UDP хаттамасы
Қолданушының дейтграммаларының хаттамасы UDP (User Datagram Protocol) транспорттық деңгейдің хаттамасы және желіаралық IP хаттамасының мүмкіндіктеріне негізделген. UDP-дің негізгі мақсаты –желідегі деректердің "жылдам" берілісін қамтамасыз ету.
Оның негізгі сипаттамалары төменде келтірілген:
· Логикалық (виртуальды) қосылыссыз тәртіпте әрекеттесуді орындайды;
· Деректердің блок (дейтграммалық, пакеттік) бойынша берілісін ұйымдастырады;
· Транспорттық деңгейде әрекеттесуі бойынша партнерлерді идентификациялау үшін 16-биттік "порт нөмірлерін" пайдаланады;
· Деректердің берілісінің сенімді болуына жауап бермейді (UDP-пакеттердің жойылып кетуі және қайталануы мүмкін);
· UDP-пакетті адресаттың дұрыс немесе қате қабылдағандығы туралы ол пакетті жіберушіге ескерту жабдықтарымен қамтылмаған;
· UDP-пакетті жіберушіден қабылдаушыға ретпен жеткізуді қамтамасыз етпейді;
· UDP-пакеттегі бақылаушы қосындыны қолдана отырып, деректердің бүтіндігіне жауап береді;
· өте қарапайым (әсіресе, TCP хаттамасымен салыстырғанда).
Транспорттық деңгейдің хаттамасы UDP-дің қолданбалы программалар мен желіаралық деңгейдің хаттамасы IP жабдықтары арасындағы интерфейстің рөлін атқаратындығын айта кеткен жөн. Суретте UDP-пакеттің тақырыбының форматы келтірілген.
0 15
|
|
Жіберу көзінің порты
|
Қабылдаушының порты
|
Ұзындық
|
Бақылауыш қосынды
|
Деректер октеттері
|
|
Сурет. UDP хаттамаларының дейтграммаларының тақырыбының форматы
Жіберу көзінің порты мен қабылдаушының порты – UDP-пакетін жіберуші мен қабылдаушының сәйкес порттарының нөмірлерін сақтайтын 16-биттік өрістер.
Ұзындық – тақырыбы мен деректерді қоса есептегендегі UDP-пакеттің ұзындығын (байтпен берілген) көрсететін 16-биттік өріс.
Бақылауыш қосынды – UDP - тақырып үшін есептелген, Internet- бақылауыш қосындыдан тұратын 16- биттік өріс.
31. Қолданбалы деңгей хаттамалары. ARP және RARP хаттамаларының ерекшеліктері. Мысал келтіріңіз, қандай басты командалармен жұмыс істейді.
1. Файлдарды жіберу хаттамасы (File Transfer Protocol - FTP) бір компьютерлік жүйеден екіншісіне файлдарды жіберу алгоритмі болып табылады. ТСР-ді қолданады және қолданушының ID-ін, парольді пайдалана отырып, қосымша қолданушыны аутентификациялауды қамтамасыз етеді. FTP интерактивті қызмет болып саналады, ол алыстағы компьютермен қосылуды орындау, файлдардың көшірмесін алу, беріліс аяқталған соң, байланыс жолдарын жабу сияқты жұмыстарды орындайды. Бұл операцияларды орындау үшін, келесі негізгі бұйрықтар қолданылады:
v Open (Ашу) – алыстағы компьютермен қосылуды орындау;
v Get (Алу) – қосылыс орнатылған соң, компьютерден файлды алу;
v Bye (Жабу) – қосылысты үзу және FTP программасын аяқтау.
FTP – компьютерлер арасында файлдар жіберумен айналысатын ең кең тараған хаттама. Ол мәтіндік және екілік файлдарды жіберуге мүмкіндік береді.
2. Telnet қызметі – Интернеттің алғашқы хаттамаларының бірі. Оны Интернеттің алыстағы хостының терминалы ретінде қолдануға болады. Интернеттің хост-компьютерімен байланыс кезінде, компьютер оның пернетақтасы мен дисплейі алыстағы компьютерге тікелей жалғанғандай жұмыс істейді. Қолданушы жер шарының қарама-қарсы жағында орналасқан компьютердегі программаларды, өзі сол компьютерде отырғандай жеңілдікпен жүктей алады.
3. Электрондық поштаны жіберуші қарапайым хаттама. Бұл хаттама (Simple Mail Transfer Protocol - SMTP) электрондық поштамен алмасу үшін қолданатын клиент/серверлік ТСР хаттамасына негізделген. Сервер алынған хабарламаларды пошта жәшіктеріне салады, ал клиенттер оларды пошталық хаттаманың (Post Office Protocol - POP) немесе электрондық поштаға интерактивті ену хаттамасының (Internet Message Access Protocol – IMAP) көмегімен алады.
Достарыңызбен бөлісу: |