азаматтардың конституциялық бостандығы мен құқықтарын бұзуға əкеліп соғады. Көптеген жылдар бойы жүргізілген əлеуметтік зерттеу азаматтардың басым бөлігін ойландыратын маңызды мəселелер арасында бірінші орынға сыбайлас жемқорлықпен күрес екендігін дəлелдеп отыр.

  2. Осы құбылыстың мемлекеттік-билік құрылымдарында тез тарау ерекшелігі бар.

  3. Сыбайлас жемқорлықтың өріс алуы мемлекеттік аппараттың жұмысына нұқсан келтіріп, оның беделін түсіреді. Қоғамдық санада өкімет органдары жұмысының тиімсіз екенін, олардың құзіретінің əлсіз екенін көрсетеді. Халықтың өкіметтен алшақтауы орын алады. Осының бəрі мемлекет пен қоғамның саяси қауіпсіздігіне нақты қауіп төндіреді.

  4. Сыбайлас жемқорлықтың қазіргі кездегі көлемі өте үлкен. Өз өкілеттігін сатумен бірге, оны сатып алушы адамдардың көбейе түсуі, билік тармақтарының барлығының да сыбайлас жемқорлық кеселіне душар болғанын көрсетеді. Мұны соңғы жылдарда жүргізілген криминологиялық зерттеулер айқын көрсетіп отыр.

  5. Сыбайлас жемқорлар өз мақсаттарына жетуде ұйымдасқан қылмыстарды пайдаланады. Сыбайлас жемқорлық арқасында ұйымдасқан қылмыс экономиканың маңызды секторларына өз ықпалын жүргізуде, бұл тұрғыда олар шын мəнінде жаңа сапа мен түрге ие болды.

  6. Сыбайлас жемқорлық табиғи жəне жасанды латентті қылмыс болып табылады. Оны жүзеге асырушы субъектілердің жоғары қоғамдық дəрежесі, олардың іс-əрекет қимылдарының интеллектуалдық ерекшелігі, бұл топтағы адамдарға билік басындағылардың ізгілікпен қарауы, сыбайластық іс-əрекетке “келісімділік” сипатын (арыз айтылмайды, себебі кінəлі екі жақта заңсыз іс-əрекет арқылы пайда табады) т.б. осы тұрғыдағы қылмыстардың өзіндік ерекшелігін бейнелейді.

  7. Сыбайлас жемқорлықтың барлық түрлеріне оны тежеуге сəйкес келетін қылмыстық заңдардың санкциясын жетілдіру;

  8. Сыбайлас жемқорлықты жəне өкімет билігіне қызмет жасаудан сақтандыруды реттейтін механизмдерді дайындау;

  9. Сыбайлас жемқорлықпен құныққан лауазымды тұлғаларды анықтаудың, тергеудің жəне соттаудың тетіктерін қабылдау;

  10. Сыбайлас жемқорлық арқылы алынған мүліктер мен құралдарды тəркілеудің құқықтық ережесін белгілеу.

  11. Сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар кəсіпорындарға экономикалық санкция қолдану өте маңызды.

Осы конгресс «Сыбайлас жемқорлықпен күрестің практикалық шаралары» атты нұсқауда қаралды, ал нұсқаудың қайта дайындалған варианты баспасөзде жарық көрді жəне «Конгресс мемлекеттік басқару саласындағы сыбайлас жемқорлық» атты шара қабылданды. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мəселелері Амстердам қаласында 1992 жылдың 9-12 наурыз аралығында өткен осы мəселемен күреске арналған 5халықарлық конференцияда талқыланды.
Жалпы алғанда коррупциялық құқық бұзушылық сан түрлі жəне ол (қылмыстық құқықпен қатар) əкімшілік, азаматтық-кұқықтық жəне тəртіптік құқық бұзушылық сипат алады. Тек қана осы Амстердам қаласында өткен конгресте, құқықтық шаралар арасында, қылмыстық заңды қолдануға жəне оны дамытуға үлкен мəн берілген.
«Атап өткеніміздей, мұндағы негізгі мəселе заңды қолдану практикасына байланысты. Бірақ бұл сыбайлас жемқорлық туралы қылмыстық заңды жетілдіру қажет емес дегенді білдірмейді. Осы тұрғыдан алғанда мына мəселелер бойынша заңдылық анықтама берудің мəні зор деп есептелінеді:

  • сыбайлас жемқорлыққа қылмыстық құқықтық анықтама беру;

  • сыбайлас жемқорлықтың қылмыстық құқықтық нысанындағы көріністерін анықтау;

  • сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстық заңдылықтарды жетілдірудің басқа да тиімді жолдарын белгілеу.

Сыбайлас жемқорлықтың қылмыстық-құқықтық көрініс нысандары: Сыбайлас жемқорлықтың көрініс түрлері жайлы көптеген пікірлер бар. Бірақ олардың құқықтық дəлдігі мен толық түсінігі жоқ. Сыбайлас жемқорлыққа анықтама бере отырып, біз, бұл құбылыстың тек парақорлықпен ғана шектелмейтінін атап өтіп, оның белгілі іс-əрекет түрлерінің жиынтығы екенін айттық. Бірақ осы жиынтықты құрайтын нақты іс-əрекет турасында əдебиеттегі пікірлер əртүрлі.
В.С. Комиссаров сыбайлас жемқорлықтың нақты қылмыстық-құқықтық көрініс нысандары ретінде қызмет өкілеттігін теріс пайдалану мен пара алуды айтады. Оның пікірі бойынша кез келген лауазымдық қылмыс сыбайлас жемқорлық болып табылмайды, бірақ кез келген сыбайлас жемқорлық қылмыс лауазымдық қылмысқа жатады.
Г.Н. Борзенков қылмыстың: талан-тараж, парақорлық жəне қызмет өкілеттілігін пайдакүнемдік мақсатта теріс пайдалану сияқты үш тобын сыбайлас жемқорлыққа жататын қылмыс деп көрсетеді.
П.Н. Панченко сыбайлас жемқорлықтың: қызмет өкілеттілігін теріс пайдаланып құқық бұзу, қызмет өкілеттілігін теріс пайдаланып талан-таражға салу, қызмет бабын пайдаланып пара алу сияқты нысандарын анықтады.
Л.А. Жуков коррупциялық кұқық бұзуды шартты түрде пара-сыйлық, параға сатып алу жəне коррупциялық сыбайластық деп бөледі.
Сыбайлас жемқорлық көрініс нысандары жайлы бірыңғай келісілген пікірдің болмауы бұл терминді өз бетінше жəне қарама-қарсы мағынада мемлекеттік билік жəне басқару органдарының нормативтік-құқықтық актілеріне қолдануға əкеліп соқты.
Сыбайлас жемқорлық көрініс нысандық анықтамасы көптеген нақты қылмыс құрамының түрлері көрсетілген халықаралық құжаттарда аталып кеткен.
Біздің пікіріміз бойынша, сыбайлас жемқорлық көрінісінің қылмыстық-құқықтық нысандарын тек қана парақорлыққа əкеліп тіреу дұрыс емес. Бұл коррупция сияқты күрделі де əрқилы құбылысқа жеңіл-желпі қарау болып есептеледі. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық бұзу субъектісінің ауқымы парақорлық субъектісі ауқымынан кең екенін де есте сақтау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет