Өнер философиясы



бет1/13
Дата19.06.2023
өлшемі1,74 Mb.
#102196
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Дәріс 11 Өнер философиясы

Өнер философиясы

  • Өнер - мәдениет феномені
  • Өнер философиясының тарихи типтері
  • Эстетика өнер философиясының теориялық негізі ретінде
  • Қазақ халқының өнер философиясы

Өнер


Өнер - бұл көркем кейіпі түрінде шындықты шығармашылықпен бейнелеу және жаңғырту. Көркем шығармашылық - бұл идеяны сезімдермен қабылданатын бейнелерде іске асыру.
Өнер деп көркем шығармашылықты да, оның нәтижесін - көркем өнімін де атайды.
Өнер қоғамдық сананың түрлеріне жатады.

Өнердің адам әлемінде орны


Әрбір адам үшін өнер - өмірдің ажыратылмас бөлігі.
Өнер адамға жақсы әсер етеді, көңіл-күйін көтеріп, басқа адамдардың ішкі жан дүниесін, сезімдерін түсінуге, олардың қуанышы мен уайымына ортақ болуға бағыттайды

Өнер арқылы танымның ерекшеліктері

  • Дүниені көркем кейіптер арқылы бейнелеу
  • Сезімдермен қабылданатын көрнекі сипаты
  • Дүниені субъективті қабылдау

Өнер – мәдениет феномені


Өнер қоғамның рухани мәдениетін жеткізіп тұрады
Пейзаж, натюрморт, порт-рет, музыка, мүсін өнері немесе сәулет өнері белгілі дәуірдің мәдени менталитетін көрсетеді
Мәдениет феномені ретінде қарастырылған өнер туралы теория көркем шығармашы-лық үрдісінің жалпымәдени бастауларын айқындайды

Өнердің генезисі


Өнер 25-15 мың жыл бұрын, палеолит дәуірінде пайда болған және адамзат тарихымен бірге дамып келе жатыр

Өнердің шығу тегі туралы теориялар

  • «Мимезис» немесе «имитация» теориясы
  • Діни теория
  • Биологиялық теория
  • Эротикалық теория
  • Ойын теориясы
  • Магия теориясы
  • Прагматизм теориясы

«Мимезис» немесе «имитация» теориясы


Өнер – бұл мимезис, имитация (грек тілінен «mimesis» - еліктеу, қайталап өндіру; көне үнді санскрит тілінен «im eto» - «еліктеу).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет