Өндірістік педагогикалық практиканың мазмұны



бет1/5
Дата24.03.2023
өлшемі56,45 Kb.
#75887
  1   2   3   4   5


Мазмұны
Кіріспе......................................................................................................

  1. Өндірістік педагогикалық практиканың мазмұны.........................

    1. Өндірістік педагогикалық практиканың зерттеу объектісі..........

    2. Студенттің оқу-әдістемелік жұмыстары........................................

  1. Студенттің шығармашылық жұмысы................................................

    1. «Ақ орда , Алтын Орда хандықтары»

тақырыбында ашық сабақ.............. .............

    1. Ашық сабақ хаттамасы....................................................................

    2. «Қазақтың жаңа жылы- Наурыз» ашық тәрбие сағаты..............................

    3. Ашық тәрбие сағатының хаттамасы................................................

  1. Студенттің жеке тапсырмасы............................................................

    1. Қазақстан тарихын оқыту түрлері , әдіскерлік түрлерінің топтары, олардың сипаттамасы

  2. Психологиялық тапсырмалар.............................................................

    1. Сыныпқа, оқушыларға психологиялық мінездеме........................

    2. Оқушыға берілетін психологиялық-педагогикалық мінездеме....

    3. Сабақты психологиялық талдау.....................................................

Қорытынды...............................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................

Кіріспе

“6В01610-Тарих” БББ үшін оқу-тәрбиелік өндірістік педагогикалық практикасы 2022-2023 жылғы оқу процесінің кестесі бойынша 16.01.-17.03.2023 ж. аралығында өтті. Өндірістік педагогикалық практика барысында және арнайы пәндерді оқу кезінде алынған теориялық білім арасындағы байланыстарды орнатуға; студенттерде пән бойынша оқу, сыныптан тыс, тәрбие жұмыстарын жоспарлау, ұйымдастыру және жүргізудің практикалық дағдылары мен машықтарын қалыптастыруға бағытталған. Өндірістік педагогикалық практика студенттерге мектепке бейімделуге, коммуникативтік мәдениетті қалыптастыруға, ұйымдастырушылық іскерлікті, дамытуға мүмкіндік береді.


Өндірістік педагогикалық практиканың мақсаты - білім беру жүйесінде оқытудың оқу-тәрбие процесін жобалаумен және жүзеге асырумен байланысты кәсіби педагогикалық құзыреттілікті қалыптастыру, студенттердің практикалық педагогикалық іс-әрекет тәжірибесін алуы, олардың жеке басының кәсіби бағыттылығын қалыптастыру болып табылады.
Өндірістік педагогикалық практиканың міндеттері:

  • студенттердің мұғалім мамандығына деген тұрақты қызығушылығы мен сүйіспеншілігін тәрбиелеу;

  • студенттердің теориялық білімін тереңдету және бекіту;

- жалпыға бірдей педагогикалық процесте қолданылатын әлеуметтік-психологиялық-педагогикалық және мамандандырылған білім алу процестерін тереңдету;
- шығармашылықты дамыту, педагогикалық қызметтің зерттеулері.
Практика кезінде студент-практиканттардың қызметтері: дамытушылық, ұйымдастырушылық, жан-жақтылық, ғылыми-зерттеу және т.болып сипатталады. Практика, студенттерге оқушылармен, мектеп ұжымымен, ата-анамен қарым-қатынас, сонымен қатар басқа да түрлі кері қатынастарды қалыптастыруды қамтамасыз ететін – қызметті меңгеруге мүмкіндік береді. Студенттер педагогикалық практика кезінде - бақылау, талдау, мұғалімнің сабақтарын, сыныптан тыс жұмыстары мен тәрбие шараларын салыстыру, мұғалімнің озық тәжрибелерін зерттеу, өзін-өзі және басқа практиканттардың іс-әрекетін талдау жүргізіп – ізденіс, зерттеу қызметтерін меңгереді. Педагогикалық практиканың мақсаты мен міндеттері «ҚР жоғарғы педагогикалық білім концепциясына» сәйкес құрылған, тұрған жалпы тәрбие мақсаттары негізінде анықталады.


1 Өндірістік педагогикалық практиканың мазмұны
Оқу-тәрбиелік педагогикалық практиканың мазмұны мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарының барлық бағыттарын қамтиды: оқу, тәрбие жұмыстары, ұйымдастырушылық, ғылыми-зерттеу іс-әрекеттер. Педагогикалық практика барысында студенттер география пәнінің оқытушысы және сынып жетекшісінің көмекшісі қызметін атқарады. Жоғарыда көрсетілген бағыттардан педагогикалық практиканың мазмұны – мектепте география, тарих пәнін оқыту және тәрбиелеу іс-әрекеттер жиынтығы ретінде сипаттап жазылуы мүмкін. Педагогикалық практика барысында студенттер төмендегі тапсырмаларды орындағанда аталған әрекеттер түрлері анықталады: мектептің, сыныптың оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырумен, пән оқытушысының және сынып жетекшісінің жұмысымен, сынып ұжымымен сыныптан тыс сағаттар және сыныптан тыс тәрбие шараларын дайындау, педагогика, психология және географияны оқыту әдістемесі бойынша ғылыми-зерттеу тапсырмаларын орындау.
Практика кезінде мен 8-ші сыныптың сабақтарына қатысып, тәрбие сағаттарын жүргіздім. Бірінші апта оқушылармен бірге жүріп сабақтарға қатысу барысында олармен жақынырақ таныса түстім. Қазақстан тарихы сабағы 8ші сыныпта аптасына 2 реттен 16 сабақ, соның ішінде 1 ашық сабақ өткіздім. онымен қатар мұғалімдердің сабақ үйрету әдіс-тәсілдерін, оқушылармен қалай тіл табыса жұмыс жасай білу керектігін қадағалап қана қоймай оқушыларды да бақылау үстінде болдым. Сабақ беру барысында, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, уақытымды үнемді пайдаланып, қойылған мақсатыма жете білдім. Әр сабағыма аса жауапкершілікпен қарап, жан-жақты дайындалып, тапсырмаларды оқушылардың деңгейлеріне қарай дайындадым.
Жалпы өзіме бекітілген осы 8 «с» сыныбымен жұмыс істеу барысында менде қиыншылық болған жоқ. Бұл сынып оқушыларының тарих пәніне деген қызығушылықтары жоғары, бір-біріне көмектеседі. Маған осы практика барысында бұл сыныппен жұмыс жасаған қатты ұнады. Және де осы уақыт аралығында 8«с» сыныбында сынып жетекшінің көмекшілік қызметін де атқардым. Көмекшілік қызмет атқару барысында сыныппен жоспар бойынша тәрбие жұмыстар өткізе отырып, оқушылармен жақсы тіл табысып, сыныппен тығыз қарым-қатынаста бола білдім. Жалпы 1 сағат тәрбие жұмысын өткіздім. Атап айтқанда жоспар бойынша Наурыз мерекесіне орай «8 – Наурыз халықаралық әйелдер мерекесі» атты тақырыптарда тәрбие сағаттарын өткіздім. 8 «с» сыныбында жалпы Қазақстандағы желтоқсан оқиғасымен басталды, сол тақырыптардан Қазақстанның тәуелсіздік алғаннның кейінгі жағдайы қалай болды және де қандай ұйымдарға мүше болды сол тақырыптар бойынша сабақ өткіздім.
Сабақ жоспарын, іс-шаралар жоспарын әзірлеу барысында пән мұғалімдерінен ақыл-кеңес алып, өзіме қажетті қосымша мәліметтерді жинай алдым.


1.1 Оқу-тәрбиелік педагогикалық практиканың зерттеу объектісі
Практиканың өту орны: Parasat Aj мектебі
Мектептің мекен жайы Шымкент қаласы, Қаратау ауданы Қ.Толметова 70а


1.2 Студенттің оқу-әдістемелік жұмыстары

1-апта. «16.01.23 ж – 20.01.23ж Педагогикалық практика басталар алдында «Тарих және педагогика» факультетінің деканы Уразбаев Қ.М , практикаға жауапты Таштанов Ж.А ағайымыздың ұйымдастыруымен орнықтыру конференциясына қатыстым.Онда мектептегі ережені толық сақтауды, мектеп басшылығына бағынуды айтып түсінідірді.


Осы күннен бастап директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары бізді практика өтілу орнымен, мектеп директоры, пән мұғалімімен таныстырды.Мені 8«с» сыныбына бекітті. Сынып бойынша бекітілген сабақтың тақырыптық күнтізбелік және тәрбие сағаттары жоспарларының мазмұнымен танысып, жеке тапсырма алдым. Сынып жетекшімен хабарласып оқушылар туралы мәлімет алдым. БЖБ және ТЖБ әдеттегі режимде жүргізілді, оқушыларды бағалау дайын функционалдық «Күнделік» жүйесінің көмегімен жүзеге асырылды. Оны пән мұғалімі өз бағалап отырды. Бізге тек көрсетіп таныстырып отырды.
2-апта. 23.01.23ж – 27.01.23ж. Бекітілген сынып бойынша тарих пәнінен күнтізбелік тақырыптық жоспар бойынша сабаққа дайындық, презентациялық слайдтар жүктеп баяндау, сұрақ-жауап, ой қозғау, тапсырмалар беру әдісін қолдана отырып сабақ өттім.
Сыныптың тәрбие жоспары бойынша «Дені сау адам табиғаттың ең үлкен жемісі » тақырыбында 8 «с» сынып оқушыларына тәрбие сағатын өттім. Тәрбие сағатына сыныптың жетекшісі қатысты қатысты. Тәрбие сағаты өз мақсатына жетті. Сабақ соңында оқушылардан сауалнама алынып, нәтижесін талдап талқыға салдық.
3- апта. 30.01.23-03.02.23ж. Интерактивтік әдістерді пайдаланып «19 ғасырдағы Еуропа елдері » сабағына материалдарды дайындау. Жеке тапсырманының орындалған бөлімі бойынша талдау. КТЖ бойынша тарих сабағын өткізу. Тәрбие сағатын өткізу және оның нәтижелері бойынша талдау жасау. Мектеп бойынша практика жетекшісімен өзекті тақырыптар бойынша әңгімелесу, кеңес алу, сабақтарға қатысу.
4-апта 06.02.23ж – 10.02.23ж. Жеке тапсырмамның тақырыбы «Тарихты оқытудағы белсенді әдістің бірі – ойын сабақ» тақырыбында жоспар құрып, пән мұғаліммен және жетекшіммен ақылдаса отырып жұмыс жасадым. Бұл аптада ата-аналармен қатынас дәптерін толтырып, оқушылармен жақынырақ араласып олармен топтық серуенге шықтым. Сынып жетекшімен алдағы тәрбие сағаттарын қалай өту керектігін талқыладық.
5– апта 13.02.2023ж – 17.02.2023ж. Бұл аптада Мусурманкулов Нурбол ұстазбен бөлім бойынша жиынтық бақылаулар алдық.
6-апта 20.02.2023ж-24.02.23ж Басқада практиканттармен білім алмасу мақсатында солардың сабақтарына көп қатыстым.
7– апта 27.02.2023ж-03.03.23ж Бұл аптада мен ашық сабақ өткен болатынмын. Қызу дайындалып, жоғары деңгейде өте білдім.
8 – апта 6.03.23ж – 10.03.23ж Наурыз айы басталысымен мектеп тәрбие сағаттар өтілді соларға белсене қатыстық.
9 – апта 13.03.23ж – 17.03.23ж Біз практика құжаттарын жинаумен айналыстық.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет